Сахарозаның (қантты) сандық мөлшерін анықтау
Сахароза феллинг сұйықтығын тотықсыздыра алмайды. Бертран əдісі бойынша, сахарозаны анықтау үшін, оны алдын ала гидролиздеу (ыдырату) қажет. Гидролиз қышқылдың əсерінен келесі сызбанұсқа бойынша жүреді:
C12H22О11 + H2О=2 C6H12О6
Жұмыс барысы. Ақуыздардан арылған жəне қарапайымдалып ыдыратылған қанттардан дайындалған ерітіндіден зерттеуге 25 мл алып, оны сыйымдылығы 50 мл-лік м
өлшерлік колбаларға ауыстырылып құяды. Сыйымдылығы 50 мл-лік екінші колбаның үстіне 25 мл су құйып, оның ішіне термометр салады. Сөйтіп екі колбаны да температурасы 800С дəрежедегі ыстық су моншасына қояды. Бақылау колбасындағы температура 67-700С болғанда, зерттелетін ерітіндісі бар колбаның үстіне 1,5 мл НСl `(тығыздығы 1,19) қышқыл ерітіндісін құяды. Бұл жағдайда колбадағы қышқылдың концентрациясы 2% болады. Гидролизді, яғни қанттарды ыдыратуды, 6 минут бойы температурасы 67-700С дəрежелерінде жүргізеді. Гидролиздеу соңында, зерттелетін ерітіндісі бар колбаны краннан аққан ағын судың астында тез салқындатып, оның үстіне метил-қызылдың бірнеше тамшысын қосады. Колбадағы ерітіндіні 4 %-дық NaOH ерітіндісімен бейтараптайды. Сілтіні құйғанда, индикатордың қызыл түсі сары – алтын түске өзгергенше, тамшылатып өте мұқияттықпен қосады. Бейтараптағаннан кейін колбадағы ерітіндіні дистилденген сумен оның мөлшерлік белгісіне дейін жеткізіп, Бертран əдісімен қанттардың құрамын анықтайды. Қанттардың жиынтығы (қарапайымдалып ыдыраған қанттар + сахароза ) бұл олардың нəтижесі болып табылады. Барлық қанттардың жиынтығынан сахарозаның құрамын есептеу үшін ең алдымен қарапайымдалып ыдыраған (редукцияланған) қанттардың құрамын есептеп шығарады. Сахарозаның (молекулалық массасы 342) гидролизденуі кезінде гексозалардың (молекулалық масса 180*2=360) екі молекуласы түзіледі, ал алынған сахароза құрамдарының нəтижелерін 0,95-ке көбейтеді (342/360=0,95).
Нəтижелерді есептеу барысында ескеретін жағдай, барлық қанттардың жиынтығын анықтауға берілген ерітіндіні 2 есе сұйылтады (колбадағы 25 мл ерітіндіні 50 мл-ге дейін жеткізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |