«Тілдер күні» мерекесінің өтілуі туралы сараптама
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы заңында» «Тіл – ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты», - делінген. Осы қағиданы жадымызға сақтай отырып, мектебімізде «Тіл – ұлттық қазына» тақырыбында қыркүйек айының 11-21 аралығында тіл онкүндігі өтілді.
Онкүндік өз ана тілін мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттардың тілдерін құрметтеу мақсатымен өтті.Осы мақсатты көздей отырып жоспарланған іс – шарамызда тіл мен ел тақырыбына жиі оралып, бала жүрегіне өркен жаяр елімнің тілінің нәрін беруге тырысып бақтық. Жоспарланған іс – шаралар дер кезінде өтіліп отырды.
Онкүндік «Ұшқыр ой мен шешен тіл» атты салтанатты жиынмен ашылды. Жиынды ұйымдастырушы қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Н.Н.Сақтағанова: Тіл табиғаттың адамға берген сыйы. Әр халықтың, әр ұлттың өз тілі болады. Жер жүзінде қаншама ұлт болса соншама тіл бар. Тіл тағдыры –ел тағдыры. Тіл қай ұлтта, қай елде болмасын қасиетті, құрметті. Өйткені тілсіз ел, қоғам болмайды. Тіл – халықтың байлығы, қазынасы екендігін айтып өтті.
Жиын «Тілімізді ардақтайық» атты кітапханашы Ратай А. ұйымдастырған көрмесімен ұласты. Мемлекеттік тіл мәселесі ең маңызды рөл атқарып тұрған кезеңде тіл тұнығы кітапта екенін шәкірттер санасына ұялату, зердесіне құю мақсаты көзделді. Көрме кітапханаға саяхат жасаумен жалғасын тапты.
«Ана тілі – жүрек үні», «Ана тілі - ардағым», «Ана тілім – ар тілім»,
Оқушылар көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету мақсатында өнер-білім сайысына түсті. Сайыста әр оқушы өздерінің сүйікті өлеңдерін мәнерлеп оқып, тіл тақырыбында білетін мақал-мәтелдерін айтуда тапқырлық таныта білді.
Сыныптан тыс жұмыс «Тілге құрмет-елге құрмет!» Сақтағанова Н.Н. ұйымдастыруымен 5-9 сынып аралығында өтті. Сыныптан тыс жұмыс
«Интеллект-шоу» орыс тілі мұғалімі Касеинова Ә.З. ұйымдастыруымен 5-9 сынып аралығында өткізілді. Шығармалар байқауы 5-9 с.«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» өтті. 1-4 с. тақпақтар сайысы«Бастауыштан басталады тіл нәрі» тіл мамандары,бастауыш сынып жетекшілері ұйымдастыруымен 21.09.2017 жылы өткізілді.
12.09. 17.
«Жас Ұлан» балалар ұйымы аға тәлімгер Касеинова А.З. жетекшілігімен оқушылар басшысы, мектеп президентін сайлау жұмысын жүргізді. Президенттікке 5-9 сыныптар аралығындағы тәрбиесі мен оқу жағынан жақсы 4 оқушы шықты.. Оқушыларға сайлауға дайындыққа бір апта уақыт үгіт-насихат жүргізуге уақыт берілген болатын. Осы уақыт аралығында жасұландықтар , өз жұмыстарына белсене араласып кеткен болатын. Үгіт –насихат жұмыстары әсіресе 8 сынып оқушылары мен 9-сынып оқушыларының арасында өте белсенді өтті. Нәтижесінде 15 қыркүйек күні үгіт –насихаты толық аяқталып, сайлау дауыс парағы арқылы 4 жасұландықтар аты жазылған тұсқа белгі қойып, арнайы урнаға салынды. Сайлаушылар жүз пайыз қатысып, өз таңдауларын жасады. Нақты уақытта мектебіміздің 7-сынып оқушысы Жолдангарова Алина жоғары дауыс жинап, мектеп оқушыларының президенті болып сайланды.
Әр бейсенбі сайын Көктерек негізгі мектебінде таза бейсенбілік өтіп отырады. Оқушылар және мектеп ұжымы мектеп маңын, ауласын тазату мақсатында сенбіліктер ұйымдастырылып, тазату жұмыстары өтті. Атап айтқанда мектеп алдында орналасқан ескерткіш маңы қоқыстан тазартылып, әктеліп тазартылды. Оқушылар сенбілікке толық қатысып, тазалық шараларына белсене қатысып жүр.
Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » мақаласының «Туған жер» атты бағдарламасын іске асыру мақсатында Көктерек мектебінде 18 қыркұйек күні ауыл күніне арналған іс –шара барысы алтын бесік- ауылдың қадірін асқақтатқан әсем әнге, күмбірлеген күміс күйге толы концерттік бағдарламаға ұласты.
Мектеп ұжымы мен оқушылары жиналған ауыл түрғындарына 80 жылдық бейнеролик көрсетілді.Осы орайда , мектеп ұжымы «Қоныс той» дәстүрінен көрініс көрсетті.
22.09.17ж
Достарыңызбен бөлісу: |