Көкшетау 2011 Құрастырғандар



бет3/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Марко Поло. ХІІІ ғасырда Венеция мен Генуя көпестері Жерорта теңізінің жағалауын иеленіп байып алды да, енді бұлар Орталық Азия, Үндістан, Қытай елдерімен сауда қарым- қатынас байланыстарын күшейтпек болды. Өткені олар шығыс товарларының Европада құнды болатынын жақсы білетін және Европа көпестері ол кезде Шығыс елдерін жақсы білмейтін, соңдықтан жол- жәнекей түрлі мәлеметтер жиюды да көздеді. Осы ниетпен Венецияның екі көпесі ағайынды Никколо мен Мафео Пополар көптеген товарларымен Қырымдағы өзінің үлкен ағасы Андрейге барады да, бұдан кейін олар Берке ханға барады. Хан Венеция көпестерін жақсы қарсы алып, олардың барлық товарларын қымбат бағамен сатып алады. Бұл кезде монғолдар жорығының жолында болған Куман (қазақ) даласы қатты күйзелген еді. Олар ханның астанасы Бұхараға барды. Енді Венеция көпестері атақты Құбылай хан астанасына жетпек болады.

Құбылай Шыңғыс ханның төртінші ұлы еді. Ол бүкіл Оңтүстік Қытайды өзіне қаратып алып Қанбалықта (Пекинде) Қытай императоры болып тұрды.

Құбылай бұл кезде Монғолия мен Қытай аралығындағы сарайында болатын.

Пополар Бұхарадаң Монғолияға бару үшін Азияның асқар тауларынан, құлазыған шөлдерінен өтіп, бір жыл жол жүреді. Бұлардың көлгеніне Құбылай хан риза болып, батыс елдері жайын сұрап қанығады. Татар тілін білетін Никколо мен Мафео ханды батыс елдері жағдайымен таныстырады. Бұл әңгімеден кейін Құбылай хан батыс елдерімен байланыс жасау үшін өз елшісін Рим папасына жібермек болады да, Пололарға оны апарып папаға таныстыруды ұйғарады. Мұны Пополар қуана қарсы алады. 1266 жылы Венеция көпестері Құбылай елші Когаталды ертіп, Европаға аттанады. Монғолдың ұлы ханы папаға арнап түрік тілінде грамота жазып, одан оқымысты жүз адам жіберуін сұрайды.

Пополар өте ауыр жағдайда үш жыл бойы жол жүріп, 1269 жылы Жерорта теңізі жағалуындағы Акка портына келеді. Бұл кезде Рим папасы Климентий ІV өлгенін, жаңа папа таққа әлі отыра қоймағанын естиді. Жағдай осылай болған соң Пополар мұнда аялдамастаң өз отаны Венецияға жүріп кетеді. Үйіне келсе, Никколоның зайыбы өліп, өзінен тұған баласы 17 жасқа толып, азамат болыпты. Ағайынды Пополар Венецияда екі жыл тұрып,

жаңа папа сайлануын күтеді. Бұдан кейін Никколо 17 жасар Марконы ертіп, Аккаға келеді. Мұнда өлген папаның ұлын папа етіп сайлапты, ол Құбылайға грамота береді. Оны алып ағайынды Пополар баласы Маркомен үшеүі ұлы Монғол ханы- Құбылайға аттанады.

Міне, Марко Поло саяхаты осылай басталады. Ол көптеген белгісіз жерлерде, елдерде болады. Талай-талай жол азабын шегеді, бірақ саяхатшы алған бетінен қайтпайды. Ауғанстан арқылы үш жылдаң аса жол жүріп, ақыры аман-есен Құбылай ханға келеді. Құбылай тапсырманы орындап келген Пополарға риза болып, оларға жауапты қызмет беріп, өз қол астына қалдырады. Пополар қызмет бабымен Қытайдың көп жерлерін аралайды. Жергелікті тілдерді тез үйреніп, Монғол- татарлардың әдет-ғұрпын білетін пысық, әрі ақылды Марко Полоны Құбылай мемлекеттік маңызы бар әр түрлі жауапты қызметке қойып, оны Қытайдың шалғай жатқан провинцияларына, тіпті алыстағы Үндістанға да жіберіп отырады. Осы ретпен ол бірнеше рет Цейлон, Коромандель, Малабар, Ява, Жапония аралдын зерттейді тауып анықтайды.

1280 жылы Құбылай Марко Поло Янгуй (Янчжоу) қаласының және оған қарайтын 27 қаланың губернаторы етіп тағайындады. Енді саяхатшы Қытай жерін түгел аралап, оның географиясын, этнографиясын зерттей берді. Ол Үндістан жағалауларын, Үнді мұхитының аралдарын, Үндіқытайды, Жапония аралдарын зерттеуге арнайы құрылған экспедицияны басқарып, бұрын географияда белгісіз көп жерді, арал түбектерді анықтап берді және бұл туралы Құбылай ханға ғылыми тұрғыдан баяндап отырды. Мұның бәрі- Марко Поло кітабында жазылған географиялық материалдар.

Марко Поло Құбылай ханның қол астында ұрдайы 12 жыл қызмет етті , енді ол өзінің әкесі Никколо және немере ағасы Маффеомен бірге аманөесенінде отанына –Венецияға қайтуды ойлайды. Бірақ Құбылай хан Марко Полоны жібергісі келмейді. Сөйтіп жүргенде оған мынадай бір сәтті жағдай туады: Парсы елінде патша болып тұрған Монғол князы Құбылай ханның қызына үйленбекші болып, оны сұрап Құбылайға елші жібереді. Құбылай Монғол князының талабын орындап, қызын сансыз көп жасау-жабдықпен ұзатпақ болып дайындыққа кіріседі. Бірақ құрлық жолы қауіпті еді. Мұны білген Архун патша Құбылайға тағы да елші салып, ханшаны жолды жақсы білетін Венеция саяхатшы арқылы кемемен жіберуін сұрайды. Құбылай көп ойланып, ақыры келісіп, қызың Парсы патшасы Архунға аман-есен апарып тапсыруды Марко Полоға жүктейді, сөйтіп оған арнап он төрт кеме әзірлейді. Бұл кемелердің кейбіріне 2500 адам сыяды. Жол дайындығы әбден біткен соң көптеген әскер, мол дүние- алтын, күміс, інжу- маржан алып, Марко Поло әкесі никколо және немере ағасы Маффеоның басшылығымен Қытай теңізі, Персия шығанағы арқылы бүкіл Азия құрлығын айналып жүзетін сапарға шығады. Құбылай хан қызын аманөесен Архунға тапсырғаннан кейін, бұлар еліне қайтуға рұқсат етпекші болады. Ұлы ханның бұл тапсырмасын Марко Поло орындап шықаннан кейін ғана еліне оралады.

Плано Карпини - 1182 жылы Умбри қаласында туған, итальян саяхатшысы.1245

жылы Рим папасы 63 жастағы Карпиниді Орталық Азияға - Монғолдың ұлы

ханына елші етіп жібереді. Бұл кезде Азияның көп жерін өзіне қаратып алған

Шыңғыс хан, 1206 жылы ордасын Қытаймен іргелес Орхон өзені жағасындағы

түрік қаласы – Қарақорымға көшірген.

Орталық Қытайдан бастап, Европаға дейінгі жерді Шыңғыс хан империясы алып жатты.

Сондықтан бұл дүлей күштен қауіптенген Рим папасы Иннокентий Монғол ханына елші етіп Карпиниді алдын ала жіберіп отыр. Карпини 1245 жылы француз қаласы Лионнан шығып, Оңтүстік орыс даласы арқылы Алтын Ордаға келеді, Каспий теңізін жағалай жүріп, Сырдарияның төменгі ағысымен, содан кейін Іле өзені бойымен келіп, Орталық Азияға өтеді. Ол қазақ жері ұлан-байтақ , аңызақ шөл, малы көп, халқы мейман-дос,- деп жазады.

Елші үш ай жол жүріп, Орталық Азиядағы Қарақорымға 22 июль күні жетеді. Карпини монғол-татар жерін, халқын зерттеп білумен шұғылданады. Монғол империясының жері таулы, құмды, ағашсыз, құнарсыз болса да малы көп шөл дала, ауа райы тез,өзгергіш жаэ күндері нажағай түсіп адамдарды көп өлтіреді, кейде қатты желі кісіні аттан аударып тастайды,-деп жазады. Монғолдар киіз үйде тұрады үй ортасына жылқы тезегін жағып, ас пісіреді және сонымен үйін, өздерін жылытады. Бір түсті киінгендіктен әйелдерін еркектерден айыру қиын. Монғолдар өтірік айтуды, ұрлықты, өз ара жанжалдасуды білмейді. Бәрі де шетінен мерген, мал бағады. Ұзақ уақыт ат үстінде жүрүге, қатал ауа райына өте төземді. Еркектері көп әйел алады, әйелдері үй шаруасымен айналысады. Бастықтарына сөзсіз бағынады. Ойын- сауыққа құмар-ақ . О дүниеге, жынөшайтан, пері дегеннің бәріне сенеді, - деп Карпини көрген-білгенін дұрыс жазады.

1246 жылдың күзінде Карпини келген жолымен еліне қайтты.

Гильом Рубрук (Вильгельм Рубруквист). Плано Карпини Европаға қайтып келгеннен кейін алты жылдан соң, француз королы Людовик IX – Гильом Рубрукті елші етіп Монғол астанасына аттандырды.

1253 жылы июнь айында Рубрук бір топ серіктерімен алыс сапарға сттанып, әуелі Қырымның оңтүсстігінде Судак портына келеді. Сол жерден төрт өгізге жегілген жабық арба сатып алып, екі ай бойы жол жүріп, Волғаның төменгі ағысындағы Моңғол ханы Сартак сарайына келеді. Хан оны өзінің әкесі Батиға жібереді. Елшілермен сөйлескісі келмеген Бати оларды Қарақорымдағы Монғолдың ұлы ханы Мөңкеге жібереді. Француз елшісі Рубрук те бұрынғы Карпини жүрген жолмен жүреді. Ол да жолындағы жердің, елдің жағдайын мұқият жазып отырады. Саяхатшы арал теңізі, Қаратау, Сырдария, Іле бойларымен жүріп, Орталық Азияға өтеді. Қарақорым биік дуалмен мешіті, бір христиан шіркеуі тұр,- деп жазады Рубрук. Елші хан сарайына кіреді. Бұлар да әлгі Карпини сияқты жергілікті ел дәстүрімен үстіне монах киімін киіп, қолына інжіл кітабын алып, жалаң бас, азан шақыра тауап етіп, ұлы хан алдында келеді. Мәңке хан құндыз бөрік киген, орта бойлы адам екен. Айнала қоршап хан қасында көмекшілері отыр. Дүр-дүр сілкініп қатар тізілген қаршығаларын, сандуғаштарын көресің. Шынтақтап жатқан Мәңке бұларға бас көтерместен қымыз ішіндер, бал шарабын ішіңдер,- дейді. Бірақ біреуі де ішуге бой ұрған жоқ. Хан дем алатын кезде бәрі де сарайдан шығады. Рубрук бірнеше күн басқа елдерден келген елшілермен хан сарайында бірге болады. Ол мұнда тұтқын немістердің, француздардың қару-жарақ жасап жатқанын көреді. Қытай туралы құнды материалдар жазады. Ол сонда қыстап, көктемде еліне қайтуға ханнан рұқсат алады, Рубрук келген жолымен қайта оралып, Волга сағасындағы Астрахань қаласына келеді, Дербент, Нахичевань, Эрзерумнен өтіп, Кіші Азия арқылы Жерорта теңізі жағалауындағы Акка портына барып, одан әрі еліне жетеді.



Афанасий Никитин - Тверь көпесі. Аты және Үндістанға барып қайтқаны көпке дейін география тарихында мәлім еместі. Оның орыстардан ең бірінші саяхатшы болып Үндістанға барғанын біз оның саяхат кезінде жазып отырған «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген күнделік дәптерінен білеміз. Ол отанына қайтып келе жатқанда Смоленск қаласына жетпей қайтыс болады. Оның қандай жағдайда қайтыс болғаны күні бүгінге дейін белгісіз. Сондай-ақ, саяхатшының дәптерін Тройцко-Сергеевск шіркеуіне кім әкеліп тапсырғаны мәлім емес. Афанасий Никитин саяхат кезінде жазған қолжазбасында өзінің қайда болғанын, не істегенін, ол кезде белгісіз үнді халқының өмірін, әдет-ғұрпын, салт-санасы, меймандостығы туралы асқан шеберлікпен баяндайды.

Тұңғыш рет А.Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген қолжазбасын белгілі тарихшы Карамзин Тройцк шіркеуінен тауып алады. Бұл қолжазбаның шіркеу мұрағатында ескерусіз жатқанына таң қалған ол былай деп жазады: «Осы күнге дейін географтар білмей келді, ертеде, ХV ғасырда, Үндістанға саяхатқа шыққан европалықтардың бірі Ресейден екен. Үнділер Ресейді Португалия, Голландия, Англиядан бұрын білді...». Демек, саяхатшының қолжазбасы әлемге 300 жылдан кейін әйгіленді. Расында, А.Никитин Үндістанда Васко да Гамадан 25 жыл бұрын болғаны анық. Бірақ, оның жүрген жерінің толығырақ зерттеліп, ашылуы тек кеңес дәуірінде ғана мүмкін болды. Дегенмен, Никитиннің қашан туғаны, өмірбаяны толық мәлім емес. Саяхатшы Шемахуда, Иранда, Ормузда Үндістанда болып, Каспий теңізі мен Аравия теңізінен өтіп, қайтар жолында Қара теңіз арқылы отанына оралды. Неліктен ол алыс сапарға аттанды ? ХV ғасырда Тверь өз алдына князьдық құрған, Москва, Псковтан кейінгі үлкен бай қала, керуен жолындағы сауда қарым-қатынасы орталығы еді. Оның көпестері Европаға, Азияға аттанып отырды. Аталған қалалар Еділ өзенінің орта, төменгі ағысы арқылы Қара теңізі мен Каспий теңізі өңіріндегі елдермен Орта Азия, Кіші Азия, Қырым қалаларымен сауда қарым-қатынасын жасап, бір-бірімен елшілер жіберіп отырды. А.Никитин осындай елшілермен бірге достық мақсатты сапармен Үндістанға барып қайтты.



Косма Индикоплов (6 ғасыр ) - Александрияның көпесі. Ол Эфиопияда, Үндістанда, Батыс Азия жерлерінде болды. Бұл жерде жайында өзінің «Христиан топографиясы» деген еңбегінде географиялық құнды материалдар жазып қалдырды. Косма діни көзқарастан- інжіл ықпалынан шықпады, бәрін де дінге бағындырды. Дегенмен, ол Үндістан мен Шығыстың жерін, халқын, ауа райын, жануарлары жайында дұрыс деректер келтірді. Қытай жайында тұңғыш мағлұмат берді.

Косма ертедегі грек ғалымдарының Жерді шар тәрізді деген пікірне Қарсы болды? Бұлай деу дінге қайшы келеді деп Жер төрт бұрышты оны айнала су қоршап жатыр деп түсінді.Оның жасаған картасы да гылымға негізсіз, орта ғасыр космографиялық көзқарасынан аса алмады.



Вениамин Тудельский. ХІІ ғасырдағы саяхатшылардың ішінде испандық Вениамин Тудельский саяхаты ерекше орын алады. Өйткені оның саяхаты географиялық ашуларға елеулі жаңалық қосты. Ол Испаниядағы Тудель қаласында туған. Вениамин Марсельде, Римде, Валахияда, Константинопольде, Палестинада, Ниневияда, Бағдадта, Вавилонда, Ширазда, Самарқандта, Тибетте, Цейлонда, Қызыл теңізде, Египетте, Сицилияда, Италияда, Германияда және Францияда болып, сол кездегі елдерді түгел аралап, өзі саяхатта болған (1160-1173) 13 жыл ішінде көптеген географиялық зерттеулер жүргізді. Саяхатшы Италиядан қайтқан жолда Грецияға келіп, оның өткендегі мәдениеті туралы өте құнды деректер жазды. Тудельский дүние жүзінің барлық түкпірлерінен Константинопольге өз товарларымен көпестердің келіп, айырбас жасайтыны, мұндағы халықтың мәдениетінің жоғары екені және бұл қаланы сол кездегі экономикасы дамыған тек Бағдатпен салыстыруға болатынын жазады. Тудельский бұл қаланың ескерткіштерінен айрықша көзге түсетін – София мешіті, оның ат шабатын алаңын т.б. жағдайларды баяндайды. Вениамин Константинопольден Кіші Азияға келіп, оның Триполи, Бейрут, Тир, Сидон қалаларында болады. Бұдан кейін саяхатшы Иерусалимге келіп, сол кездегі Түркия астанасы Дамаск қаласында болады. Әрі қарай саяхатшы Месопотамияға барып , Тигр өзені бойындағы – Мосул, Ниневия, Бағдад қалаларын аралады. Сол кездегі араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласының әдемілігі, мәдениеті, экономикасы Тудельскийді таңдандырады.
Нормандардың ашулары.

Орта ғасырларда Скандинавия мен Ютландия тұрғындары жалпы нормандар (Солтүстік адамдар) деп аталды. Ежелгі жазушылар Скандинав жарты аралын және оған жататын аралдарды Скандия деп атады.

Скандинавия Европалық континенттің солтүстігінде орналасқан.

Нормандар қазіргі Дания және Скандинавия жарты аралының оңтүстік бөлігін, Норвегия мен Швецияны алып жатты.Нормандардың жерлері ұсақ иеліктерге бөлінді. Ортағасырлардың басына қарай Скандинавия мен Ютландияның көп бөлігін герман тайпаларының солтүстік бөлігі құрады.

Скандинавия жарты аралының оңтүстік бөлігінде Венерн және Веттерн көлдерінің жағалауында геттер немесе еттер(кейбір ескерткіштерде гауттар немесе геаттар) тұрды. Қазіргі Швецияның оңтүстік бөлігі өзінің ескі атауы – Геталанд (Еталанд) «геттердің жері». Геттерден солтүстікке қарай, Меларан көлінің жан-жағында (Орталық Швеция) свейлер тұрды(свеондар, свиондер). Осыдан Свеаланд – свейлердің немесе шведтердің жері.

Скандинав дарты аралының батыс бөлігінде көптеген ұсақ тайпалар: раумдар, рюгтер, хордтар, трендтар және т.б. Бұлар қазіргі норвегтердің ата тектер болған. Дат архипелагының аралдарында және онымен көршілес Оңтүстік Скандинавия облыстары мен Ютландия жарты аралында дандар тұрды.

Жер тамақ аз берді, егін болмай,аштық болған куездер де болған еді. Тұрғындардың көп бөлігі жерден кетуге мәжбүр болды. Кетулер әсіресе король билігінің күшеюі кезінде болды. Корольдер ұсақ князьдерді ығыстыра бастады. Қайықтармен 60-70 адам шыққан еді. Көптеген адамдар қатты жел әсерінен өлген еді, бірақ бұл норманндарға жаңа жорық жасауға кедергі болған жоқ.

Норманндардан қорғануға жағдай болған жоқ. Олар әр түрлі жерлерден шыққан еді.

870 жылы Норвегиядан шыққандар Исландияны ашып, оған қоныстана бастады. Бірінші қоныстанушы Ингольф Арнарсон болды. ІХ-Х ғасырлардың басында нормандар мен даттар Ирландияның көп бөлігін жаулап алды.

ІХ ғасырда нормандар Солтүстік Германия, Франция, Англияны тонады. Ғасырдың соңында Солтүстік және Шығыс англияның көп бөлігі олармен жаулап алынды. Жауынгерлер арасында жер бөлу, өзара талас-тартыстар басталды. Тек қана Уэссекс Альфред патша бұны тоқтатты. Аралдың шығыс бөлігі Дэнло (дат құқығының облысы) деп аталды.

Х ғасырдың соңында (982 жылға қарай) Эрик Рыжиймен Гренландия ашылды.

1000 жылы скандинавтықтар Америкаға жүзіп келді. Ең бірінші олып Эрик Рыжийдің ұлы Лайф келді.Оның кемесі бұнда желмен әкелінді. Олар Американы 3-ке бөлді: Хеллюланд (Лабрадор ауданы), Маркланд (Ньюфаундленд) және Винланд (Нью-Йорктен алыс емес).




Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

3-нұсқа
1. Орыс зерттеушілерінің арасында тұңғыш болып Үндістанға саяхат жасаған Тверь көпесін көрсетіңіз:

А) В.Тудельский

В) М.Лазарев

С) А.Никитин

Д) Н.Баранский

Е) А.Краснов


2. ХІІ ғасырда өмір сүрген Вениамин Тудельский қай елдің саяхатшысы?

А) Орыс


В) испандық

С) үнді


Д) португалдық

Е) грек
3. Саяхатшы А.Никитиннің еңбегін көрсетіңіз:

А) «Тарихи жазбалар»

В) «Гвинеядағы папуастардың өмір салты»

С) «Ұлы астрономиялық құбылыс»

Д) «Үнді мәдениеті»

Е) «Үш теңіздің арғы жағына саяхат»
4. Афанасий Никитин Үндістанда Васко да Гамадан қанша жыл бұрын болған?

А) 25


В) 13

С) 40


Д) 8

Е) 19
5. Белгілі тарихшы Карамзин А. Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген қолжазбасын қай қаланың шіркеуінен бірінші болып тауып алған?

А)Смоленск

В)Тройцк


С)Новгород

Д)Валахия

Е)Тверь
6. В.Тудельский Константинополь қаласында болып, өз зерттеулерінде сол қаладағы қандай мешіт туралы баяндады?

А) Әл-ахмади

В) Екатерина

С) Арыстан баб

Д) София

Е) Тәж-Махал


7. А.Никитин Қара теңіз арқылы отанына қайтып келе жатып, қай қалаға жетпей қайтыс болады?

А) Тройцк

В) Псков

С) Смоленск

Д) Мәскеу

Е) Тверь
8. Испандық саяхатшы Вениамин Тудельский туған қала?

А) Таллин

В) Бағдад

С) Претория

Д) Рига


Е)Тудель
9. Афанасий Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген қолжазбасын бірінші болып тауып алған тарихшыны көрсет:

А) Бартольд

В) Гумилев

С) Карамзин

Д) Уалиханов

Е) Артомонов


10. В.Тудельскийдің саяхат жасаған 13 жыл төменде келтірілген қай жылдар аралығына сәйкес келеді?

А) 1160-1173

В)1227-1240

С)1383-1396

Д) 1172-1185

Е)1352-1365


11. Нормандардың басқаша атауы:

а)оңтүстік адамдары;

в)солтүстік адамдары;

с)шығыс адамдары;

д)батыс адамдары;

е)мұхит адамдары;


12. Меларен көлінің жан-жағында (Орталық Швеция) тайпалар.

а) геттер

в) гауттар

с) рюгтер

д) свейлер

е) нормандар


13. Норвегиядан шыққандар нешінші жылы Исландияны ашып, оған қоныстана бастады?

а)870


в)900

с)835


д)850

е)880
14. Дат құқығының облысы:

а)диккенс

в)тэйсо


с)дэнло

д)конрад


е)дуру
15. Эрик Рыжийдің ашқан жері.

а)Австралия

в)Америка

с)Исландия

д)Ирландия

е)Гренландия


16. Гренландияның ашылуы

а)1000


в)900

с)982


д)851

е)986
17. Қай жылы Марко Поло әкесі Никколо Поло мен Маттео Полоға еріп, Қытайға саяхат жасады?

А) 1271-1275

В) 1282-1284

С) 1275-1279

Д) 1279-1284

Е) 1270-1280
18. Марко Поло қай Монғол хан қарамағанда болып, Қытайды аралады?

А) Арықбұғы хан

В) Хайду хан

С) Нанай хан

Д) Шыңғыс хан

Е) Құбылай хан

19. Қай ғасырларда Марко Поло Европаның бірқатар елдерінің естеліктер тілдеріне аударып, Азия картасын жасайды?

А) 12-13 ғғ.

В) 13-14 ғғ.

С) 14-15 ғғ.

Д) 15-16 ғғ.

Е) 16-17 ғғ.


20. А.Никитиннің «Үш теңіздің арғы жағына саяхат» деген қолжазбасында қай халықтың өмірі баяндалады?

А) парсы


В) қытай

С) үнді


Д) орыс

Е) моңғол



Үшінші тарау
Ұлы географиялық ашулардың І-ші кезеңі
Жер шарында ұлы географиялық зерттеулер ХV ғасырдан басталды. Осы кезде Европа саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашу болды. Бірақ, саяхатшылар Үндістанның қайда екенін білмеді, оған европалықтар Африканы айналып жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда теңізде жүзу әр елде етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мұхит толқынына төзе алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын өркендетуге Португалия мен Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді, белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды. Осы теңіз саяхатшыларының бірқатарына кеңінен тоқталып кетсек.

Христофор Колумб (1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін Доминико Колумб отбасында туған). Оның жас кезінде қайда оқығаны белгісіз, әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білген. Колумб 14 жасында теңіз қызметіне аттанады. Жерорта теңізіне, Европа жағалауларына барған сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы біліп алды. Ол Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданған. Бұл мамандықты меңгеріп алған ол інісі Бартоломео Колумбпен бірге Португалияның Лиссабон қаласына келеді. Ол кезде Лиссабон қаласы теңіз шаруашылығының орталығы болды, оған барлық жерден ғалымдар, теңізшілер, географтар жиылатын. Мұнда тұрған кезінде Колумб Феници Мони де Палестерелло дейтін теңізшінің қызына үйленеді. Қыздың әкесі Генрих Португалияны билеген. Кейін Порто-Санто аралында губернатор болған. Колумб аталған аралда атасының үйінде тұрады. Мұнда ол Палестереллоның қалдырған географиялық карталары, теңіз жұмысы туралы жазбаларын тауып алып, сол материалды мұқият зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу мәселесіне кіріседі. Колумбтың Порто-Санто аралында қанша тұрғаны белгісіз, ол атасы өлген соң отбасымен бірге Лиссабон қаласына көшіп келеді. Енді ол мұнда глобус, теңіз жолы көрсетілген карталар жасап, ерте заман, орта ғасырдағы география табыстарымен танысады. Әсіресе, оған Пьер Д‘ Эйдің «Әлем бейнесі» дейтін еңбегі қатты әсер етті. Бұл еңбек Севилья қаласында сақталған. Кітап беттерінің шетіне Колумб ескертпелер жазған.

Колумб жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия королі Иоанн ІІ-ге ұсынады. Король өзінің оқымыстыларын жинап, Колумбтың жоспарымен таныстырады, бірақ діншілдер оның жоспары тек қиял, орындалатын іс емес дейді. Бұл кезде Колумбтың әйелі қайтыс болып, 8 жасар баласы Диэго қалады. Португалияда ұсынған жобасы іске аспаған соң Колумб 1485 жылы Испанияға кетеді. Кордова қаласына келіп, өзіне жолдастар тауып, король сарайында қызмет ететін белгілі адамдармен танысады. Кейін осы достарының көмегімен Испания корлоі Фердинанд пен королева Изабелланы жоспарымен таныстырады. Олар өз кезегінде Соломондағы Степан монастрына діншіл ғалымдарды жинап, Колубтың жоспарын талқыға салып, оны дінге қарсы қолдануға болмайды деген қорытындыға келеді. Жоспары қабылданбаған соң ол қайтадан Португалияға кетпекші болады, бірақ оның достары королден Колубтың жоспарын қабылдауын сұрап хат жазады. Осы жолы оның жоспары қабылданады. Колумб корольден жолға шықпай тұрып өзінің және оның ұрпақтарының мұхиттың арғы жағынан ашылатын жерлердің адмиралы болуын, өзі ашқан жерлердің вице-королі және адмиралы болып тағайындалуын, ол жерлерден табылған пайданың 1/10 бөлігін өз пайдасына алып отыруын талап етіп қояды. Сарайдағылар мен ғалымдар королді айтылған талаптардың барлығын орындауға көндіреді.



Колумбтың бірінші экспедициясы

Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап 2 кеме жабдықтайды, 3-ін ол өз қаражатына жасақтайды. 1492 жылы 3 тамызда Колумб 90 адамымен бірге Батыс жолымен тұңғыш рет Атлант мұхиты арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның шығысын ашуға аттанады. Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай жүзіп, Канар аралдарына жетіп, одан батысқа қарай 19 күн жүзіп, Гомер аралына келеді. Ол жерден азық-түлік, отын, су алып, Канар аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе береді. Колумб кемелері Атлант мұхитында жүзе береді, толқын шайқап, матростар арасында үрей туады. Тіпті Испанияға қайта кетеміз деушілер де болды. Бірақ Колумб оларға ашылатын жерлердің байлығын айтып қызықтырып, ол жердің жақын қалғанын айтады. Осындай қиын жағдайда 1492 жылы 11 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш бұтақтары, ұшып жүрген құстар көрінеді. Олар таң атуын асыға күтеді, ақыры Колумбтың көптен арман еткен «Жаңа жер» жағасы көрінеді. Колумб 10 адамын алып қайықпен жағаға аттанады. Ол ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашылған осы аралды Сан-Сальвадор деп атайды. Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, оның халқын «үндістер» деп атайды. Европалықтарды алғаш көргенде жергілікті халық олардан қорқатын, бірақ Колумб оларды өзіне тартып, біртіндеп достық қатынас орнатады. Ол достарымен бірге аралда жүріп, жапырағы жайқалған ағаштарды, сан түрлі құстарды, пальма жапырағы жабылған күркелерді көреді. Испандықтар тұрғын халықтардың танауындағы, құлағындағы алтын-күміс сырғасын көріп, оның мәнісін сұрайды. Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды Жапония деп ойлап, сонда аттанады. Ол 15 қазанда екінші аралды ашып, оны «Девы Марии» деп атайды. Одан әрі жүзіп 19 қазанда 3-ші аралды ашып, оны Испания королевасының атымен Изаелла деп атайды. Колумб қайтадан батысқа қарай жүзіп, ең үлкен арал Кубаға келіп тоқтайды. Оны арал жағдайын жақсы білетін 2 адам ертіп жүреді, солар арқылы ол арал тұрғындарын шақырып, олардан өз еріктерімен христиан дінін қабылдауларын сұрайды. Бұл жерден европалықтар өздері «табак» деп атаған шөпті Европаға ала кетіп, дүние жүзіне таратады. Сөйтіп, Колумб Атлант мұхитының Америка жағалауының аралдарын бірінен соң бірін ашып, сап алтыны жер бетіне шығып жатқан аралды да тапты. Ол осы Испаньола деп атаған аралға бекініс орнатып, 39 адамын қалдырып, өзі 2 кемемен Испанияға қайтады. 1493 жылдың 13- наурызда мұхиттың дауылдары мен толқындарынан шаршап-шалдыққан теңізші Колумб Испания жағалауына келіп тоқтады. Бүкіл испан халқы оны асқан қуанышпен қарсы алады, тіпті король оны сарайына шақырып құрмет көрсетеді. Колумб Испания королі мен королевасына келіп, оларға байлығы мол «Үндістанды», «Азия» жағалауларын ашқанын баяндайды. Әкелген алтындары мен ақ күмістерін олардың алдына төкті, жануарларды, құстарды, өсімдіктерді, үндістердің 8 адамын көрсетті. Сөйтіп, география ғылымына теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың 1-ші экспедициясы аяқталды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет