Жұмыс барысы: 0,1%-дың крахмал клейстерін /қоймалжың ерітіндісін/ дайындау қажет. Ол үшін, техникалық таразыны қолданып 0,05г крахмалды тартып, оны шыны ыдысқа салған соң үстіне 10 мл су қосып мұқият араластыру керек. Колбаға 40 мл су құйып, оны қайнағанға дейін қыздырып, оған алғаш дайындаған шыны ыдыстағы ерітіндіні қосып араластырылады. Осы ерітіндіні қайта отқа қыздырып алу керек.
Штативке 6-7 пробиркаларды орналастырғаннан соң, бірінші пробиркаға 4-5 мл крахмал клейстерін құю керек. Колбаға 1,5 мл 20%-дық HCІ (тұз қышқылын) құйып, оны қайнаған су моншасында қыздырады. Қолбадағы ерітіндінің ең алғаш қайнау көпіршіктері пайда бола бастағанда, оны су моншасынан алып, екінші пробиркаға 5-6 мл аталған ерітіндіден алынады. Колбаның ішіндегі ерітіндіні қайта қайната түсіп, əрбір 5 мин сайын 4-5 мл-ден қалған пробиркаларға алып отыру керек. Алынған пробиркалардағы ерітінділерді суығаннан соң, су құйып, əрбір пробиркаға 5 тамшыдан йод немесе калий йодының ерітіндісін тамызамыз. Егер йодтың түсі жойылса, онда гидролиздің толық дайын екенін көреміз.
Колбада қалып қалған ерітіндімен редукцияланатын қанттардың реакциясына жұмыс істеуге болады: ол үшін таза пробиркаға 2-3 мл ерітінді алып, қышқылды бейтараптау үшін сода қосып, сондай мөлшерде Феллинг сұйығын құйып жəне оны қайнауға дейін қыздыру қажет.
Жұмыс барысында, крахмалды толық гидролизденгендігіндегі ерітінділердің түстерінің өзгеру себептері мен олардың уақыттарын белгілеп қорытындылау қажет.
Полисахаридтердің құрамын сараптау
Ұсақталған шикізаттың 5г (дәл өлшенген) сыйымдылығы 100мл колбаға салады,үстіне
50мл таза су құйып араластыра отырып кері тоңазытқышпен сулы юаняда 1сағ көлемінде
қайнатады,суытады.Сумен экстракциялауды сол жағдайда 30мин.екі рет
қайталайды.Алынған сулы заттарды біріктіріп,үш қабатталған марлы арқылы
сыйымдылығы 250мл колбаға фильтрлейді.Фильтрді таза сумен жуа отырып ерітіндінің
көлемін белгісіне дейін жеткізеді.
Алынған ерітіндінің 25мл центрифужді пробиркаға құяды,үстіне 75мл 95% этил спиртін
қосады,араластырып сулы баняда 60 0 С температурада 5мин көлемінде қыздырады.30мин.
кейін осы қоспаны айналу жиілігі 5000 көлем/мин-та 30мин цинтрифугалайды.Тұнбалы
сұйықты кептірілген,тұрақты массаға келтірілген шыны фильтр ПОР 16 арқылы
вакуумның астында фильтрлейді.Содан кейін тұнбаны 15мл 95% этил спиртімен жуа
отырып сол фильтрға аударады.Фильтрді тұнбасымен 100-105 0 С температурада тұрақты
массаға дейін кептіреді.
Полисахаридтердің проценттік құрамын (X) абсолютті құрғақ шикізатқа мына
формуламен есептейді.
Х=(m 2 -m 1 )*250*100*100/m*25(100-W)
Мұндағы: m 1 -фильтраттың массасы;
m 2 -тұнбасы бар фильтрдің массасы,г;
m-шикізаттың масса,г;
W-шикізаттың ылғалдылығы,%;
Достарыңызбен бөлісу: |