Көкшетау ббк 3. И 27


Археологиялық ескерткіштер, олардың түрлері. Солтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері Жоспар



бет14/70
Дата19.09.2023
өлшемі472,38 Kb.
#181626
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70
Байланысты:
археология
moluch 358 ch1 removed, Практикалық сабақ, Внеклассное мероприятие по истории Казахстана в 5 классе

Археологиялық ескерткіштер, олардың түрлері. Солтүстік Қазақстанның археологиялық ескерткіштері Жоспар:


  1. Археологиялық ескерткіштердің түрлері

  2. Адамның өмірімен байланысты ескерткіштер (Солтүстік Қазақстан ескерткіштері мысал ретінде)

  3. Адамның өлімімен байланысты ескерткіштер (Солтүстік Қазақстан ескерткіштері мысал ретінде)

  4. Археологиялық ескерткіштерді барлау, анықтау тәсілдері



Археологиялық ескерткіштердің түрлері


Жалпы тарих ғылымында тарихи деректердің жазба және заттай деректер деп екіге бөлінеді. Қазіргі таңда жазба деректерінің көбі зерттеліп қойған, жаңадан ашылғаны сирек.Заттай деректер қатарына қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған түймедей моншақтан ұлы пирамидаларға дейін заттай деректер қатарына жатады Жер-ана таусылмас мұрағаттар қазынасы.
Археологиялық ескерткіштердің түрлері-жерлеу орындары, қабірлер, қорғандар,обалар,тұрақтар,тау кен орындары, шеберханалар, үңгірлер, гидротехникалық құрлыстар, көне жерөңдеу алаңдары, көне жолдар, бекіністер, петроглифтер, кездейсоқ табылған заттар.
Қоймалар. Барлық уақыттарда адамдар өздеріне маңызды әрі құнды заттарды жер астына көміп сақтауға тырысқан. Кейіннен тығылған заттың иесінің өлуіне байланысты қазылған зат сол орында қалып қояды. Қоймаларды көбінде кездейсоқ адамдар тауып алып, екінші қолға беріп, дұрыс құжаттамайды. Қоймаларда тек бағалы заттар ғана емес металь құйындысы қола заттар жиынтығы да кездеседі
Архитектуралық ескеркіштер . Саулет ескерткіштерін зерттеу архиология мен өнертану ғылымдарының арасында тұр. Көптеген зерттеулерде архитектуралық құрылыстар қайтадан өңделу үшін арнайы археологиялық әдістер қажет.
Бейнелеу ескерткіштері. Бейнелеу ескерткіштерін екі топқа бөлуге болады: фигуралық және абстрактік. Бірінші топқа нақты іс әрекет бейнеленген (адамдар, аңдар, өсімдіктер, заттар т.б. с.с.). Екінші топқа мифология, эпос, фольклор кейіпкерлері көрсетіледі (кентавр, айдаћар, құбыжық).Екіншілері оюлар мен және өрнектер мен әсемделеді.Әрине оюлардың да бірнеше түрлері бар; жануарлар стилі, өсімдік стилі, космагониялық стиль, геометриялық стил. Фигуралық бейнелер жазық бетіне (фрескаға, графитке, үңгір қабырғасына, металл сүйек,
мүйіз беттеріне, керамикаға және басқа материялдарға) салынады, кейде рельиефті және кең көлемді бейнеленеді (қабырға рельиефіне, көркем құйындыға, ағаш бетіне ойылып салынады) абстрактык бейнелер өзінің бейнелеу технологиясына байланысты ерекше болады.
Тас бейнелер мен петроглифтер.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар күнделікті өмірін, аңшылығын табынған күн тағы да басқа оқиғаларды тас бетінде бейнелеген. Оларды архиология ғылымы петроглифтер деп атайды. Латының тас белгі деген сөзінен шыққан.Қазақстанның териториясында көп кездеседі.
Су асты ескерткіштері. Көптеген жағдайларға байланысты кейбір археологиялық ескерткіштер су астында қалған .Су астында көне және орта ғасырлық кемелер мен порттық құрлыстар суға батып кеткен. Адамзат акваланг ойлап тапқанан кейін су асты археологиясы археологиялық зерттеулер техникасының жылдам дамыған саласына айналды.
Адамның өмірімен байланысты ескерткіштер (Солтүстік Қазақстан ескерткіштері мысал ретінде)
Археологиялық зерттеуде маңызды және жиі кездесетін ескерткіштердің түрі - адамның өмірімен байланысты ескерткіштер. Бұл ескерткіштер қатарына ежелгі, ортағасырларда адамның өмірі өткен тұрғылықты мекендер жатады.
Қазіргі кезде археологияда қалыптасқан дәстүрге сәйкес олардың үш түрі бар:
1. тұрақтар; 2. қоныстар; 3. қала жұрттары.
Тұрақтар – көп жағдайда мәдени қабаты әлсіз, адам қысқа уақыт бойы мекен еткен, жер қыртысында тұрғын жайлардың, ошақтардың белгілері онша анық емес ескерткіштерді айтады.
Шартты түрде тұрақтардың үш түрі бар: 1) үңгірлік тұрақтар; 2) өзен-көлдік тұрақтар, бұлақ маңы тұрақтар.
Үңгірлі тұрақтарда олардың жүздеген мың жылдар бойы адамдардың қоныстануна байланысты мәдени қабаттар қалың болуы мүмкін. Палеолит кезеңінде адамға мекен болған үңгірлер судың жағасында, кіріп-шығуы оңай, ауызы түстікке қараған үңгірлер болып келеді.
Қазақстанда солтүстігіндегі тұрақтардың таралуы негізінен тас ғасыры (неолит, энеолит) дәуірлерімен байланысты. Оларадың басым бөлігі өзен дер мен көлдердің жағалауларында ораласқан.
Осындай тұрақтарға Есіл, Шағалалы өзендерінің бойындағы жүздеген неолит тұрақтары жатады.
Тұрақтарда табылатын археологиялық материалдар – көп жағдайда еңбек құралдарының сынықтары, сүйек қалдықтары өте көп кездеседі, ал сирек материалдарға керамика фрагменттері жатады, олардың тұрақтарда аз таралуын қыш ыдыс жасаудың неолитте жаңа таралуымен түсіндіруге болады.
Қоныстар. Қоныстардың ескерткіш ретіндегі ерекшеліктері. Ботай қонысы, Павловка қонысы, Кеңөткел қонысы.
Қала орындары ерекшеліктері, таралу заңдылықтары. Бозоқ қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет