Көкшетау, 2013. 130 бет



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі2,64 Mb.
#26763
1   2   3   4

3. FTP күрделі жүйе ретінде төрт құрамдас бөліктен тұрады:

1) ғылым;

2) техника және технология;

3) өндіріс;

4) басқару.

FTP дүниежүзілік шаруашылықтың өсу қарқынын жеделдете түсумен қатар, оның құрылымына да елеулі ықпал етті. XX ғасырдың ортасынан бастап өндірістік емес саланың басымдылығымен сипатталатын постиндустриялық (ақпараттық) құрылым қалыптаса бастады. Бұл шаруашылықтың жеке салаларының арасалмағын өзгертті, еңбек нарығындағы елеулі қайта құруларға алып келді. Постиндустриялық құрылымға алғаш енген ел АҚШ деуге болады. Мұнда 1955 жылы өндірістік емес салада жұмыс істейтіндер саны өндірістік салада еңбек ететіндер санынан асып түсті. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша, әсіресе дамыған елдерде ақыл-ой еңбегімен айналысатындар саны жыл сайын артуда. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қоғамдық өмірдің барлық саласына (экономикалық, әлеуметтік және саяси) кеңінен енгізу өндірістік емес салаға жататын ақпараттық экономиканың қалыптасуына алып келді. Әлеуметтік-экономикалық дамудың басты факторларының біріне айналған ақпарат әлемдік нарықтағы айрықша тауар бола бастады. FTP жетістіктері ғаламшар ауқымында еркін ақпарат алмасуға (интернет және т.б.) мүмкіндік берді. Сонымен FTP және ақпараттық экономика ықпалымен дамыған және дамушы елдер экономикасы арасындағы алшақтық арта түсті.

FTP ықпалымен дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саласында да өзгерістер жүрді. Өндірістің салалық құрылымында өнеркәсіптің дәстүрлі ауыл шаруашылығынан басымдылығы байқалуда. Бұған ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесінде ауыл шаруашылығының индустриялануы және жоғары тауарлы өндіріске айналуы, аграрлық-өнеркәсіптік кешендердің қалыптасуы себепші болуда. Өнеркәсіптің өз ішінде де жеке салалардың (машина жасау, химия өнеркәсібі және энергетика) басқаларына қарағанда жоғары қарқынмен дамып, құрылымдық жағынан күрделі өзгерістерге ұшырауы байқалуда. Ауыл шаруашылығынан мал шаруашылығының үлесі артуда.
Жаңа техника мен технология өндірістің аумақтық құрылымына да барынша күшті ықпал етуде. Өндірістің орналасуында басты орын алып келген ресурстық фактор өзінің дәстүрлі маңызын жоғалтуда. FTP заманында шикізат қорына тапшы елдердің кейбіреуі қарқынды дамуда. Минералды шикізат пен отынның 9/10 бөлігін сырттан алатын Жапония жоғары дамыған елге айналды. Жеке елдерде өндірістің жаңа аудандарға "қоныс аударуы" (АҚШ-та Солтүстік-Шығыстан Калифорнияға) байқалуда.
Өндірісті автоматтандыру еңбек ресурстары жетіспейтін шалғай аудандарда ірі кәсіпорындарды орналастыруға, ал көлік саласында болған "техникалық революция" аумақтық алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде өндірістің кейбір салаларын орналастыруда оның ғылым орталықтарына алыс-жақындығы да әсер етеді. Өндірістің аумақтық орналасуының байырғы үлгісін (кәсіпорындардың ескі өнеркәсіп аудандарына шоғырлануы) шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады. FTP жетістіктерін пайдалану шағын және орташа кәсіпорындардың ел аумағында мүмкіндігінше шашырап орналасуына, яғни олардың қоршаған ортаға кері әсерін неғұрлым азайтуға мүмкіндік береді. Өндірісті орналастыруда экологиялық фактордың маңызы артуда.
Сонымен, ғылыми-техникалық революция біртұтас жүйеге айналған қазіргі заманғы дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын жан-жақты ықпал етеді. Соның нәтижесінде кейбір дәстүрлі салалардың дамуы бәсеңдеп, керісінше ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалардың маңызы, артуда.

4. Дүниежүзілік шаруашылық – бұл халықаралық географиялық еңбек бөлісуінің нәтижесінде бір — бірімен экономикалық қатынастар арқылы байланысқан және тарихи қалыптасқан барлық елдердің ұлттық шаруашылықтарының жүйесі. Ол өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Адамзат қоғамы негізгі даму кезеңдерінде 3-кезеңнен өтті. Олар: аграрлық (осы кезеңде негізінен ауыл шаруашылығы мен соған байланысты шаруашылықтар дамыды), индустриалды (өнеркәсіптік революцияның XVIII-XIX ғасырдағы нәтижесі. Осы кезеңде әлем шаруашылығының құрылысында өнеркәсіп жетекші рол атқарды. Ал XX ғасырдың 2-жартысында ҒТР-ның нәтижесінде шаруашылықтың жаңа типі –постиндустриалды тип қалыптаса бастады.

ҒТР-ның негізгі әсері қызмет көрсету саласының дамуы. Нәтижесінде соңғы уақытта әлем шаруашылығында жекелеген елдерде де шаруашылықтың салалық құрылымдарында нақты 3-деңгей қалыптасты деуге болады. Осы заманғы әлемдік өнеркәсіп күрделілігімен және аса диверсификацияланған құрылымымен ерекшеленеді. БҰҰ жіктеуі бойынша әлем шаруашылығында 300-ден аса салалар мен сала ішіндік құрылымдар бар. Кез келген елдің әлем шаруашылығына байланысы осы елдің индустриализациялануы деңгейіне өнеркәсіптің қуатына, ішкі нарығының сыйымдылығына байланысты.

6 дәріс тақырыбы: Дүние жүзілік шаруашылық салаларының географиясы. Өнеркәсіп географиясы.
Сабақтың жоспары:

1.Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп.

2.Отын-энергетика, металлургия, машина жасау, химия өнеркәсіп салалары.
1. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі — дүние жүзі елдері ұлттық шаруашылықтарының жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі сыртқы сауда, капиталды сыртқа шығару, жұмыс күшінің көші-қоны, экономикалық келісімшарттар жасау, халықаралық экономикалық ұйымдарды құру, ғылыми-техникалық ақпарат алмасу сияқты өзара экономикалық байланыстар мен өзара қарым-қатынастардан тұрады.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі, негізінен, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында ірі машиналық индустрияның, көліктің және әлемдік рыноктың дамуы нәтижесінде қалыптасты. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі саласы — өнеркәсіптердің Дүниежүзілік өнеркәсіпте 20 ғасырдың аяғында шамамен 350 миллионға жуық адам жұмыс істеді. Соңғы жүз жыл ішінде өнеркәсіп өндірісі 50 есе өсті, бұл өсімнің 3/4-і 20 ғасырдың 2-жартысына келеді. Пайда болу уақытына қарай өнеркәсіптің барлық салалары, әдетте, 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа “дәстүрлі” салалар: көмір, тау-кен өндірісі, металлургия, темір жол көлігі, кеме жасау, тоқыма өнеркәсібі; екінші топқа жаңа салалар: автомоб. жасау, алюминий қорыту, пластмасса, химиялық талшықтар өндірісі; үшінші топқа ғылыми-зерттеу жұмыстарын қажет ететін “жоғары технология” салалары: микроэлектроника, есептеуіш техника, робот жасау, информатика индустриясы, атом және аэроғарыш өндірісі, органикалық синтез химиясы, микробиология өнеркәсібі жатады. АҚШ-та, ГФР-де, Ұлыбританияда, Францияда өңдеуші өнеркәсіптің жалпы өнімінің 35 — 40%-і осы 3 топтағы салаларға келеді.

2. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі салаларының бірі — отын-энергетика кешені. Бастапқы энергетика байлықтарын дүние жүзі бойынша өндіру және тұтыну ұдайы өсіп келеді. Ол 1900 жыл 1 миллиард тонна шартты отыннан 1990 жыл 10 миллиард тоннаға дейін өсті, ал 2000 жыл 14 миллиард тоннаға жетті.

Соңғы 200 жыл ішінде дүниежүзілік отын-энергетика өнеркәсібі өзінің дамуында басты екі кезеңнен өтті. 19 ғасырдың өн бойында және 20 ғасырдың 1-жартысында көмір кезеңі болды, яғни дүниежүзілік отын-энергетика балансының құрылымында көмір отыны басым болды. Одан кейін мұнай-газ кезеңі келді. Бұл — қатты отынмен салыстырғанда неғұрлым тиімді энергия көзі. 20 ғасырдың 80-жылдары дүниежүзілік энергетика өз дамуының 3-кезеңіне өтті, ол бірнеше ондаған жылдарға созылмақ. Бұл уақыт ішінде, негізінен, сарқылатын минералдық отын байлықтарын пайдаланудан гөрі қалпына келетін және сарқылмайтын байлықтарға (Күн, жел, атом энергиясы, т.б.) негізделген энергетикаға біртіндеп көшу жүзеге асуға тиіс.

Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде мұнай өнеркәсібінің орны ерекше. Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде (жылына 3,5 миллиард тонна) өндіреді. 2000 жылғы дерек бойынша ірі мұнай өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Ресей (385), АҚШ (365), Сауд Арабиясы (325), Мексика (145), Ирак (100), Қытай (140), Біріккен Араб Әмірлігі (90), Иран (115), Канада (95), Ұлыбритания (95), Венесуэла (95). Қазақстан мұнай өндірудің көлемі жағынан (35 миллион тонна; 2000) дүние жүзінде 18 орында, ал мұнайдың барланған қоры жағынан 5 орында. Дүние жүзіндегі мұнайдың барланған қорының 65%-і ОПЕК-ке (мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы), оның ішінде Парсы шығанағы елдерінің үлесіне тиеді. Дүниежүзілік газ өнеркәсібі 20 ғасырдың 2-жартысында айтарлықтай дамыды. 90-жылдардың ортасында дүние жүзінде орта есеппен 2 триллион тонна газ өндірілді. Ол жақын уақытқа дейін, негізінен, экономикасы дамыған елдерге шоғырланған болатын. Бірақ, соңғы 20 жыл ішінде газ өндіру дамушы елдерде де өсе бастады. Бұл елдер газды сұйытылған күйінде, сондай-ақ, құрлықаралық су асты газ құбырларымен экспортқа шығаруды жолға қойған. Ірі газ өндіретін елдер (миллиард/м3): Ресей (640), АҚШ (500), Канада (120), Нидерланд (75), Ұлыбритания (50). Қазақстан газ қорының көлемі (1,4 триллион/м3) жағынан дүние жүзінде алдыңғы орындардың бірінде, ал газ өндіруден (10 миллиард/м3) 40 — 45 орындарда.

Көмір өнеркәсібінің (жылына орта есеппен 4,5 миллиард тонна көмір өндіріледі) дамуы мұнайдың арзан кезеңінде баяулады, бірақ одан кейін қайтадан жеделдеді. Көмір дүние жүзінің 60 елінде өндіріледі, әрі, негізінен, сол елдердің өзінде тұтынылады, дүниежүз. рынокқа 1/10 бөлігі ғана түседі. Көмірмен халықар. сауда жасау, негізінен, теңіз жолдарымен іске асырылады. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің отын-энергетика кешеніндегі негізгі салалардың бірі — электр энергетикасы. Жылына дүние жүзінде 12,0 триллион кВт/сағ электр энергиясы өндіріледі (1999). Ол, әсіресе, 20 ғасырдың аяғында қарқынды өсті. Электр энергетикасы жылу, су және атом энергетикаларына бөлінеді. Дүние жүзінде минералдық отынмен жұмыс істейтін ЖЭС-тердің жалпы электр энергиясын өндірудегі үлесі 63%. Әдетте, ЖЭС-тер көмір алаптарына немесе энергияны тұтынатын аудандарға жақын орналасады. Су энергетикасының үлесі — 20%. Бірақ, СЭС-тердің үлесі барған сайын кеміп келеді. Энергетиканың тағы бір саласы — атом энергетикасы. Дүние жүзінде 29 елде 50-ге тарта ірі АЭС-тер жұмыс істейді. Оның дүниежүз. энергетикасындағы үлесі — 22%. Электр энергиясын басты экспорттаушы елдер: Ресей, Украина, Венгрия, Франция, Швейцария, Канада; импорттаушы елдер: Италия, Нидерланд, АҚШ. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесін минералдық шикізаттармен қамтамасыз ету тау-кен өнеркәсібінің үлесіне келеді. Ол көптеген елдерде дамыған, алайда оның өнімінің 65%-ін ТМД елдері, АҚШ, Қытай, Австралия, Канада, Оңтүстік Африка республикасы өндіреді. Кейінгі 10 жыл ішінде дүниежүз. кен өнеркәсібінде дамушы елдердің рөлі артып отыр. Кез келген елдің экон. қуатын металлургия өнеркәсібі анықтайды. Оның қара металлургия саласы көп уақыт бойы тас көмір алаптарында ғана дамыды. АҚШ-тағы, шетелдік Еуропадағы, Ресейдегі, Украинадағы, Қытайдағы басты металлургия базалары осылайша пайда болған. Темір кені қазір 50 шақты елде өндіріледі. Дүние жүзіндегі ірі темір кенін өндіретін елдер (млн. т): Қытай (160), Ресей (105), АҚШ (55), Канада (40), Австралия (110), Украина (100), Бразилия (160), Үндістан (55), Қазақстан (18 млн. т). Болат қорытудан (млн. т): Жапония (110), Ресей (90), АҚШ (90), Қытай (60), Украина (50), Германия (50). Қазақстанда жылына ора есеппен 5 млн. т болат қорытылады. Дүние жүзіндегі түсті металлургия өндірісінің көлемі қара металлургиядан 20 есе аз. Мұнда ауыр, түсті, легирленген және асыл металдар металлургиясы, әдетте оларды өндіретін елдер мен аудандарда дамыған. Қазақстан түсті металлургия өндірісі бойынша дүние жүзінде жетекші орын алады. Нақты айтқанда, хром және барит кентастарын өндіруден 1-орынды алса, мыс, хром, қорғасын, мырыш, вольфрам, молибден, тантал, титан, ниобий, цирконий кентастарының қоры жағынан алдыңғы 5 елдің құрамына кіреді. Алтын, күміс кентастарынан 6-орындарды алады. Сонымен қатар, дүние жүзінде өндірілетін 29 металл шикізаттарының 23-і Қазақстанда өндіріледі.



Машина жасау өнеркәсібі осыдан 200 жыл бұрын Англиядағы өнеркәсіп революциясы кезінде пайда болған. Қазіргі кезде жұмыс істейтін адамдардың саны (80 миллионан астам) және өнімнің құны жөнінен ол дүниежүзілік өнеркәсіптің барлық салаларының ішінде 1-орын алады. Дүниежүзілік экономика картадан, жалпы алғанда, машина жасайтын төрт аймақты бөліп көрсетуге болады. Олар — Солтүстік Америка, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия және ТМД елдері. Бұл аймақтарға кіретін елдердің көпшілігі үшін машина жасау — халықар. маманданудың басты саласы болып табылады. Дамушы елдер дүниежүзілік машина жасау өнімдерінің 10%-ін ғана өндіреді. Дүниежүзілік химия өнеркәсібі де төрт аймақта қалыптасты: АҚШ, Бат. Еуропа, ТМД және Жапония. Олардың әр қайсысында кен-химия өнеркәсібі, минералдық тыңайтқыштар, негізгі химия өнімдері өндірісі, әсіресе, органикалық синтез және полимер материалдар өндірісі дамыған. Дамушы елдерде бұл сала таяу уақытқа дейін, негізінен, шикізат көзі ретінде ғана қалыптасты. Алайда 1970 жылғы энергетикалық дағдарыстан кейін химия өнеркәсібі Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде, әсіресе, мұнай мен газ мол өндірілетін елдерде тез өсе бастады. Қазақстанда ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі, көбінесе, орман байлықтарының таралуына байланысты. Солтүстік орман белдеуі шегінде, негізінен, қылқан жапырақты ағаш сүрегі дайындалады да, ол тілуге дайын ағаш, ағаш тақта, целлюлоза, қағаз, картон болып өндіріледі. Ресей, Канада, Швеция, Финляндия үшін ағаш және ағаш өңдеу өнеркәсібі — халықаралық маманданудың маңызды салалары. Канада ағаш өнімдерін сыртқа шығару жөнінен дүние жүзінде 1-орынды алады. Оңтүстік орман белдеуі шегінде жапырақты ағаш сүрегі дайындалады. Мұнда ағаш өнеркәсібінің басты үш ареалы қалыптасқан. Олар: Бразилия, Тропиктік Африка, Оңтүстік-Шығыс Азия. Дайындалатын ағаш сүрегі теңіз жолымен Жапонияға, Батыс Еуропаға шығарылады, ал қалған бөлігі, негізінен, отынға пайдаланылады. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі және жетекші саласы — тоқыма өнеркәсібі. 20 ғасырдың 90-жылдарының басында дүние жүзінде табиғи және химиялық талшықтардан 115 миллиард/м2 шамасында мата өндірілді. Егер қолөнер өндірісін есепке алса, бұл сала дүние жүзінің барлық елдерінде дамыған. Дүниежүзілік тоқыма өнеркәсібінде басты бес аймақ қалыптасқан. Олар: Шығыс Азия, Оңтүстік Азия, ТМД, Еуропа және АҚШ. 1950 жылдардан бастап экономикасы дамыған батыс елдерінің дүниежүзілік мата және киім өндірісіндегі үлесі барған сайын кеміп келеді. Бұрын мата өндіруден дүние жүзінде 1-орын алатын Ұлыбритания енді 20-орынға түсті. Бұл сала, әсіресе, Қытайда жақсы дамып келеді, өйткені тоқыма және тігін өнеркәсібі ең алдымен арзан жұмыс күшіне бағдарланған. Мұнда өндірілетін матаның едәуір бөлігі сыртқа шығарылады. Ауыл шаруашылығы материалдық өндірістің ежелгі әрі кең тараған саласы. Дүние жүзінде ауыл шаруашылығымен және оған шектес орман шаруашылығымен, аңшылықпен, балық аулаумен айналысатын салаларда 1,1 миллиард адам еңбек етеді. Ауыл шаруашылығының барлық жерде таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Олар үлкен екі топқа біріктіріледі. Біріншісі — дамыған тауарлы ауыл шаруашылығы. Оған ауыспалы егістігі бар интенсивті егіншілік, мал азығын дайындау қоса жүргізілетін интенсивті мал шаруашылығы, сондай-ақ, тыңайған жері және жайылымдық мал шаруашылығы бар экстенсивті егіншілік жатады. Екіншісі — дәстүрлі тұтынушы ауыл шаруашылығы. Ол артта қалған соқалы-теселі егіншілікті, жайылымдық мал шаруашылығын, көшпелі және жартылай көшпелі мал өсіруді, сондай-ақ, бұдан да қарапайым терімшілікті, аңшылық пен балық аулауды қамтиды. Ауыл шаруашылығының басты саласы — өсімдік шаруашылығы. Оның ішінде дәнді дақылдар — дүниежүзілік ауыл шаруашылының негізі, дүние жүзінде өңделетін бүкіл жер аумағының 50%-інен астамын қамтиды. Дәнді дақылдардың дүниежүз. өндірісі бірте-бірте өсіп келеді. Жылына 1,9 миллиард. тоннаға дейін астық жиналады. Дәнді дақылдар, яғни астық шаруашылығын құрайтын үш дақыл — бидай, күріш және жүгері жалпы түсімнің 80%-ін береді және адамдардың бүкіл тамақ энергиясының 50%-ке жуығын қамтамасыз етеді. Бидай — дәнді дақылдардың ең негізгісі және дүние жүзіндегі адам баласының жартысының басты азығы. Ол 70-ке тарта елде өсіріледі. Бірақ жалпы өнімнің басым бөлігі (миллион тонна есебімен): АҚШ (75), Канада (30), Австралия (16), Ресей (45), Қазақстан (17), Украина (20), Қытай (95), Үндістан (50), Франция (32) елдерінің үлесіне тиеді. Күріш — адамзат баласының бидайдан кейінгі негізгі тағамы. 20 ғасырдың аяғында күріш өсірумен жүзге жуық ел айналысқанымен, оның дүниежүзілік түсімінің 90%-ін Азияның “күрішті” елдері береді. Ірі күріш өндіретін елдер (миллион тонна есебімен): Қытай (180), Үндістан (110), Бангладеш (20), Таиланд (21), Индонезия (45). Дүние жүзіндегі суармалы жерлердің 60 — 65%-іне күріш егіледі. Жүгері өндіру Мексикада басталып, кейін дүние жүзінің басқа аудандарына да тарады. Қазіргі кезде жүгеріні негізгі өндіруші елдер — АҚШ, Қытай және Бразилия. Әлемдік рынокқа дүние жүзінде өндірілетін астықтың, негізінен, бидай мен жүгерінің 10 — 15%-і түседі.

Майлы дақылдар астық дақылдарынан кейінгі 2-орында. Дүние жүзінде соя жинаудан 1-орынды АҚШ (50%-тен астамы), жер жаңғағы жөнінен — Үндістан, зәйтүннен — Италия алады. Дүние жүзінде жыл сайын 100 миллион тоннадан астам қант өндіріледі. Оның 60%-і қант құрағынан (Бразилия, Үндістан, Қытай, Куба), 40%-і қант қызылшасынан алынады. Қант құрағы Америкада, тропиктік және субтропиктік аудандарда көп өсіріледі. Қант қызылшасы — қоңыржай белдеудің дақылы. Оның басты өндірушілері — Ресей, Украина, Бат. Еуропа мен Солт. Америка елдері. Сергітпе дақылдардың (шай, кофе және какао) барлығы дерлік тропиктік елдерде өсіріледі. Өсімдік шаруашылығындағы талшықты дақылдардың ең маңыздысы — мақта. Мақта талшығының дүниежүзілік өндірісі — 20 миллион тонна Егісінің аумағы және жинау жөнінен мақта өсірудің негізгі ауданы — Азия. Басқа талшықтардан — зығырдың, әсіресе, сизаль мен джуттың таралу ареалы анағұрлым шектелген. Дүние жүзі бойынша зығыр өндірудің 75%-і Ресей мен Беларуське, джут өндіруден Бангладешке тиеді. Табиғи каучуктің 85%-і — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, әсіресе, Малайзия, Индонезия және Таиландта өндіріледі. Ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі — мал шаруашылығы. Мал шаруашылығынан алынатын өнімдердің негізгі бөлігін қоңыржай белдеудің елдері береді. Дүние жүзінде мал басының жалпы саны 4 миллардтан асады. Балық аулау адамзаттың ең ежелгі кәсіптерінің бірі. Қазіргі кезде ол — кемінде 15 миллион адамның күнкөрісін қамтамасыз етіп отыр. Дүние жүзі бойынша ауланатын балық пен өндірілетін теңіз өнімдері жылына 100 миллион тоннадан алады (2000). Оның шамамен 90%-ін теңіздер мен мұхиттардан, 10%-ін тұщы судан ауланатын балық құрайды. Балық аулау барлық жерде таралғанымен, бүкіл дүние жүзінде ауланатын балықтың 50%-тен астамы 6 елдің — Жапонияның, Қытайдың, Ресейдің, АҚШ-тың, Чили мен Перудің үлесіне тиеді. Көлік Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі материалдық өндірістің үшінші бір жетекші саласы. Бүкіл қатынас жолдары, көлік кәсіпорындары мен көлік құралдары қосылып, дүниежүзілік көлік жүйесін құрайды. Дүниежүзілік көлік саласында 100 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Көлік желісінің жалпы ұзындығы (теңіз жолын қоспағанда) 35 миллион км-ден асады. Жыл сайын дүние жүзінде көліктің барлық түрлерімен 100 миллиардтан астам жүк және 1 триллионнан астам жолаушы тасылынады. Бұл тасымалға бірнеше миллиондаған көлік құралдары қатынасады. Дүниежүзілік көлік желісі жалпы ұзындығының және дүниежүзілік жүк және жолаушылар айналымының 75 — 80%-і экономикасы дамыған елдердің үлесіне тиеді. Автомобиль жолдарының ұзындығы ұдайы өсуде, ол 20 ғасырдың соңында 25 миллион км-ге жетті. Оның шамамен 50%-і АҚШ, Үндістан, Ресей, Жапония, Қытайға тиесілі. Елді автомобильдендіру жөнінен АҚШ ең жоғарғы деңгейге жетті. Мұнда 1000 тұрғынға орта есеппен 600 автомобильден келеді. Темір жол көлігі тасымалдау үлесінің кемігеніне қарамастан, құрлықтағы көліктің маңызды түрі болып отыр. Дүниежүзілік темір жол желісі, негізінен алғанда, 20 ғасырдың басында қалыптасқан. Оның жалпы ұзындығы 1,3 миллион км. Темір жол 140 елде болғанымен, оның жалпы ұзындығының 50%-тен астамы АҚШ, Ресей, Канада, Үндістан, Қытай, Австралия, Аргентина, Франция, Германия және Бразилия елдері үлесіне тиеді. Темір жол желісінің жиілігі жөнінен Еуропа алда келеді. Құбыр тасымалы ең алдымен мұнай мен табиғи газ өндірудің тез өсуі, оларды өндіретін және тұтынатын басты аудандар арасын байланыстыру нәтижесінде дамыды. Ұзындығы ондаған мың км-ге жететін құбырлар ТМД елдерінде, Канадада, АҚШ-та, Таяу Шығыс елдерінде салынған. Теңіз көлігі — дүниежүзілік көлік жүйесінің өте маңызды құрамдас бөлігі. Бүкіл халықаралық сауданың шамамен 80%-ін қамтамасыз етеді. Теңіз сауда флотының жалпы тоннажы (сыйымдылығы) 420 миллион тоннадан асады. 1970 жыл бұл тоннаждың 50%-ке жуығын танкерлер құраған. Кейінгі жылдары олардың үлесі айтарлықтай азайды. Кеме қатынасы 160-қа жуық елдерде бар. Әуе көлігі — көліктің ең жас түрі. Әуе көлігімен 1948 жыл бүкіл дүние жүзінде 20 миллионға жуық адам тасымалданған болса, 1990 жылы 1,2 миллиардтан астам тасылды. Тұрақты әуе жолдары желісі миллиондаған километрге созылған. Дүние жүзінде 5 мың әуежай бар. АҚШ, Ресей, Жапония, Ұлыбритания, Франция, Канада, Германия — дүние жүзіндегі ең басты әуе державалары. Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде халықаралық экономикалық қатынастардың рөлі ерекше. Ешқандай тұйық құрылымдардың, аймақтық интеграциялық топтардың халықаралық экономикалық қатынастарды алмастыра алмайтынын тәжірибе көрсетті. Мұны батыстың экономикасы дамыған елдері өзгелерден ерте түсінді. Олар халықаралық экономикалық байланыстарда жетекші орын алып отыр. Мұндай байланыстардың барлық түрлерінің 60 — 75%-і осылардың үлесіне тиеді. Халықаралық сауда — Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Халықаралық сауданың 70%-тен астамы Батыстың экономикасы дамыған елдерінің, оның ішінде 45%-тен астамы Батыс Еуропаның үлесіне тиеді. Қару-жарақпен халықаралық сауда жасау дүниежүзілік саясат пен экономикада үлкен рөл атқарады. 20 ғасырдың 90-жылдары АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Ресей қару-жарақты экспорттаушы елдер, ал әскери техника мен жабдықтардың бүкіл дүниежүзілік импортының шамамен 60%-ін иеленіп отырған дамушы елдер — импорттаушылар болды. Дүниежүзілік “қара” рынок та үлкен қаржы айналымын жасап отыр. Онда есірткі заттар, қолдан жасалған валюталар, жасырын өндірілетін алтын мен алмас, порнографиялық бұйымдар, т.б. тыйым салынған тауарлар сатылады. Халықар. экон. қатынастардың бір түрі — халықар. несие-қаржы қатынастары, яғни заемдер мен несие беру, капиталды экспорттау мен импорттау. Оның маңызды алғы шарты — еркін айырбасталатын валютаның болуы. Капиталды басты экспорттаушы елдер: АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Нидерланд, Жапония, т.б. Бұл экспорттың шамамен 80%-і осы топтағы басқа елдерге, 20%-і дамушы елдерге жіберіледі. Халықар. еркін экономикалық аймақтар деп аталатын немесе 20 ғ-дың 70 — 90 жылдары бүкіл дүние жүзінде кең таралған еркін кәсіпкерлік аймақтардың құрылуы — ашық экономиканың жарқын көріністерінің бірі. Дүние жүзінде олардың жалпы саны 500-ден асады (1995). Жаҝандану процесі Дүниежүзілік шаруашылық жүйесінде әлемдік қаржы қорлары мен өндірістік қуаттың жеке қаржылық-өндірістік топтар мен трансұлттық компанияларға шоғырлануына ықпал етуде. Осыған байланысты трансұлттық компаниялардың Дүниежүзілік шаруашылық жүйесіндегі рөлі арта түсуде.

7 дәріс тақырыбы: Ауыл шаруашылығы географиясы.


Сабақтың жоспары:

1. Мал шаруашылығы.



2. Жер игеру.
1. Мал шаруашылығы – жекеленген салалардың жиынтығынан тұрады. Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісіндегі маңызы және үлесі бойынша, етті және сүтті ірі қара мал шаруашылығы, шошқа өсіру, қой және құс өсіру бөледі.

Сүтті ірі қара шаруашылығы – негізінен жер шарының қоңыржай климаттық белдеуіндегі орманды және орманды дала зоналарында шоғырланған. Ол негізінен АҚШ, Жаңа Зеландия, Белорусия, Ресей т. б. елдерде таралған. Экономикасы жоғары дамыған елдерде сүтті ірі қара шаруашылығы интенсивті даму негізінде жүргізіледі. Соның нәтижесінде мал өнімін АҚШ, Дания, Нидерланды, Швецияда 1 сиырдан жылына 6000 кг артық, Жапонияда 5000 кг артық сүт алады. Ресейде бұл көрсеткіштер – 2,8 мың кг, Қытайда – 1,6 мың кг, Монголияда – 1,35 мың кг, Аргентина – 2,6 мың кг сүт алады. Жан басына шаққанда сүт өнімі бойынша Жаңа Зеландия (1 адамға – 2400 кг), Ирландия ( 1500 кг.), Нидерланды (900 кг), Белорусия (700 кг), Дания (500 кг), Франция (490 кг), Германия (450 кг) алдыңғы орында. Осы елдер сүт өнімдерін көп мөлшерде өндіріп, экспорттайды. Ресейде жан басына шаққандағы сүт өнімі – 300 кг құрайды.

Етті ірі қара шаруашылығы күтімді көп қажет етпейді, сондықтан дала зонасының табиғи жағдайында өсіруге болады. Ет үшін өсірілетін ірі қаралардың басым бөлігі - қоңыржай белдеулердің дала зоналарында шоғырланған. Ірі қаралардың саны бойынша Үндістан дүние жүзінде бірінші орыннда. Одан кейін Бразилия, Қытай, Африка, Аргентина, АҚШ, Ресей, Австралия, Жаңа Зеландия, Франция т. б. Осы елдер сиырдың саны бойынша алдыңғы орында. Әлемдік ет өндірісінде ірі қараның үлесі 30% құрайды. Сиыр етін әлемдік нарыққа шығарушы елдер – Австралия, Бразилия, Канада, Нидерланды, АҚШ, Аргентина. Әлемде жыл сайын 500 млн. т. сиыр еті өндіріледі немесе 1 адамға шаққанда 100 кг.

Қой шаруашылығы – қой өсіру табиғи жағдайлардың, азық – түлік базасын көп қажет етпейтін мал шаруашылығының бір түрі болып табылады. Қойдың саны жөнінен дүние жүзінде 1 – ші орында Австралия (130 млн), Қытай (120 млн), Жаңа Зеландия, Үндістан, Түркия, Қазақстан, Ресей, Монғолия, Аргентина, Кругвай. Қой етін негізгі өндірушілері мен экспорттаушылары – Жаңа Зеландия, Австралия, Аргентина.

Шошқа шаруашылығы – халықтың тығыздығы жоғары елдерде жақсы дамыған. Бұл сала әлемдік ет өндірісінің 40%-ын құрайды. Шошқаның саны жөнінен көзге түсетін мемлекеттер: Қытай, АҚШ, Бразилия, Мексика, Германия, Польша, Ресей, Украина, Жапония. Шошқа етін экспорттаушылар – Нидерланды, Польша, АҚШ.

Құс өсіру – мал шаруашылығының тез өсетін саласы. Әлемдік ет өндірісінің 20% - ын АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және т. б. береді. Әлемнің дамыған елдерінде бройлер (етті) өсіретін ірі кәсіпорындар жұмыс істейді. Құстардың саны жөнінен өте ірі мемлекеттер – Қытай (3,1 млрд. бас), АҚШ (1,6 млрд. бас), Бразилия, Үндістан, Ресей, Мексика. Қытай, АҚШ, Жапония және Ресей жұмыртқа өндіруден де көзге түседі.Құс етін негізгі экспорттаушылары – АҚШ, Франция, Бразилия.
2. Жер игеру немесе өсімдік шаруашылығы – бірнеше салалардан тұрады:

- дәнді және техникалық дақылдар;

- көкеніс;

- жүзім;


- картоп;

- мал азығын өсіру;

Әлемдік жер игерудің негізгі саласы – дәнді дақылдар өсіру болып табылады. Дамыған елдерде бидайдың басым бөлігі 75% - ға дейін мал азығы ретінде пайдаланса, ал дамушы елдерде 90% - ға дейін азық – түлік қажеттіліктеріне жұмсалады. Әлемдік астық өндірісінде (2 млрд. т.) 3 негізгі дақыл:

- бидай (28%);



- күріш (26%),

- жүгері (25%).

бірдей позицияны ұстап тұр. Егістік жерлердің және экспорттың көлемі бойынша дәнді – дақылдар ішінде бидай 1 – ші орынды алады. Әлемдік бидай өндірісінің орташа көлемі 600 млн. т., оның 90 – 100 млн. т.экспортқа шығарылады. Әлемнің ірі бидай өндірушілері – Қытай (100 млн. т.), АҚШ, Үндістан, Франция, Ресей, Канада, Австралия, Аргентина. Жоғарыда аталған мемлекеттердің басым бөлігі бидайды көп мөлшерде экспорттайды. Бидайды көп импорттайтын елдер – Қытай, Жапония, Египет, Бразилия.

Күріш өсіругетропиктік және субтропиктік белдеулер өте қолайлы болып келеді. Шығыс, Оңтүстік – шығыс және Оңтүстік Азия елдерінде (Қытай, Жапония, Тайланд, Мьянма, Вьетнам, Лаос, Үндістан, Пәкістан, Индонезия, Филлипин т. б.) күріш негізінен азық – түлік өнімі болып табылады. Азия елдерінен басқа күрішті Солтүстік және Латын Америкасы (АҚШ, Бразилия), Африка (египет), ТМД (Орталық Азия, Әзірбайжан т. б.), елдері көзге түседі. Күріштің негізгі өндірушілері – Қытай (1/3), Үндістан (1/5), Индонезия, Бангладеш, Тайланд, Филлипины. Сонымен қатар олар ірі тұтынушылар болып табылады.Күріштің негізгі экспорттаушылары – АҚШ, Мьянма, Пәкістан, Вьетнам, Тайланд. Ірі импорттаушылары – Индонезия, Бангладеш, Иран, КХДР, Сауыд Арабиясы.

Жүгері – дәнді – дақылдар ішінде өнімділігінің жоғарылылығымен ерекшеленеді және әлемдік саудада 2 – ші орында. Жүгерінің отаны – Америка. Әлемдік жүгері өндірудің басым бөлігін – Солтүстік Латын Америкасы (АҚШ, Бразилия, Аргентина, Мексика) және Қытай береді. Жылына 450 – 500 млн. т. Жүгері өндірісі және экспорт бойынша абсолюттік лидер – АҚШ болып табылады. АҚШ – тан кейін 2 – ші орында – Аргентина (экспортқа шығарады), көлемі бойынша - Қытай, Бразилия, Мексика алда.

Қара бидай – қоңыржай ендіктің орманды топырағында өседі. Қара бидайдың әлемдік қорының 90 % - ын Батыс және Шығыс Елдеріне тиесілі. Сонымен қатар оның 1/3 бөлігі Ресейге тиесілі.

Арпа және сұлы – Солтүстік Америка (Канада, АҚШ), Европаның (Ұлыбритания, Франция, ГФР, Польша, Эстония, Латвия, Литва, Ресей және т. б. ) елдерінің орманды зоналарында өсіріледі.

Техникалық дақылдарға жеңіл және тамақ өнеркәсібінің әр – түрлі салаларда шикізат ретінде пайдаланатын өсімдіктер жатады.

Қант құрағы – жер шарының тропикалық және субтропикалық аудандарында өсіріледі. Негізгі өндірушілері – Латын Америкасы (Бразилия, Куба, Мексика); Шығыс және Оңтүстік Азия (Үндістан, Қытай, Филлипин, Тайланд, Вьетнам) елдері және Австралия.

Қант қызылшасы – қоңыржай белдеуінде өсіріледі. Қант қызылшасын жинаудан Еуропа елдері (Ұлыбритания, Франция, Украина, Польша, Германия) мен АҚШ алдыңғы орында тұр. Әлемдегі қанттың басым бөлігі қант қамысынан (Үндістан, Куба, Бразилия) алынады. Қант қамысы сыртқы саудада да басым. Әлемдегі басты қант экспорттаушылары (Бразилия, Үндістан, Тайланд, Австралия – қамыс, және Франция – қант қызылшасы).

Әлемдік текстиль өндіріснде талшықты дақылдардың мақта мен зығырдан басқа джут және сезаль пайдаланылады.



Мақта - өсіруге жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулері бейімделген. Оның негізгі өндірушілері Азия (Қытай ¼, Үндістан, Пәкістан, Вьетнам, Сирия, Түркия), ТМД (Өзбекстан), Солтүстік және Латын Америкасы (АҚШ, Мексика, Бразилия, Перу), Африка (Египет, Судан) елдері. Мақтаның негізгі экспорттаушылары – АҚШ, Мексика, Гватемала, Пәкістан, Египет, Судан.

Зығыр – қоңыржай белдеудің жалпақ жапырақты орманды зоналарында өсіріледі. Негізгі өндірушілері – Белорусия және Ресей.

Джут - субэкваторлық және экваторлық климатқ тән шөптесін өсімдік. Қатты мата, арқан жасау үшін пайдаланылады. Негізгі өсетін жері Азия елдері – Қытай, Үндістан, Бангладеш.

Сизаль – агава шөптесін тропикалық өсімдігінің жапырақтарынан алынатын талшық. Бразилия, Танзани және Кения елдері өсіреді.

Шай, кофе, какао, табак – жауын – шашын көп түсетін тропикалық және субтропикалық аудандарында өсіріледі. Шайдың ең ірі өндірушілері мен экпорттаушылары – Үндістан, Қытай. Шри – Ланка, Индонезия, Түркия. Кофе – отаны Эфиопия (Арабика сортын өсіреді). Негізгі өндірушілері – Бразилия, Колумбия, Мексика, Эфиопия. Какао – Батыс Африка елдері (Код – Д , Ивуар, Гана, Нигерия, Камерун), Бразилия. Табак – Қытай, Үндістан, АҚШ, Бразилия өсіреді.

Басқа да майлы дақылдар:



Күнбағыс – негізінен Ресей мен Украина өсіреді.

Зәйтүн ағашы – негізінен Жеророта теңізі елдері өсіреді.

Пальма майы – негізінен Батыс және Экваториалдық Африка елдері, Малайзия, Индонезия өсіреді.

Арахис майы – негізінен Американың, Африканың, Азияның тропикалық елдерінде өсіріледі.

Рапс – негізінен Канада, Үндістан, Аргентина өсіреді.



Кунжут – негізігі өсірілетін мекені Азия елдері.

Табиғи каучук өндіру үшін гевея ағашы қолданылады. Әлемнің ірі өндірушілері – Оңтүстік – шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Тайланд) және Бразилия.

Цитрустық және басқа да көкеніс өсіруші ірі аудандары – АҚШ (Калифорния, Флорида), Жерорта теңізі елдері.

Жүзімнің жоғары сапалы сұрыптары – Францияның «Шампань», Германияның «Рейнланд – Пфальц», ерекше көзге түседі.


8 дәріс тақырыбы: Транспорт географиясы және халықаралық экономикалық қатынас
Сабақтың жоспары:

  1. Транспорт экономиканың үшінші секторы

  2. Құрлықтық транспорт

  3. Су және әуе транспорты

  4. Халықаралық экономикалық қатынастар, олардың формалары.


1. Транспорт материалдық өндірістің ерекше сферасы. Ауыл және өндіріс шаруашылығынан айырмашылығы бұл оның өндіріс процесінде жаңа өнім өндірмейді, оның құрамын (физикалық және химиялық) және оның сапасын өзгерпейді. Транспорт өнімі бұл қоршаған ортада жүк пен адамдардың тасымалдануы, олардың орын ауыстыруы. Сондықтан, транспорт жұмысының көрсеткіші тасымалдау көлемін ара қашықтықта (км) өлшейтін жүк айналымы тонна километрінде (т км) және жолаушы айналымы жолаушыл километрінде (жолаушы км) болып табылады. Тонна километрлік және жолаушы километрлік сан тонна километрмен келтірілген немесе транспорт өнімімен келтірілген атауымен аталынады.

Қазіргі уақыттағы транспорттың негізгі түрлері: теміржол, су (теңіздік және өзендік), автомобиль, әуе жолы және құбыр. Олар бірге әлемдік бірыңғай транспорттық жүйені құрайды.

Хабарлама жолдар түрлері бойынша транспорт жүйесінің даму кезеңінің бағасын көрсеткіштер арқылы саналады (ұзындығы (уақыт бойынша) және транспорт жүйесінің мөлшері (соңғы сан жол ұзындығының катынасы территория ауданының бірліктерінен немесе белгілі тұрғындар санынан); сол немесе басқа транспорт түрінің бөлшегі (пайызда) транспорттық жұмыста (жалпы, жүк айналымында) анықталады.

Соңғы кезде ең тез дамыған автомобиль, құбыр және әуе транспорты болып табылады. Су транспортының саны да көбейді. Әлемдегі дамыған елдердің барлығында темір жол транспортының қолданысы азайды. Дамушы елдер дамыған елдерден гөрі транспортпен нашар қамтылған.

Әлемнің көлiк желiсінде соңғы кездері сапалы өзгерiстер болады: темiр жолдардың электрлендiрiлуі, қатты жамылғысы бар автомагистральдер мен үлкен диаметрлі құбырлардың артуы.

2. Құрлықтық троанспортың ең маңызды түрлерi темiр жол, автомобиль жолы және құбыр болып табылады.

Темiр жол көлiгi (теңiздіктен кейiн) жүк айналымы бойынша және (автомобилдiктен кейiн) жолаушы айналымы бойынша екiншi орында орналасады. Темiр жол көлiгiнiң басты функциясы - өте алыс жердегi (көмiр, болат, дәнді-дақылдар) өнеркәсiптiк және ауылшаруашылық жүктерiн жаппай тасымалдау. Ерекшелігі – ауа райы және жыл мезгілдеріне қармастан қозғалыстың жүйелi болуы.

Әлемде темiр жолдардың ұзындықтарын қысқарту жүруде, әсіресе дамыған елдерде. Жаңа жолдар тек дамушы елдерде ғана салынып жатыр (Ресей, ҚХР тағы басқалар). Темір жолдардың ұзындығы бойынша алдыңғы орындарды ірі елдер (территориясы бойынша) иеленеді: АҚШ, (176 мың км), Ресей (87, 5), Канада (85 ), Үндістан, ҚХР, ФРГ, Австралия Аргентина, Франция, Бразилия мемлекеттері. Бұл елдерге дүние жүзілік темiр жолдың жартысынан астамы келедi. Солтүстік Америка және Батыс Еуропа елдерінде темір жолдар желісі өте жиі болса, кейбір Азия мен Африка елдерінде тіпті мүлдем жоқ. Темiр жолдардың жиілігі бойынша еуропа елдері алдыңғы орында (тығыздығы 1 мың шаршы км-ге 133 км құрайды). Африка елдерiнде темiр жолдардың жиілігі орта есеппен 1 мың шаршы шақырымға 2,7 км-ден келеді. Темір жолдарды электрлендіру бойынша да еуропа елдері алдыңғы орында (Швейцарияда 100%, Швецияда-65%, Италия, Австрия және Испанияда – 50% астам, Ресейде - 43% электрленген).

Жүк айналымы бойынша алдыңғы орындағы елдер АҚШ, ҚХР және Ресей, жолаушы айналымы бойынша – Жапония (395 миллиард жолаушы - км), ҚХР (354), Үндістан (320 ), Ресей (192 ), ГФР (60 миллиард жолаушы - км).

Бірқатар дамыған елдерде (АҚШ, Жапония, ФРГ, Франция т.б) өте жылдам темір жолдар (жылдамдығы 200 км/сағ астым) жасалған.

Автомобиль көлiгi (80% дүниелiк жолаушы айналымын қамтамасыз етедi) жолаушылардың тасымалдауларындағы, сонымен бiрге жүктердiң қысқа және орташа қашықтықтарына бастаушы рөл ойнайды. Ол көлiктiң басқа түрлерiнiң арасында (24 миллион км немесе дүниелiк көлiк желiсінiң 70%) жолдардың ұзақтығы бойынша алдыңғы орында.

Автомобиль паркі мен желiлердің басым бөлігі дамыған елдерде шоғырланған. Дүние жүзіндегі 650 миллион артық автомобильдің 80% Солтүстік Америка ( шамамен 250 млн оның 200 млн АҚШ-та), Батыс Еуропа (200 миллионнан астам) елдерінде және Жапонияда (50 миллионнан астам) шоғырланған.

Автожолдардың өте дамыған желiсi (1/4 барлық созылымдық) АҚШ, Қытай, Жапония, Үндістан, Ресей, Еуропа елдердiнде орналасқан. Автожолдардың жиілігі бойынша да Еуропа елдері алдыңғы орында. Автомобиль көлігінің жүк айналымы бойынша АҚШ бiрiншi орынды иеленеді.

Құбыр көлігі салыстырмалы түрде жас, бірақ өте қарқынды дамып келе жатқан көлік түрі, негізінен сұйық, газ сияқты және қатты өнiм түрлерiн тасымалдау үшiн пайдаланылады. Құбыр арқылы көп көлемде ең алдымен табиғи газ, мұнай және мұнай өнімдері тасымалданады. Газ және мұнай құбырлары (суммалық ұзындығы әлемде 1,8 млн км) газ және мұнай өндіретін аудандарда Солтүстік Америка (АҚШ, Канада), ТМД (Ресей, Қазақстан), Таяу және Орта Шығыс елдерінде, сонымен қатар мұнай және газға кедей, бірақ оны үлкен көлемде тұтынатын Батыс және Шығыс Еуропа елдерінде таралған. Құбыр көлігінің жұмыс көлемі бойынша Ресей барлығынан алда тұр (осы көлік түрі бойынша әлемдік жүк айналымының жартысынан астамы).

3. Теңiз көлiгi (мемлекетаралық, құрлық аралық) сыртқы экономикалық байланыстардың жүзеге асыруы үшiн аса маңызды. Ол барлық халықаралық тасымалдың ¾ бөлігін қамтамасыз етедi. Олардың құрамында әсiресе массалық жүктердің үлесі жоғары (мұнай, мұнай өнiмi, кен, көмiр, дән тағы басқалар).

Жүк айналымы бойынша және теңiз көлiгiнiң еңбек өнiмдiлiгi көлiктiң басқа түрлерiн айтарлықтай асып түседi. Теңіз көлігі тасымалдың өзіндік құны бойынша ең арзан көлік түрі болып табылады. Жүкті алыс қашықтықтарға тасымалдауда теңіз көлігі өте тиімді.

Теңiз көлiгiнiң тасымалдауларын жүзеге асыру үшiн күрделi көп салалы шаруашылық қажет; флот, теңiз порты, кеме жөндейтiн зауыттар тағы басқалар.

Теңiз тасымалы жалпы тоннажы 500 миллион брутто тонна болатын он мыңдаған кемелерге қызмет көрсетеді.

Ең ірі флоттарға ие елдер Панама (72 миллион брутто т.), Либерия (60), Греция (30), Кипр (25), Багам аралы (вест-Үндістандағы мемлекет) және Жапония(20), ҚХР (17 ), Ресей (15), Норвегия (15), АҚШ (13 миллион). Панама, Либерия, Кипр және Багам аралдары сияқты елдердің жетекшілік етуі тек шартты түрде ғана, себебі флоттардың басым көпшілігінің иелері АҚШ және Батыс Еуропа елдері (Франция, Ұлыбритания, ГФР).

Мұхит алаптары арасында теңiздік жүк тасымалдаудың көлемі бойынша бiрiншi орынды Атлант мұхит иеленеді. Оның жағалауында әлемнің ірі порттары орналасқан: Роттердам (Нидерланды), Антверпен (Белгия), Гамбург (ФРГ ), Лондон (Ұлыбритания ), Марсель (Франция ), Генуя (Италия ), Жаңа Орлеан, Нью-Йорк, Филадельфия (АҚШ ). Тынық мұхиты (Кобе, Тиба, Иокогама, Нагоя - Жапония, Шанхай - ҚХР, Пусан - Корея республикасы, Сидней - Австралия, Ванкувер - Канада т.б) және Үнді мұхиты (Карачи – Пәкістан, Бомбей және Калькутта - Үндістан, Коломбо - Шри-ланка т.б) жағалауында да ірі порттар көп.

Өзен көлiгі. Көлiктiң бұл түрiнiң дамуы және географиясы көбінесе табиғи жағдайларға байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда үлкен мүмкiндiктері жоғары аймақтар Солтүстік Америка және Латын Америкасы, Еуропа және Азия болып табылады. Еуропаның көлік желілерін Сена, Рейн, Элба, Одра, Висла, Дунай, Днепр, Едiл және т.б құрайды; Азияда - Лена, Амур, Ганг, Инд, Иравад, Янцзы, Обь, Енесай тағы басқалар.; Солтүстік Америкада - Миссисипи, Маккензи тағы басқалар.; Латын Америкасында - Амазонка және Парана; Африкада - Конго, Нигер, Ніл; Австралияларда – Дарлинг, Муррей.

4. Халықаралық экономикалық қатынастардың орны. Қазіргі уақыттағы елдердің мамандану деңгейі өте жоғары болған себепті, кейбір елдер тауар мен қызмет экспорты арқылы өздерінің елеулі деңгейдегі табысын қамтамасыз етіп отыр. Осындай елдерді экономикасы ашық елдер дейді. Қазіргі уақытта елдің өндіруші салалары жоғары деңгейде дамуы үшін мол шикізат қоры, қаржымен қамтамасыз етілген, ғылыми- техникалық потенциалы дамыған, шетелдік капиталдың келуі жеңілдетілген және басқа елдермен қарым-қатынасы ашық та тиімді болуы керек. Осы жағдай елдің өзінің ішкі мүмкіндігін толықтай пайдаланып, шеттен қаржыдай, еңбек, шикізат, т.б. қорларды әкелуге мүмкіндік береді. Осындай қарым – қатынастарда халықаралық интеграцияның орыны зор. Осындай ынтымақтастықтың тиімді жолы – бұл еркін экономикалық аймақтарды құру. Осындай аудандардың тиімді экономикалық – географиялық жағдайы, тауарлар мен қызметті экспортау мен импортауға жеңілдетілген салық жүйесі, баға қоюдың ерекше жағдайлары шет елдік озық технологияларды әкелуге мүмкіндік беретін, т.б. жағдайлары бар. Қазіргі уақытта әлемде 500- ден артық ЕЭА бар.

Жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің бағдарламасы. Халықаралық экономикалық қатынастарда жетекші орынды дамыған елдер алады. Олардың үлесіне шамамен 70 % келеді. Ал дамушы елдер дамыған елдерге тек арзан еңбек күшін, шикізат, егіншілік өнімдерін, т.б. берумен шектелген. Соған байланысты 1970-ші жылдарда БҰҰ «Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп» бағдарламасын енгізген, оның мақсаты – бұл халықаралық қатынастарды тең серіктестік негізінде дамытып, әлемдік шаруашылықтың дамуына барлық елдердің жан- жақты қатынасуын қамтамасыз ету.

Басты халықаралық экономикалық байланыстардың түрлері:

-әлемдік сауда.

-қаржы – несие қатынастары.

-өндірістік қатынастар.

-ғылыми – техникалық қатынастар.

-халықаралық қызметтерді ұсыну.

-халықаралық туризм.

Әлемдік сауда. Ол халықаралық қатынастардың аса маңыздысы, үш көрсеткішпен сипатталады:

- сыртқы сауда айналымы.

- сыртқы сауданың тауарлық құрылымы.

- сыртқы сауданың географиялық таралуы.

Халықаралық кредиттік – қаржы қатынастары. Осы бағыт халықаралық қатынастардың жас саласы. Оның бағыттары:

-халықаралық қарыздар мен несиелер (кредиттер).

-тікелей шетелдік капиталдық салымдар.

Ғылыми-техникалық байланыстар – бұл ҒТР салдарынан пайда болған экономикалық қатынастар. Оның негізгі бағыттары

– ғылыми-техникалық өнімдерді сату,сатып алу немесе алмасу.

- бірлескен жобаларды істеу.

Халықаралық қызмет жасау. Негізінен халықаралық транспорттық қызметтерде кемелерді, самолеттерді жалға беру дамуда.

Жаңа халықаралық қызмет жасаудың түрлері:

- ақпараттық қызметтер.

-инженерлік қызметтер.

-банк қызметі.

-жарнама қызметі.

Негізгі қызмет экспорттаушы елдер – Жапония, АҚШ, Германия, Англия, Франция, Италия.

Халықаралық туризм – соңғы он жылдықта қарқынды дамыған халықаралық байланыстардың түрі. Туризм географиясы әлеуметтік – экономикалық, табиғи, экономикалық – географиялық жағдайлар, т.б. факторларға тәуелді.Көптеген елдер үшін халықаралық туризм маманданудың жетекші саласына айналған.

9 дәріс тақырыбы: Адамзаттың ғаламдық проблемалар


Сабақтың жоспары:

  1. Ғаламдық проблемалардың шығу себептері

  2. Әлемдік проблемалардың экономикалық аспектілері және оларды шешу

  3. Кедейлік, аштық, ауру.


1. Адамзат қоғамы дамуында 20 ғасыр шиеленіскен,шешімі кезек күттірмейтін ғаламдық проблемаларды алып келді. Ресей географы В.П. Максаковскийдің анықтауы бойынша, ғаламдық проблемалар деп бүкіл дүние жүзін,бүкіл адамзатты қамтитын, оның қазіргісі мен болашағына қауіп төндіретін және өзінің шешілуіне бірігіп күш жұмсауды, барлық мемлекеттер мен халықтардың біріккен әрекетін талап ететін проблемаларды айтады. Ғаламдық проблемаларды сипаттайтын басты ерекшеліктер:

  • ғаламдық проблемалар барлық елдердің (немеме көпшілігінің) мүдделеріне қатысты болады;

  • ғаламдық проблемалар дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік дамуын тежейді;

  • ғаламдық проблемалар тез арада шешуді қажет етеді;

  • ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты болады;

  • ғаламдық проблемаларды шешуге бағатталған әрекеттер дүние жүзі елдерінің бірлесуін және олардың мүмкіншіліктерін үйлестіруді қажет етеді.

20 ғасырдың басында көптеген елдер өзара шаруашылық қатынастар орнатып, ұлттық шаруашылықтар әлемдік деңгейде қамтыла бастауына байланысты дүниежүзілік шаруашылық жүйесі қалыптасты. Ғаламдық проблемалардың пайда болуына ең алдымен адамзаттың шаруашылық әрекетінің халықаралық деңгейде байланысуы алғышарт болды. Еңбек бөлісінің әлемдік деңгейге шығуы мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының өзара байланысты дамуына алып келді.Әртүрлі елдердің дүниежүзілік шарашылық байланыстарға қамтылу ауқымы мен деңгейі бұрын болып көрсеген сипат алды. Сол себепті ендігі жерде елдер мен олардың жеке бөліктері дамуының жергілікті проблемаларын ғаламдық деңгейге «көтерілді». Дүние жүзіндегі елдердің барлығының да мүдделеріне қатысты болғандықтан, жеке елдердің дамуының бұл қайшылықтары бүкіл адамзатқа қатысы бар ғаламдық проблемаларға айналды.

Ғаламдық проблемалардың пайда болуына және одан әрі шиеленісуіне басқа да көптеген факторлар әсер етеді, олардың бастылары:

1)жаппай қырып-жоятын қару түрлерін жасау нәтижесінде адамзат өркениетенің болашағын қауіп төнуі;

2)антропогендік әркеттің табиғи ортаға кері ықпал етуі нәтижесінде экологиялық жағдайдың нашарлауы;

3)дамыған және дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінің арасында алшақтықтың ұлғаюы;

4)табиғат ресусрстарын пайдалану қарқынының күрт артуы.

2. « Ғаламдық проблемалар » термині алғаш рет Батыс елдерінде 60 - шы жылдарында пайда болып, әрі қарай кең көлемде таратыла бастады. Оның қазіргі анықтамалары сол елдерде алғашқы рет айтылды. Ғылыми әдебиеттерде «ғаламдық проблемалар» терминінен басқаларда қолданылады: адамзаттың ғаламдық проблемалары, өркениеттіліктің ғаламдық проблемалары, ҒТР - дың ғаламдық проблемалары, дүниежүзілік экономикалық проблемалар, субғаламдық, әмбебаптық, жалпы дүниежүзілік және басқа да проблемалар бар. Ғаламдық ұғымы – франсуздың globol – жалпылама, globas – шар деген сөзінің қорытынды туындысы.

Экономикалық даму мен географиялық жағдайының деңгейіне қарамай, ғаламдық проблемаларға әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестерді де жатқызамыз. Олар планетедағы барлық елдердің дінгекті мүдделерін қамти отырып, дүниежүзілік қоғамдастықтағы мемлекеттердің өзара әрекеттенуінің дәйекті жолдарын іздестіріп, бүгіндері өркениеттілік адамдар тағдырының өмірлік маңызы барлығын паш етуде. Оған жататындар мыналар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау; қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық арта қалуын жою; энергетикалық, шикізаттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт – жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процесстердің әсеріне ұшырап отырады:


  • милитаризация мен қару - жарақтану;

  • қоршаған ортаның төзімсіз ластануы:

  • қауіпті аурулардың таралуы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

  • дамушы елдердегі демографиялық процесстердің асқыну салдарынан тасқыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болы;

  • жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы.

  • дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол тек қана барлық мемлекет пен халықтардың саяси экономикалық, ғылыми - техникалық күштерінің бірігуі нәтижесінде шешуге болады.

Энергия тұтынудың құрылымы мен деңгейін анықтайтын экономикалық өсу бастапқы энергияның барлық түрлерінің өндірісінің айтарлықтай өсуіне әкеледі. Егер қазір әлемдік тұтыну 20 млрд. тонна шартты отын құрайды, ал ХХІ ғасырдың ортасында ( болжам бойынша ) 30 - 38 млрд. тонна құрамақ.

Қайта өндірілетін ресурстар ( су энергиясы, жел, күн энергиясы ) мамандардың бағалауы бойынша әлемдік энергия тұтынудың 15% қамтамасыз ете алады. ХХІ ғасырда энергияның көп бөлігі ядролық отын есебінен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Бірақ ірі су электр станцияларын салу гидрологиялық режимде қосады, ал ірі жылу электр станцияларын пайдалану қоршаған ортаның қатты, сұйық және газ тәрізді қалдықтармен ластануына келеді. Осының бәрі планетаның климатына айтарлықтай әсер етеді. Қазіргі энергетиканың даму қоршаған ортаға локалды масштабта да, сондай - ақ ғаламдық масштабта айтарлықтай және көп жақты әсер етумен байланысты. әсіресе атом электр станциясының экологиялық қауіпсіздік проблемасы өткір тұр (мысалы Чернобыль АЭС-сының қасіреті ).

Бірақ бұл аддамзаттың өндірістік қызметінің тек бір жағы. Табиғи ресурстар қорлары азаюда, сонымен бірге биосфераны ластандырып және уландырып атмосфераға жылына 115 млн. т. Күкірт тотығы, 1 млн. т. Шамасында көміртегі тотығы бөлінуде.

Егерде әлемдік қауымдастықтың өнеркәсібі аз қалдықты және қалдықсыз технологияға көше алса, онда осы бағалы элементтердің адамға пайдалы өнімдерге айналдыру және биосфераға айтарлықтай сауықтыру мүмкін еді.

Арал теңізінің жоғалуы – адамзат тарихындағы масштабының ауқымдылығымен және тіршілікті жоятын салдарлары бұрын болмаған, Еуразия материгінің Орталық бөлігінде континенталды климатты жұмсартқан, алып су қорының құрып кету апаты. Бұл Қазақстан және Түркіменстанның кең територияларының климаттық жағдайларын ғаламдық өзгерістерге әкеледі. Қазір әсіресе белгілі ғалым - экономистің сөзі өте маңызды: « Мәдениет, егер ол ретсіз дамыса, ал саналы түрде бағытталмаса, өзінен кейін шөлді қалдырады ».

Атмосферада күкірттің тотығы, азот тотығы, көсмір қышқыл тотығы және басқа да органикалық қосындылар жиналуда. Нәтижесінде «қышқыл жауындар» пайда болып, олар өнеркәсібі дамыған елдерде 31 млн.га жерге зиян келтірді. Көмірқышқыл тотығының 2еселенуі келесі жүзжылдықта « парник эффектісі » әсерінен ірі климаттық өзгеріс әкелуге қабілетті. Жыл сайын 6 млн. га жер шөлге айналып, 11 млн. га орман шабылады.



3. Жер шарының көп бөлігін қамтып отырған ғаламдық проблемалардың бірегейі – кедейлікті, аштықты, ауруды жою болып отыр. Қазіргі уақытта Жер бетінде адамзат тарихында бұрын - сонды болмаған ашаршылық көптеп белең алуда.

БҰҰ - ның мәлімдеуінше дамушы елдерде 800 млн астам адам немесе тұрғындардың 40 % абсолютті кедейлік жағдайда өмір сүруде. Ғалымдардың айтуы бойынша 2000 жылы кедейлер саны 1,2 млрд адам болды. Дамушы елдерде 1980 жылы аштықтан 50 млн. адам қайтыс болған, ал оның 15млн. сәбилер. Азық-түлік жағдайы төмендеп, оны өндіру өсімі көп елдерде « жеп қойылды ». Ол тұрғындардың өсуі мен жұтылуда. Демек, дамушы елдерде кедейлік, аштық, аурудың асқынуы демократиялық процестермен байланысты. Дамушы елдерде астықты импорттау жоғарғы қарқынмен өсуде: жылына 70 - ші жылдың басында 30 млн. т., 1975 жылы – 80 млн. т., 1990 жылы – 135 млн т., ал 2000 жылы – 226 млн.т. болып 37 млрд. АҚШ долларын құрамақ. Көптеген елдерде мұндай ақша жоқ. Әдетте, астық импортына кедей елдер мұқтаж екені белгілі.

Бар ресурстар мен халық саны арақатынасының алшақтығы өсуде. Қазіргі кезде жер бетиіндегі адамзат 6 млрд. құраса, келесі ғасырда 8 - 14 млрд. өседі деп көзделуде, соның 90% - тен астамы ең кедей мемлекеттердің үлесінде болмақ.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң, жаппай қарулануға кеткен жалпы тікелей шығындар 6 трлн. доллардан асқаны белгілі болып отыр. Жыл сайынғы соғыс шығындары шамамен триллион долларды құруда. Қазіргі жаппай қарулану қарқынын ескерек, дүниежүзінде жалпы соғыс мақсатына жұмсалатын шығындар кем дегенде әрбір 15 жыл сайын екі есе артып отырмақ.

Дүниежүзіндегі қару-жараққа жұмсалатын шығындар дамушы елдерді қажетті тамақ-тағамдармен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге жетер еді.

Дәлірек айтсақ, қарусыздану адам және дүниежүзілік ресурстарының белгілі бөлігін сақтап қалуға көмектесер еді. Ал, одан қалғандарын дүниежүзілік қауымдастық шешімімен қоршаған ортаны қорғауға, ауруды жоюға, азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағыттауға болады.

Планетамыздағы дамыған елдер индустриялды дәуірден постиндустриялдығы, өркениетті ақпараттық дәуірге өтуде. Туып келе жатқан ақпараттық қатынастар планетадағы барлық елдерге оның экономикасының дамуы мен сипатының деңгейіне қарамай-ақ ( рыноктық па, әлде рыноктық емес пе ) әсер етуде. Қазіргі уақытта дамыған елдерде кешенді сапалар тез қалыптасуда. Әдетте, олар өндіріс сферасына ақпараттық технологияның енуімен, жоғарғы тиімділікті компьютер жүйесін өңдеумен байланыстырылады. Алыс қашықтарға телекоммуникациялық, космостық, оптикоталшақтық байланыстар жүйесі арқылы ақпараттық қорларды тасымалдайды. Нәтижесінде компьютерлік және коммуникациялық жабдықтар өндіріс жоғары деңгейге көтерілді.

Дүниежүзіндегі бірқатар өркениетті елдерде ақпарат индустриясы даму деңгейі жағынан материалдық өндіріс сферасынан асып түсуде. Мысалы, АҚШ пен Жапонияда ақпараттық өндіріс сферасында 50% - ке жуық еңбек ресурстары қамтылған.

АҚШ - тың Ұлттық ғылыми қорының болжауынша ХХІ - ші ғасырдың бұл тенденция өсе түседі. Егер ғылыми қызметтер, инженер, техниктерге сұраныс 36% - ке өссе, есептеу техникасындағы мамандарға 70 - ке дейін өспек.

Дүниежүзілік қауымсдастықта ақпараттық рынок пайда болып, оның 30% американың ақпараттық корпорациясына жатады. Ақпараттық бизнес қарқынын үндетуде және қызмет көрсету көлемін ұлғайтуда. Егер 80 - шы жылдардың басында жетекші ақпараттық, компаниялардың табысы әлденеше миллион доллардан аспаса, қазіргі компьютерлік қызметті он миллиардтаған доллар көлемінде сатып отыр.

Бұл деген жалпы әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесінде – ақпараттық қатынастардың - К. Маркс дәуіріндегі қоғамдық қатынастардың түрі ретінде тезірек ұлғайып, барынша қарқынды күш алуда.

Ақпараттық қатынастың үдеуі өндірістің дамуы мен интеллектуалдық құндылықтарды қарқынды пайдаланумен түсіндіріледі. Құндылықтарға: білім, ақпараттар, ғылыми - техникалық, жаңалықтар, алгоритмдар, ресурстар жатады. Ақпараттық қатынастар дерлік барлық әлеуметтік - экономикалық жүйелерге әсер етеді.

Ғалымдардың ойынша, ақпарат – қоғамдық өндірістің жаңа функционалдық категориясы болып, оның ерекше және маңызды компоненті.

Осыған байланысты ғалымдардың есептеуінше, ақпараттық өркениеттілік дәуірінде ұдайы ұлғаймалы өндірістің жаңа типті қалыптасып, көбінесе интелектуалдық факторлармен байланысты.

Экономикалық теория ғылымы өндіріс заңдары, бөліну мен тұтыну, материалдық игіліктерді ерекше түсіндіре отырып, ақпаратпен жақындаса түседі. өндіріс заңдары мен ақпараттық ресурстарды қолдануды ақпараттық ғылым дейміз. Ақпараттанудың негізгі бағыт-бағдары жаңа халық шаруашылығы сферасын қалыптастырып, қарқынды дамыту, ол дегеніміз ақпараттық индустрия.

10 дәріс тақырыбы: Дамыған елдер


Сабақтың жоспары:

1.Дамыған елдердің жалпы сипаттамасы

2.Дамыған елдердің әлеуметтік-экономикалық даму үлгілері

1. Барлық халықаралық ұйымдар нарықтық экономикасы дамыған елдер қатарына АҚШ, Канада, Батыс Еуропа елдерін, Швейцария, Норвегия, Исландия, Жапония, Аустралия, Жаңа Зеландияны жатқызады. БҰҰ-ның кейбір құжаттарында Израиль мен ОАР-да осы топқа енгізілген. Дамыған елдер қатарына 40 шақты ел жатады. Олардың 34-і әлемдік тауар өндірісі мен қызметтің 60%-ы тиесілі болатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымынамүше болып табылады (1-кесте).

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдер,2010ж





Елдер

Ұйымға енген мерзімі



Елдер

Ұйымға енген мерзімі

1

Аустралия

1971

18

Жаңа Зеландия

1973

2

Австрия

1961

19

Норвегия

1961

3

Бельгия

1961

20

Польша

1996

4

Ұлыбритания

1961

21

Португалия

1961

5

Венгрия

1996

22

Словакия

2000

6

Германия

1961

23

Словения

2010

7

Грекия

1961

24

АҚШ

1961

8

Дания

1961

25

Түркия

1961

9

Израиль

2010

26

Финляндия

1969

10

Ирландия

1961

27

Франция

1961

11

Исландия

1961

28

Чехия

1995

12

Испания

1961

29

Чили

2010

13

Италия

1961

30

Швейцария

1961

14

Канада

1961

31

Швеция

1961

15

Люксембург

1961

32

Эстония

2010

16

Мексика

1994

33

Корея Республикасы

1996

17

Нидерланд

1961

34

Жапония

1964

Дамыған елдерде жиынтық ішкі өнім мен энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткіші жоғары.Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан, яғни ауыл шаруашылығының ЖІӨ-дегі үлес салмағы 2-5%-дан аспайды. Дамыған елдердің көпшілігінде өнеркәсіп үлесі жылдан жылға қысқарып келеді, қызмет көрсету саласының үлесі 60-70% құрайды. Дамыған елдерде ғалымдар «жаңа экономика» деп атаған экономикалық феномен қалыптасуда.Экономистердің анықтауынша, жаңа экономика дегеніміз материалдық-заттық ресурстардан гөрі, адам капиталының үлесі жоғары болатын салалардың жиынтығы болып табылады. Оның құрылымына білім беру, ақпараттық-коммуникациялық нарықтар, инновациялар өндірісі, жоғары технологиялар саласы, ақыл-ой қызметтерін көрсету енеді.Дамыған елдерге тән ерекшеліктер ретінде төмендегілерді атап өтуге болады:

  • Бұл елдерде инфрақұрылым( байланыс, көлік, қаржы қызметтері, сауда), әлеуметтік қызмет көрсету( денсаулық сақтау, білім беру, спорт) жоғары даму деңгейіне жеткен.

  • Шикізат пен еңбек ресурстарын аз қажет ететін және ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-кострукторлық шығындар көлемі көп болатын жоғары технологиялық салалар мен технологиялық қызмет көрсететін салалар күшті дамыған.Өндіріс пен тұтынудың жаңа технологиялары мен басқарудың сапалық өзгерістеріне негізделген, экологиялық талаптар қатаң сақталатын инновациялық салаларды дамытуда.

  • Дамыған елдердің халықаралық бәсекеге қабілеттілігінің негізін ғылыми білім мен жоғары деңгейдегі мамандар құрайды.Бұл елдердің инновациялық дамуы сапалық тұрғыдан жаңа игіліктерді пайдаланып, өндірістің жаңа әдістері мен тәсілдерін қолдану, жаңа тұтыну нарықтары мен жаңа шикізат көздерін игерумен анықталады.

  • Дамыған елдер неғұрлым жоғары деңгейде өңделген, бағасы жоғары болатын өнімдері мен сапалы қызмет көрсету, ақыл-ой еңбегінің нәтижесі болып табылатын объектілері арқылы халықаралық саудада айқын басымдыққа ие болады.

  • Дамыған елдерде қаржының ғаламдық ағындары тоғысады. Осының нәтижесінде әлемдік экономикаға тікелей ықпал ететін ірі қаржы орталықтары( Лондон, Нью-Йорк, Чикаго, Токио) қалыптасқан.Халықаралық нарықтағы несиелік қаржының 90%-ы дамыған елдердің өз ішінде айналымға түседі.

  • Дамыған елдерде өндіріс пен айырбас құрылымының өте тиімді құрылымының орнығуы өмір сүрудің аса жоғары сапасы мен деңгейін қамтамасыз етеді. Сондықтан дамыған елдерге дүние жүзінің барлық түпкірінен жұмыс күші тартылады.

2.Дамыған елдерде мемлекеттік сектор мен нарықтық элементтердің арасалмағына байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың бірнеше үлгілерін ажыратуға болады:

- Либералды(америкалық) үлгі;

- Әлеуметтік бағдарланған(шведтік) үлгі;

- Әлеуметтік-нарықтық(германдық) үлгі;

- Иерархиялық-бірлестіктік(жапондық) үлгі.

Либералды(америкалық) үлгіге мемлекеттік меншік үлесі төмен болуы және өндіріс саласында, сауда, инвестиция, жұмыс күшін пайдалануда нарықтық бәсекелестіктің үстемдігі, әлеуметтік жіктелудің күрделі сипаты тән болады. Үкімет тарапынан заңдар, салықтық және ақша-несие саясаты арқылы экономиканы макро- және микродеңгейде реттеп отырады. Бұл әрекеттер нарықта бәсекелестікті дамыту және монополияларды шектеу, нарықтағы құлдырауларды болдырмау және жекелеген әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғау мақсатында жүргізіледі.

Әлеуметтік бағдарланған(шведтік) үлгі табыстарды кеңінен бөлісу және қоғамдағы топтардың өзара келісімдеріне қол жеткізу арқылы әлеуметтік кепілдіктердің жоғары деңгейін қамтамасыз етумен ерекшеленеді.Бұл үлгі қазіргі кезде скандинавиялық елдерге, Аустралия мен Жаңа Зеландияға тән.

Әлеуметтік-нарықтық(германдық) үлгіде нарық бәсекелестігі жағдайында дамитын қоғамды айрықша әлеуметтік инфрақұрылым толықтырып тұрады. Әлеуметтік құрылым нарық жағдайында белгілі бір қиындықтарға ұшырайтын әлеуметтік қорғансыз топтарға ұдайы қолдау көрсетуге негізделген.

Иерархиялық-бірлестіктік(жапондық) үлгі мемлекет бірлескен капитализмді белсенді түрде реттейтін және конфуцийлік менталитет негізінде басқарылатын экономика болып табылады.Бұл елдердің шаруашылық дамуы 4 негізгі ұстанымға негізделген:

1.Экономиканы мемлекет тарапынан қатаң түрде реттеп отыру, яғни басты міндеттерді шешу үшін барлық ресурстарды жұмылдыру.

2.Қаржыны жинақтау және инвестициялар қорын жасау мақсатында экономиканы экспортқа айқын бағдарлау.

3.Шетел қаржысын кеңінен тарту. Даму барысында көптеген елдер өздері шетке қаржы шығара бастады(Жапония,Тайвань).

4.Өнім сапасын ұдайы арттыру мүмкіндігі бар және сыртқы нарықтағы бәсеке күреске төтеп бере алатын монополиалардың құрылуы.

Бұл үлгі бойынша іскер топтар холдингтерге бірігеді, ұсақ және орта кәсіпорындар ірі банктер, кәсіпорындар айналасында шоғырланып, олармен ұзақ мерзімдік шаруашылық келісімшарттар жасайды. Осылайша, олар нарыққа ірі қаржы-өнеркәсіп топтарының құрамында шығады. Мемлекет меншігінің үлесі төмен. Соған қарамастан, мемлекет экономикалық даму бағдарламаларын жасау, құрылымдық, инвестициялық, сыртқы экономикалық және әлеуметтік саясатты жүргізу арқылы қоғам өміріне белсенді араласады. Мемлекет жұмыс күшінің кәсіби біліктілігін арттыру мен мамандар даярлауды ерекше назарында ұстайды.

11 дәріс тақырыбы: Өтпелі экономикалы елдер
Сабақтың жоспары:


    1. Экономикасы өтпелі елдерге жалпы сипаттама

    2. Өтпелі экономика елдеріндегі жүйелің қайта құрулар



1. XX ғасырдың 80-жылдарының соңы мен 90-жылдарының басында социалистік жүйенің ыдырауы нәтижесінде пайда болған 28 ел жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуді жүзеге асыруда. Өтпелі экономика елдеріне Орталық және Шығыс Еуропаның бұрынғы социалистік мемлекеттері (Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Словакия, Чехия, Югославия Федерациялық Республиканың ыдырауынан пайда болған Босния мен Герцеговина, Македония, Словения, Хорватия, Сербия, Черногория,) бұрынғы КСРО құрамында болған, кейіннен ТМД одағын құрған Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Украина және ТМД құрамыннан 2009 жылы өз еркімен шыққан Грузия, Балтық бойындағы Латвия, Литва, Эстония жатады.

Өтпелі экономика елдерінің бірқатары (Болгария, Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Словения, Латвия , Литва мен Эстния ) 2004 және 2007 жылдары ЕО құрамында қабылданған болатын, бұл елдердің нарықтық жағдайға түбегейлі көшу барысын қарқындатты. Орталық және Шығыс Еуропаның, Балтық бойы мен Балқан түбегіндегі бірқатар мемлекеттерінде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері әлдеқайда жоғары, оларда қайта құрулар жылдамырақ жүргізілуде.

Өтпелі экономика елдері дүниежүзілік ЖІӨ көлемінің 6%-ын (Орталық және Шығыс Еуропа елдері – 2%-дан аз, бұрынғы кеңестік республикалар – 4%-дан астам) өндіреді. Өтпелі экономика елдерінің әлемдік экспорттағы үлесі – 3%. Орталық және Шығыс Еуропа елдерінде 120 млн адам тұрады, жиынтық ішкі өнім көлемі 2трлн. АҚШ долларын құрайды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша өтпелі экономика елдерін орташа дамыған индустриялық және индустриялық-аграрлық елдер қатарына жатқызуға болады. Бұл топтағы елдердің арасында көшбасшы қызметін Чехия және Словения атқарып отыр. Сондықтан кейбір зерттеушілер бұл елдерді тіпті дамыған елдер тобына қосып жүр. Дегенмен, экономикасының қазіргі даму жағдайы, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жағынан бұл елдер әлі де өтпелі сипатын сақтап отыр.

«Өтпелі экономика елдері» деп аталған бұл елдердің ерекшелігі ретінде олардың экономикалық жүйелерінің жоспарлы сипатты болғанымен, әлі де болса нағыз нарықтық экономикаға тән барлық элементтерге (дамыған банк және қаржы жүйелері, жетілген заңнамалық база, еркін алмастырылатын тұрақты валюта және т.б) ие болмауын атап өтуге болады.



2. Өтпелі кезең – ұзақ тарихы процесс, бұл кезеңде қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесі, қоғам өмірінің барлық саласы түбегейлі өзгеріске түседі. Меншік қатынастарының алмасуымен қатар, шаруашылықты басқару, ресурстарды пайдалану,макроэкономикалық құрылымды қалыптастыру тетіктері, экономикалық әрекет түрлерінің сипаты өзгереді.

Мемлекеттің экономикаға тікелей араласуын шектеу дегеніміз әкімшілік жүйе жағдайында мемлекеттің экономикада атқарып келген көптеген қызметінен бас тарту болып табылады. Шектеулерді қажет ететін қызмет қатарына өнім түрлерін өндіруге мемлекеттік тапсырыс, инвестициялық жобалардың басым көпшілігін мемлекеттің қадағалауы, өнім түрлеріне бағаларды мемлекеттің тағайындауы, сыртқы саудадағы мемлекеттік монополия жатады.

Макроэкономикалық тұрақтандыру да аса қажетті қадамдардың бірі болып табылады. Бұл ұғымға мемлекеттік бюджет дефицитін (бюджет дефициті – белгілі бір мерзімдегі мемлекет бюджеті шығыстарының кірістерінен асып түсуі) азайту, айналымға артық ақша массасын шығармау және шаруашылық субъектілеріне жеңілдетілген несиелер беруді шектеу жатады.

Бағаларды либералдандыру дегеніміз – мемлекет тарапынан бағаларды реттеуден толығымен немесе ішінара бас тарту, бағалардың нарықтағы таурларға сұраныс пен ұсыныс негізінде, тауар өндірушілер арасындағы еркін бәсекелестікке сәйкес қалыптасуына көшу.

Жекеменшікті қалыптастыру экономика салалары бойынша жүргізіліп, меншік иелерінің құқықтарын қорғайтын заңмен кепілдендірілуі тиіс. Бұл принцип мемлекеттік меншікті жекешелендірумен тығыз байланысты болады. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бұрынғы мемлекеттік меншікті жекешелендіру мемлекеттік өндіріс құралдарын, мүлікті, тұрғын үйлерді, табиғат ресурстарын, жерді сату немесе ақысыз беру негізінде жүргізіледі.Осының нәтижесінде жеке, акционерлік немесе ұжымдық меншік түрлері қалыптасады.

Ашық сипаттағы экономиканы қалыптастыру шетелдермен еркін сауда қатынастарын орнату, ел экономикасына салынған шетелдік инвестициялардың қор,алуына, азаматтардың шетелдерде тапқан табыстарының ұлттық экономикаға қайтуына мүмкіндік жасалуы және т.б байланысты жүзеге асрылады.

Осы аталған экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру өтпелі экономика елдерінде шамамен 1989 жылы басталады. Қайта құрулардың алғашқы кезені (1989-1993 жылдар) өте ауыр жағдайда өтті. Бұл жалпы алғанда барлық елдерде экономиканың құлдырауына, жалпы қоғамның дағдарысына алып келді. 1994 жылдан бастап қайта құру белсенді түрде жүргізіле бастады, бірақ бұл процесс әркелкі қарқын алды. Қайта құрулар жалпы алғанда екі түрлі бағытта жүргізілді: эволюциялық және радикалды (күйзеліспен емдеу). Нарықтық экономикаға көшудің эволюциялық жолын таңдаған елдерде (ең алдымен Венгрия, Словакия, Чехия) экономиканың өрлеуі жылдам сипат алды. Радикалды қайта құрулар жүрген посткеңестік елдерде ортақ ақшадан бас тартып, ұлттық валюталар айналымға енгізілді.

Осы кезеңде нарықтық қатынастарға көшу, жекешелендіру жүрді. Соған қарамастан, өтпелі экономика елдерінің басым көпшілігінде тұралып қалған экономиканың проблемалары, әлеуметтік дағдарыс шиеленісе түсті. Осының нәтижесінде өтпелі экономика елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлерінде, өндірістің және технологиялық жабдықталуында үлкен алшақтықтар пайда болды.

Экономистердің есептеулері бойынша, қайта құру жылдарында бұрынғы социалистік елдер тұрғындарының тек 20%-ы ғана өздерінің өмір сүру деңгейін жақсартқан, ал керісінше 35%-ы «жаңа кедейлердің » қатарына қосылған. БҰҰ зерттеуі бойынша, кедейшілік жан басына шаққандағы тәуліктік табысы 4 АҚШ долларынан кем болатын тұрғындардың барлығын қамтиды. Экономикалық қайта құрулар кезеңінде жұмыссыздық деңгейі артты: социалистік елдерде 1989 жылы бұл көрсеткіш бар болғаны 1,5-2% болса, қазіргі кезеңде орташа есеппен 10-15%-ды құрайды.

Өтпелі экономика елдерінде мемлекет өз тарапынан экономиканы реттеу тетіктерін іске қосады, оның басты элементтері ретінде төмендегілерді атауға болады:

- ұлттық экономиканың макро-, микро- және сыртқы деңгейлерінде мемлекетік реттеудің мақсаты мен міндеттері;

- реттеу объектілері (өндірістік және өндірістік емес салалары, өндіріс процессі, нарықиық және емес секторлар, ақша жүйесі);

- реттеуші ықпалдың түрлері (болжамдық бағдарламалар, арнайы және шұғыл әрекет бағдарламалары, индикациялық жоспарлау);

- мемлекеттік реттеудің құралдары (салықтар, несиелер, бюджеттен қаржы бөлу, жеңілдіктер, көмекқаржы және т.б.)

Экономиканы реттеудің бұл тетіктерін пайдалану арқылы мемлекет өтпелі кезеңдегі басты қызметін оындайды. Өтпелі кезеңде экономиканың ашық сипат алуы, сыртқы нарыққа бағдар алу, шетелдік инвестициялардың көптеп нәтижесінде елдердің сыртқы қарыздары артты. 2-кестеде кейбір өтпелі экономика елдерінің сыртқы қарыздарының көлемі берілген.



Өтпелі экономика елдерінің сыртқы қарыздары


Рет саны

Ел

Сыртқы қарыз көлемі,млрд АҚШ долл.

Қарыз көлемі бойынша әлемдегі орны

Ақпарат мерзімі

1

Польша

252,9

27

31.12.2010 ж

2

Венгрия

134,6

31

31.12.2010 ж

3

Румыния

108,9

34

31.12.2010 ж

4

Украина

97,5

35

31.12.2010 ж

5

Чехия

86,8

39

31.12.2010 ж

6

Хорватия

59,7

49

31.12.2010 ж

7

Словакия

59,3

50

30.12.2010 ж

8

Словения

51,57

56

31.12.2010 ж

9

Ресей

40,7

58

31.12.2010 ж

10

Латвия

37,3

59

31.12.2010 ж

11

Болгария

36,15

60

31.12.2010 ж

12

Сербия

32,3

64

31.12.2010 ж

13

Литва

27,6

66

31.12.2010 ж

14

Эстония

25,13

67

31.12.2010 ж

15

Беларусь

24,8

68

31.12.2010 ж

ТМД елдеріндегі экономикалық қайта құрулардың өзіндік ерекшеліктері:



        1. Посткеңестік мемлекеттерде жүзеге асырылған қайта құрулардың сипатты мен бағыттары ХХ ғасырдың 80 – жылдарында басы болған ссоциалистік қайта құру идеяларына негізделерді. Бұл әрекеттер тәуелсіздік алған жас мемлекеттерде жаңа ұлттық мемлекеттік құрылымды қалыптастырумен қатар жүргендіктен, қиындықтарға алып келеді.

        2. Жаңа жағдайлардағы экономикалық қайта құрулардың мақсаты мен міндеттерін әрбір мемлекеттік қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірін негіздерін де өзгертіп, қайта қарауға мәжбүр етті.

        3. Жас тәуелсіз мемлекеттердің геосаяси, ұлттық және экономикалық мүдделерінің әрқилы болуы себепті ТМД елдерінде қайта құрулардың өзіндік ерекшеліктері қалыптасты.

Жалпы алғанда КСРО ыдырауы ондаған жылдар бойы қалыптасып дамуға негіз болған барлық шаруашылық байланыстардың бұзылуына саяси және әлеуметтік бөлектенуде алып келді. Бірыңғай жоспарлау жүйесінің жойылуы, ортақ валютадан бас тарту, аса ірі өндірістік кешіндерді стихиялы түрде меншіктену, сыртқа сауда әрекеттік босаңсыту шаралары өндірістік күрт құлдырауына себепші болды. 1993 жылы бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттердің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құруы олардың тарихи тағдыларының ортақтығына, біртұтас экономикалық кеңістік ретінде үзақ жылдар бірге дамығанына байланысты болды.

Кейбір мемлекеттердің ЖІӨ Кенес Одағы құрамында болған кезде бірнеше есе төмендеп кетті. Орташалар табын қалыптастыру жүргізілді. Шамадан тыс инфляция жүріп, ұлттық валюта бағамы күрт төмендеді, мемлекеттік бюджет дефициті орын алды. Осы кері өзгерістер нәтижесінде халықтың басым бөлігінің табысы азайып, әлеуметтік теңсіздік айқын көріне бастады. Халықаралық ұйымдар мен Халықаралық валюта қоры берген несиелер бастапқы жылдары мемлекеттік бюджеттін кем-кетігін толтыруға жұмсалады.

2000 жылдан бергі кезінде мемлекеттер тұрғысында жүзеге асырылған қаржылық тұрақтандыру, ақша массасын азайту және т.б. Шаралар инфляцияны азайтуға мүмкіндік берді. Дегенмен тәуелсіздік алғаннан кейінгі оншақты жыл ішінде ТМД мемлекеттерінің басым көпшілігінде әлеуметтік мәселелер ұшығып, халықтың өмір сұру деңгейі тһмендеп кетті.

Экономистер «күйзеліспен емдеу» деп атаған осы кезінің басты қортындылары ретінде мына мәселелерді атап өтуге болады: 1) ТМД елдерінің басым көпшілігінде нарықтық шаруашылықтың негізі қаланды; 2) Жеке кәсіпкерлік салыстырмалы түрде көрнекті экономикалық күшке айнала бастады; 3) Экономиканың салалық құрылымында шикізат өндіруші салалардың үлесі артуы себепті жағымсыз өзгерістер болды; 4) Инфляция қарқыны баяулағанымен, өсуі байқалып отыр; 5) Әлеуметтік сипаттағы проблемалар пайда болды.

12 дәріс тақырыбы: Дамушы елдер
Сабақтың жоспары:


  1. Дамушы елдерге тән белгілер және проблемалар

  2. Әлеуметтік - экономикалық даму бағыттары

  3. Дамушы елдердің әлемдік экономикадағы орны

4. Дамушы елдердің жіктелуі
1. Дамушы елдерге немесе үшінші әлем елдеріне әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен деңгейі тән болады. Дамушы елдер саны жағынан көп, алып жатқан аумағы мен халқының саны басым (Жер шары халқының 80%-ы)болғанымен,олардың үлесіне әлемдік жиынтық өнімнің үштен бірінен де аз бөлігі тиесілі болады.

Дамушы елдерге мынадай белгілер тән болады:

- Бұрын отар немесе жартылай отар болуы;

- Экономикасының көп укладтылығы:бұл елдерге индустриялық дамуға дейінгі өндіріс типі индустриялық,типті пост индустриялық өндіріспен қатар кездеседі;

- Қоғамның әлеуметтік құрылымының ала-құлалығы;

- Жергілікті қаржының жетімсіздігі,оның әлемдік қана емес,ұлттық экономикадағы үлесінің де төмен болуы;

- Жоғары дамаған елдерге қаржылық,ғылыми-техникалық жағынан тәуелді болу,оларда ескіріп қалған технологияларды өндірісте пайдалану;

- Әлемдегі ірі ұлтаралық бірлестіктердің пайдасы ретінде елден қайтымсыз әкетіліп жатқан қаржының болуы.

Дамушы елдердің көпшілігіне тән даму проблемалары бар.Олардың арасындағы ең бастысы – кедейшіліктің жаппай таралуы.Экономистер атап көрсеткендей, дамушы елдердің көпшілігінде орташалар табы қалыптасқан. Бұл елдердің тұрғындарының басым көпшілігінің табыс деңгейі дамыған елдерді былай қойғанда, сол елдердің өзіндегі аздаған бай адамдар тобымен де салыстыруға келмейді

Дамудағы кедергі келтіретін тағы бір проблема – еңбек өнімділігінің төмендігі. Бұған ең алдымен өндірістің қосымша факторларының (күрделі қаржы,технологиялық инновация,басқару тәжірибесі) болмауы немесе жетіспеуі жатады. Еңбек өнімділігінің арттыру үшін өндіріс пен адам капиталына елдің ішкі қаржы қорларын жұмылдырып, сонымен қатар шетелдік инвестицияларды тарту қажет. Осы жағдайда басқарушылар мен қызметкерлердің өз білімі мен біліктілігін ұдайы көтеруге ұмтылуы,тұрғын халықтың өндіріс пен қоғамадағы өзгерістерге бейімделуі,ең тәртібінің сақталуы,бастамашылдық пен жаңашылдықтың болуы,халықтың билікке көзқарасының өзгеруі аса маңызды болып табылады.Табыс деңгейінің төмендігі де еңбек өнімділгіне кері әсер етеді: дұрыс тамақтанбау,дер кезінде сапалы медициналық көмек алмауы,сауаттылық деңгейінің төмендігі адам денсаулығының нашарлануына еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне алып келеді.

Халық санының жылдам өсуі де дамушы елдердің өркендеуіне кедергі болып отырған жағдайлардың бірі болып табылады. Жалпы табыс деңгейінің төмендігі мен халықтың жастық құрамында толық қанды еңбек етуге қабілетсіз балалар үлесінің жоғағы болуы елдердің дамуын тежейді.Мысалы, дамыған елдерде 15 жасқа дейінгі балалардың үлесі 17 % болса,даму деңгейі өте төмен болатын мешеу елдерде 41% құрайды.

Ауыл шаруашылығы өндірісі мен отын,шикізат экспортына тәуелді болуы дамушы елдердегі проблемалардың бірі болып табылады.Мешеу елдерде халықтың 73%-ы ауылды жерде тұрады,ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 25% ғана болады.Осы жағдайда мешеу елдердің халқының басым көпшіліг ауыл шаруашылығымен айналысады; дамушы және дамыған елдердегі осы көрсеткіштер тиісінше 60% және 7%. Ауыл шаруашлығы өнімдерінің ЖІӨ құрылымындағы үлесі дамушы елдерде 20% болса, дамыған елдерде 3% құрайды.Шикізат пен отын ресурстарының экспорты дамушы елдердің табыс көздерінің бірі болып отыр.Африканың Сахарадан оңтүстікке қарай орналасқан көптеген елдерінде негізгі валюта түсімін (92% дейін) шикізат экспорты береді.

2. Дамушы елдерінің барлығының да алдында тұрған ортақ мақсат жалпы экономикалық артта қалушылықты жою болатын. Осы мақсатқа жету жолында дамушы елдер түрлі даму бағыттарын таңдады.

Мемлекеттік – капиталистік даму бағыты. Тәуелсіздік алғаннан соң,кейбір ірі дамушы елдердің ұлттық буржуазиясы елді экономикалық тығырықтан алып шығуға,дамыған елдерге тәуелділіктен арылтуға дәрменсіз болды."Мемлекеттік капитализм" деп аталған бұл бағытта экономикадағы күштердің ара салмағы мынадай сипат алды:



  • мемлекет металургия,машина жасау және энергетика тәрізді маңызды салаларды дамытуды экономиканың негізі ретінде өз қолына алады;

  • ұлттық буржуазия өте жылдам өтетіндіктен көп табыс беретін жеңіл, тамақ және басқа өңдеуші өнеркәсіпті дамытады;

  • шетелдік инвесторлар өздеріне тиімді жағдайларды қаржыны көп қажет ететін тау-кен өнеркәсібін дамытады.

Жекеменшік – капиталистік даму бағыты. Дамушы елдердің көпшілігі шағын елдер болып табылады. Жергілікті табиғи,адами,қаржы ресурстарының шектеулі,әлсіз мемлекет тарапынан айтарлықтай қолдау жоқ жағдайда бұл мақсатқа жету ұсақ жекеменшік капиталды дамыту арқылы мүмкін болды. Бұл жағдайда ұлттық экономикада екі басты күш әрекет етеді:

  • ұлттық буржуазия мемлекеттік биліктің қолдауымен елде бар ресурстарды пайдалануға монополиялық құқық алғанмен, экономиканы өркендетуге, алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуге мүмкіндігі жетпейді;

  • компродорлық буржуазия (испанша comprador – сатып алушы), яғни шетелдік компаниялармен ұлттық экономика арасында делдалдық қызмет атқаратын дамушы елдердегі буржуазияның бір бөлігі,олардың әрекетінің нәтижесінде ел экономикасы шетел қаржысымен алдыңғы қатарлы технологияларына қол жеткізеді,ұлттық экономиканың дүние жүзілік шаруашылыққа кіруіне жол ашылады.

3. Дамушы елдер үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор. Сондықтан дамушы елдердің ішкі экономикалық дамуына сыртқы нарық дамыған елдерге қарағанда көбірек ықпал етеді.

Біріншіден,белгілі бір ауыл шаруашылық дақылын өсіріп,экспортқа шығаруға маманданған елдердің (Эфиопия – кофе, Гана – какао бұршағы, Сегенал – жержанғақ) экомомикасы әлемдік нарықтағы осы өнімдерге сұраныс пен қойылатын бағаларға тәуелді болады.

Екіншіден, табиғат ресурстарына бай дамушы елдердің негізгі табыс көзі шикізат экспортынан түсетін валюта болып табылады. Осы жағдайда бұл елдердің экономикалық дамуы белгілі бір шикізат түрлеріне қойылатын әлемдік бағаларға байланысты болады.

Үшіншіден, жаңа индустриялық, елдер өндірген тауарлардың (станоктар, автокөлік, электр техникасы, тұрмыстық электроника) басым көпшілігі сыртқы нарыққа шығарылатындықтан, бұл елдердің де экономикасы белгілі бір деңгейде әлемдік бағалар мен сұранысқа тәуелді болады.

Төртіншіден, экономикасының диверсификациялану деңгейі төмен болатын дамушы елдер көптеген өнім түрлерін басқа елдерден сатып алуға мәжбүр, бұл өз кезегінде тиімсіз айырбасқа баруға итермелейді.

4. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тәуелсіз дамуы барысында дамушы елдер өзіндік ерекшеліктері бойынша жіктеле басталады. Бұл белгілердің негізінен 3 топқа бөлуге болады: 1) дамушы елдердің әрқайсысындағы таптық жіктелудің әр түрлі болу нәтижесінде әлеуметтік – саяси жіктелуі болды; 2) дамушы елдер өмір сүру деңгейіне,байлығына,қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты;

3) сыртқы саясатта ұстанған бағыттарына байланысты жіктелу болды.

Қазіргі кезде дамушы елдерді топтастырудың әр түрлі нұсқалары бар. БҰҰ ұсынған жіктеме бойынша,дамушы елдердің 3 тобы ажыратылады:


  • дамуы төмен елдер;

  • мұнай экспорттайтын елдерОПЕК мүшелері;

  • мұнай экспорттайтын дамушы елдер.

Экономикалық ынтымақтастық және дамуы ұйымы дамушы елдерді 4 негізгі топқа бөлген:

  • табыс деңгейі төмен елдер;

  • табыс дейгейі орташа елдер;

  • жаңа индустриялық елдер;

  • мұнай экспорттайтын ОПЕК елдері.

Халықаралық жаңғыру және даму банкі (ХЖДБ) ұсынған жүктеме дүние жүзі бойынша халық саны 1 млн. адамнан асатын,д амыған және дамушы 125 елді қамтыған. Бұл елдер жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша 4 топқа бөлінген: табысы төмен, табысы орташа, табысы орташадан жоғары және табыс деңгейі жоғары елдер. Алғашқы 3 топқа 101 ел қамтылған, олардың басым көпшілігі дамушы елдер болып табылады. Қалған 24 елдің өзі 2 топшаға жіктелген: жоғары дамыған елдер және БҰҰ дамушы елдерге қосатын елдер (Кувейт,Израиль,Сингапур,БАӘ).

Дамушы елдердің жіктелу деңгейін анықтау үшін бірқатар көрсеткіштер ескертіледі:



  1. Елдің ауқымы (аумағы,халық саны және жан басына шаққандағы табыс мөлшері);

  2. Елдің тарихи даму мен отарлық кезеңінің ерекшеліктері;

  3. Елдің табиғи ресурстарымен және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі;

  4. Қоғамның әлеуметтік және саяси даму ерекшеліктері;

  5. Елге сыртқы күштердің ықпал ету дәрежесі;

  6. Елдегі өндірістік құрылымдардың сипаты;

  7. Ел экономикасындағы жекеменшік және мемлекеттік сектордың үлес салмағы.




Алдыңғықатарлыелдер

ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.

Мешеуелдер

ЖІӨ көрсеткіші, АҚШ долл.

Люксембург

71 400

Мадагаскар

900

БАӘ

49 700

Ауғанстан

800

Норвегия

46 300

Бурунди

700

АҚШ

44 000

Сомали

600

Дания

37 000

Малави

600

13 дәріс тақырыбы: Дүние жүзі экономикалық байланыстар географиясы.


Сабақтың жоспары:

  1. Экономикалық байланыстар географиясына жаслпы сипаттама

  2. Әлемдік сауда географиясы

  3. Әлемдік қызметтер саудасы

  4. Әлемдік қаржы географиясы


1. Әлемдік шаруашылық географиясы мен елтану дүние жүзі экономиканың бөлек салалық және кеңістік құрылымдары арасындағы байланыстардың қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктерін зерттейді. Халықаралық сауда байланыстарының салалық обьектілері-бұл өндіріс сферасының өнімі, әр түрлі халықаралық қызметтер, валюта-қаржылық және несие қызмет сферасы және т.б. болып табылады. Кеңістік құрылымдар әр түрлі субъектілерді қамтиды: макроауданнан бастап бөлек мемлекеттерге дейін. Салалық және кеңістік құрылымдар олардың өзара қатынастары мен әрекеттестіктері арасындағы ұлттық экономикалардың аса күрделі халықаралық (дүниежүзілік) қатынастарын көрсетеді.

Дүниежүзілк экономикалық байланыстардағы географиялық зерттеулердің мақсаттары мен міндеттеріне өзіндік спецификалық ерекшеліктер тән.

Әлемдік шаруашылық географиясындағы дүниежүзілік экономикалық байланыстарының анализінің мақсаты –бұл арнайы тауар мен қызметтер түрлерімен жүргізілетін айырбастың ерекшеліктері мен заңдылықтарын, сонымен бірге әлемдік экспорт пен импорт құрылымының өзгеруін айқындау. Экономикалық байланыстардың кеңістік анализі халықаралық өндіріс ұйымдарының, сауда-экономикалық және интеграциялық группировкалар формаларының тауар ағымының бағыттары мен көлеміндегі және әлем аудандары бойынша қызметтердегі рөлін айқындайды.

Елтанудағы мақсат –бұл бөлек мемлекеттер немесе олардың түрлерінің (дамыған өнеркәсіп елдері, дамушы, т.б.) сыртқы саудасын зерттеу, сонымен бірге әлемдік саудағы орнын көрсету. Бұл ел экономикасы үшін сыртқы сауданың маңызын, оның шаруашылықтың дамуы мен орналасуына тигізетін әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Дүниежүзі экономикалық байланыстарда халықаралық еңбек бөлінісі жетістіктерінің, материалдық өндіріс және қызмет сфера өнімдерінің арнайы бағытқа бағындыру пайдасы жүзеге асады. Бұл әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық процестердің дамуы және қалыптасуының обьективті алғы шарты болып табылады. Дүниежүзі экономикалық байланыстардың ерекшелігі –бұл шаруашылықтың басқа салаларымен және жер бетіндегі халық санымен салысырғандағы олардан асып түскен өсімі.

1950-1995 жж. бөлек көрсеткіштердің өсімі келесідей:



  • жер беті халық саны 2,3 есе өсті;

  • ауыл шаруашылық өндіріс (бағалары тұрақты) 2,7 есе өсті;

  • ЖІӨ (бағалары тұрақты) 6 есе;

  • өнеркәсіп өнімінің өндірісі (баға тұрақты) 7,4 есе өсті;

  • әлемдік сауда экспорты (баға тұрақты) 12,8 есе өсті.

2. Әлемдік сауда ұйымдастырудағы проблемалары оның географиялық ерекшеліктерін түсіну үшін маңызды. Мемлекеттер мен аудандардың сыртқы сауда айырбасының интернационализациясының күшею фонында ТҰК-ң және сыртқы сауда аудандар қызметтерінің қарама-қарсылық процестері анық байқала бастады. Трансұлттық корпорациялыр әлемдік сауданың жартысын қамтиды. Олардың қызметтері (шетел мемлекеттердегі филиалдарымен сауда байланыстары)жиі-жиі мемлекет шекараларын жояды.

Әр түрлі елдердегі ТҰК-ң арасындағы бәсеке әлемдік саудадағы аудандастырылу процестерінің дамуына жағдай жасады. Оған мысал ретінде Батыс Еуропадағы ЕС пен ЕАСТ және Солтүстік Америкадғы НАФТА сияқты интеграциялық группировкаларды айтуға болады. Олардың интеграциялық кеңістіктерінде ортақ нарық жасауға, көптеген экономикалық тосқауылдарды жоюға белгілі бір жағдайлар жасалған.

1995 ж. Негізгі үш интеграциялық группировкалардың үлесіне әлемдік экспорттың 2/3 бөлігі сәйкес келді( ЕС және ЕАСТ 40%, НАФТА -21 және АСЕАН-6%).

Әлемдік сауданың салалық және кеңістік құрылымына қатты әсер еткен ҒТР:



  1. Өндірісте дәстүрлі салалардан ғылымға негізделген, технологиялық тұрғыдан күрделі өндірістерге көшу жүзеге асырылуда. Бұл әлемдік экономикадағы ҒТР әсерінен жүретін жалпы жетілдіру, жаңарту бағыты болып табылады. Мұның бәрі ең соңында әлемдік нарықтан сапалық жағынан тозған техника мен жабдықтардың, артта қалған технологиялардың ығыстырылуына алып келеді.

  2. ҒТР заманында дайын өнімдер шығарғаннан гөрі тетіктер, жартылай дайындалған өнімдерге көшу бағыты байқалады. Бұл жағдаййда жекелеген елдердің тетіктік мамадануы дайын өнімнің сапасын анағұрлым жақсартуға және оның өзіндік құнын азайтуға бағытталады.

  3. ҒТР әсерінен халықаралық экономикалық байланыстардың «дематериализациясы» жүруде, яғнм халықаралық сауданың заттық құрамбөліктері (азық-түлік, шикізат, дайын өнімдер, тетіктер және т.б.) қызметтер көрсетумен және ақпараттық, ғылыми-техникалық құжаттар саудасымен алмасуда.

  4. ҒТР өндірістің құрылымы мен технологияларын ғана өзгертіп қойған жоқ, аумақтық мәселелерін де басқа қырынан көрсетті.

  5. Өндірісті автоматтандыру, көлік пен байланыстың жаңа түрлерінің пайда болуы, осы салалардағы «техникалық ревоолюция» әлемнің кез келген түкпіріндегі ресурстарды пайдалануға, алып халықаралық өндірістік кешендерді басқаруға мүмкіндік берді.

  6. Халықаралық деңгейде өндірістің орналасуының байырғы үлгісін шашыратып орналастыру бағыты алмастыра бастады.

  7. ҒТР әсерінен өндірісте болған өзгерістер халықаралық деңгейде мамандану мен қауымдасудың дамуын күшейтті, халықаралық сауданың құрылымы өзгерді.

  8. Бұрын халықаралық экономикалық байланыстар ұлттық шаруашылықтардың ықпалымен қалыптасатын, екінші қатардағы құбылыс болса, ҒТР заманында ұлттық экономикалар әлемдік нарық пен халықаралық экономикалық байланыстарға тәуелді болып қалды.

Әлемдік сауданың 1950-1995 жж. дамуындағы басты нәтиже –бұл оның Азиядағы өте тез өсімі, бұл кезеңдегі мөлшері 2,5 есе артқан. Бұл аудан Солтүстік Америкадан асып түсті және Батыс Еуропаның қуатты бәсекелесі болып отыр.

Әлемдік сауданың күні бүгінге дейін ерекшелігі оның әлем аудандары бойынша жоғары концентрациясы. Алдыңғы қатардағы Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка аудандарының үлесі 80 жж.дейін әлем саудасының жалпы көлемінің 60% құрады, ал соңғы онжылда Батыс Еуропа мен Азияның үлесі 70%-дан астам болды. Халықаралық саудадағы бұл екі полюстің жасалуы әлемдегі бүкіл экономикалық жағдайды өзгертеді. Оларға басқа аудандардың мемлекеттері көбірек бағдар жасап отырады.

Әлемдік сауда приоритеттерінің осындай құрылған жағдайларында Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка мен Африканың кішігірім қатысуы байқалады. Қолайлы жылдардың өзінде олардың соммарлық үлесі 25%-дан аспады, ал соңғы жылдары 10%-ға төмендеді.

Дайын өндіріс бұйымдары басым (1995 ж.-76%) қазіргі әлемдік сауданың құрылымын екі басты салалардың өнімдері ұсынады- машина жасау(38%) және химия өнеркәсібі (9%). Осы екі салаға әлем экспортының 47%, ал барлық дайын өнімдерінің 62% сәйкес келеді.

Әлем экспортының дамуының басты нәтижесі оның Азиядағы ерекше өсімі болып отыр. 70 жж.өзінде ол экспорт көлемі бойынша екінші, ал 90жж.ортасында Батыс Еуропаға едәуір жақындады. Ауданның экспорттық потенциалы 90 жж.ортасына дейін Жапония арқасында өсіп отырды.

Әлем шаруашылығының 70-80жж. дамуының біркелкі еместігі Азиядағы индустриалды елдердің жылдам экономикалық көтеріліміне әкелді. 1990ж.өзінде Гонконг, Сингапур, Малайзия, Индонезия, Тайвань аралы, Тайланд және Корея Республиксының суммарлық экспорты Жапониямен тең болды, ал 1995 ж.одан едәуір асып түсті.

Шығыс Еуропа әлемдік саудада ешқашан ірі экспорттаушы болған емес. Онда неғұрлым байқалған тек КСРО: 1950-1990жж.ол экспорт көлемі бойынша алғашқы ондыққа кірген (1950ж.-6-шы орын, 1960ж.-5, 1970ж.және 1980 ж.-8, 1990 ж.-10-шы орын). Бірақ қолайлы жылдардың өзінде оның әлемдік экспортындағы үлесі 5%-дан аспады. 1990ж.кейін Ресей сыртқы әлеммен өзінің экономикалық байланыстарын кеңейту мүмкіндіктеріне қарамастан, КСРО экспортының деңгейіне шыға алмады.

Сауда балансының проблемасы- көптеген мемлекеттер үшін өте маңызды проблемалардың бірі болып отыр. Ең ірі дефицит АҚШ-та, мұнда ол 1991-1995 жж.өсе берді. АҚШ саудада көптеген елдерге тұрақты қарыздар болып отыр(Жапония, ҚХР. Германия).



3. Әлемдік қызметтер саудасы дүниежүзі экономикалық байланыстардың анағұрлым маңызды және жылдам өсуші сегменті болып отыр. Қызмет түрлері алуан түрлі. Халықаралық қызметтердің негізгі түрлері –бұл экспорт және импорт: транспорттық қызметтер, туристік, басқалар. Соңғы топ анағұрлым көп, яғни бұл банк қызметтері, қаржылық, сақтандыру, ақпараттық, білім, медицина, техникалық, құрылыс, консультацияялық және т.б.

Дүниежүзі экономикалық байланыстардағы қызмттер ролі күннен күнге өсуде. Бұған мысал ретінде әлемдік тауар мен қызмет экспортынының көлемінің арақатынасынан көруге болады.

Әлем шаруашылығының дамуының ерекшеліктері қызмет экспорты құрылымына көп әсер етуде: транспорттық қызмет үлесі азайып отыр және іскери мен басқа қызметтердің өзіндік салмағы артуда. Соңғылардың ішінде ерекше тез дамып жатқан түрлі ғылыми-техникалық қызметтер.

Халықаралық қызметтерді экспорттаушылар- кішігірім, орта және ірі ТҰК болып табылады. Олардың халықаралық қызметтердің әр түрлі салаларындағы үлесі бірдей емес. Шетел инвнстициялардың 40%-дан астамықызметтер сферасына бағытталған, және олар көбінесе өндірісі дамыған елдерде жинақталған.

Қызмет экспорты бойынша компаниялар мен ТҰК көбінесе – солтүстікамерикалық, батысеуропалық немесе жапондық.

Батыс Еуропа қызмет экспортының барлық түрлерінде приоритетін сақтайды, бірақ қаржы облысында, байланыс, мәдениет пен білім, қоршаған ортаны қорғау, сауда және денсаулық сақтау облыстарында ерекше айқындалады. Аудандағы қызмет түрлерін анағұрлым көп ұсынатын Франция (әлемде 8%), Германия, Ұлыбритания, Италия және Нидерланды.

Азия елдері 90 жж.қызмет экспортын тез ұлғайтты және олардың суммарлық көлемі бойынша Батыс Еуропадан кейін екінші орынға ие болды. Аудандағы қызмет түрлері ішінде транспорттық, сонымен бірге авиациялық түрлері ерекше.

Аудандағы транспорттық қызметі бойынша алдынғы орынды иеленген Жапония( 5,3%), Сянган( Қытаймен бірігуіне дейін), Сингапур, Корея Республикасы, Тайвань аралы.

Солтүстік Америка- қызмет көрсету көлемі бойынша әлемнің үшінші ауданы. Олардың негізгі бөлігі АҚШ-қа тиесілі (1995 ж.86%). Оларда көп жылдар бойы қызмет саудасындағы оң баланс қалыптасты. Қызмет түрлері: компьютерлік, медициналық, құрылыс, қаржылық, білім.

Әлемнің қалған аудандарының үлесі (Шығыс Еуропа, Оңтүстік Америка, Аустралия) суммарлы түрде шамамен 10%, яғни Нидерланды мен Корея Республикасымен қоса бір деңгейде.



4. Мемлекеттердің, ТҰК-ң, жеке банктердің халықаралық қаржылық қызметінің нақты анықталған кеңістік құрылымы бар. Ол әлемнің тек жеке елдерін ғана емес, сонымен бірге барлық аудандарын да қамтиды.

Халықаралық қаржы нарықтарының қалыптасуы, олардың интернационализациясы, капиталдардың ағылуы мұның барлығы халықаралық қаржы ұйымдарының қалыптасуын талап етті. Мұндай ұйымдардың бірі Халықаралық валюта қоржы (ХВҚ)-валюталық-қаржылық ұйым, әлемдік сауда мен валюталық қарым-қатынастың дамуына жағдай жасау үшін құрылған. Бұл ұйым бөлек елдердің ұлттық валюталарын шетел валюталарына сату арқылы несие береді, валюта курстарын реттейді, валюталық шектеулерді жояды және т.б. Келесі қаржы ұйымы- қайта құру және дамудың Халықаралық банкі (ҚДХБ). Оның негізгі қызметі- мемлекеттік және жеке кәсіпорындарға ұзақ мерзімге қарыз беру. ХВҚ және ҚДХБ ұйымдарымен қатар аудандық қаржы ұйымдары бар: ең ірісі – қайта құру және дамудың Еуропалық банкі (ҚДЕБ). Оның мақсаты- Еуропа мемлекеттеріне ,әсіресе Шығыс Еуропа елдеріне қаржылық көмек көрсету.

Әлемдік қаржы географияның мақсаты –бұл капиталдардың жинақталу мен сақталуының кеңістік процестерінің, халықаралық капитал нарықтарының қалыптасуының, олардың елдер мен әлем аудандары бойынша миграциясына анализ жасау, сонымен бірге капитал ағымдарыныңэкономикалық, әлеуметтік, саяси нәтижелері.

Халықаралық операцияларға қатысатын (тура және портфельді инвестициялар, әр түрлі несиелер, т.б.) әлемнің қаржы капиталының жалпы көлемі 90 жж.басында 1 трлн долларға тең болды, 1993 ж.-3 трлн долл., ал 90 жж.ортасына қарай 5 трлн долл. болды. Бұл капиталдарды үш ірі мемлекеттердің, яғни АҚШ, Жапония, Германия сияқты елдердің жылдық бюджетімен салыстыруға болады.

1950-1995 жж. әлемдік сауданың көлемі, млрд долл.(ағымдағы бағалар)


Көрсеткіштер

1950

1960

1970

1980

1990

1995

Экспорт

Импорт


Айналым(оборот)

61,3

64,1


125,4

128,3

135,0


263,3

315,3

328,6


643,9

1989,9

2048,7


4037,5

3423,5

3547,9


6971,4

4884,1

4959,2


9843,3

1950-1995 жж.әлемдік сауданың сыртқы айналымдағы аудандар үлесі,%



Аудандар

1950

1990

1995

Батыс Еуропа

Сотүстік Америка

Шығыс Еуропа

Азия


Оңтүстік Америка

Африка


Аустралия және Океания

39

23

8



12

10

5



3


46

18

6



25

2

1



2



41

19

3



30

3

2



2

Тауарлардың экспорты секілді капиталдарды шетелге шығару- қазіргі заманғы әлемдік шаруашылықтың негізгі ерекшелігі.Өндірісі дамыған елдердекапитал экспортының өсу темпі тауар экспорты немесе ЖІӨ өсіміне қарағанда едәуір жоғары. Экспорттың елдер мен аудандар бойынша бағыты да өзгертілді. Соғыс алды жылдары капитал негізінен колониялар мен тәуелді елдерге шығарылды. 60-80жж. капиталдардың интенсивті алмасуы тәуелсіз елдер арасында жүрді. 90 жж. бұл процесс дамушы елдерді де, әсіресе Оңтүстік-Шығыс Азия мен Оңтүстік Америка елдерін қамтыды. Олар да капитал экспотерлеріне айналды.

Сыртқы қарыздар проблемасы маңызды сипатқа ие. Әлемнің барлық елдерінің әр түрлі мөлшерде сыртқы қарыздары болады. Дамушы елдердің сыртқы қарызы қазіргі замандағы маңызды экономикалық проблемалардың біріне айналды. 70 жж.бастап олардың сыртқы қарыздарының көлемі ұлғая берді. 1980-1995 жж.дамушы елдердің сыртқы қарызы 3,5 есе артқан.

Қарыздарды төлеу үшін кететін қаражат елдердің табысының көп бөлігінен асады,нәтижесінде олар «қарыз торына» түседі. Бұл ең алдымен экономика деңгейі төмен дамушы елдерге қатысты. Мысал ретінде Солтүстік Америкадағы АҚШ пен Мексиканы алуға болады. АҚШ-әлемдегі сыртқы қарызы ең көп мемлекет: 1995 ж.оның сыртқы қарыздары 800 млрд доллардан асты. Мексика 1995 ж.дамушы елдер арасындағы сыртқы қарыздары бойынша бірінші орынға шықты (166 млрд долл.).

Бұл «қарыз торына» дамудың капиталистік жолын таңдаған Шығыс Еуропа елдері де түсті.

Сыртқы қарыздар бойынша ең қиын жағдай –Африка мемлекеттерінде. Жаңа индустриалды елдер, ҚХР экономика өсімінің жоғары деңгейімен ерекшеленеді, бұл өз кезегінде сыртқы қарыздарды төлеуді жеңілдетеді.

14 дәріс тақырыбы: Экономикалық ынтымақтастық және жаһандану үрдісі
1.Жаһандану және ұлттық экономикалар

2. Жаһандану және білім беру саласы

3. Ұлттық білім беру жүйесінің рейтингтері

4. Болондекларациясы


1. Ресейлік экономистердің анықтауы бойынша, ұлттық экономика дегеніміз белгілі бір мемлекеттік (ұлттық) шекаралар аумағында тарихи қалыптасқан қоғамдық өндірістің жүйесі болып табылады. Ұлттық экономика әлеуметтік және экономикалық дамудың, ауданаралық еңбек бөлінісі мен интеграция нәтижесінде қалыптасады. Ұлттық экономиканың құрылымы ел аумағындағы қоғамдық өндірістің, айырбастың және тұтынудың барлық буындарын қамтиды.

Аумақтардың мамандануы мен олардың маманданған өнімдерімен және қызмет түрлерімен өзара алмасуын географиялық еңбек бөлінісі деп айтады. Оның ең жоғарғы формасы халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады. Жалпы алғанда, дүниежүзілік шаруашылықты құрайтын ұлттық экономикалардың өзара байланысқан жүйесінің негізінде халықаралық еңбек бөлінісі, экономикалық және саяси қарым-қатынастар жатыр.

Ұлттық экономиканың халықаралық еңбек бөлінісі мен дүниежүзілік шаруашылыққа кірігуіне физикалақ-географиялық және экономикалық факторлар себепші болады. Физикалық-географиялық (табиғи) алғышарттар қатарына елдегі табиғат жағдайлары мен ресурстар жатады, өйткені көп жағдайда олардың негізінде ел экономикасының мамандану сипаты анықталады. Мысалы, экспорттық дақылдарға маманданған Латын Америкасы мен Африканың бірқатар елдерінде агроклиматтық ресурстар ұлттық экономиканың мамандануына тікелей ықпал еткен. Экономикалық факторларға ең алдымен елдің техникалық-экономикалық даму деңгейі, ұлттық шаруашылық пен оның құрылымына енетін салалардың орналасуы мен дамуының экономикалық тиімділігі жатады.

Әлемдік тәжірбиеде елдердің сыртқы экономикалық саясатының негізгі екі үлгісі бар: импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған.

Импорт алмастырушы экономикалық саясатты ұзақ жылдар бойы ресуурстық мүмкіндіктері зор, алып елдер (Үндістан, Бразилия, КСРО, Қытай) ұстанады. Сол жылдары ірі дамушы елдердің перифериялық экономикалары үшін осы үлгінің ең тиімді екендігін негіздеуге тырысқан экономистер де болды. Импорт алмастырушы саясат ел экономикасы дамуының белгілі бір кезеңінде жергілікті еңбек ресурстарын қамту, валюта қорын сақтау және т.б. тұрғысында тиімді болуы да мүмкін. Дегенмен ұзақ мерзімді даму болашағында бұл саясат шаруашылық құрылымының шетеулі дамуына алып келеді, ғылыми-техникалық прогресс тежеледі, жекелеген салалардың қарышты дамуына ішкі қаржының жетіспеуі бөгет болады және т.б.

Экспортқа бағдарланған экономикалық саясаттың нағыз үлгісі ретінде ХІХ ғасырдың соңында АҚШ экономикасын алуға болады. Бұл кезеңде АҚШ экспортқа бағдар алу арқылы төлемдер балансының кері сальдосын жоюғы тырысты және әлемдік нарықтаөзінің басымдылығын орнатуы қажет болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан соң осы тенденция Батыс еуропа елдері мен Жапонияға тән болды. 70-80 жылдарда Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңа индустриялық елдері дамудың жетекші үлгісі ретінде осы бағытты ұстана бастады. Экспортқа бағдарланған саясатты ұстану елге неғұрлым дамыған елдерден мол көлемдегі шетелдік тікелей инвестицияларды енгізуге қолайлы жағдай туғызады.

Экспортқа бағдарланған елдер экономикасының дүниежүзіліік шаруашылыққа қамтылуы-бірнеше деңгейлерден тұратын ұзақ процесс. Мұны Жапония мен бірқатар жаңа индустриялық елдердің экономикасын зерттеу нәтижесінде ресейлік ғалымдар ажыратып, сипаттаған.

Бірінші деңгейде елдің халықаралық нарықта бәсекге түсе алатын тауарлары болмайды немесе олардың бәсекеге түсу қабілеті төмен болады. Бірақ елде шикізат пен бастапқы материалдар болады. Шикізат экспорты мұндай ел үшін аса қажет. Соған қарамаастан, экспорттың бұл түрі елдің неғұрлым дамыған елдермен өзара байланыстарының бірінші сатысы ретінде қарастырылды, өйткені бұдан түскен пайдамен тікелей шетел инвестициясы шаруашылықтың өңдеуші салаларын дамытуға негіз болады.

Екінші деңгейде ел экономикасы шикізат пен еңбекті көп қажет ететін өнімдерді өндірііп, экспортқа шығара бастайды. Осының нәтижесінде шикізат экспорты ығыстырылады. Бұл кезеңде әдетте экспортқа мұнай өңдеудің өнімдері, құрылыс материалдары, тоқыма бұйымдары, химия өндірісінің тауарлары, қарапайым металл бұйымдары, киім, аяқ киім шығарылады.

Үшінші деңгейде бірқатар салалар алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу есебінен қарқынды дамиды. Ел осының арқасында қаржыны көп қажет ететін өнімдерді (болат прокаты, ұсталық-пресс жабдықтары, кемелер) экспортқа шығара бастайды.

Төртінші деңгейде ел технологияны қажет ететін тауарларды экспортқа шығара бастайды. Мұндай өнімдер қатарына станоктар, өлшеу аспаптары мен приборлары, автомобиль, турбиналар және т.б. жатады.

Бесінші деңгейде ел ғылымға негізделіп, өндірілген өнімдердің көптеген түрлерін (электр техникасы, электроника, байланыс құралдары, әуе техникасы, жаңа материалдар) шығарады. Осы тектес күрделі тауарларды өндіріп, экспорттаудың өзі аса қуатты өндіріс базасының негізінде ғана мүмкін болады.

Алтыншы деңгейде ғылыми-зерттеу және тәжірбиелік-конструкторлық жұмыстар саласындағы ынтымақтастық болып табылады.

2. ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін білім беру мәселелері әр мемлекеттің өзіндік білім беру жүйесі шеңберінде қарастырылып келді. Әр мемлекеттің білім беру жүйесі жергілікті ерекшеліктеріне қарай, қоғамның даму деңгейіне байланысты тарихи қалыптасқан дәстүрлерімен ерекшеленеді. Жалпы алғанда, әлем елдерінде қалыптасқан білім беру жүйелерін басқарылуы жағынан шаррты түрде екі үлкен топқа біріктіруге болады.

1)Орталықтандырылған білім беру жүйесі; оқу процесі мемлекеттік орталық орган арқылы анықталып, жүйеленеді(Франция, Жапония, Қытай, Италия және т.б.), осы топқа Қазақстан Республикасының да білім беру жүйесі жатады.

2)Орталықтанбаған білім беру жүйесі; бұл жағдайда мемлекеттің білім беру жүйесі жергілікті және аудандық деңгейдегі әр түрлі қоғамдық және қоғамдық-мемлекеттік органдар арқылы басқарылады, оларға қатаң түрде бір орталықтан бақылау жасау жүргізілмейді.(АҚШ, Германия, швейцария, канада, Аустралия және т.б.).

ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарында дүние жүзі жайлаған жаһанданумен бірге білім беру саласына қатысты жаңа көзқарастар қалыптаса бастады. Елдер арасындағы тығыз байланыстардың орнауы, қарқынды түрде ғылыми-техникалық, ақпарат алмасу, жұмыс күшінің белсенді алмасуы жағдайында ғаламдық білім беру ұғымы пайда болды. Бұл ең алдымен, білім мен тәрбие беру барысында тұлғаны ұлттық құндылықтар ғана емесс, адамзатқа ортақ әлемдік құндылықтар тұрғысында қалыптастыру қажеттіліктерінен туындайды. Сонымен қатар, экономистер ғаламдық білім беру мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді деп есептейді:

-қазіргі дүниедегі бірде-бір қарсы топтардың әрекеттері нәтижесінде туындаған әлеуметтік, ұлттық және т.б. оқшаулануды болдырмау;

-адамзатқа қауіп төндіріп тұрған ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу мақсатында адам мен табиғаттың қарым-қатынастарына байланысты ортақ түсінік қалыптастыру;

-әлемдік құндылықтарға сүйене отырып, өзінің және отанының тағдыры ғана емес, бүкіл әлемнің болашағына қатысты жауапкершілік сезімі бар, еркін ойлайтын саналы тұлғаны қалыптастыру.

Ғаламдық білім беру идеясының өзі әлемдік білім беру жүйесінің ауқымы тұрғысынан алғанда, аса маңызды болып табылады. Өйткені қазіргі кезде әлемдік білім беру жүйесінде 1-млрд-тан астам білім алушылар, 60 млн-нан астам мұғалімдер, оқытушылар қамтылған. Білім беру саласының инфрақұрылымы жіктелуі жағынан экономиканың кейбір салаларынан асып түседі.

Әлемдік білім беру саласында XX ғасырдың 60-жылдарында басталған дағдарыс қоғамдағы аса маңызды қайта құруларға байланысты болды. Алдыңғы қатарлы елдердің дәстүрлі білім беру жүйесі экономикада болған күрделі өзгерістерге (индустриялық дамудан постиндустриялық сатыға ауысуы, еңбектің компьютерленуі, өндірістік-техникалық білімге талаптардың өзгеруі, әйелдердің білім алу мен еңбекке белсенді қамтыла бастауы) дайын болмай шықты. Жаңа жағдайда ортақ білім беру жаппай сипат алуы қажет болды, яғни білім беру жүйесінде қоғамдық тапсырыстың көлемі мен талаптары ұлғайды. Осы ретте дүние жүзінің көптеген елдерінде білім беру жүйесінің қайта құоулары басталды.

Жалпы алғанда, соңғы 20-30 жыл көлемінде әлемдік білім беру кеңістігінде жүріп жатқан қайта құрулар бірнеше бағытты қамтиды.

Ғаламдық білім берудің жалпы даму тендециялары ортақ болғанымен, барлық елдердегі білім беру жүйелерін бір жүйеге келтіру мақсаты қойылмады. Халықаралық тәжірбиеде елдер мен аймақтардың білім беру жүйелерінде жергілікті ерекшеліктердің сақталып отырғаны байқалды. Тіпті даму деңгейлері бірдей, экономикалық жағынан өте тығыз байланысқан елдердің өзінде бұл айырмашылықтар айтарлықтай болады. Мысалы, Ұлыбританиядағы білім беру жүйесі Германиядағыдан басқаша болады.

Білім беру жүйелерінің айырмашылықтары тек орта мектептерде ғана емес, оның барлық сатыларында айырмашылық жасайды. Бұл өз кезегінде елдер арасындағы білім берушілердің қозғалысына (академиялыққ мобильділік) кері әсерін тигізеді. Әр түрлі елдердегі білім беру жүйелеріне қатысты талдама жасау үшін ЮНЕСКО Бас конференциясы 1997 жылы Білім берудің халықаралық стандарттық жіктемесін (БХСЖ) бекіткен болатын.



3. Жекелеген елдердегі ұлттық білім беру жүйелерінің даму деңгейлеріне баға беру мақсатында бірқатар сандық және сапалық көрсеткіштер қолданылады:

Білім беру қызметінің экспорты; бұл көрсеткіш ұлттық білім беру жүйесінің халықаралық қауымдастықтағы беделін көрсетеді;

Әлем университеттерінің халықаралық рейтингілеріндегі орны; бұл елдегі жоғары оқу орындарының көрсеткіштері арқылы ұлттық білім беру жүйесін бағалауға мүмкіндік береді;

Білім сапасын зерттеудің халықаралық PUSA (Programm for International Student Assessment) жүйесі; орта мектеп деңгейінде елдегі білім берудің жағдайында талдау жасау;

Жоғары білімнің қол жетімдігі және оны алудың қаржылық мүмкіндіктері; ел азаматтарының жоғары білім алу мүмкіндігін жан-жақты талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер;

Қашықтан білім берудің ауқымы; белгілі бір елдегі азаматтардың білім алу құқығын қамтамасыз ету бағытында қашықтан оқытудың қандай деңгейде дамығандығына баға беру.

Осы көрсеткіштер негізінде алдыңғы қатарлы ұлттық білім беру жүйелері рейтингісін құрастыруға болады.
Алдыңғы қатарлы ұлттық білім беру жүйелері

(Демескоп Weekly деректері бойынша )



р/с

Рейтингтер көрсеткіші

Елдер

1

Білім беру қызметінің экспорты

АҚШ

Ұлыбритания

Германия

Франция


Аустралия

2

Әлем университеттерінің халықаралық рейтингілеріндегі орны

АҚШ

Ұлыбритания



3

Білім сапасын зерттеудің халықаралық PISA жүйесі

Финляндия

Корея Республикасы

Жапония


4

Жоғары білімнің қол жетімдігі және оны алудың қаржылық мүмкіндіктері

Нидерланд

Финляндия

Ұлыбритания


5

Қашықтан білім берудің ауқымы

Қытай

Үндістан


АҚШ

Ұлттық білім беру жүйелерін бағалауда бұл көрсеткіштерден басқа, ел тұрғындарының жоғары білімге қамтылу деңгейі, білім индексі және жоғары оқу орындарындағы білім алушылар саны тәрізді жалпылама көрсеткіштер де қолданылады.



4. Жаһандану ұлттық білім беру жүйелерінің, соның ішінде жоғары білім берудің жақындасуын қажет етіп отыр. Осы жағдайда Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің білім министрлері 1998 жылы Париждегі Сорбонна университетінің 800 жылдығына байланысты мерекелік шаралар кезінде жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы Сорбонна декларациясына қол қойған болатын. Бірыңғай еуропалық білім кеңістігін құру туралы бұл идея 1999 жылдың 19 маусымында 29 елдің өкілдерінің әйгілі Болон декларациясына қол қоюымен нақты көріністапқан болатын. Декларацияның басты мақсаты-еуропалық жоғарғы білім зонасын қалыптастырып, еуропалыық жоғары білім беру жүйесін әлемдік деңгейде белсенді ету. Болон декларациясының жеті басты қағидасы бар:

  1. Өзара сәйкестендірілген дәрежелерді қабылдау, бұл дипломның қосымшасыын енгізу арқылы еуропалықтардың жұмысқа орналасуы мүмкіндігін қамтамасыз ету және еуропалық жоғары білім жүйесінің халықаралық бәсекелестігін арттыруға бағытталады.

  2. Екі кезеңнен тұратын білім беру жүйесін енгізу: алғашқысы үш жылдан астам мерзімге созылатын бакалавр дайындау, екіншісі магистр және доктор дәрежесін алуға бағытталады.

  3. Білім алушылардың ауқымды мобильділігін қамтамасыз ету үшін еуропалық сынақ бірліктерін (кредиттер жүйесі) енгізу. Бұл білім алушының оқу пәндерін өз еркімен таңдауына мүмкіндік береді. Мұның негізіне бағалардың еуропалық шкаласы (ECTS) алынған.

  4. Білім алушылардың мобильділігін қамтамасыз ету, ұлтаралық білім берудің стандарттарын қабылдау.

  5. Білім сапасын қамтамасыз ету үшін өзара салыстыруға болатын критерийлер мен әдіснамалар жасауда еуропалық ынтымақтастыққа қолдау көрсету.

  6. Жоғары оқу орындарында білім сапасына бақылау жасау жүйесін енгізу және сыртқы бағалауға білім алушылар мен жұмыс берушілерді тарту.

  7. Жоғары білім беруде оқу жоспарларын, ынтымақтастықты, бірлескен білім беру бағдарламаларын, ғылыми зерттеулер жүргізуді дамытуға қажетті ортақ еуропалық көзқарасқа қолдау көрсету.

Еуропа елдерінің бірыңғай білім кеңістігін құру мақсатында жоғары білім беруді үйлестіруге бағытталған осындай қадамдар жүйесі қазіргі кезде Болон процесі деп аталып кеткен. Қазіргі кезде бұл процеске келісімге қол қойған 47 ел қатысуда.

Қазақстан Республикасының Болон декларациясына қосылғандығы туралы нақты шешім 2010 жылы Будапешт қаласында қабылдаанған болаатын. Қазақстан еуроаплық білім кеңістігінің тең құқылы мүшесі ретінде танылған Орталық Азиядағы алғашқы ел болып табылады.

15 дәріс тақырыбы: Халықаралық экономикалық интеграция
Сабақтың жоспары:


  1. Экономикалық интеграцияның мәні мен формалары

  2. Еркін экономикалық аймақтар

  3. Экономикалық интеграцияланудың формалары

4. Постиндустриялық кезеңдегі ғаламдық экономикалық интеграция

5. Халықаралық қаржы экономикалық ұйымдары

6. Постиндустриялық кезеңдегі аймақтық экономикалық интеграция

7. Посткеңестік кеңістіктегі интеграция.


1. Халықаралық еңбек бөлінісі әсерінен елдер арасындағы бірігіп әрекеттесу және ынтымақтасу болады. Әлемдік нарықта бәсекелестің күшеюі де аумақтары көршілес елдердің интеграциясына түрткі болады. Экономикалық интеграция (латынша integratio – «тұтас») деп микро және макродеңгейлердегі тұрақты экономикалық байланыстар негізінде елдердің ұлттық экономикаларының өзара тығыз кірігуін, біртұтас шаруашылық кешеніне бірігуін айтады.

Микродеңгейде әртүрлі елдердің жекелеген бірлестіктері мен компаниялары тікелей шаруашылық байланыстар жасау арқылы елдердің ұлттық шаруашылықтарының нақты интеграциялануына жол ашады. Мұндайда әсіресе ұлтаралық бірлестіктердің маңызы зор.

Макродеңгейде мемлекетаралық (үкіметаралық) келісімдер деңгейінде елдердің экономикалық және саяси дамуының жалпы стратегиясы жсалады. Ол тауарлар мен қызмет түрлері, қаржы, жұмыс күші қозғалыстарының жалпы ерекшеліктеріне негізделеді.

Интеграциялық процестер ең алдымен бір аймақта орналасқан елдерді қамтиды. Елдердің экономикалық ынтымақтасуы аймақтық экономикалық одақтардың пайда болуына, яғни дүниежүзілік шаруашылықтың аймақтануына алып келеді. Елдердің ынтымақтасуына тек географиялық орны ғана ықпал етпейді, сонымен қатар олардың шаруашылық, тарихи, мәдени-әлеуметтік, ұлттық және т.б. ұқсастықтардың да маңызы зор. Осылардың негізінде елдердің интеграциялануына ықпал ететін факторларды (алғышарттарды) ғалымдар 4 топқа бөледі.

Интеграциялануға басты алғышарттар ретінде елдердің экономикалық даму деңгейлерінің шамамен бірдей болуын, шаруашылық тетіктерінің сәйкестігі, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық тұрғыдан біртекті болуын атауға болады. Интеграцияланатын елдердің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері (жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері, ЖІӨ өсуінің қарқыны, оның салалық құрылымы, инфляция деңгейі, жұмыссыздық деңгейі, еңбек өнімділігінің деңгейі, жалақы мөлшері және т.б.) бір-бірінен үлкен қашықтық жасамауы керек. Сол себепті ең тиімді интеграция экономикалық жағынан дамыған елдер арасында болады.

Көршілес елдердің ұлттық экономикалық өзара бірін-бірі толықтыруы маңызы жағынан интеграцияланудың екінші алғышарты болып табылады. Бұл ең алдымен ынтымақтасатын елдердің экспорт құрылымының әртүрлілігінен көрінеді. Бірдей тауар өндіріп, нарыққа шығаратын елдердің интеграциялануы белгілі бір салаларды ғана қамтып, біржақты сипат алады. Елдер тиімді интеграциялануға өзара әртүрлі тауар алмасумен ғана емес, ынтымақтасқан түрде әлемдік нарыққа шығаратын экспорттың тауарлық құрылымын күрделендіру арқылы да қол жеткізе алады.

Нағыз интеграциялануға негіз болатын үшінші алғышарт ретінде мемлекеттік деңгейде интеграциялануды жоспарлап, жүзеге асыратын мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің болуын атауға болады. Елдердің экономикалық интеграциялануы қоғамдық, әлеуметтік өмірдің барлық салаларын қамтиды. Сондықтан ынтымақтасатын елдер саяси тұрғыдан бейтарап немесе одақтас елдер болуы шарт.

Интеграцияланудың төртінші алғышарты ретінде тиімді ынтымақтастықтың басқа елдердің осы одақтарға тартылуына түрткі болуын атауға болады. Неғұрлым көп ел интеграциялық одақтар құрса, осы одаққа енбеген елдерге соғұрлым қиын болады.

Жалпы алғанда, интеграциялық байланыстар қарқындылығын мынадай көрсеткіштер сипаттайды:

- аймақішілік экспорттың немесе импорттың (тауар айналымының) аймақтың жиынтық ұлттық өніміндегі үлесі (% есебімен);

- аймақішілік тауар айналымының интеграцияланған елдердің жиынтық сыртқы тауар айналымындағы үлесі (% есебімен);

- интеграциялық топ ішіндегі өзара тікелей шетелдік инвестицияларының (ТШИ) мүше елдердің үшінші бір елдерге ТШИ мөлшеріне қатысты арасалмағы (% есеьімен);

- компаниялар мен бірлестіктердің интеграциялық ұйым ішіндегі және одан тыс бірігу және қосып алуларының саны мен ауқымы.

Канадалық ғалымдар Дж. Вайнер мен Дж. Мид экономикалық интеграция нәтижесінде болатын статистикалық жіне динамикалық өзгерістерді анықтаған болатын. Интеграциялану барысында байқалатын динамикалық өзгерістер ретінде мыналарды атап өтуге болады:

- интеграциялық ұйымға мүше елдердің инфрақұрылымының дамуы;

- ел нарығының бұрынғымен салыстырғанда кеңеюі арқасында өндіріс көлемінің арттырылуы, осыған байланысты өнімді өндіру құнының төмендеуі;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жандануы және бірлескен түрде ғылымға негізделген салаларды дамытудың тиімділігінің артуы;

- экономикалық ынтымақтастық шеңберінде ауқымды әлеуметтік жобаларды (білім беру, денсаулық сақтау және т.б. салаларда) жүзеге асыру;

- интеграциялық одақ шеңберінде, әсіресе бұрын дамуы төмен болған елдерде тұрғын халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.

2. Ұлттық экономикалық халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне қамтылуының бір бағыты ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық экономикалық қатынастардың ажырамас бөлігіне айналған еркін (арнайы) экономикалық аймақтар құрумен тығыз байланысты. Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) деп мемлекет аумағының басқа бөліктерінен айрықша болатын, жеңілдіктерге ие шаруашылық әрекет режимі орнатылған ауданды айтады.

Еркін экономикалық аймақтарда орнаған, кедендік, салықтық және инвестициялық жағдайлар экономикалық әрекеттің белсенді дамуына мүмкіндіктер ашады. Әлемдік экономика үшін ЕЭА маңызы халықаралық сауда айналымына оң әсерімен, инвестицияларен шоғырландыруымен, экономикалық интеграцияны тереңдетуімен анықталады. Жалпы алғанда, еркін экономикалық аймақтарда шетелдік инвесторлар үшін берілетін жеңілдіктерді төрт негізгі топқа бөлуге болады:



  1. Қаржылық жеңілдіктер. Еркін экономикалық аймақтарда компанияларға жер мен өндірістік ғимараттарды жалдағанда, несие алуда, коммуналдық төлемдер төлеуде жеңілдіктер берілген.

  2. Сыртқы сауда жеңілдіктері. Компаниялар үшін сыртқы сауда операцияларды жүзеге асыруда жеңілдіктер, экспорттық-импорттық баж салықтарын төмендету немесе тіпті бұл төлемдерден босату қарастырылған.

  3. Салықтық жеңілдіктер. Салық жеңілдігі пайдаға, табысқа және мүлікке салынатын салықтарды төмендетіп, кей жағдайда мүлде алып тастау арқылы шетелдік қаржының келуіне мүмкіндіктер жасайды.

  4. Әкімшілік жеңілдіктер. Бұл фирмаларды тіркеуде, шетел азаматтарының елге келуі мен қайтуының режимдерін реттеуде, фирмалар мен азаматтарды тіркеуде қызмет көрсету тәртібіне жеңілдіктер енгізуді қамтиды.

ЕЭА құру төмендегідей міндеттерді шешуге бағытталады:

- өнеркәсіп экспортын ынталандыру арқылы валюта түсімін арттыру;

- ел азаматтарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

- бұл аймақтарды жаңа үлгідегі шаруашылық әрекетін ұйымдастырудың сынақ алаңдарына айналдыру, ұлтық шаруашылықтың жетекші даму полюстерін қалыптастыру.



Еркін экономикалық аймақтарда ел аумағының кез келгне жерінде орналастыру жоғарыда аталған тиімділіктерді бермеуі мүмкін. Осыған сәйкес, ғалымдар еркін экономикалық аймақтарды орналастыруға қолайлы жағдайларды анықтап берген:

  1. Географиялық орнының қолайлылығы. ЕЭА орналасатын аудан мемлекеттік шекараларға, негізгі халықаралық көлік жолдарына жақын болуы тиіс.

  2. Жетілген инфрақұрылымның болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қазіргі заманғы электрмен, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің болуы, санімді телеоммуникация мен ақпараттық желілердің болуы шарт.

  3. Әлеуметтік инфрақұрылымының болуы. ЕЭА орналасатын ауданда қолайлы әлеуметтік жағдайлардың соның ішінде қазіргі заманғы стандарттарға сай келетін жайлы тұрғын үйлер, бала бақшалары, мектептер мен ауруханалардың, мәдени-көпшілік, демалыс орындарының болуы.

  4. Жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі. Жергілікті жерде арзан, біліктілігі жеткілікті жұмыс күшінің болуы да еркін экономикалық аймақтарды орналастырудың қажетті шарты болып табылады.

  5. Қаржылық қызмет көрсету. Еркін экономикалық аймақтарда шаруашылық әрекеттің даму қарқыны жоғары деңгейде қаржылық қызмет көрсете алатын қаржылық мекемелердің болуына, халықаралық, аймақтық қаржы нарықтарына қол жетімді болуына да байланысты болады.

  6. Заңнамалық негіздің жасалуы. Еркін экономикалық аймақтағы қаржылық-экономикалық әрекетті реттейтін заңнамалық негіздің жасалуы және басқару инвестиция тартуға оң ықпал ететін фактордың бірі болып табылады.

Еркін экономикалық аймақтардың әрекет ету саласына қарай бірнеше түрге бөлуге болады.


Оффшорлық зоналардың (ағылшынша off shore – «жағалаудан тыс») аумағында шетелдік компаниялар үшін тіркелудің және әрекет етудің, салық төлеудің айрықша режимі жасалған. Оффшорлық зоналар қатарына Кипр, Лихтенштейн, Монако, Мальта, Бермуд Аралдары, Панама және т.б. жатады.

Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақтарды дамыту мақсатында 2011 жылдың 21 шілдесінде «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» жаңа Заң қабылданған болатын. Қазіргі кезде Қазақстанда аталған заң шеңберінде қызметі реттелген алты еркін экономикалық аймақтар құрылған.





Атауы

Құрылған жылы

Орналасқан жері

Ауданы

Қызмет аясы

1

«Астана – жаңа қала»

2001

Астана қаласы

7092,9 га

Елорданың жаңа әкімшілік-іскер орталығының құрылысы; индустриялық паркте жаңа өндірістердің ашылуы.

2

«Ақтау Теңіз порты»

2003

Ақтау қаласы

2000 га

Жоғары технологияларп негізінде экспортқа арналған өндірістерді; аймақтың әлеуметтік проблемаларын шешу.

3

«Ақпараттық технологилар паркі»ауданы

2003

Алматы қаласы, Медеу ауданы

163 га

Бәсекеге қабілетті жаңа ақпараттық технологиялық өндірістер құру.

4

«Оңтүстік»

2005

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам

200 га

Оңтүстік Қазақстан облысында мақта-тоқыма кластерін құру мақсатында жоғары технологиялық өндірістер құру.

5

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі»

2007

Атырау облысы

2037,4 га

Мұнай-химия өнеркәсібін дамыту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру

6

«Бурабай»

2008

Ақмола облысы, Бурабай ауданы

370 га

Тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым қалыптастыру.

3. Экономикалық интеграция кең ауқымда және терең сипатта жүзеге асырылуы мүмкін. Интеграцияның ауқымы оған тартылған елдердің санымен анықталады. Ал интеграцияның тереңдеуі сапалық кқрсеткіштер негізінде сипатталады. Ол елдердің өзара байланыстарының тығыздығы мен елдердің ынтымақтасу деңгейін көрсетеді. Экономикалық интеграция қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп жүзеге асады. Сол себепті интеграциялану кезеңдері оның формалары да болып табылады.

Интеграциялану алдындағы кезең ретінде көршілес елдердің өзара сауда қатынастары барысында бір-біріне жеңілдіктер жасауынан басталады. Мұның өзі басқа елдермен салыстырғанда көршілес елдердің өзара сауда қатынастарын жеңілдетіп, тиімді етеді. Б ұл жеңілдіктер кедендік тарифтерінің төмендетілуі, тауарларға шектеу қоюды азайту немесе мүлде алып тастау, кедендік рәсімдеуді қарапайым ету түрінде болады.

Ғалымдар интеграцияның негізгі бес формасын бөліп көрсеткен.



  1. Еркін сауда зонасы (ЕСЗ) – зона ішінде тауарлардың еркін қозғалуы үшін тарифтік және тарифтен тыс шектеулерді алып тастау, бұл жағдайда үшінші бір елдерге қатысты мүше-елдердің өзіндік сыртқы сауда саясаты сақталып қалады. Интеграцияның бұл түрі қазіргі кезеңде Исландия, Норвегия, Швейцария, Лихтенштейнді біріктіретін Еуропалық еркін сауда ассоциациясына (ЕЕСА), АҚШ, Канады, Мексиканы біріктіретін Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағына (НАФТА), Азиялық-Тынықмұхиттық еркін сауда аймағы (Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясына (АСЕАН) тән болады.

  2. Кедендік одақ (КО) – еркін сауда зонасына тән қызметтерді атқарумен қатар, үшінші бір елдерге қатысты ортақ сыртқы сауда саясатының жүргізілуі, бірыңғай сыртқы шекаралардың қалыптаса бастауы. Интеграцияның бұл түріне мысал ретінде Араб ортақ нарығын атауға болады. Сонымен қатар, бұл интеграциялану түрі қалыптасу үстіндегі Ресей, Қазақстан және Белорусь мемлекеттерінің кедендік одағына да тән.

  3. Ортақ нарық (ОН) – кедендік одақтың қызыметімен қоса, интеграцияланған елдердің өзара шекаралары арқылы өндіріс факторларының барлығын (қаржы, жұмыс күшңі және т.б.) кедергісіз өткізуді жүзеге асыру. Интеграцияның бұл түрі қазіргі кезеңде Аргентина, Бразилия, Парагвай, Уругвайды біріктіріп отырған Оңтүстік конустың ортақ нарығына (МЕРКУСОР) тән болады..

  4. Экономикалық және валюталық одақ (ЭВО): ортақ нарық қызметін атқарумен қатар, интеграцияланатын елдердің әлеуметтік-экономикалық және валюталық саясаты келісіледі. Елдердің экономикалық жақындасуы (конвергенция) жүзеге асырылып, бірыңғай валюта енгізіледі. Мұндай интеграция формасының нағыз үлесі Еуропалық Одақ (ЕО) болып табылады.

  5. Саяси одақтар (СО) – экономикалық және валюталық одаққа тән функциялармен қоса қауіпсіздіктің ортақ саясатына, құқық қорғау мен іщкі істердің бірыңғай құрылымына көшу жүзеге асырылып, бірыңғай азаматтық енгізіледі. Бұл әлі қалыптасу үстіндегі интеграциялану формасы болып табылады. Саяси одақтың кейір элементтері ЕО елдері мен НАТО елдері шеңберінде байқалады.

4. Ғаламдық интеграциялану кезеңдері. Қазіргі заманғы ғаламдық интеграцият ғоғам дамуының жаңа, постиндустриялық кезеңіне технологиялық, ақпараттық, интеграциялық негіз болады. Геосаяси, әлеуметтік-мәдени жаһандану экономикалық тұрғыда ғаламдық интеграцияланумен қатар жүруде. Ресей ғалымдары ғаламдық экономикалық дамуда интеграцияланудың бірнеше тербелмелі қозғалыстары болғандығын атап көрсетті.

Алғашқы ғаламдық интеграциялық толқын (1846-1914 жылдар) кезеңінде жетекші орында Ұлыбритания болды. Өйткені бұл ел өнеркәсіп революциясының отаны ретінде және сауда, қаржы қатынастары жоғары дәрежеде дамыған бес құрлықта отары болған ұлы империя болғандықтан, әлемдік интеграциялану осы елдің төңірігінде жүрді. ХІХ ғасырдың ортасына қарай дүниежүзілік сауданың өсу қарқыны ең жоғарғы деңгейіне жетті. Дәл осы кезеңде тауар экспортымен қатар, қаржыны сыртқа шығарудың маңызы күшейді. Бір елден екінші елге аударылған қаржы тасқыны ғаламдық экономикалықи даму мен ынтымақтастыққа негіз салды. Қаржы қозғалысымен қатар, елдер арасындағы көші-қон қарқындай бастады. Осы кезеңде Еуропадан басқа құрлықтар мен аймақтарға, соның ішінде АҚШ пен Канадаға қоныс аудару өте жоғары деңгейге жетті.

Ғалымдар ғаламдық дезинтеграция (1914-1945 жылдар) деп атаған кезең адамзат тарихындағы Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар аралығын қамтыды.



Екінші ғаламдық интеграиялық (1946 жылдан 80 жылдарға дейін) Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жыдар көптеген елдердің экономикасының қайта өрлеуінен, бұрынғы одақтастардың өзара экономикалық мәмілеге келумен сипатталады. Батыс Еуропа экономикасын қалпына келтіру жоспары АҚШ-тың сол кезеңдегі Мемлекеттік хатшысы Дж. Маршлдың бастамасымен жүзеге аса бастады. Ал Жапонияда қираған экономиканы қалпына келтіру дәл осы тәрзіді Додж-Макартур бағдарламасы негізінде жүргізілді.

Постиндустрияық кезеңдегі халамдық интеграция (ХХ ғасырдың 80 жылдарынан қазіргі кезге дейін). ХХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап өріс алған ғылыми техникалық революция біртіндеп ғаламдық ғылыми ақпараттық революцияға жол берді. Бұл кезеңде халықаралық деңгейдегі ұлтаралық бірлестіктер мен қаржы институттары, әртүрлі аймақтардағы елдерді біріктіретін ірі интеграциялық одақтар қалыптасты.

5. Тәуелсіз мемлекеттердің экономикалық саясаты қазіргі кезде ұлттық мүдде тұрғысынан жүзеге асырылады. Қазіргі кездің өзінде халықаралық деңгейдегі ұйымдар көмегімен жүзеге асатын дүниежүзілік қаржы және экономикалық салаларды ғаламдық басқару элементтері орын алған.

Халықаралық ұйымдар дегеніміз – Халықаралық келісімдер (жарғы, статус немесе басқа құжаттар) негізінде құрылған, тұрақты түрде жұмыс істейтін үкімет аралық және үкіметтік емес ұйымдар. Енді осындай ұйымдардың кейбіреулеріне тоқталайық.

ФАО 1945 жылдың 16 қазаныңда Квебекте (Канада) өткен өзінің алғашқы конферениясында ресми ұйым ретінде құрылды. Оның құрылуына Уақытша комессияның 2 мемлекеттен Ұйым жарғысын қабылдағаны туралы құпттау алуы негіз болды. Қазіргі кезде 191 ел ФАО мүшелері болып табылады.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) БҰҰ құрамындағы ұйым. Ол үкіметаралық валюта-несие ұйымы ретінде халықаралық деңгейде валюталық ынтымақтастыққа ықпал етеді. ХВҚ 1944 жылы БҰҰ-ның валюта-қаржы жөніндегі 44 елдің өкілі қатысқан Бреттон-Вуд конференциясының шешімі бойынша құрылған болатын, нақты жұмысын 1946 жылы бастады. Қазіргі кезде 187 ел ХВҚ мүшесі болып табылады.

Халықаралық валюта қорының негізгі мақсаты әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау болып табылады. Оның міндеттеріне ХВҚ мүшелерін кез келген мүше-елдің қаржылық және монитарлық саясатындағы өзгерістер мен таныстырып отыру да енеді. ХВҚ жарғысы бойынша, елдер несие алатын кезде ел экономикасын, алтын-валюта қорының жай–күйі туралы нақты ақпарат беруін талап етеді. Несие берерде әртүрлі рейтинг агенттіктері ұсынған елдің несие өтеуге қабілеттілігі ескеріледі. Несие өтеуге қабілеттілік деп несие алуға алғышартарының болуын және оны белгіленген шартпен қайтаруға қабілетілігін атайды.

Қазақстан бұл рейтингте 0.737 деген көрсеткішпен (ВВ тобы, несие өтеуге қабілеттілігі орташа екінші деңгей) 29 орын алды. Несие тек ел экономикасын түрақтандыру оны дағдарыстан шығару мақсатында 3-5 жылға беріледі, экономикалық дамуға несие берілмейді.

6. Индустриялық және постиндустриялық кезеңдердің тоғысында жүріп жатқан халықаралық ынтымақтастықтың көрінісі көршілес орналасқан елдердің ұлттық шаруашылықтардың ынтымақтастығы болып табылады. Ғаламдық процестер өте күшті бәсекелестік ортасында жүруде. Халықаралық бәсеке жарысының салдарынан күшті мемлекеттер мен мемлекетаралық құрылымдар экономикалық, қаржы, технологиялық және ақпараттық салаларда одан әрі жағдайын жақсартып, нығая түседі. Сонымен аймақтық интеграцияның артықшылықтары қандай? Мұны ресейлік ғалым С.Г.Киселев (2009) бірнеше топқа бөліп қарастырған.

Біріншіден, аймақтық интеграция аймақтағы елдердің ғаламдық көшбасшылардың өктемдігіне қарсы тұруға мүмкіндік береді. Интеграциялық одақтар халықаралық экономикалық ұйымдар деңгейінде аймақтық ғана емес, ұлттық экономикалар мүдделерін де қорғап шығып, күшті елдердің, ірі ұлтаралық бірлестіктердің тегеурініне төтеп береді.

Екіншіден, аймақтық интеграция әлемдік тауар, қызметтер, қаржы, технологиялар мен жұмыс күші нарығында аймақтық жеңілдіктер түріндегі бәсекелік басымдылықтарды жасауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, аймақтық интеграция өндіріс пен айналым шығындарын қысқартады. Халықаралық еңбек бөлінісіне, тауар өндірісі мен қызмет көрсетуге мамандануға мүмкіндік береді, ұлттық экономиклардың тұрақты дамуына, олардың ғаламдық ортадағы бәсекелестігін арттыруға жағдай жасайды.

Төртіншіден, еркін сауда зоналарының, кедендік одақтардың және басқа да интеграциялық ұйымдардың пайда болуы біртұтас нарықтық және көлік коммуникациялық инфрақұрылымның қалыптасуына алып келеді.

Еуропалық Одақ – аймақтық интеграциялық ұйымның нақты үлгісі. Ол Еуропалық Одақ басты жөніндегі келісімге (МААСТРИХ) қол қойған, аймақтық экономикалық ынтымақтастыққа негізделген ерекше ұйым болып табылады. 1957жылы Еуропадағы 6 мемлекет өзара экономикалық ынтымақтастықты нығайту мақсатында Еуропалық экономикалық қауымдастық пен Атом энергиясы жөніндегі Еуропалық қауымдастықты құрған болатын. 1993 жылдан бастап ресми түрде Еуропалық Одақ деп аталатын болды.

Батыс Еуропада ортақ нарық, бірыңғай валюта, отақ кедендік шекара енгізілуімен қатар, бұрын ұлттық мемлекетердің құзырында болған кейбір қызметтің мемлекетаралық деңгейдегі Еуропарламент, Еурокомиссия тәрізді ұйымдарға берілуі жүрді.



АСЕАН. Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің ассоциациясының деп аталады, саяси, экономилық және мәдени ынтымақтастыққа негізделетін аймақтық ұйым. АСЕАН 1967 жылдың 9 тамызында Бангкок қаласында тарихқа «Бангкок декларациясы» деген атпен енген мемлекетаралық құжатқа қол қоюдан басталады. АСЕАН ұйымының Бас секретары өз қызметіне 5 жылға сайланады. Бұл ұйымда 11 арнайы комитет жұмыс істейді, жыл сайын АСЕАН министрлерінің конференциясы өткізіледі. АСЕАН өзінің қарулы күштеріне (Әскери-теңіз күштері) ие, өзінің туы бар.

Солтүстік Америкалық еркін сауда аймағы ( НАФТА) құру жөніндегі АҚШ, Канада және Мексика арасындағы келісімшарт 1994 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енді. НАФТА құрылған кезеңде бұл алшақтық жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткішлерінен де айқын көрінді: АҚШ-та – 23,2 мың доллар, Канадада – 20,7 мың доллар, Мексикада – 3,5 мың доллар. Аймақтық интеграциялық ұйым құру туралы бастаманы АҚШ көтерген болатын. Мұндағы басты идея АҚШ-тың мол қаржысы мен инновациялық әлеуетін Канаданың бай табиғат ресурстарымен, Мексиканың арзан жұмыс күшімен біріктіруді, сонымен қатар бәсекеге қабілетті америкалық өнімдерді кедергісіз өткізетін ірі нарық жасауды көздеді.

НАФТА құрылымында ЕО тәрізді мемлекеттен жоғары тұрған құрылымдар жоқ. Ұйым үйлестіруші қызмет атқаратын бірнеше комитеттер мен комиссиялардан тұрады.



Оңтүстік конустың ортақ нарығы (МЕРКОСУР) – Латын Америкасындағы қарқында дамып келе жатқан аймақтық интеграциялық топ. 1991 жылы күшіне енген келісім негізінде Аргентина, Бразилия, Парагвай мен Уругвайды біріктіретін бұл ұйымда Латын Америкасы аумағының 60%, халық пен ЖІӨ көлемінің 50% қамтылған. Бұл топтағы елдердің экономикалық даму деңгейлері айырмашылық жасайды: 2009 жылы Аргентинады жан басына шаққандағы ЖІӨ мөлшері 13900 АҚШ доллары болса, Парагвайда бұл көрсеткіш 4600 АҚШ долларын құрады. МЕРКОСУР ұйымын құру туралы Асунсьон келісімінде интеграцияның мынадай кезеңдері анықталған болатын:

- Бұл топқа енген елдер арасында тарифтік және тарифтен тыс шектеулерді алып тастау;

- Үшінші елдерге қатысты бірыңғай кедендік тарифтер енгізу;

- Макроэкономикалық және салалық, соның ішінде салықтық және валюталық саясатты үлестіру;



- Қызмет көрсету мен қаржы қозғалысына қатысты үйлестірулер.

ОПЕК мұнай экспорттаушы елдердің тұрақты жұмыс істейтін экономикалық ұйымы ретінде 1969 жылдың 10-14 қыркүйегінде Багдат конференциясында құрылған. Қазіргі кезде ОПЕК құрамына 12 ел енеді: Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Аравиясы, Венесуэла, Катар, Ливия, БАӘ, Алжар, Нигерия, Эквадор, Ангола. Ұйымның штаб-пәтері Вена қаласында орналасқан. ОПЕК елдері әлемдік мұнай өндірісінің 40%, мұнай экспортының тең жартысы тиесілі болады.

7. КСРО ыдырағанан кейін оның негізінде бұрынғы кеңестік республикалардың бірнеше интеграциялық одақтары құрылды. Олардың ішіндегі ең ірісі Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы (ТМД) болып табылалды. ТМД 1991 жылы желтоқсанда Минск Келісім негізінде біріккен Ресей Федерациясы, Беларусь және Украина, кейінірек оларға қосылған 8 респубиканың (Армения, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғыстан, Молдова, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан) өзара келісімдері нәтижесінде интеграциялық одақ ретінде пайда болды. 1993 жылы қабылданған Экономикалық одақты құру туралы Келісімшартқа сәйкес, ТМД-ның басты экономикалық мақсаты тауарлардың, қаржы мен жұмыс күшінің ортақ нарығын қалыптастыру болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін біртіндеп еркін сауда аймағын, кедендік, төлемдік, ал болашақта валюталық одақты қалыптастыру жоспарланған. ТМД аумағында басқаруға неғұрлым қолайлы, нақты іс-қимылдар жасауға мүмкіндік беретін интеграциялық топтар құрылған. Олардың ең бастысы – Еуразиялық экономикалық қауымдастық (ЕурАзЭҚ). ЕурАзЭҚ-ты құру жөніндегі Келісімшартқа мемлекеттер 2000 жылдың 10 қазанында Астана қаласында қол қойған болатын. Оның құрамына Ресей Федерациясы, Қазақстан, Беларусь (1995), Қырғыстан (1996), Тәжікстан (1999). ЕурАзЭҚ – Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кедендік одақты қалптастыруға, мүше-елдер экономикалық және гуманитарлық салаларда интеграциялануын қамтамасыз етуге бағытталған аймақтық интеграиялық ұйым. Бұл ұйымның негізгі мақсаты жапы түрде біртұтас экономикалық кеңістік құру арқылы мүше-елдердің экономикалық әлеуеттерін барынша тиімді пайдалану арқылы ілгерілеп дамуын, әлемдік экономикаға кірігуін, халықтың өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамысыз ету деуге болады.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы посткеңестік кеңістіктің басым бөлігі мен оған көршілес алып мемлекет Қытаймен арадағы геосаяси және геоэкономикалық тұрғыдағы келіссөздер негізінде халықаралық ынтымақтастыққа бағытталған ұйым ретінде қалыптасты. 2001 жылы Қазақстан, Қырғыстан, Қытай, Ресей мен Тәжікстан басшылары шекаралас аудандарда әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы және әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісімдер негізінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрды. 2002 жылғы 7 шілдеде ШЫҰ Хартиясы қабылданды. Мұнда ұйымның негізгі мақсаты өзара сенім, достық пен тату көршілікті нығайту; саяси, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени, білім беру, энергетикалық, көлік, экологиялық және басқа салалардағы ынтымақтастықты қолдау екендігі жазылған. Қазіргі кезде ШЫҰ-на Қазақстан, Қытай, Қырғыстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстан мүше болып табылады. 2010 жылдың мамусымынан бастап 2011 жылдың маусымына дейін ШЫҰ-ға Қазақстан Республикасы төрағалық етті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Алисов Н.Н., Хорев Б.С. Экономическая и социальная география мира / Н.Н. Алисов, Хорев Б.С. - М.: Гардарики, 2003 . - 704 с.

2.Социально-экономическая география зарубежного мира/ Под ред. В.В.Вольского.-М.: Дрофа, 2001- 560 с.

3.Экономическая, социальная и политическая география мира. Регионы и страны/ Под ред. С.Б. Лаврова, Н.В. Колед. - М.: Гардарика, 2002. - 928 с.

4.Максаковский В. П. Географическая картина мира. Я.- 2004 г.

5.Любимов И.М. Общая политическая, экономическая и социальная география. М. , 2001. - 336 с.

6. М. М.Голубчик. Экономическая и социальная география: Основы науки: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений.- М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2003- 400с.

7.Страны и регионы мира: экономико-политический справочник / под ред. А.С.Булатова.-М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2006.-624 с.

8.Колесник И.В. Справочник статистических данных по географии / И.В Колесник. - Саратов: Лицей, 2000.

9.Липец Ю.Г. География мирового хозяйства / Ю.Г. Липец, В.А. Пуляркин, С.Б.Шлихтер. -М.: Владос, 1999. -400 с.

10.Мировые природные ресурсы: Учеб.-метод. пособие. - Алматы: Қазақ университеті, 1998.

11.Родионова И.А. Макрогеографическая промышленность мира / И.А.Родионова. - М.: Лицей. 2000. - 240 с.

12.Завьялова Е.Б., Радищева Н.В.Экономическая география в схемах и таблицах: учеб.пособие.- М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2005.-248 с.

13.Страны мира: Справочник. - М: Республика. 2000. - 480 с.

14.Экономическая география / В.П.Желтиков, Н.Г.Кузнецов, С.Г.Тяглов - Ростов-на-Дону, 2001 .

Н.4.07-04

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті



География және экология кафедрасы

 

  

 

 



 

 

«5В011600 - География» мамандығының студенттері үшін


«Дүние жүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географияс» пәні бойынша
практикалық жұмыстарға арналған

 

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ


Оқыту түрі - күндізгі

 

 



 

 

Көкшетау, 2012 ж.



Студенттерге арналған пән бағдарламасы (силлабус) 5В011600 -География мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарты (2009) негізінде құрылды.

Пән бағдарламасын құрастырған география және экология кафедрасының аға оқытушылары, Есенжолов Б.Қ және Есенжолова Г.Р.


География және экология кафедрасының отырысында қарастырылған

« 20 » 06 2012 ж. хаттама № 10
Кафедра меңгерушісі _______ Заңдыбай А.
Жаратылыстану-педагогикалық факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен мақұлданған

« 23 » 06 2012 ж. хаттама № 10


ОӘК төрағасы ___ ___ Сыздыкова Б.Р.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет