Көкшетау 2011 Құрастырғандар



бет8/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Алтыншы тарау
Орыс теңізшілерінің Жер шарын айналып шығуы
Біздің планетамыздың мұхиттары мен теңіздері, құрлықтары, түбектері мен аралдары, бұғаздары, көлдері мен өзендері бірден белгілі болған жоқ, зерттелу нәтижесінде ашылды.

Жер шарын білу туралы үнді, грек, араб зерттеушілерінің еңбегі, қалдфрған мұралары айтарлықтай табысты болды. Дегенмен, біз Ұлы географиялық ашулардан кейін ғана жер шарын жақсы біле бастадық. ХV-ХVІІІ ғасырлардағы географиялық саяхаттардың мақсаты: белгісіз құрлықтарды, теңіз, мұхиттарды ашу еді.

ХІХ ғасырда белгілі болған мұхит, теңіздер толығырақ зерттеліп, бірсыпыра белгісіз жерлер анықталды. Бұған мысал ретінде осы ғасырда Стенли мен Лингвистонның Африканы, Н.М.Пржевальскийдің Орталық Азияны және Н.Н. Миклухо-Маклайдың мұхит жағалауларын зерттеуін айтуға болады.

ХІХ ғасырда Белинсгаузен мен Лазарев жер шарының алтыншы материгі Антарктиданы ашты.

ХV-ХVІ ғасырларда Португалия, Испания, Англия, Франция және т.б. елдер батысты зерттесе, орыстар ХVІ-ХVІІІ ғасырларда шығысты, солтүстікті, зерттеп, белгісіз жерлерді: бүкіл Сібір мен Солтүстік теңіздерін зерттеді. Новгородтықтар ХІІІ-ХV ғасырларда солтүстік теңіздерден балық аулап, солтүстік жағалауларға барып-келіп жүрді. ХVІ-ХVІ ғасырларда кемемен жүзу жұмыстары біраз дамыды. ХVІІІ ғасырда орыс флотын күшейтіп, дамытқан Петр І болды. ХІХ ғасырда орыс кемелері жер шарын су жолымен жүзіп бірнеше рет айналып шығып, тамаша табыстарға жетті. Мысалы, 1803 жылдан 1866 жылға дейін орыс кемелері жер шарын 36 рет айналып шыққан. Олардың бастылары мына төмендегілер: 1803-1806 жылдары И.Ф.Крузенштерн, Ю.Ф.Лисянский, 1807-1809-жылдары В.М.Головнин, 1815-1818-жылдары О.Е.Коцебу, 1819-1821-жылдары Ф.Ф.Белинсгаузен мен М.П.Лазарев, 1825-1827-жылдары Врангель, 1826-1829-жылдары П.Ф. Литке, 1886-1889-жылдары С.О.Макаров тағы басқалар.

Алғашқы кезде орыс кемелерінің жер шарын айналып шығуына оның Америкадағы колониясы себеп болды. Біріншіден, Камчатканы және Американың солтүстік-батысындағы орыс колониясы басқыншылардан қорғау керек болса; екіншіден, оларға кемемен құрал-жабдық, азық-түлік жеткізу көзделді. Бұл жерлерді зерттеп, орыс колониясын нығайтуда теңізшілер мен ғалым – географтардың еңбегі зор болды. Бірақ, осыған қарамастан, Александр ІІ патша Американың солтүстік-батысындағы орыс колониясын 1867 жылы сатып жіберді. Осыған байланысты орыс кемелерінің жер шарын су жолымен айналып шығуы кешеуілдеді. Бірақ, жер шарын бұған дейін айналып шығып, дүние жүзі ғылымына жаңалық енгізіп, олардың жасаған карталары мен атласы, ашқан аралдары мен теңіздері география зерттеуіне өте бағалы үлес болып саналады. Төменде жер шарын кемемен айналып шыққан орыс флотының кейбір теңізшілері жайлы қысқаша мәлімет келтіріледі.



Григорий Иванович Шелихов (1747-1795) аса көрнекті теңізші. Ол Солтүстік Америкадағы Алясканы, Куриль, Алеут аралдарын зерттеп, Америкада орыс колониясын, орыс-американ сауда қарым-қатынастарын ұйымдастырды. Сібірде тұңғыш сауда компаниясын құрып, оны басқарды. Кейін Кодьяк архипелагында тұрып, онда бекініс салып, орыс саудасының негізін қалады. 1786 жылы жаңа орыс колониясы туралы Охотскіге хабар әкелді. Кешікпей Кодьяктан шыққан Герасим Измайлов пен Дмитр Босаров кемелері зерттеуге аттанды. Олар Америка жағалауын зерттеді. 1791 жылы Петербургте Шелиховтың «Странствование» деп аталатын еңбегі басылып шықты. Орыс теңізшілері мен көпестері Америкадағы орыс колониясын бұрынғысынша зерттей берді. Мұнда жергілікті халықтың өзара бірлесіп мәдени тұрмыс құру қамын ойлап, мектеп ашып, балаларына орыс тілін үйретті.

Шелихов Лена өзені сағасынан бастап Солтүстік Америкаға дейін зерттеп, кеме қатынасын орнатпақ болды. Бірақ оның бұл жоспары орындалмады. Бұл жерлер кеңес дәуірінде ғана зерттелді. Шелихов 1792 жылы А.Лаксман экспедициясын бастап шықты. Экспедиция Жапония аралдаын зерттеді. Бірақ ол науқастанып, бұдан кейін экспедицияға шыға алмады.Оның жоспарын алға апарып, Америкадағы орыс колониясын нығайтып, оны зерттеген А.А.Баранов болды. Ақын Державин Шелиховты «Ресейдің Колумбысы» деп атап, оның жұмысын жоғары бағалаған.



Сарычев Гаврил Андреевич (1763-1831) көрнекті теңізші, адмирал. Алеут аралдарын, Беринг бұғазын, Балтық теңізін зерттеуші, география мен гидрография зерттеуіне, әскери теңіз флотын құруға жаңалық қосқан ғалым-саяхатшы. Ол ХІХ ғасырдағы теңізшілердің бірқатарын дайындап, оларға өнеге көрсетуші болды. Сарычев Колыма өзені сағасынан Дежнев мүйісіне дейін Сібірдің солтүстік жағалауын, Куриль аралдарын, Солтүстік Америка жағалауын, шығыс теңіздерін зерттеді. Экспедиция жұмысы 1785 жылдан 1793 жылға дейін созылды. Экспедиция 1793 жылы көктемде Петербургке оралды. Экспедиция жұмысы нәтижелі болды, көп жердің астрономиялық нүктелерін анықтап, аралдарды, теңіздерді, жағаларды анықтап, картаға түсірді. Осы ғылыми-зерттеу жұмыстарын қорытып, 1802 жылы Сарычев «Капитан Сарычевтің саяхаты» деген атпен картасы бар үлкен еңбегін жариялады. Бұл еңбек 2 рет басылып шықты, шетелдер тіліне аударылды. Оның бұл еңбегінде көптеген географиялық, гидрографиялық, астрономиялық, этнографиялық материалдар бар.

1794-1800 жылдары ол әртүрлі экспедиция кемелерінің капитаны болып, Балтық теңізінде жүзді. Бұдан кейін 1802-1817 жылдары ол Балтық теңізін, Фин шығанағын зерттеп, олардың нақты картасын, атласын жасап берді. Антарктидаға аттанатын Ф.Ф.Белинсгаузен мен Лазарев экспедициясына өзінің көзқарасын айтты.

Сарычев 1827 жылы Кронштадт портының бас командирі болып тағайындалды. Бұдан кейін теңіз флоты министрлігін басқарды. 1829 жылы оған адмирал атағы берілді. Ол 1831 жылы шілдеде қайтыс болды. Сарычевтің ғылыми еңбектерін жоғары бағалаған академияның Теңіз ғылыми комитеті, Мәскеу университеті, Харьков, Петербург, Эстон география қоғамдары оны өзіне құрметті мүше етіп сайлады.

Иван Федорович Крузенштерн (1770-1846) мен Юрий Федорович Лисянский (1773-1837) жер шарын кемемен тұңғыш айналып шыққан орыс теңізшілері.

Крузенштерн 1770 жылы 8-қарашада Балтық теңізінің жағасындағы Таллинге жақын жерде туып өсті. Алдымен ол үйінде оқыды. 15 жасында сол кездегі Кронштадтағы Мәскеу корпусына түсіп, оқыды.

Лисянский 1773 жылы 2-тамызда Украинаның Нижин қаласында туды, балалық шағын сонда өткізді, кейін Мәскеу корпусына түсті. Олар сонда танысты. Крузенштерн бойшаң, сабырлы, салмақты болса, Лисянский орта бойлы, кең иықты, ашық, көңілді жігіт еді. Болашақ екі теңізшінің арманы білім-ғылымға беріліп, жаңалық ашу еді. Талантты 2 жас корпуста оқып жүрген кезде 1787 жылы күзде Ресей мен Түркия арасында соғыс басталды. 1888 жылдың жазында Швед королі Густав ІІІ Ресейге қарсы соғыс ашты. Ал, Ресей флоты Балтық теңізі мен Қара теңізде шведтерге қарсы соғысты. Білімді теңіз офицерлері жеткіліксіз болды да, корпуста оқып жүрген 142 адамды уақытынан бұрын бітіргізіп, майданға жөнелтті. Олардың қатарында Крузенштерн мен Лисянский де бар еді.

Крузенштерн «Мстислав» кемесіндегі капитан Муловскийдің қол астында істеп, одан үйренді. Екатерина ІІ Муловскийді дүние жүзін тұңғыш рет айналып шығатын орыс кемесіне бастық етіп тағайындады. Бірақ, соғыс басталып қалғандықтан мұның сәті түспеді. 1790 жылы соғыс орыстардың жеңуімен аяқталды. Бұдан кейін 2 дос Балтық теңізінде 3 жыл қызмет атқарды. 1793 жылы теңіз командасы Крузенштерн мен Лисянскийді және бірқатар офицерді тәжірибе алмасу үшін ағылшын кемесіне жіберді. Олар ағылшын кемелерімен жүзіп, Үндістанда, Оңтүстік Африкада болып, көп жерлердің табиғатымен, халқымен танысты. Крузенштерн 1797-1799 жылдары Оңтүстік Америкаға, Ост-Үндістанға барып, сан алуан ботаника коллекциясын жинады. Олар кешікпей Отанына оралды. Крузенштерн кеме командасына жер шарын айналып шығудың жоспарын ұсынды. Кейінірек, яғни 1802 жылы оның жоспары бекітіліп, өзі дүние жүзін су жолымен айналып шығатын кеменің бастығы болып тағайындалды, екінші кемені оның досы Лисянский басқаратын болды.

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында жер шарын кемемен айналып шығуға болатындығы атақты Беринг, Чириков экспедицияларынан кейін белгілі болған. Сондай-ақ, теңізші Шелихов ұйымдастырған Тынық мұхит экспедициясына Америка жағалауындағы сауда компаниясына теңіз жолымен азық-түлік, тұрмысқа қажет жабдықтар жеткізіп, онда жиналған бағалы аң терілерін әкелу және зерттеу жұмысын жүргізу, жол-жөнекей болған жерлерде мұхит теңіздерін зерттеу, Н.П.Резанов бастаған орыс елшісін Жапонияға жеткізу міндеті жүктелген еді.

1803 жылы Кронштадта 2 кеме алыс сапарға аттануға дайын болды, оларды шығарып салуға Петербург халқы көп жиылды. Су үстіндегі салмағы 450 тонналық «Надежда» кемесін Крузенштерн және 370 тонналық «Нева» кемесін Лисянский басқарды. Экспедицияда орыс офицерлері мен матростары болды. Ф.Ф.Белинсгаузен мен О.Е.Коцебу де осылардың ішінде еді. Бұл 2 кеме дүние жүзін су жолымен айналып шығу үшін 1803 жылы 7 тамызда Кронштадт портынан сапарға аттанды. Кемелер Гавай аралдарына дейін бірге жүзіп, одан кейін «Надежда» Камчаткаға, «Нева» Аляскаға қарай бет алды. Олар бұл жақта 2 жыл бойы зерттеу жұмысын жүргізіп, орыс колониясын нығайтты. Кемелер қайту жолында Кантонда кездесіп, Оңтүстік Африкаға дейін бірге жүзіп келіп, қайтадан Портсмут портына дейін жеке жүзді. 1806 жылы 2 кеме де аман-есен Кронштадт портына оралды.

Экспедиция жұмысы табысты болды: Камчатка түбегі мен Сахалин аралының табиғаты зерттеліп, қайтадан картаға түсірілді, тұрғын халықтарының тарихы, экономикасы, этнографиясы жайында мағлұматтар жиналды. Жапониямен, Қытаймен сауда қарым-қатынасы күшейді, мұхит суы мен теңіз суының температурасы , ащы-тұщылығы, ағысы зерттеліп, тынық мұхиты суының Атлант мұхиты суынан айырмашылығы анықталды. Мұның дүние жүзілік ғылыми маңызы болды. Бірақ, орыс патшалығы экспедиция мүшелерінің ерлік істерін жете бағаламады. Олар ғылым мен Отан алдында өз борышын адал орындап, орыс туын дүниежүзілік мұхиттарда бірінші рет желбіретіп, әлемге әйгіледі.

Экспедициядан оралған соң 2 достың тағдыры әрталай болды. Екеуі де экспедиция кезінде жиылған маңызды материалды қорытып жазып, баспадан шығарып, халық арасында кең таратпақшы болды. Бірақ оған патша үкіметінің керітартпалары жол бермеді. Сонда да Крузенштерн көп күш жұмсап, 1809-1812 жылдары «1803,1804,1805 және 1806 жылдардағы дүние жүзін айналып шыққан саяхат» деген 3 томдық еңбегін жариялады. Лисянский де көп қиыншылыққа кезікті. Теңіз департаменті оның аса бағалы қолжазбасын 2 рет өзіне қайтарып берді. Оның себебі ақ көңіл теңізші өзінің ашық сөздерімен бастықтарына жақпады. Ақыры ол зерттеу еңбегінің жарық көруіне өз қаражатын жұмсады. Теңіз министрлігі оның еңбегіне немқұрайлы қарап, халық арасына таратпады. Крузенштерн еңбегі іле-шала ағылшын, швед, дат, итальян тілдеріне аударылды да, Лисянский еңбегі 1914 жылы Лондонда ағылшын тілінде басылып шықты. Бұдан кейін Крузенштерн ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданды, орыс флотының жұмысын жақсартты, теңіз офицерлерін оқытты, Антарктидаға шығатын Беллинсгаузен экспедициясын ұйымдастыру жұмысына белсене қатысты. 1811 жылы Крузенштерн Кронштадтан Петербургке келіп, көптеген ғылыми-зерттеу еңбектерін жазады, ағылшын, француз, голланда тағы басқа елдер теңізшілерінің теңіз карталарын өңдеп, 1827 жылы «Оңтүстік теңіз атласын» жасап, оған кең түрде түсінік берді. Орыс география қоғамын ұйымдастырушылардың бірі болды. Кейін ол көп жылдар бойы теңіз корпусын басқарды, корпус жанынан «офицерлер класын» ашты, бұл кейін Теңіз академиясына айналды.

Крузенштерннің ғылымға, орыс флотына сіңірген еңбектері Ресейде, шетелдерде өте жоғары бағаланды. Оған Дерпт (Тарту) университеті құрметті философия докторы атағын берді, Ресей Ғылым Академиясы, Париж, Лондон, Геттинген университеттері тағы басқа ғылыми орындар өзіне мүше етіп сайлады.

Лисянскийді патша үкіметі елемеді. Ол азып-тозып 1837 жылы ақпанда өлді.



Василий Михаилович Головнин (1776-1831) теңізші, дарынды ғалым, жазушы, әскери қайраткер, теңіз теоретигі әрі жаңашыл интеллигент. Ол орыс флоты мен география ғылымы тарихында ерекше орын алады. Головнин жер шарын кемемен айналып шыққан екінші орыс теңізшісі әрі мұхиттарды алғаш зерттеушілердің бірі болды.

Головнин 1790 жылы «Не тронь меня» атты кемеде әскери қызмет істеп, 14 жастағы жалынды жас шведтерге қарсы жүргізілген теңіздегі ұрыста ерлік көрсетті. Кейін оқуын бітірген соң вице-адмирал Макаровтың қол астында қызмет істеді. Теңіз министрлігі оны Англияға оқуға жіберді. Кейін ол күндіз және түнде қолданылатын сигнал түрлерін ұсынды. 1807 жылы «Диана» кемесінің капитаны болып тағайындалды. Ол Кронштадт портынан шығып, солтүстік өңірді зерттей отырып, Солтүстік Америка жағалауында болып, дүние жүзін су жолымен айналып шығатын экспедицияға қатысты. Бұл Крузенштерн мен Лисянскийден кейінгі дүние жүзін айналып шығуға сапар шеккен екінші орыс кемесі еді. Осы сапарда бірқатар мұхит, теңіз, аралдар зерттелді.

1807-1809 жылдары Головнин «Камчатка» кемесімен тағы да дүние жүзін айналып шығу сапарына аттанды. Осы сапардан оралған соң ол үкімет алдына Камчатка мен Америкадағы орыс колониясында тұратын халықтардың тұрмысын жақсарту мәселесін қойды. 1821 жылы Головнин теңіз корпусын басқарды, кеме жасайтын комиссариат пен артиллериялық департаменттердің, Ригадан бастап Камчаткаға дейінгі порттардың жұмысын жолға қойды, оның басшылығымен теңіз кемелері жасалды. Головнин Петропавловскіде өзіне дейін Тынық мұхитты зерттеген саяхатшылардың еңбектерін талдап, Алеут, Сахалин, Куриль аралдарының, Охот теңізінің және Ресей империясының негізгі карталарын жасады. Алексей Чириковтың, Витус Берингтің, Степан Крашенниковтың, Григорий Шелиховтың, Лаперузаның, Куктың және тағы басқа өзіне дейінгі теңізшілердің кеме журналдарын зерттеп, жетістіктері мен кемшіліктерін анықтап берді. «1807-1809 жылдардағы Кронштадттан Камчаткаға дейінгі «Диана» саяхаты», «1809, 1810 және 1811 жылдардағы Камчатка және Америкадағы орыс колониясы туралы ескерту» деген еңбектерін жариялады. 1816 жылы Жапония аралдары туралы жазған зерттеу еңбегі Ресейде және шетелде жоғары бағаланды. Кейін ол «Соғыс кемелерінің тактикасы» туралы жазды. Ф.П.Литке, Ф.П.Врангель, Ф.Ф. Матюшкин сияқты атақты теңізшілер оның шәкірті болатын.

Дегенмен, дүние жүзіне зерттеу еңбегімен белгілі болған теңізші, географ, орыс флотын нығайтуда зор еңбек сіңірген ғалымды патша үкіметі бағаламады, оны қудалады, өмірінің ақырғы кезінде оны декабристермен байланысты болды деп Петербургтен жер аударды. Куриль аралдарындағы екі бұғаз, солтүстік Аляскадағы мүйіс, Ямал түбегі, Жаңа Жер аралы, Куриль аралдарындағы жанартау, жапондықтар оны тұтқынға алған жердегі поселке және жер шарындағы тағы басқа бірқатар жер-су аттары оның есімімен аталды.



Отто Евстафьевич Коцебу (1788-1846) жер шарын кемемен 3 рет айналып шыққан, мұхиттар мен теңіздерді зерттеп, бұрын белгісіз болған аралдарды ашқан белгілі орыс теңізшісі. 1814 жылы Ресейде жер шарын тағы да айналып шығатын экспедиция ұйымдастырылды. Оны басқаруға Коцебу шақырылды. Бұл сапарға арнап Түркияда жасалған «Рюрик» кемесі кешікпей Кронштадт портына келіп тоқтады. Кемені көруге келгендердің ішінде: И.Ф.Крузенштерн, Кронштадт портының командирі вице-адмирал Миллер, контр-адмирал Коробко және граф Н.П.Румянцев т.б. болды.

«Рюрик» жер шарын айналып шығуға арналған кемелердің ішіндегі ең кішкенесі еді. Коцебуға ең алдымен Американың солтүстік-батыс жағалауын зерттей отырып, Беринг бұғазы арқылы өтіп, Тынық мұхитының көптеген аралдарының координатын белгілеп, мұхит суының ағысын, тұздылығын, тұнбасын зерттеу жұмыстары жүктелді. 1815 жылы 30 шілдеде Кронштадттан шыққан «Рюрик» жолшыбай Копенгагенге тоқтап, керек-жарағын алып, Плимут портына аялдады да, содан әрі ашық теңізге сапар шекпек болды. Бірақ теңіздегі дауылды толқын кішкентай кемені көп бөгеді. Ақыры Тенерифе портына келіп, тұщы су, азық-түлік алды. Одан әрі экватордан өтті де, Санта-Крус портына тоқтап, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1816 жылы оңтүстік жарты шар теңіздерінде әр жақты зерттеу жұмыстарын жүргізіп, содан Ресейдің шығыс жағалауындағы теңіздерді зерттей отырып, Беринг бұғазынан өтті, одан Азия мен Америка жағаларын зерттей отырып, елге оралды. Осы жолында Коцебу Туамоту, Маршалл аралдарының тізбегіндегі көптеген белгісіз аралдарды ашты, мұхит және теңіз суының ағысын, тұнықтығын және өздері ашқан аралдардағы елдің этнографиясын зерттеді. Коцебу кейін «Предприятие» кемесімен тағы да сапар шекті. Бұл жолы ол мұхит, теңіз суын 1972метр тереңдікке дейін зерттеп, батометр және т.б. жаңа құралдарды тұңғыш рет қолданып, океанографиялық зерттеулер жүргізді.



Федор Петрович Литке (1797-1882) «Сенявин» кемесімен дүние жүзін айналып шыққан, Жаңа Жерді, Сібірдің бүкіл солтүстік жағалауын зерттеген ғалым-географ. Кейіннен ол Ресей академиясының президенті болды. Орыс география қоғамын ұйымдастырып, көп уақыт оны басқарды.

1821-1824 жылдары Литке солтүстікке 4 рет аттанып, Жаңа Жер, Маточкин Шар төңірегінде нақтылы гидрографиялық зерттеу жұмысын жүргізді. Автор бұл зерттеуін қорыта келіп, «1821-1824 жылдары «Новая Земля» әскери кемесімен Солтүстік Мұзды мұхитқа 4 рет экспедиция» деген еңбек жазды. Бұл зерттеу шетелдерде басылып, теңізші есімі Ресейге және шетелдерге кең таралды.

1826 жылы Литке «Сенявин» кемесімен дүние жүзін су жолымен айналып шығатын экспедицияны басқарды. Экспедиция Беринг, Охот теңіздерін және бүкіл Сібірдің солтүстік жағалауын зерттеп, ғылыми тұрғыдан толық материал жинау міндетін алға қойды. Білімді, тәжірибелі теңізші бұл жауапты міндетті ойдағыдай орындап шықты. Сібірдің бүкіл Солтүстік жағалауының жалпы географиясы, гидрографиясы, ауа райы, су ағысы, тұрғын халқы зерттеліп картаға түсірілді және «1826-1829 жылдары «Сенявин» кемесімен дүние жүзін айналып шығу» деген ғылыми еңбек жариялады. Жас капитан еңбегін Францияның сол кездегі атақты ғалым-географтары И.С.Дюмон Дюрвиля, Ж.Ковье және неміс географы А.Гумбольдт жоғары бағалады. Литке кейіннен Гумбольдтпен дос болып, онымен байланыс жасап жүрді.

Ғалым өзінің зерттеу жұмысымен шұғылдана бастаған кезде патша үкіметі оны әртүрлі ұсақ командировкаларға жіберумен болды. Тіпті Николай І Литкені өз ұлына тәрбиеші етіп тағайындады. Мұның бәрі оның зерттеу жұмысына кедергі жасады және ол бұған наразы болды. Географ ақыры өз жұмысына оралды. Әуелі контр-адмирал, вице-адмирал, кейін адмирал болып тағайындалды.

Литке Қырым соғысынан кейін бүтіндей Орыс география қоғамы жұмысымен айналысты. Қоғамның президенті «Ұлы князь» Константин, вице-президенті Литке еді. Константин түк бітірген жоқ, ал Литке болса Ресей жерін әр жақты зерттеп, география жұмысын қайта құруға П.П.Семенов, Ш.Уәлиханов, Н.С. Северцев, П.А.Кропоткин, А.Л. Чекановский, К.М.Бэр, Н.М.Пржевальский, Н.Н.Миклухо-Маклай сияқты географтардың жұмысына көмектесіп, экспедицияларға басшылық етті. Литке 1864 жылы Ресей Ғылым Академиясының президенті болды. Оны 1882 жылға дейін, яғни 18 жыл басқарды.

Степан Осипович Макаров (1848-1904) поляр зерттеушісі, әскери флот істерінің үлкен теоретигі әрі теңіз саяхатшысы. Ол Арктиканы, Тынық мұхитты, Босфор бұғазын зерттеді.

Білімді де дарынды адмирал Макаров Бутаков эскадросындағы «Русалка» бронды кемесінде қызмет атқарды. Оның болашағына Бутаков көп әсер етті. Осы «Русалкада» істеп жүріп Макаров кемені суға батырмау тәсілін тапты. Кеменің тесігін пластырьмен жабуды ұсынды. Кейін бұл жаңалық «Макаров пластыры» деп аталды. Ол Босфор бұғазын зерттеп, ғылыми табысқа ие болды. Босфор суының Қара теңіз суынан айырмашылығын анықтады.

1886-1889 жылдары әйгілі «Витязь» кемесімен дүние жүзін айналып шықты. «Витязь» жолы: Кронштадт-Атлант мұхиты-Рио де Жанейро-Магеллан бұғазы-Маркиз-Гонолулу аралдары-Иокогама-Владивосток еді.

1894 жылы «Витязь» және «Тынық мұхит» деген 2 томдық еңбегі жарияланды. Бұл еңбек океанографиялық зерттеулерге негіз болды. Кейін Лаперуза бұғазында, Қызыл теңізде, Үнді мұхитында гидрографиялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп,оның қорытындысын жариялады. Бұдан кейін ғалымның қуатты мұз жарғыш кемесі бірінші рет Солтүстік мұзды мұхитта жүзді. Оның жасаған «Ермак» мұз жарғыш кемесі Солтүстік полюске жол салып, Арктиканы зерттеді. «Ермак» 1897 жылы Кар теңізінде жүзді, кейін 2 рет Шпицберген, Жаңа Жер жағалауында жүзді.

Макаров 1904 жылы орыс патшасының тағайындауымен Порт-Артурға келді. Мұнда ол флот жұмысын жолға қойып, Жапон флотына соққы берді. Осы ұрыста «Петропавловск» бронды кемесінде мина жарылып, Макаров қаза тапты.

Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

8-нұсқа
1. Жер шарының алтыншы материгі Антарктиданы ашқан орыс теңізшілері:

А) Крузенштерн мен Лисянский

В) Беллинсгаузен мен Лазарев

С) Шелихов пен Берг

Д) Семенов пен Мушкетов

Е) Головнин мен Краснов


2. ХVІІІ ғасырда қай патшаның тұсында орыс флоты күшейіп, ілгері дамыды?

А) ЕкатеринаІІ

В) Александр І

С) Иван ІІІ

Д) Петр І

Е) Елизавета І


3. Сібірде тұңғыш сауда компаниясын құрып, оны басқарған орыс теңізшісін көрсетіңіз.

А) Г.И.Шелихов

В) В.М.Головнин

С) Г.А.Сарычев

Д) О.Е.Коцебу

Е) П.П.Семенов


4. Көрнекті теңізші Г.А.Сарычевке қай жылы адмирал атағы берілді?

А) 1807ж.

В) 1829ж.

С) 1813ж.

Д) 1861ж.

Е) 1896ж.


5. Жер шарын айналып шығуға арналған кемелердің ең кішкенесі қалай аталды?

А) «Нева»

В) «Сенявин»

С) «Русалка»

Д) «Витязь»

Е) «Рюрик»


6. Кемені суға батырмау тәсілін тапқан орыс теңізшісі:

А) В.В.Докучаев

В) И.Ф.Крузенштерн

С) С.О.Макаров

Д) Г.И.Шелихов

Е) В.М.Головнин

7. Орыс кемелерінің жер шарын айналып шығуына алғашқы кезде не себеп болды?

А) Александр ІІ патшаның жер шарын кемемен айналып шығу туралы жарлығы

В) Американың солтүстік-батысында орыс колониясының орналасуы

С) Жер шарын кемемен айналып шығу теңізшілердің міндеті болғандықтан

Д) Петр І патшаның орыс флотын күшейту мақсатында жасаған жарлығы

Е) ХІХ ғасырда ғылыми жаңалық ра бәсекелестігінің күшті болуы


8. Жер шарын тұңғыш кемемен айналып шыққан орыс теңізшілерін көрсетіңіз:

А) Беллинсгаузен мен Лазарев

В) Краснов пен Баранский

С) Семенов пен Пржевальский

Д) Мушкетов пен ралев

Е) Крузенштерн мен Лисянский


9. Белгілі орыс теңізшісі О.Е.Коцебу мұхит және теңіз суларының тереңдігін

өлшеу үшін қандай құралды тұңғыш рал қолданған?

А) танометр

В) компас

С) батометр

Д) индуктор

Е) пульсатор
10. «Ресейдің Колумбысы» атанған орыс теңізшісі кім?

А) В.М.Головнин

В) И.Ф.Крузенштерн

С) В.В. Докучаев

Д) Г.И.Шелихов

Е) Л.С.Николаев


11. С.О.Макаровтың екі томдық ғылыми еңбегін көрсетіңіз:

А) «Витязь» және «Тынық мұхит»

В) «Сенявин» және «Атлант мұхиты»

С) «Мстислав» және «Лабрадор түбегі»

Д) «Рюрик» және «Оңтүстік теңіз»

Е) «Нева» және «Үнді мұхит»


12. Қай орыс теңізшісі мұхит, теңіз суын 1972м тереңдікке дейін зерттеген?

А) О.Е.Коцебу

В) Ф.П.Литке

С) А.Н.Краснов

Д) А.В.Елисеев

Е) П.П.Семенов




13. Көрнекті орыс теңізшісі Г.И.Шелиховтың 1791 жылы Петербургте басылып шыққан еңбегі:

А) «Жер шарын су жолымен айналып өту»

В) «Странствование»

С) «Капитан Шелиховтың саяхаты»

Д) «Үш теңіздің арғы жағына саяхат»

Е) «Фин шығанағын зерттеу»



14.Қай орыс теңізші-ғалымы қуатты мұз жарғыш кеме жасады?

А) О.Е.Коцебу

В) Ю.Ф.Лисянский

С) С.О.Макаров

Д) Г.А.Сарычев

Е) К.М.Бэр



15. Жер шарын тұңғыш рал кемемен айналып шыққан орыс теңізшісі И.Ф.Крузенштерннің өмір сүрген жылдарын көрсетіңіз:

А) 1747-1846ж. В) 1775-1843ж. С) 1848-1909ж. Д) 1770-1846ж. Е) 1665-1745ж.



16. Төменде келтірілген жауаптардан Ресей Ғылым Академиясының президенті болған теңізшіні көрсетіңіз:

А) О.Е.Коцебу

В) Ф.П.Литке

С) А.Л.Чекановский

Д) Н.Н.Миклухо-Маклай

Е) А.Гумбольдт



17. Босфор суының Қара теңіз суынан айырмашылығын анықтаған кім?

А) С.Крашенников

В) А.Чириков

С) Ф.Литке

Д) С.Макаров

Е) Ф.Врангель



18. Қай орыс теңізшілері шведтерге қарсы соғысқа қатысқан?

А) Крузенштерн мен Лисянский

В) Пржевальский мен Чесноков.

С) Беллинсгаузен мен Анучин

Д) Гумбольдт пен Богданов

Е) Попов пен Бэр



19.Ф.П.Литке қай жылдар аралығында Ресей Ғылым Академиясының президенті болды?

А) 1753-1767ж. В) 1946-1971ж. С) 1812-1835 Д) 1705-1724ж. Е) 1864-1882ж.



20. Тынық мұхиты суының Атлант мұхиты суынан айырмашылығы анықталған экспедицияға қатысқан орыс теңізшілері:

А) Литке мен Коцебу

В) Головнин мен Матюшкин

С) Крузенштерн мен Лисянский

Д) Врангель мен Чепурковский

Е) Северцов пен Кропоткин




Антарктиданың зерттелуі
Фаддей Фаддеевич Беллинсгаузен 1779 жылы 18 августта Эстониядағы Эзель қазырғы Сарема аралында туған. 1803 жылы атақты теңізші Головнинің басшылығымен жер шарн сумен айналып шыққан «Надежда» кемесінде істеді. 1806 жылы бұл экспедиция оралғаннан кейін, 13 жыл бойына Балтық теңізінде, Қара теңізде әр түрлі кемелердің командирі болды. 1819 жылы майда Петербургте Антарктида экспедициясын басқаруға тағайындалды. Қара теңізде болған шайқастарға қатысты, адмирал атағын алды. Оның басшылығымен Балтық теңізінде жанадан бірнеше гранитті гаваньдар мен порттар іске қосылды және теңіз қызметіндегі адамдардың тұрмысын жақсартуға көп күш жұмсады. Сол кездегі ең үлкен орыс кітапханасы- Кронштадтта теңіз кітапханасын ашты.

Беллинсгаузен өмір бойы география мәселесімен шұғылданды, дүние жүзін айналып щығу саяхаттарын жазып, жаңа ашылған жерлерді картаға түсірді. Батыл , ержүрек, өз ісін жақсы білетін командир, тамаша теңізші, географ ғалым, штурман Беллинсгаузен 1852 жылы 25 январьда қайтыс болды. Кронштадтта атақты адмиралға ескерткіш орнатылған.



Михайл Петрович Лазарев 1788 жылы 3 ноябрьде Владимир облысында туған. 1804 жылы Москвада теңіз корпусын бітіріп, төрт жыл ағылшын портында жұмыс істеді. 1813 жылы дүние жүзін айналып шыққан «Суворов» кемесінің командирі болды. 1819 жылы «Мирный» кемесіне командир болып тағайындалды. Орыс теңіз мектебін құрды. 1819 жылы 16 июльде бірінші Орыс – Антарктида экспедициясы жолға шықтты. Кронштадт портынан шыққан «Восток», «Мирный» кемелері Копенгаген, Порстмут, Канар, Рио-де- Жанейро порттарын басып өтіп, екінші ноябрьде онан әрі Антарктидаға не бары 25 км. Қалғанда соқыр тұман кедергі жасап, кемелер оңтүстікке өтіп кетті. Олар осылай бірнеше рал жақындап келіп қайтты. Ақырында екі жылдан аса, яғни 751 күнде 50 мың миль теңізде жүзіп, Антарктиданы тапты, содан 1821 жылы 24 июльде Кронштадт портына қайтып келеді. Лазарев 1851 жылы 11 апрельде қайтыс болды. 1870 жылы Севостополь портында Лазаревқа ескерткіш орнатылды.

Скотт Роберт Фолкон 1868 жылы Девонпорт жерінде дүниеге келеді. Антарктиданы зерттеуші ағылшын саяхатшы. Корольдік әскери флотында қызымет етті. 1900 жылы тұңғыш ағылшын ұлттық антарктиккалық экспедициясын басқарып, «Дискавери» әскери кемесімен Антарктидаға аттанды. 1901-1904 жылдар аралығында Виктория жерін, Росс теңізінің жағалауын, Росс қайраңдық мұздығын зерттеп, Эдуард ҮІІ түбегін ашты.1910 жылы 15 маусымда «Терра Нова» кемесімен Антарктидаға екінші экспедицияға шықты. 1911 жылы қараша айында Росс аралдарынан оңтүстіке қарай аттанды. 1912 жылы 18 қаңтарда норвег поляр зерттеушісі Р. Аммундсеннен 33 күннен кейін төрт серігімен бірге оңтүстік полюске жетті. 1912 жылы 30 мартта қайтар жолда серіктермен бірге мерт болды. Скотт есімімен Эндерби Жеріндегі таулар, екі мұздық, Тыңық мұиттың оңтістігіндегі рал, Виктория Жеріндегі жаға т.б. аталады.

Амундсен Руаль 1872 жылы дүниеге келген норвег саяхатшысы. Кеме капитанының отбасында дүниеге келген. 1903 жылдан бастап көпшілікке әйгілі болған бірінші экспедицияға қатысқан. 1903-1906 жылдар аралығында «Йоа» кемесімен Гренландиядан Аляскаға жетті. Норвегиядан «Фрам» кемесімен Антарктикаға аттанады. 1911 жылы 14 желтоқсанда ағылшын саяхатшысы Р. Скоттан бір ай бұрын оңтүстік полюске жетеді. 1926 жылы Шпицберген солтүстік полюс Аляска бағыты бойынша «Норвекия» дирижаблімен 1- трансарктикалық ұшуды басқарды. Солтүстік мұзды мұхитта апатқа ұшыраған У. Нобиле экспедициясына көмек көрсетпекші болып, «Латам» гидроұшағының экипажымен бірге 1928 жылы қаза тапты. Солтүстік мұзды мұхитта Амундсен есімімен аталатын қазаншұңқырлар, бұғаздар бар.

Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

9-нұсқа


  1. Антарктиданы тұңғыш ашу кімдердің үлесіне тиді?

А) Ф.Ф. Беллинсгаузен мен М.П. Лазарев

В) И.Ф. Кузенштерн мен Г.А. Сарычев

С) В.М. Головин

Д) Я.С. Либин мен М.Е. Острокин

Е) Н.Т. Черниговский мен М.П. Лазарев
2. 1819 жылы бірінші Орыс-Антарктида экспедициясы ұйымдастырылып, соған

арнап Кронштадт портында қандай екі кеме жасалынды?

А) «Запад» және «Восток»

В) «Запад» және «Мирный»

С) «Восток» және «Мирный»

Д) «Северо-юг» және «Мирный»

Е) «Север» және «Юг»


  1. Экспедиция бастығына «Востоктың» командирі болып кім тағайындалды?

А) И.Ф. Крузенштерен

В) Р. Скотт

С) М.П. Лазарев

Д) Р. Амундсен

Е) Ф.Ф.Белинсгаузен

4. Экспедиция бастығына «Мирныйдың» командиріне кім тағайындалды?

А) Р. Амундсен

В) Ф.Ф.Беллинсгаузен

С) Р.Скотт

Д) М.П.Лазарев

Е) Г.А. Сарычев


5.Ф.Ф.Беллинсгаузен қай жылы дүниеге келді?

А) 1774 жылы

В)1779жылы
С)1769жылы

Д)1819жылы


Е)1788жылы
6. 1819 жылы Ф.Ф. Беллинсгаузенмен қай оқиға байланысты?

А)Орыс-Антарктида экспедициясын ұйымдастырды


В)«Надежда» кемесінде істеді

С)Петербургте Антарктида экспедициясын басқаруға тағайындалды

Д)Балтық теңізде қызымет істеді

Е)ДЖЖ



7. Батыл,ержүрек, теңізші,географ ғалым Беллинсгаузен қай жылы қайтыс

болды?


А) 1832жылы

В) 1852жылы

С) 1811жылы

Д) 1862жылы

Е) белгісіз
8. Қай жылы атақты саяхатшы М.П.Лазарев дүниеге келді?

А)1779жылы

В)1789жылы

С)1782жылы

Д)1788жылы
Е)1819жылы
9. 1813жылы М.П.Лазарев дүние жүзін айналып шыққан қандай кемеде командир болып жұмыс атқарды?

А) «Суворов»

В) «Мирный»

С) «Восток»

Д) «Надежда»

Е) «Верный»


10. Қай жылы бірінші Орыс Антарктида экспедициясы жолға шықты?

А) 1804жылы

В) 1811жылы

С) 1813жылы

Д) 1817жылы

Е) 1819жылы


11. 1820 жылы 16 қантарда Антарктидаға не бары 25 км қалғанда ненің кедергісінен, кемелер оңтүстікке қарай бет алды?

А) Жауын шашынның

В) Мұз басып кетуінен

С) Соқыр тұман

Д) Картаның жоғалуынан

Е) ДЖЖ
12. Лазарев экспедиция барысында 50 мың миль теңізде жүзіп,Антарктиданы неше күн ішінде тапты?

А) 100 күн

В) 135 күн

С) 556 күн

Д) 751 күн

Е) 773 күн
13. Қай жылы Лазарев дүние салды?

А) 1849 жылы

В) 1851 жылы

С) 1861 жылы

Д) 1870 жылы

Е) 1871 жылы



14. Антарктиданы зерттеуші,ағылшын саяхатшы кім?

А) Р. Скотт

В) Р. Амундсен

С) С.Либен

Д) М.Громов

Е) М. Ломоносов



15. Қай жылы және қандай кемесімен Р.Скотт Антарктидаға аттанады?

А)1904жылы «Британ»

В)1907жылы«Ласточка»
С)1901жылы«Арго»
Д)1912жылы«Титаник»
Е) 1900жылы «Дискавери»

16. қай жылы Р.Скотт Антарктидаға экспедицияға шықты?

А) 1901 жылы

В) 1910 жылы

С) 1911 жылы

Д) 1904жылы

Е) 1912жылы



17. Қай жылы Р.Амундсен дүниеге келді?

А)1910жылы

В)1900жылы

С) 1872жылы

Д) 1877жылы

Е) 1912жылы



18. Норвег саяхашысы?

А) Р.Скотт

В) Р.Амундсен

С)Я.С.Либин

Д) Н.Т. Черниговский

Е) Магеллан



19. Қай жылы Р.Амундсен Норвегиядан Антарктикаға аттанады?

А) 1903жылы

В) 1900жылы

С) 1911жылы

Д)1910жылы

Е)1912жылы



20. Атақты норвег саяхатшысы Р.Амундсен қай жылы дүние салды?

А) 1912жылы В) 1922жылы С)1910жылы Д)1925жылы Е)1928жылы


Дұрыс жауап кодтары

( көлденеңінен - вариант нөмірі, тігінен – тапсырма нөмірі)





1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Д

В

С

Е

Д

А

А

В

А

2

А

Д

В

В

В

А

Е

Д

С

3

В

А

Е

Е

В

В

В

А

Е

4

С

В

А

Е

В

С

А

В

Д

5

Д

Д

В

А

С

Д

С

Е

В

6

В

А

Д

С

Е

А

Е

С

С

7

С

А

С

Е

А

В

В

В

В

8

В

С

Е

С

С

А

Е

Е

Д

9

В

Д

С

В

Д

В

С

С

А

10

А

В

А

В

А

С

А

Д

Е

11

С

А

В

С

А

А

С

А

С

12

С

С

Д

С

С

С

А

А

Д

13

Д

В

А

Д

С

А

Д

В

В

14

С

А

С

С

В

А

А

С

А

15

С

С

Е

С

В

А

Е

Д

Е

16

А

А

С

Е

С

А

С

В

В

17

Д

С

Е

С

С

А

В

Д

С

18

А

В

А

А

В

А

А

А

В

19

С

А

С

Д

Д

А

А

Е

Д

20

А

В

С

А

В

А

В

С

Е


ГЛОССАРИЙ
Атлас – бір жүйемен жасалынған географиялық карталар жиынтығы.

Австралия – сөнбеген жаңартаулары жоқ бірден бір материк.

Абсолюттік биіктік – жер бетіндегі нүктенің мұхит немесе теңіз деңгейінен бастап есептелетін биіктік.

Азимут – солтүстік бағытпен белгілі бір объектіге бағытталған 0° пен 360° аралығындағы бұрышты айтады.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет