Көкшетау 2011 Құрастырғандар



бет7/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Орталық Азияны зерттеді. Саяхатшының экспедициялары жемісті болды. Ол бұрын белгісіз 218 өсімдік түрін анықтады, 720 сүт қоректі жануардың терісін, 5010 құс, 120 кесіртке, 643 балық түрін және зерттеуге қажетті басқа да бағалы материалдар әкелді. Саяхатшы ғалым жиналған материалдарды қорытыл, Орталық Азиядан 12 географиялык, карта жасады, 120 ғылыми еңбек жазды. Саяхатшы ауа райының аса қиын жағдайында атпен, түйемен 33268 километр жол жүріп, Орталық Азияның ұлан-байтақ жерлерін, асқар-асқар тауларын, құлазыған шөлдерін, халқының мәдениетін, экономикасын беріле зерттеді.

Михаил Василь­евич Певцов (1843—1902) Орталық Азияны зерттеуші бел­гілі саяхатшы. Ол Орталық Азияға шыққан экспедицияларды басқарды, Қытай, Монғо­лия жерлерін төрт жылға жуың аралап, 16 мың километр жол жүрді. Оның бір-біріне байланысты жалпы географиялық зерттеулері нәтижелі болып, Жоңғар даласы, Гоби шөлі, Кунь-Лунь, Тянь-Шань таулары туралы жан-жакты материалдар жазды. Ол жүрген жерінің географиялық жағдайын, топографиясын, геологиялык, құрылымын, өсімдігін, жануарлар дүниесін мұқият зерттеп, күнделігіне жазып отырды. Осының нәтижесінде «Жоңғария очерктері» деген еңбек жазды. Оның бұл еңбегін жоғары бағалап, Орыс гео­графия қоғамы оны өзінің кіші алтын медалымен наградтады.

Саяхат сапарында Певцов астрономиялық 29 нүктені белгілеп, Монғолия Алтайы мен Гоби шөлінің 44 нүктесінің биіктігін анықтады. Оның өсімдік құрамынан, жануарлар дүниесінен жинаған коллекциялары әрі мол, әрі бағалы болды. Саяхатшының экспедиция кезінде жинаған әр жақты материалдары ғылми тұрғыдан өте маңызды, география зерттеуіне қосқан жаңалык, еді. Орыс география қоғамы оны 1885 жылы Литке атындағы жоғары дәрежелі медальмен наградтады.

1882 жылы Певцовтың үшінші экспедициясы Жоңғарияның солтүстік-батысын зерттеп қайтты. 1887 жылы Певцовты Петербургке генералдық штабтың Азия бөліміне қызметке жіберді. 1888 жылы Н. М. Пржевальский аяқтай алмаған экспедицияны Орыс геогра­фия қоғамы Певцовка тапсырды. Оның бұл сапарына бұрын Пржевальский экспедицияларына қатысып жүрген географтар — В. И. Роборовский мен Т. К. Козлов және гео­лог К. И. Богданович қатысты. 1889 жылы мамырда Ыстықкөл жақасынан Орталық Азияға аттанган Певцовтың 4-экспедициясы 1891 жылы 1 қантарда шекарадағы Зайсан көлі маңынан келіп шьқты. Бұл Тибет экспедициясының нәтижесі XIX ғасырдағы Орталық Азия экспедициялары ішіндегі ең табыстыларының бірі болды. Ол жол-жөнекей 10,5 мың километр жерді картаға түсірді, 335 географиялық нүктенің биіктігін белгілеп, 47 пункттің географиялық координатын анықтады. Токсун ойысын Бақраш көлді, Россия шекарасындағы Үлкен Манас дөңінің тұңғыш рет (Орталық Азия) географиялық орнын зерттеп, картаға түсірді. Ғалым алғашқы рет Орталық Азия жерін зерттеуде П. П. Семенов Тан-Шанский бастаған комплексті тәсілді қолданды. Тибет экспедициясынан оралған соң саяхат­шы өмірінің ақырына дейін Петербургте тұрып, күрделі ғылми-зерттеу жүмысымен шұ-ғылданды.Маңызды бірнеше ғылми маңалалар жариялап, география ғылымына өз үлесін қосты. Ғалым бұрын белгісіз бірнеше тау жоталары мен ойыстарды белгілеп картаға түсірді. Шығыс Жоңғарияның, Так Ла-Макан шөлінің, Кунь-Лунь тауының алып жатқан орнын, шекарасын көрсетіп, картаға түсірді. Жалпы Орталық Азияның географиясын, гидрографиясын көрсетіп ғылымға анықтап берді.

Всеволод Иванович Роборовский (1856—1900) Орталық Азияға 4 рет экспедицияға шығып, оның кеп жерлерінде болып, география ғылымының дамуына ат салысты. Саяхатшы алғашқы екі экспедицияға өзінің ұстазы Н. М. Пржевальскиймен бірге шықты да, үшіншісіне М. В. Певцовпен бірге барды, төртінші экспедицияны өзі баскарып барды. Ол бұл экспедициялық зерттеулерінде — Шығыс Тянь-Шань, Нань-Шань, Кунь-Лунь, Тибет тауларының солтүстігін зерттеп, картаға түсірді. Турфан ойысын және Орталық Азияның көптеген жерінің географиялық жағдайларын зерттеп, биіктігін анықтап, толып жатқан өсімдік гербарийі мен жануарлардың терісін жинап әкелді. Өзі жақсы суретші болғандықтан Орталық Азияның кейбірғажайып көріністерін суретке тү-сіріп алды. Оның картографиялық материалдарының негізінде Орталық Азияның бұрынғы карталарына түзету енгізілді.

Роборовский Орталық Азияның табиғатын жақсы білетін, әрі көпті көрген саяхатшы еді. Сондықтан 1893 жылы Орыс география қоғамы оны Орталық Азияны зерттеуге арнап құрылған экспедицияға басшы етіп тағайындады. Бұл экспедиция Пржевальск қаласынан шығып, Текес өзенін, Үлкен Жұлдыз дөңін басып өтіп, Шығыс Тянь-Шань тау жотасынан асып, Қашкария арқылы Лукчун, Турфан ойыстарын зерттеді. Хами даласынан тағы түйелерді көрді. Цайдам даласында бо­лып, жаз бойы Нань-Шань тау жотасын зерт­теп, Кукунор көлінің оңтүстігін ала Шығыс Тибетке — Сычуань провинциясына барды.

Экспедициядан оралған соң Роборовский ау­ру халіне қарамастан география қоғамына есеп беріп, жұмыстарын қорытындылап, «1893—1895 жылдардағы Орыс география қоғамының экспедициясы» деген үлкен еңбегін жариялады.

Григо­рий Ефимович Грумм-Гржимайло (1860—1936) Орта Азия­ны зерттеуші атақты саяхатшы-географ. Ол зерттеу жұмысына кіріскен кезде Азияның биік таулары: Памир, Тянь-Шань, Тибет, Кунь-Лунь, Гиндукуш, Нянь-Шань белгілі болғанымен олардың әлі де көптеген ашылмаған сыры бар еді. Олардың кейбір нүктелері географиялық картаға дұрыс түспеген. Сондай-ақ Азияның құлазы өзендері, көлдері оларды мекендеген халықтардың тарихы, шаруашылығы, этнографиясы XIX ғасырдың батыл зерттеушілерін күткендей еді.

1884 жылы Грумм-Гржимайло университет бітірген соң белгілі Памир экспедициясын бастады. Ол Ош қаласынан әрі Алай, Заалай жоталарынан асып, Муксу өзені мен Қара-көлде болып, бір жазда көбелектің 146 түрінен 1200 коллекция жинады. Мұның 30 түрі ғылымға бұрын белгісіз еді. Ғалым омыртқалы жануарлардан да коллекциялар жинап, ол жердің ауа райын, жер бедерін, тау тізбектерін де зерттеді. Бүл экспедициядан оралып, Орыс география қоғамына есеп беріп, 1885 жылы екінші рет Памир-Алай тауларының батыс жағын зерттеп қайтты.

1886 жылы Грумм-Гржимайло Азияға тағы да экспедиция ұйымдастырды. Ол Ош арқылы Орталық Тянь-Шаньнан асып түсіп, Қашкария жерінде болып, кайтадан Ошқа орал­ды. Осы экспедицияның нәтижесінде ғалым Памир-Алай, Тянь-Шань тауларының жануарларының ерекшеліктерін анықтады. Та­лым 1887 жылы інісі Михаил Ефимович Грумм-Гржимайло екеуі Қашқария, Қарақорым тағы басқа Орталық Азия жерлерін зерттеп қайтты. Бұл зерттеулердің нәтижесі оның «Памир...» деген еңбегінде жазылған.

1889—1890 жылдары Грумм-Гржимайло өз экспедициясын бастап Орталық Азияға аттанды. Экспедицияда бірсыпыра адамдар болды, оның ішінде топограф інісі Михаил Ефимович та бар. Ғалым екі жылға созыл­ған осы маңызды сапарында дүние жүзілік маңызы бар географиялық жаңалықтар ашты. Әсіресе Шығыс Тянь-Шань, Байшань, Нань-Шань тау жоталарын зерттеді. Лукчун ойысының теңіз деңгейінен 154 метр төмен жатқандығын анықтап, бұрын белгісіз Бай­шань тауын ашты.

Батыс Европа ғалымдарына бүл үлкен жаңалық болып көрінді, атақты француз геологы Э. Зюсс өзінің «Лик земли» деген еңбегінде саяхатшы еңбегін жоғары бағалады. Грумм-Гржимайло экспедициясы осы сапарында Хуанхэ өзені бойын, Кукунор көлін зерттеп, мыңдаған өсімдік, жануарлар коллекциясын жинап, қайтқан жолда 7000 км жерді картаға түсірді. Орыс география қоға­мы саяхатшының бұл еңбегін бағалап, оған Н. М. Пржевальский атындағы сыйлық берді. 1896—4907 жылдары оның «Экспедиция қорытындысы» деген 3 томдық еңбегі басылып шықты.

Грумм-Гржимайлоның бұл еңбегін шетел ғалымдары жоғары бағалап, 1899 жылы Па­риж академиясы оған П. А Чихачев атында­ғы сыйлық берді де, Нидерландия география қоғамы Грумм-Гржимайлоны өзіне қүрметті мүшелікке тартты.

1891 жылы Қиыр Шығысты Сибирь темір жолымен байланыстыруына орай Орыс гео­графия қоғамы Грумм-Гржимайлоны ерек­ше тапсырмамен Қиыр Шығыска жіберді. Грумм-Гржимайло Ұлы Октябрь революциясынан кейін жас Совет республикасының экономикасын қығайтуға, мәдениетін кетеруге белсене ат салысты. 1918—1921 жылдары географиялық зерттеулерін қорытып жазды. 1919 жылдан Ленинград географиялық институтының шығыс факультетіне Азия гео-графиясы мен этнографиясынан лекция оқыды. 1920—1931 жылдары СССР география қоғамының вице-президенті болды, кейіннен ғылми монография жене Азия туралы аса бағалы еңбектер жазып қалдырды.

Петр Кузьмич Козлов (1863—1935) Орталық Азияны зерттеуші сая­хатшы, Н. М. Пржевальскийдің сүйікті шәкірті, оның ісін алға апарушы атақты гео­граф. Ол Монғолия, Қытай, Тибет аймақтарын зерттеу үшін Орталық Азияга 6 рет саяхатқа шығып, 40 мың километрден астам жол жүрген. Оның Орталық Азияға жасаған саяхаттары география зерттеуіне бірқатар жаңалық қосты.Козлов 1907 жылы Орталық Азияға бесінші саяхатқа шықты. Тарихта бұл «Монғол-Сычуань экспедициясы» деген атақ алды. Ғалым бұл жолы осы аймақтардың жаратылыс байлығын, табиғатын зерттеумен қатар оның тарихын, энтографиясын, археологиялық қалдықтарын да зерттеді.

Халық аңызы бойынша ертеде Тақгут халқының орталық қаласы болған. Кейін ол қаланы құм басып кеткен. Ол осы жұмбақ қаланы табуды өзіне мақсат етті. Бұрын бұл қа­ла туралы саяхат кезінде жазған Марко По­ло күнделігінде аздаған ескертулер бар еді. Бірақ, ол қаланың қай жерде болғандығы, неліктен құм басқаны туралы ешбір дерек жоқ болатын. Козлов «Хара-Хото» қаласын ашып, ұзақ зерттеу нәтижесінде бұл қаланың Таңгут мемлекетінің астанасы болғандығын білді. Онда XI—ХІІ ғасырларда си-ся деген халық тұрган. 1226 жылы Шыңрыс хан осы аймақты жаулап алғанда, бұл халықтарды құртып жібергенін анықтады. Бұл анықтаулар бұрын тарихқа белгісіз еді, бұл дерек Козлов зерттеуінің нәтижесінде ашылды. Бұл жолғы саяхатында Козлов Гоби шөлінің солтүстігінен мүйізтұмсық, жираф, үш бақайлы жылқы тұқымының каңқаларын тауып алды. Бұл материалдар қазір Ленинград эрмитажында сақталуда.

Жаратылыс тану ғылымын дамытуда қосқан үлесін зор бағалап, Козловты 1910 жылы Венгрия география қоғамы өзіне құрметті мүше етіп қабылдады. 1911 жылы Англия, Ита­лия географиялық қоғамдары оған медальдар тапсырды. 1913 жылы Париж академия­сы П. А. Чихачев атындағы сыйлық берді. Козлов Орталық Азияға алтыншы саяхатын Октябрь революциясынан кейін ұйымдастырды. Бұл жолғы саяхатқа Совет үкіметі 100 мың сом қаражат бөлді. Атақты ғалым Мон­ғолия, Тибет өлкелерін картага түсірді. Жол-жөнекей Хара-Хото қаласына екінші рет соғып, оған таяу жердегі Ноин-Ола шатқалындағы (Хентай тауы жотасында) ертедегі қорғаннан 212 қазба қалдықтарын тапты.

Козлов Орталық Азиядан әр түрлі сүт қоректілердің, әр түрлі құстардың, жәндіктің, балықтың мыңдаған қаңқасын әкелді.

Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

6-нұсқа
1.Пржевальскийге дейін ішкі Азияны зерттеген ғалым?

А) Филипп Ефремов

В) М.В.Певцов

С) Г.М.Груммо-Гржимайло

Д) В.И.Роборовский

Е) П.К.Козлов


2. Ефремов тұтқында болған Қазақстан орталығы?

А) Орта Азия

В) Қашқария

С) Қашмир

Д) Үндістан

Е) дұрыс жауап жоқ


3. П.П.Семенов-Тянь-Шаньскийдің өмір сүрген жылдары?

А) 1835-1920

В) 1827-1924

С) 1839-1873

Д) 1856-1900

Е) 1860-1936


4. Семенов-Тянь-Шаньский Орыс география қоғамын үздіксіз неше жыл басқарды?

А) 30


В) 50

С) 40


Д) 35

Е) 57
5. Қай жылы Ш.Уәлиханов Орыс география қоғамының толық мүшесі болды?

А) 1853

В) 1856


С) 1855

Д) 1857


Е) 1854
6. 1876-1877 және 1879-1880 жылдары Потанин қай елге экспедиция ұйымдастырды?

А) Солтүстік-Батыс-Моңғолия

В) Қытай

С) Шығыс Тибет

Д) Ішкі Азия

Е) Орталық Моңғолия


7. Қай жылы Г.Н.Потаниннің «Солтүстік-Батыс Моңғолия очеркі» екі том болып басылды?

А) 1881

В) 1883


С) 1886

Д) 1892


Е) 1887
8. Н.М.Пржевальский қай жылы Варшава юнкерлер училищесінде оқытушылық қызмет атқарды?

А) 1864-67

В) 1870-85

С) 1863


Д) 1868

Е) 1878
9. 1870-85ж.ж. Н.М.Пржевальский Орыс география қоғамы Орталық Азияға ұйымдастырған неше экспедициясын басқарды?

А) 3

В) 4


С) 5

Д) 6


Е) 8
10. Қай жылы Н.М.Пржевальскийді Петербург Ғ.А «Орталық Азия табиғатын тұңғыш зерттеушіге»деген арнайы дайындалған алтын медальмен марапаттады?

А) 1883


В) 1878

С) 1886


Д) 1880

Е) 1881
11. М.В.Певцовтың өмір сүрген жылдары?

А) 1843-1902

В) 1856-1900

С) 1860-1936

Д) 1863-1935

Е) 1839-1888

12. 1882 жылы Певцов үшінші экспедициясы Жоңғарияның қай бөліктеріне зерттеу жасады?

А) Оңтүстік – Батыс

В) Оңтүстік-Солтүстік

С) Солтүстік-Батыс

Д) Солтүстік – Шығыс

Е) Батыс - Шығыс


13. 1888 жылы Н.М. Пржевальский аяқтай алмаған экспедицияны Орыс география қоғамы кімге тапсырды?

А) М.В. Певцов

В) В.И. Роборовский

С) Г.Е. Грумм – Гржимайло

Д) П.К. Козлов

Е) Г.Н. Потанин



14. «1893-1895 жылдардағы Орыс география қоғамының экспедициясы» деген еңбектің авторы?

А) В.И. Роборовский

В) М.В. Певцов

С) Г.Е.Грумм – Гржимайло

Д) Н.М.Пржевальский

Е) П.К. Козлов



15. Г.Е. Грумм – Гржимайлоның өмір сүрген жылдары?

А) 1860 – 1936

В) 1856 – 1900

С) 1843 – 1902

Д) 1863 – 1935

Е) 1839 – 1888



16. 1884 жылы Памир экспедициясын кім басқарды?

А) Г.Е. Грумм – Гржимайло

В) М.В. Певцов

С) П.К. Козлов

Д) В.И. Роборовский

Е) Г.Н. Потанин



17. Француз геологы Э.Зюсс өзінің «Лик земли» деген еңбегінде қай саяхатшының еңбегін жоғары бағалайды?

А) Г.Е. Грумм – Гржимайло

В) П.К. Козлов

С) М.В. Певцов

Д) Н.М. Пржевальский

Е) Г.Н. Потанин



18. Н.М. Пржевальскийдің сүйікті шәкірті?

А) П.К. Козлов

В) М.В. Певцов

С) В.И. Роборовский

Д) Г.Н. Потанин

Е) Ф.Ефремов



19. Қай жылы П.К. Козловқа Париж академиясы П.А. Чихачев атындағы сыйлықты берді?

А) 1913 В) 1910 С) 1911 Д) 1907 Е) 1912



20. П.К. Козлов Харо – Хото қаласындағы Ноин – Ола шатқалындағы ертедегі қорғаннан қанша қазба қалдықтарын тапты?

А) 212 В) 215 С) 210 Д) 209 Е) 220




Муссондық Азияның, Американың және Африканың зерттелуі
Дүниежүзілік мұхиттар, теңіздер қоршап жатқан Азия, Америка, Африка жерлері европалықтарға ХҮ-ХҮІ ғасырларда ұлы географиялық ашуларға байланысты белгілі болғанымен, саяхатшылардың бұ материктер ішіне терендеп барып толығырақ зерттеуіне тек ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда ғана жағдай туды.

ХҮғасырда Оңтүстік Азияға, Африкаға, Америкаға европалықтардан ең алғашқы аталғандар – португал, испан саяхатшылары-теңізшілері еді. Ұлы мұхиттар, айдын теңіздер, асқар таулар арғы жағында жатқан Муссондық Азия, Африка, Америка жерлері орыстарға ертеде белгісіз болды да, ал жақынырақ жатқан Араб жұрты, Ішкі Азия елдері туралы олар ертеден-ақ хабардар еді. Орыс мемлекеті бұлармен елшілер алмасып, сауда, қарым-қатынас жасасып тұрды. Жоғарыда аталған материктер туралы орыстарға дұрыс географиялық түсініктер ХҮІІІ ғасырда, Петр І тұсында, академия құрылып, Сибирьге, Солтүстік Америкаға экспедициялар шыққаннан кейін белгілі болды.

Бұл қысқаша шолуда Муссондық Азияда, Амкрикада, Африкада болған саяхатшылардың бәріне тоқталып жатпай, олардың ішінде өздерінің игілікті ісімен, жаратылыстану және география зерттеуіне қосқан үлесімен аты шыққан зерттеушілер, теңіз-саяхатшылар туралы ғана қысқаша баяндаймыз. Олар: П.А. Чихачев, Е.П.Ковалевский, В.В.Юнкер, И.П.Минаев, Миклухо-Маклай, А.В.Елисеев және А.Н.Краснов.

Петр Александрович Чихачев (1808-1890) дүние жүзіне өзінің 57 жыл үздіксіз жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысымен, маңызды еңбектерімен және Азия, Африка, Европа зерттеушісі ретінде танылды. Оның Италияда, Түркияда, Кузбасста, Алтайда жүргізген зерттеу жұмыстары өте маңызды болды. Сондықтан да оны Орыс ғылым академиясы, географиялық, жаратылстану қоғамдары және Американың, Европаның ғылым академиялары, географиялық қоғамдары өзіне құрметті мүше етіп сайлады. Ғылым жаратылыс тану ғылымының әр саласынан аса маңызды еңбектер жазып, жаңалықтар ашты. Оның тарихи, географиялық, экономикалық зерттеулері өте маңызды. Бұл зерттеулері ХІХ ғасырда география ғылымына көптеген жаңалықтар енгізді. Саяхатта – Алтай, Қытай, Сирия, Палестина, Египет, Греция, Франция, Польша, Германия, Кіші Азия, Америка, Испания, Португалия, Алжир және Тунисте болды.

1823 жылы Чихачев дипломаттар дайындайтын мектепте оқыды, кейін оны Түркияға елші етіп жіберді. Мұнда ол өз жұмысын атқара жүріп, Кіші Азияның тарихын, этнографиясын зерттеуге кірісті. Бұрын ол грек тілін жақсы білетін, енді түрік, араб, испан тілдерін үйренді. Ол Кіші Азия географиясын зерттеп жүрген полковник М.П.Воронченкомен кездесіп, Кіші Азияның көп жерлерінде және Испания, Португалия, Солтүстік Африкада болды. Ол әр жақты географиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін Россияға келіп, Кейін Европаға барып, ғылым жаңалықтарымен танысты, Оңтүстік Италия, Оңтүстік Франция жерлерінің геологиялық құрылысын зерттеп, Ол Ламарк пен Сент-Илерден кейін метафизикалық және діни көзқарастарға ашық қарсы болды. Ғалым Италияның, оның ішінде Апеннин тауының геологиялық құрылысын зерттеп, геологиялық картасын жасады.

Отанына оралған соң ол 1842 жылы Алтайды зерттеуге аттанды. Ғалым Алтайдың геологиялық картасын жасап, көптеген минералдардың үлгісін, өсімдік гербариін әкелді. Осы сапарында ол ұзындығы 250, көлденеңі 100 километр жерді алып жатқан үлкен көмір кенін ашып, оны «Кузнецк көмір бассейні» деп атады. 1844 жылы ол Парижге барып, бір жылдан соң өзінің зерттеулерін жинап, бастырып шығарды.

1846 жылы Кіші Азияны зерттеуге кірісті, Босфор бұғазынан өтіп, Мрамор, Эгей, Жерорта теңіздері арқылы Эрзурумға барды. Ол 20 жыл бойы Кіші Азияны шарлап, жерінің географиялық жағдайын, геологиялық құрылысын, өсімдігін, жануарларын, топографиясын, тарихын, этнографисын зерттеді.

1853-1869 жылдары ғалым-саяхатшының ондаған кітабы француз, орыс, неміс және ағылшын тілдерінде басылып шықты. Солардың ішінде «Кіші Азия» деген еңбегі француз тілінде жарияланды. Кіші Азияны зерттеушілер арасында теңдесі жоқ дүние жүзілік маңызы бар еңбек болды. Оны орыс география ғылымының атасы П.П.Семенов – Тянь-Шанский жоғары бағалады. Сондай-ақ революционер-демократтар - В.Г.Белинский мен Н.Г.Чернышевский Чихачев еңбегінің маңызын атап көрсетті.

Чихачев Кіші Азия табиғатын сипаттаумен бірге, ағылшын отаршылдарының бұл жерді мекендеген халықтарды аяусыз қанап, құғын-сүргінге ұшыратқанын, индеецтерді адам деп санамай қырып-жойғанын бар әлемге әйгілеп берді.

1877-1878 жылдары Чихачев өзінің соңғы саяхатында Испанияны, Солтүстік Африканы зерттеді. Бұл зерттеуі 1880 жылы «Испания, Алжир, Тунис» деген атпен француз тілінде жеке-жеке кітап болып шықты.

Ғалым қартайған кезде де ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданды. 1890жылы - өмірінің соңғы жылы «Тарих, жаратылыс және география очерктері» деген кітабын, «Россия мен АҚШ-тың мұнайы», «Сахара», «Гоби», «Тибет», «Арал-Каспий ойпаты», «Мерв оазисі» атты аса бағалы ғылыми зерттеу еңбектерін жарыққа шығарды.



Егор Петрович Ковалевский (1809-1868) инженер-геолог, географ, жазушы және Шығыс Суданға, Батыс Эфиопияға барып, Нил өзені бойын зерттеп, Африкаға бірінші болып барған орыстың ғалым-саяхатшысы. Ол тұнғыш рет Черногорияны зерттеп, оның картасын жасады, Қытайдың географиялық жағдайын зерттеді. Оның бұл зерттеулерінің нәтижесінде «Ішкі Африкаға саяхат», «Суда жүзу, құрлықты кезу», «Қытайға саяхат» деген ғылыми еңбектері жарияланды.

Ковалевский 1811 жылы Украинада Харьков облысындағы Ярошевка селосында туған. Ол орта мектепті бітірген соң Харьков университетінің философия факултетіне түсіп, оны 1828 жылы бітіреді. 1829 жылы тау-кен және тұз шаруашылығын басқаратын департаментке қызмет етіп жатқан Алтай заводына келіп, алтын кенін іздейді. Бұдан кейін 1835-1837 жылдары Уралдағы алтын кеннде қызмет істейді. 1837 жылы Уралдан Петербургке күміс апарады. Содан оны Батыс Украинадағы Черногор ауданына алтын іздеуге жібереді. Ол Черногордың геологиялық құрылысын зерттеп, тау жыныстарынан мол коллекция жинап, археологиялық мұралар табады. Содан кейін Орта Азияға барып, Бұхара жерін зерттейді.

1847 жылы Ковалевскийді Египет патшасы Негмет-Әлі Африка жерінен алтын кенін зерттеуге шақырады. Келесі жылы ол бірнеше жолдастарымен Африкаға аттанды. Олар Одесса портынан шығып Каирге келіп, одан Нилдің жоғарғы ағысына қарсы қайықпен жүзеді. Одан түйеге мініп Бербера қаласына келеді де тағы да қайықпен Хартумға жетіп, Россеросаға келеді. Бұдан әрі Нилдің бір саласы Тумат өзеніне түйемен жетіп, Кассан қаласы маңынан алтын кенін табады, Ақ Нил мен Көк Нил арасында жатқан үлкен үшбұрыш жерді Саннар түбегі деп атайды.

Саяхатшы жоғарғы Тумат өзені бойынан магнитті темір, темір тотығы бар балшық кенін ашып, одан әрі өзеннің басталатын жеріне дейін барды. Бұл жерден алтын, темір кендерін тапты. Біздің заманымыздың екінші ғасырында бұл жерде Птоломей болыпты, 1154 жылы Әл-Идриси осы жердің картасын жасаған. Бірақ ол карта Ковалевскийді қанағаттандырмайды. Сондықтан ғалым-саяхатшы өзі болған жерлердің картасын жасап, жаратылыс жағдайын, кең байлығы туралы жергілікті халыққа дұрыс мағлұмат береді. Батыс Европа отаршылдарының кара нәсілді халықты қорлап, кем санауына ғалым батыл қарсы тұрып, бостандық сүйгіш негрлердің төзімділігін, еңбек сүйгіштігін – беріле жазады.

Тумат өзенінің оңтүстігінде Александр атымен аталатын жер, шығысына қарай, Абиссиния таулары, оның оң жағында аты аңызға айналған Ай тауы жатыр. Птоломейдің Нил өзені Ай тауынан басталады дегені дәл емес, оның басы одан әрі жатыр дейді Ковалевский. Оның бұл пікірі дұрыс болып, кейіннен Нилдің басталатын жері анықталды. 1848 жылы қайтқан жолында ғалым Нилдің Абудо дейтін саласын анықтап, неміс географтары – А.Гумбольт пен К.Риттердің Нилге басқа өзендер құймайды,ол бір ғана арнамен ағады деген пікірі негізсіз екенін дәлелдеді.

Саяхатшы Египетте, Нубияда, Суданда, Абиссинияда және ішкі Африкада жүргізген зерттеулерінде бұл жерлердің ауа райын, геологиялық құрылысын, географиялық ендік, бойлықтарын анықтап, Нил өзенінің тасуын, қайтуын, шөгіндісін, тұнбасын зерттеп білді, көптеген коллекция жинап үлкен олжамен еліне қайтты.

Ковалевский 1853 жылы тағы да батыстағы Черногория ауданында болып, Түрік-Черногория соғысын тоқтату үшін екі ел арасына елші болып, Черногорияны Омар патша әскерінің басып алуынан аман қалып қалды. Бұдан кейін ол Севастопольды қорғауға қатысты. 1856 жылы оның «Севастопольды бомбылау» атты мақаласы басылып шықты, сол еңбекке Н.Г.Чернышевский үлкен баға берді. 1872 жылы «Ішкі Африкаға саяхат» деген еңбегі жарияланды. Өмірінің соңғы кезінде ғалым-саяхатшы ХІХ ғасырдағы Россия тарихын жазумен, әдебиет мәселесі және қоғам жұмысын зерттеумен шұғылданды. Саяхатшының көркем тілмен жазған қызықты кітаптары география зерттеуінің тамаша табыстарын халыққа таратып, жастарды ғылыми-зерттеу жұмысына, патриотизмге шақырды. Азия, Африка халықтары туралы келелі пікір жазып, оларға басқа халықтың сүйіспеншілігін туғызды. Ковалевский Орыс география қоғамының мүшесі, осы қоғамның председателінің орынбасары, одан кейін Сыртқы істер департаментінде Азия бөлімінің директоры болды.

1856 жылы Ковалевскийдің қатысуымен Аргун келісімі дайындалды. Бұл келісім бойынша Амурдың сол жағасын алып жатқан ұлан-байтақ жер Россиға қарады. Ғалым-саяхатшының ғылыми еңбектерін жоғары бағалап, Ғылым академиясы оны мүше-корреспонденті, кейіннен құрметті мүшесі етіп сайланды.

Ковалевский өз дәуірінің алдыңғы қатарлы жаңашыл азаматы еді, оның Петербургтегі үйіне петрашевшілер үйірмесінің мүшелері жиылатын.
Василий Васильевич Юнкер (1840-1892) өткен ғасырдың екінші жартысында Орталық Африканы зерттеген белгілі саяхатшы. Ол Оңтүстік Судан туралы тарихи, географиялық, этнографиялық материал жинады. Конго, Нил су айырығының картасын жасады. Тропиктік Африка өсімдігін, жануарларын, сонымен қатар саваннасын, ауа райын сипаттап жазып, этнографиялық материалдар жиып, жергілікті халықтардың әдет-ғұрпын, тұрмысын, тілін, мәдениетін зерттеді.

1869 жылы Юнкер Исландияға саяхат жасады, содан кейін Солтүстік Африкада, Тунисте, Төменгі Египетте болды, араб тілн үйреніп, мұсылмандардың мәдениетімен,әдет-ғұрпымен танысты. 1875 жылы Парижде болған халықаралық географиялық конгреске қатысып, Африканы зерттеуші атақты географтармен: Г.Нахтиген, Г.Рольфе, Г.Швейн-Фрук тағы басқалармен кездесті. Юнкер 1875 жылы Ливия шөлін аралап, Нил жағасын, ондағы құм төбелерді, су жүйелерін зерттеп қайтты. 1879 жылы ол Орталық Африка арқылы Аравияға барады, бәдәуилер өмірімен танысты. Одан Кассала, Хартум қалаларына келді. Мұнда коллекцияларын реттеп, Нил салаларын картаға түсірді. Бұдан соң Ақ Нилдің сол жақ саласын, Конгоның оң жақ саласын және олардың су айырықтарын зерттеп, ол жерлердегі халықтың тұрмысымен танысты. Содан Хартум, Вадихальфа, Каир, Алшександрия арқылы 1878 жылы Петербургке оралды. Ғалымның жинаған коллкециялары Академияның антропология, этнография музейлерінің қорын толықтарды және географтар үшін оның күнделігі, ботаникалық, зоологиялық байқауларыөте бағалы болды. Ғалымдар оның экспедиция қорытындысын жоғары бағалады.

1887 жылы 9 апрельде Орыс география қоғамы Юнкердің «Жеті жыл Африканы зерттеу» деген баяндамасын тыңдады. Экспедиция сапары табысты болса да Россия патшалығы Юнкердің еңбегін бағаламады. Бұдан кейін ол Венаға барды да өзінің зерттеу жұмыстарынан неміс тілінде үш томдық еңбек жариялады, жеке еңбегі орыс тілінде кітапша болып басылып шықты. Ол кейін Петербургке келіп, еңбектерін орыс тілінде бастырмақ болды, бірақ ауырып, 1892 жылы ақпанда қайтыс болды.

Иван Петрович Минаев (1840-1890) бала кезінен Шығыс елдерін зерттеуге құмартты, Қытай тілін үйренді, Үндістан жайында кітаптар оқыды. Кітаптардың ішінде оған ұнағаны – «Марко Поло саяхаты». Француз тілінде жазылған бұл кітапты ХҮІІІ ғасырдың аяғында ол орыс тіліне аударды. өзі шығыс тілдерін жақсы білетіндіктен кітаптың кітаптың француз тіліндегі жазылған бұл кітапты ХҮІІІ ғасырдың аяғында ол орыс тіліне аударды. Өзі шығыс тілдерін жақсы білетіндіктен кітаптың француз тіліндегі кейбір кемшіліктерін түзеді. Қытай, Монғолия туралы ғылыми еңбек жазды, зерттеу жұмысын дұрыс жүргізу үшін кейіннен хинд тілін үйреніп, ертедегі қолжазбаларды оқып, үнділермен тілдесе білетін болды. Орыстардың бұған дейінгі Шығысты зерттеушілері хинд тілін білмегендіктен оның тарихын, этнографиясын дұрыс зерттей алмады. Саяхатшы әсіресе, будда дінін білмекші болды, өйткені бұл дін Үндістан тарихымен байланысты еді. Сондықтан ол Үндістан туралы Россияда бар материалдармен танысып, сонан соң Европа музейлері мен кітапханаларындағы үнді деректерін қарап шықты. Үндістанды зерттеуші көптеген ғалымдармен кездесіп, пікір алысты. Минаев шетелден Россияға келіп, Үндістанды зерттеуге дайындалды. Орыс георафия қоғамы оған зерттеу жоспарын берді. Бұл Үндістанды зерттеуге Россиядан арнайы аттанған бірінші экспедиция еді.

1874 жылы Минаев бастаған саяхатшыларды Цейлон аралына кемемен жеткізді. Ол мұнда Ведд тайпасымен, елдің ежелгі ескі мұраларымен танысты, бадда монахтарымен кездесіп, сыр шертісті.

Бұдан кейін саяхатшылар Үндістанға келді. Иен жатқан елді, таң ғажайып жерді көрді. Бұл кезде ағылшындар Үндістанды өз ықпалына түсіру үшін сонда біпнеше темір жол салғызды. Минаве темір жолмен жүріп, елдің солтүстік және орталығын, Пенджаб, Раджпутан провинцияларын, Ганг өзені бойын зерттеп, Бомбей, Лахор қалаларының тарихымен танысты, ағылшындардың жергілікті халықтарды аяусыз қанайтынын көзімен көрді.

Минаев Петербургке келген соң Орыс георафия қоғамына есеп беріп, кешікпей «Үндістан және Цейлон очерктері» деген кітап жазып, үнді халқының өзіне тән тамаша тарихын баяндады.



1879 жылы Минаев Үндістанға екінші рет аттанды, бірақ бұл жолы ғалым зерттемекші болған жерінің бәріне бірдей бара алмады. Бұл кезде Англия мен Ауғанстан арасында соғыс болып жатқан. Бұған карамастан Минаев бірнеше қалаларда, көптеген селоларда болды. Ағылшындар саяхатшы-ғалымды Россияның бізге қарсы тыңшы етіп жіберген адамы деп танып, оның зерттеу жұмысына кедергі жасаумен болды. Ғалым бұл сапарынан Отанына оралған соң Үндістанға тұнғыш рет болған орыс саяхатшысы Афанасий Никитин жайындағы өзінің зерттеу еңбегін жазып жарыққа шығарады. Ол Үндістанға үшінші рет барып, тағы да бағалы зерттеу еңбектерін жазып қалдырды.

Н. Н. Миклухо-Маклай (1846 – 1888) Орыстың жиһангез саяхатшы-ғалымдары Қиыр Шығыстың Тынық мұхит жағалауын зерттеп қана қоймай, Тынық мұхит аралдарын да зерттеп, Антарктида жеріне аяқ басты. Солардың қатарында ХІХ ғасырдағы орыс саяхатшыларының бірі Николай Николаевич Миклухо-Маклай ерекше орын алды. Басқа географтар жаңа жерлерді ашып, жаратылыс тану, география ғылымына жаңалық енгізсе, Миклухо-Маклай Жаңа Гвинеяның табиғатын, жергілікті адамдардың тұрмысын, тарихын, әдет-ғұрпын зерттеді. Университетті бітіргеннен кейін, ол профессор Геккельмен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олар зоологиялық зерттеу үшін Канар, Мадейра аралдарын және Марокко түбегіне экскурсияға шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 1869 жылы балық миының анатомиясын зерттеуге Қызыл теңіз жағасына саяхатқа шығады. Бұл экспедициядан кейін ол Ресейге келеді, Ақ теңіз бен Балтық теңізінің, Қара теңіз бен Каспий теңізінің жағалауында және САхалин аралы мен Камчатка түбегінде зоология станцияларын ұйымдастырып, Қиыр Шығыстағы Тынық мұхит жағалауын игеру жолдарын көрсетеді, Азияның табиғатын, ауа райын, жануарларын, халқын, этнографиясын, тархиын зерттеу үшін мұхит аралдарына саяхат жасау қажет екендігін дәлелдейді және американдық нәсілдік кемсітушілікке қарсы бірнеше мақала жазады. Академиктер: Бэр, Брандат, Семенов – Тянь-Шаньскийдің тікелей басшылығымен және Орсы география қоғамының бастығы Ф. П. Литке үкіметтен рұқсат алып, Миклухо-Маклайды Жаңа Гвинеяға аттандырады. 1870 жылы 27 қазанда «Витязь» кемесі Кронштадт порттраынан шығып, Жаңа Гвинеядағы «Стреляби» жағасына тоқтап, Миклухо-Маклайды осында әкеліп түсірді. Бұған дейін бұл жағада еуропалықтардан ешкім болмаған еді. Жағада екі серігімен қалған Миклухо-Маклай қару-жарақсыз папуастар тұратын селоға барады. Миклухо-Маклай өзіне баспана жасап сонда орналаса бастайды. Ол Гвинея аралының зоологиясын, ботаникасын өте ауыр жағдайда зерттейді. Одан кейін бірте-бірте жергілікті халықтардың тұрмысымен, өмірімен танысады. Мұның бәрі құпия елеусіз болу үшін, папуастармен байланысты күшейтіп, оларды еңбекке: егін салуға, қолға мал ұстауға үйретеді. Ол папуастардан жолдас ертіп, үнемі экспедицияларға шығып, зерттеу жұмысын жүргізді. Малакка түбегіне барып, қара түсті адамдардың папуастарға ұқсайтынын байқады. 1875 жылы мұнда күн болып, зерттуе жұмысын жүргізді. Көбінесе жаяу жүрді, кейде пілге мініп сапар шекті, өзендерге салмен, қайықпен жүрген күндері де болды.

Александр Васильевич Елисеев (1858-1895) белгілі орыс саяхатшысы, антрополог әрі этнограф. Ол Кіші Азия мен Африканы зерттеді. Сондай-ақ Швецияға, Норвегияға, Финляндияға, Египетке, Аравияға, Алжирге, Туниске саяхат жасады. Саяхатшы бұл елдердің жерлерінің георафиялық орнын, этнографиясын зерттеді. Ол антропологиялық зерттеулер жүргізу үшін 1881 жылы Александрия қаласына келді, одан Каир қаласына барды, Нил өзенінде болды. Бұдан соң палестинаны, Сирияны аралап, Триполи қаласына келді, Тунис, алжир арқылы Сахара шөліне шықты. Ол шетел саяхатшыларындай кару асынып, әскери экспедиция ретінде жүруден аулақ болды. Саяхатшы кейде жалғыз, кейде жанына бір-екі жолжас ертіп жүрді. Саяхатшы осындай әр жақты зерттеулерін жинап, «Дүние кезгенде» деп аталатын 4 томдық ғылыми еңбек жазып қалдырды.

Александр Николаевич Краснов (1892-1914) геораф және ботаник. ССР-дің европалық бөлігі мен Орта Азияның, Кавказдың табиғатын, жаратылыс жағдайын, сонымен қатар, Муссондық Азияны (Үндістан, Қытай, Жапония, Индонезияны) зерттеп, жаратылыс тану ғылымына тың идеялар ұсынып, көптеген жаңалық енгізген ғалым. Ол ер шарының топырақ, өсімдігінің бірте-бірте өзгеретіндігін, торпик өсімдігінің қоңыржай белдеуі өсімдігімен алмасатындығын бірінші болып айтты және тропик өсімдігін зерттеу мақсатымен атақты Батуми ботаникалық бағын өсіріп тәжірибе жасады.


Тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест тапсырмалары

7-нұсқа


  1. Дүние жүзіне өзінің 57 жыл үздіксіз жүргізген ғылыми-зерттеу жұмысымен танылған адам:

А) Чихачев

В) Краснов

С) Семенов

Д) Алексеев

Е) Минаев

2. Қай жылы Чихачев дипломаттар дайындайтын мектепте оқыды?

А) 1856

В) 1820


С) 1821

Д) 1822


Е) 1823
3. 1842 жылы қай жерді зерттеуге аттанды?

А) Тянь-Шаньді

В) Алтайды

С) Тунисті

Д) Үндістанды

Е) Қытайды


4. Чихачев Алтайға барған сапарында ол ұзындығы 250, көлденеңі 100 километр жерді алып жатқан үлкен көмір кенін ашып, оны не деп атады.

А) «Кузнецк көмір бассейні»

В) «Алтай көмір бассейні»

С) «Памир көмір кені»

Д) «Алтайдың байлығы»

Е) «Чихачев көмір бассейні»


5. 1844 жылы Чихачев қайда барып, бір жылдан соң өзінің зерттеулерін жинап, бастырып шығарды?

А) Санкт-Петербургке

В) Минскке

С) Парижге

Д) Лондонға

Е) Мәскеуге

6. Чихачев неше жыл бойы Кіші Азияны шарлап, жерінің географиялық жағдайын, геологиялық құрылысын, өсімдігін, жануарларын, топографиясын, тарихын, этнографисын зерттеді?

А) 10


В) 15

С) 25


Д) 35

Е) 20
7. 1877-1878 жылдары Чихачев өзінің соңғы саяхатында қай жерлерді зерттеді?

А) Англия, Италия

В) Испанияны, Солтүстік Африканы

С) Оңтүстік Африка

Д) Эфиопия, Аравия

Е) Үндістан, Қытай
8. Қай жылы Чихачевтің «Испания, Алжир, Тунис» деген атпен француз тілінде жеке-жеке кітабы шықты?

А) 1888


В) 1886

С) 1756


Д)1852

Е) 1880
9. Минаев Үндістанға неше рет саяхат жасады?

А) 1

В) 2


С) 3

Д) 5


Е) 6
10. Тұнғыш рет Черногорияны зерттеп, оның картасын жасап, Қытайдың географиялық жағдайын зерттеген ғалым.

А) Ковалевский

В) Минаев

C) Воейко

Д) Козлов

Е) Грижимайло


11. Муссондық Азияны (Үндістан, Қытай, Жапония, Индонезияны) зерттеп, жаратылыс тану ғылымына тың идеялар ұсынып, көптеген жаңалық енгізген ғалым.

А) Ковалевский

В) Минаев

С) Краснов

Д) Козлов

Е) Грижимайло


12. 1848 жылы Ковалевский қайтқан жолында Нилдің қандай саласын анықтаған?

А) Абудо


В) Акадо

С) Микадо

Д) Ақ Нил

Е) Парико


13. «Дүние кезгенде» деп аталатын 4 томдық ғылыми еңбекті жазып қалдырған ғалым.

А) Краснов

В) Минаев

С) Воейков

Д) Елисеев

Е) Радлов


14. Елисеев қандай зерттеулер жүргізу үшін 1881 жылы Александрия қаласына келді?

А) антропологиялық

В) этнографиялық

С) археологиялық

Д) этнологиялық

Е) этногенездік


15. 1874 жылы Минаев бастаған саяхатшыларды қай аралға кемемен әкелді?

А) Үндістан

В) Шри-Ланка

С) Индонезия

Д) Мадагаскар

Е) Цейлон


16. 1856 жылы Ковалевскийдің қандай мақаласы басылып шықты?

А) «Африкаға саяхат»

В) « Нил өзені»

С) «Севастопольді бомбылау»

Д) « Африкада болған сол күндер»

Е) «Естелік»


17. Қай жылы Ковалевскийдің 1872 жылы «Ішкі Африкаға саяхат» деген еңбегі жарияланды?

А) 1871


В) 1872

С) 1873


Д) 1874

Е) 1875


18. 1869 жылы Юнкер қайда саяхат жасады?

А) Исландияға

В) Испанияға

С) Англияға

Д) Үндістанға

Е) Аргентинаға


19. 1887 жылы 9 апрельде Орыс география қоғамы Юнкердің қандай баяндамасын тындады?

А) «Жеті жыл Африканы зерттеу»

В) «Алты жыл Исландияны зерттеу»

С) «Үндістанды зерттеу»

Д) «Зерттеу материалдары»

Е) «Дүние жүзін айналу»


20. «Үндістан және Цейлон очерктері» деген кітап жазып, үнді халқының өзіне тән тамаша тарихын баяндаған.

А) Ковалевский

В) Минаев

С) Краснов

Д) Козлов

Е) Грижимайло



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы
Книги -> Практикум по курсу грамматики английского языка для студентов 3-го курса, изучающих английский язык в качестве основной специальности


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет