Антикварлық кезең– археологиялық ғылымның қалыптасуына дейінгі кезең, өте көне заманнан, жазба деректерге сәйкес, Бабыл патшасы Набонидттің заманынан XVIII ғ. ортасына дейінгі уақытта кездейсоқ немесе антикварлық құндылық ретінде өз уақытынынан бұрынғы кезеңдердің заттарын жинастырумен ерекшеленетін кезең.
Бұл кезеңдң жинақталған раритеттер мен басқа да заттар жай ғана сипатталып, олардың қалай қолданылғанын болжалдау мен ғана шектелген, жүйелі ғылыми зерттеулер болған жоқ.
Археологияғылымынңқалыптасып,жүйеленукезеңі–XVIII ғ. ІІ-і жартысы – ХХ ғ. бірінші жартысы, бұл уақытта археология ғылым ретінде қалыптасып, оның негізгі әдіс-тәсілдері жүйеге келтірілді. Археологиялық материалдарды классификациялау, далалық зерттеулердің, табылған
материалдарды ғылыми тіркеу ғылыми қағидалары, оларды интерпретациялаудың негізі қалыптасты. Бұл кезде қазба жұмыстарын жүргізетін мамандар өз зерттеулерін жітілдіріп, алынған деректерді сипаттау тәсілдерін, басқа маман- археологтар сол қазбалардан табылған деректерден тарихи тұжырымдар жасау заңдылықтарын дамытты.
Процессуалдықархеология– ІІ-і дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, бұл кезеңде археология ғылымында басқа, жаратылыстану ғылымдарының әдіс- тәсілдері, соның ішінде, радиокөміртегі, калий-аргон, палинологиялық тәсіл, дендрохронология тәсілі секілді жаңа бағыт қалыптасты.