Крахмалдың қышқылдық гидролизі. Крахмалдың жалпы формуласы (C6H10O5)n гликозидтік байланыстармен жалғасқан полисахарид. Крахмал клейстерін /крахмалдың судағы ерітіндісі/ 20%-дың тұз қышқылымен қосып қыздырған кезде крахмал бірнеше қатар өнімдерін глюкозаға дейін гидролизденеді, көлемі жағынан уақыт өткен сайын азая түсуі, бұл - дейстриндердің ортаға шығуынан. Крахмалдың гидролиз процесін йод ерітіндісімен əрекеттестіру арқылы көруге болады. Ерітіндіде крахмалды көк түске, амилодекстринді - күлгін, эритродекстринді - қызыл, ахродекстринді - сарғыш-қызыл түстерге боялса, ал мальтодекстрин мен мальтоза түстері өзгеріссіз қалады.