жеріңде атып кетемін.
Қақым бар, рұқсатым бар!
Гүлжамал.
Ойбай, ойнап айтам. Қалжың түсінбейсің бе?
Бригадир.
Қалжыңдама! Аяғыңды аспаннан келтіремін!
Айжамал.
Не деген теңеу!
Əйелдер күледі. Бригадир ашуланып, қамшысын алып тұра
ұмтылады. Əйелдер қаумалап арашалап алып қалады. Бригадир
əйелдердің қолы тигеннен кейін кенет өзгереді. Күліп, бір жастау
келіншекке тұра ұмтылады. Əйелдер басында күлгенмен, артынан
істің насырға шапқанын сезіп, оны жабылып жатып қуып шығады.
Айжамал.
Ұялмайсыз ба?
Бригадир əлі келмейтінін біліп ыржалақтап шығып кетеді.
Гүлжамал.
Жоға деймін-ау, мынау қызық қой.
Түрік кемпір.
Ынсап жоқ бұларда. Құдайын танымай кеткен өңшең
құзғын.
Жəмила.
Соғыстан
қаны бұзылып келді, əйтпесе қандай азамат еді.
Туған шешесін танымай қалды ғой.
Əйелдер жұмысқа қайта отырады. Шынар (жаңағы бригадир қуған
келіншек) «Жатыр едім жайлауда» деген əнді жылап айтады. Бəрі
жылайды.
Шешен əйел
(қобалжып)
. Отқа оранды. Ауыл отқа оранды. Жалын
жұтты бəрін!
Жəмила.
Мына кісі қайта көтеріліп кетпесін. Абайлаңдаршы. Болды,
тыйыңдар көз жастарыңды. Əй, Гүлжамал,
айраныңнан қалса, құйып
берші.
Гүлжамал торсықтағы айраннан құйып береді. Əйел кесені қолына
ұстап, бір нүктеге қадалып қалған.
Жəмила.
Ішіңіз, ішіңіз. Іш
десеңші, кішкене өзегін жалғасын.
Гүлжамал кесені қолымен демеп, аузына апарады, əйел бір-екі
ұрттайды. Рақметін ишарамен білдіріп, қайта жұмысына кіріседі.
Əйелдер күрсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: