Коммерциялық емес акционерлік қоғам


Курстың тақырыптық жоспары



бет3/16
Дата07.02.2022
өлшемі94,23 Kb.
#84853
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
1. Курстың тақырыптық жоспары



Апталар



Тақырыптардың атауы, олардың негізгі мазмұны



Ресурстар мен дерекккөздер

Құралдар мен әдістер

Негізгі және
қосымша

Модуль 1. Мамандыққа кіріспе негіздері

1 апта
2 апта

3 апта
4 апта

5 апта

6 апта
7 апта



Тақырып 1. Психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері. «Мамандық», «кәсіп» ұғымдарының мәні мен мағынасы. Психолог кәсібінің негізгі мақсаттары мен міндеттері.
Лекция 1
1. Мамандық туралы түсінік
2. Психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері
3. Психолог маманның негізгі мақсаттары мен міндеттері.
4. Психолог кәсібі туралы мифтер
Лекция 2. Психолог кәсібінің қалыптасу кезеңдері мен тарихи негіздерін талдау.
1. Қоғамның тарихи даму кезеңдері психолог кәсібінің қалыптасуының алғышарты ретінде.
2. Сиқыршы және емшілер әсер етуінің авторитарлық сипаты. Уағыздаушы психолог ретінде.
3. Философ психолог ретінде. Тең әріптестік, сұхбаттар, хикаялау, зерттеу іс-әрекетінің тәжірибесі.
Лекция 3. Практикалық психолог қызметінің этикалық және кәсіби принциптері.
1. Адамның іргелі құқықтарын құрметтеу (жеке өмірге, жеке басқа қол сұқпаушылық, құпиялылық, автономия мен өзін-өзі айқындау құқықтары).
2. Клиенттің игілігі мен саулығына қамқорлық - «зиян тигізбеу» принципі. Құзыреттілік - кәсіби іс-әрекеттегі білімдер, дағдылар мен ептіліктерді меңгерудің жоғары деңгейі
3. Екіжақты қатынастарға тыйым – кәсіптік қатынастарды жеке, туыстық, жыныстық ниеттерден ажырату, бөлектеу. Лекция 4. Психология салалары және психолог кәсібі мамандануының негізгі бағыттары.
1. Психология салалары және мамандандыру бағыттары. Кәсіби іс- әрекеттің пәніне байланысты мамандандыру түрлері
2. Еңбек мекемелеріндегі психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері: инженерлік психолог, авиациялық іс-әрекеттегі психолог, ғарыш, көлік және коммуникация саласындағы психолог, бизнес-психолог, әскери психолог және т.б.
3. Әр түрлі салалардағы (экономика және бизнес саласында, Спорт саласында, заң және құқық қорғау, төтенше жағдайлар кезіндегі көмек көрсету бойынша қызмет саласында) психологтың біліктілік сипаттамалары.
Лекция 5. Психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттары: психодиагностикалық, консультациялық, түзету-дамыту, ағартушылық. Принциптер мен технологиялар.
1. Психологтың психодиагностикалық іс-әрекеті. Психодиагностика кезеңдері: деректерді жинау, мәліметтерді өңдеу және түсіндіру.
2. Психологиялық кеңес беру – әр түрлі тұлғалық мәселелерді шешуге бағытталған арнайы ұйымдастырылған әңгімелесу ретінде. Кеңес берудің типтері, принциптері мен кезеңдері.
3. Психотерапиялық әсер ету – адам проблемаларын шешудің психологиялық тактикасы мен стратегиясы кешені.
4. Түзету-дамыту іс-әрекеті – ауытқуларды жою мен қабілеттерді дамытуға бағытталған тактика мен стратегиялар. Түзету жұмыстарының принциптері, түрлері және кезеңдері
Лекция 6. Білім беру саласындағы психолог іс-әрекетінің ерекшеліктері.
1. Зерттеуші психолог - білім беру жүйесінің проблемаларын зерттеу және әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
2. Қолданбалы психолог – психология ғылымдарының жетістіктерін психодиагностика, психопрофилактика, консультация беру, психотерапиялық және түзету жұмыстары арқылы іске асыру.
3. Мектеп психологының қызметі. Дара және топтық терапия тәсілдерін және консультация беруді табысты жүзеге асыру. Психологиялық қызмет кабинетінің рөлі мен маңызы.
Лекция 7. Еңбек ұйымдарында және басқару саласындағы психолог іс- әрекетінің ерекшеліктері.
1. Психологиялық қызмет – басқару аппаратының маңызды буыны. Кадрлық жұмысты психологиялық сүйемелдеу.
2. Басшылар резервтерін іріктеу және оқыту.
3. Қызметкерлердің шаршау себептерін жеңу және жағымды психологиялық ахуалды жасау, психологиялық жеңілденуді ұйымдастыру.

Бейнелекция №1,
шолу
Бейнелекция
№2-7
ақпараттық

НӘ:1-5, 8,12
ҚӘ: 2-8, 15



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет