Көкшетау 2011 Құрастырғандар


Григорий Нико­лаевич Потанин



бет6/9
Дата25.12.2016
өлшемі2,39 Mb.
#4988
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Григорий Нико­лаевич Потанин (1835—1920) белгілі саяхатшы-географ. Ол Орталық, Азияны жан-жақты зерттеді. 1876—1877 және 1879—1880 жылдары Потаниннің Солтүстік-Батыс Монғолияға жасаған экспедиция жұмысы өте жемісті болды. Оның зерттеу еңбектері 1881 жылы екі том болып жарияланды. 1883 жылы «Солтүстік — Батыс Монғолия очеркі» екі том болып басылды. 1883—1886 жылдары Орталық

Монғолияға, Қытайға, 1892—1893 жылдары Шығыс Тибетке жасаған экспедицияларының дүние жүзілік маңызы болды.

Бұл экспедициялар мен саяхаттар кезінде Потаниннің қасында оның сүйікті жұбайы әрі жәрдемшіеі А. В. Потанина бірге болып, оған көмектесті. Бұлар Ішкі Азияның асқар тауларын, кұлазыған шөлдерін, жазық даласын атпен, түйемен аралады. Қазақ, қытай, монғол, ұйғыр, дүңген халықтарының әдет-ғүрып, өмір тарихын, мәдениетін зерттеді. Гуманист, демократ Потанин патшаның отарлау саясатына қарсы болды. Қазақстан, Си­бирь, Азия халықтарының тілін үйреніл, бә-рін туыс, бәрін жақын көрді. Жас кезінде-ақ. өзінің туған жері Ертіс бойындағы орыс дворяндары қазақтарды аяусыз жұмсап, мал баққызып, қанағанын көріп жаны ашитын. 1873 жылы ол патшаның отарлау саясаты, негр сатудан да жаман, адам баласына қарсы қылмыс,— деп ашық жазды.

Біздің сүйікті жерлесіміз Григорий Никола­евич, казақтың данышлан ұлы Шоқанмен достасып, орыс, қазақ халықтарының достық бейнесін көрсетіп, туған өлкесін бірге зерттеп, халықтың бақытты өмірге жетуін тіледі. Оның Омбыдағы достары, әсіресе, Н. М. Ядринцев пен оның жұбайы Александра Викто­ровна ғылми-зерттеу жұмысына көмектесті. П. П. Семенов Тян-Шанский Г. Н. Потанинді қамқорлығына алды.

Г. Н. Потанин болған жерлерін әр жақты, толық зерттеді. Бір саяхатында ол Монғолияның алыс түкпіріндегі кішкене бір қыстақта қыстап қалды. Қарапайым

адамдардың ойын-сауық, думан қызығына, шілдеханасына қатысып, кайғысына ортақ болып, тарихын, этнографиясын зерттеп білді. Орталық, Азия халықтарының тұрмысынан 300-ден астам әңгіме, аңыз, ертегі жазып алды. Акаде­мик В. А. Обручев Потанин еңбегін бағалап былай деді:

«Ішкі Азияны шын мәнінде ғылми тұрғыдан зерттеу ісі, атап айтқанда, Потаниннің, Пржевальскийдің және Певцовтың саяхаттарынан басталды... Үшеуі бірігіп Ішкі Азияныц географиялық бейнесін жасады, ал кейіннен әр түрлі мамандығы бар саяхатшылар сол бейнеге өрнек жасай бастады».

Николай Михайлович Пржевальский (1839—1888) атақты ғалым-географ, Орталық Азияны алғашңы рет зерт­теп көп жерлерін картаға дұрыс түсіріп, жаратылыс тану, география ғылымдарына көп жаңалық енгізген ғалым. Бүкіл өмірін ғылым мен саяхат жолына бағыштаған қайраткер.

Пржевальский Семенов — Тян-Шанскийдің сүйікті шәкірті, оның Орталык, Азияны зерттеудегі саяхаттарыньщ бәрі де Семе­нов — Тан-Шанскийдің басшылығымен жүргізілді.

Пржевальский Орталық Азияға алғашқы саяхатқа шыққан кезде Менделеев пен Ковалевскаяның, Сеченов пен Мечниковтың, Ти­мирязев пен Докучаевтің ғылымға ендірген жаңалықтары бүкіл дүние жүзіне әйгілене бастады. Пржевальский орыс ғылымының дамып, дүние жүзі ғылымына түрлі жаңалықтар енгізген дәуірде өмір сүрді. Сол кезде Уссури өлкесін, іргелес жатқан Орталық Азияны зерттеу жұмысы Пржевальскийдің үлесіне тиді.

Пржевальскийдің экспедициялары: Уссури өлкесіне саяхат (1867—1869). Бірінші — Монғол экспедициясы (1870—1873). Екінші — Лобнор — Жоңғар экспедициясы (1876-1877). Үшінші — 1-Тибет экспедициясы (1879—1880). Төртінші — 2-Тибет экспеди­циясы (1883—1885). Пржевальский 1867 жы­лы өз өтінішімен Сібірге әскери қызметке, Уссури өлкесін зерттеуге барды. Бұл сапарында ол Орыс география қоғамына бірқатар жаңа деректер өкелді. Осыдан кейін ғана Пржевальскийге 1870 жылы Орталық Азияға бірінші рет саяхатқа шығуға мүмкіншілік туды. Осы сапар ғалымды қатты көңілдендірді. Жол азабына, ауа райының қиындығына қарамастан Монғолия тауларын, Ала­шань шөлін зерттеп, белгісіз жерлерді географиялық картаға түсіріп, ғылми табыстарға жетті.

Саяхатшы 1870—1873 жылдардағы бірінші экспедициясында Сібірдегі Кяхта қаласынан шығып, Калган, Пекин қалалары арқылы Хуанхэ, Янцзы өзенінде, Ордос дөңінде, Алашань шөлінде, Гобиге, Солтүстік Тибетке дейін барып қайтты.

Осы саяхаттан Петербургке есен-сау оралған Пржевальскийді Орыс география қоғамы Константин медалымен наградтады. Шетел географиялық қоғамдары оған сыйлық жіберді. Экспедиция қорытындысы «Монғолия жене Таңгуттар» деген атпен кітап болып шықты.

1876—1877 жылдары Пржевальекийдің екінші экспедициясы Орталық Азияда өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция Іле езенінен шығып, Тянь-Шань арқылы Лобнор көлінде, Алтынтауда болып, тағы басқа жерлерді зерттеп, Зайсан селосына оралды. Осы жолда Пржевальский науқастанып, Зайсанда қыстап қалды. Бұл экспедицияның нәтижесі «Құлжадан Тянь-Шань арқылы Лобнорға» деген еңбегінде басылды. Саяхат-шынық бұл еңбегін бағалап, Орыс география қоғамы оны қоғамның құрметті мүшесі етіп сайлады. Лондон, Берлин географиялык, қоғамдары да оны медальдармен наградтады. Содан соң Орыс география қоғамы Орталық Азияға Пржевальскийдің үшінші экспедициясын ұйымдастырып, оны тағы да үлкен дайындықпен алыс сапарға аттандырды. Бұл экспедиция зерттеуі 1879—1880 жылдары жүргізілді. Экспедиция маршруты — Жоңғар Алатауы, Шығыс Тянь-Шань, Нань-Шань, Тибет таулары арқылы, Кукунор көлінен өтіп, Алашань шөліне, Монғолия жеріне келіп, содан отанына Кяхта қаласы арқылы оралды.

Пржевальскийдің үшінші саяхаты нәтижелі болды. 1880 жылы Орыс география қоғамында есепті баяндама жасады. 1881 жылы Мәскеу университеті мен Петербург универ­ситеті оны өздеріне құрметті доктор етіп сайлады.Осы жылы Ғылым академиясында оның Орталық, Азиядан жинаған бай коллекциялары кермеге қойылып, көпшілік онымен танысты. Еліміздің және шетелдің, ғылми орындары Пржевальскийді өзіне құрметті мүше етіп сайлады. Бұл экспедиция қорытындысын ол «Зайсаннан Хами арқылы Тибетке, одан Сары өзен бастауына дейін» деген еңбегінде жазды.

1883—1885 жылдары Орталық Азияда Пржевальскийдіц төртінші экспедициясы зерттеу жұмысын жүргізді. Кяхтадан шығып, Гоби шөлі арқылы Кукунорға барды. Одан әрі Ху­анхэ, Янцзы өзендері арқылы Цайдам даласын басып өтіп, Такла-Макан шөлінің оңтүстігін орап, Лобнорға келді. Орталық, Тянь-Шаньнан асып түсіп, Ыстықкөл жағасында болды да, одан Петербургке кетті. Саяхатшының із басарлары: В. И. Роборовский мен П. К. Козлов та өз беттерімен зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция табысты болды.Орталық Азияны зерттеуші саяхатшының даңқы дүние жүзіне тарап, оны Орталық Азияның ғылми тұрғыдан тұңғыш зерттеушісі деп біліп, оған ездерінің сыйлығын жіберді. 1886 жылы Пржевальскийге генерал-майор атағы берілді. 1887 жылы Академия оған арнап алтыннан медаль қүйғызып, саяхатшыны наградтады. Медальдың бір бетіне Пржевальский суреті, екінші бетіне «Орта­лық Азия жаратылысын тұңғыш зерттеушіге» деп жазылды.

Саяхат кезінде Пржевальский жергілікті халықтармен достасып кетті. «Көп күн жатып қызықка батқан жерді, адал ниет көрсеткен ақ көңіл адамдарды қалдырып кету маған өте киын болды. Біз жүретін күні бізбен қоштасып қалуға маңайдағы адамдардың бәрі келіп, бізге жол көрсетіп шығарып салмақ болды»,— деп жазды ол Турфан ойысын ме-кендеген ұйғырлар туралы.

1888 жылы Пржевальский Орталық Азияға бесінші экспедиция үйымдастырып, Ыстықкөл жағасына келгенде ауырып, кенет қайтыс болды. Оның сүйегі өзінің өсиеті бойынша Ыстықкөл жағасына жерленді, оған ес-керткіш орнатылды.

Пржевальский экспедициясы дүние жүзіне Орталық Азияны дурыс танытты, артында өшпес ғылми мұра қалдырды. Орыс геогра­фия ғылымының даңқын шығарды. Сонымен Пржевальский 20 жылдан астам уақыт Қиыр Шығысты, Уссури өлкесі мен

Н. М. Пржевальскийдің жүрген жолы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет