Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ


Қайталауға арналған сұрақтар?



бет109/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Қайталауға арналған сұрақтар?

1. Жидектерді сезімдік тексеру әдістері

2.Жидектерді санитариялық сараптау және бағалау

3. МЕМС қойылатын талаптар


20 зертханалық сабақ

Бау-бақшалы дақылдарының сапасын санитариялық сараптау және бағалау

Сабақ мақсаты: Бақша дақылдарының сапалығын анықтау әдісін үйрену және оның санитарлық бағасымен танысу.

Жұмыс жоспары:

1.Бақша дақылдарынан сынама алу тәртібі

2.Сезімдік тексерулер жүргізу:

2.1 түсін анықтау;

2.2 иісін анықтау;

2.3 дәмін анықтау;

2.4 консистенциясын анықтау;

2.5 бүтіндігін анықтау

2.6 шырындылығы

2.7 зиянкестермен зақымдалуы

2.8 механикалық зақымдалуы

3.Бақша дақылдарын нитритке тексеру


Бақша дақылдары - Бақшада күнделікті пайдаланылатын көкөністер өсіріледі. Бұларды бақша дақылдары дейді. Бақша дақылдары өсірілетін жер бақшалық деп те аталады. Бақшалық өсірілетін жерде ауыспалы егіс тәсілі колданылады. Бірінші жылы бақшалық өсімдіктері өсірілген жерге екінші және үшінші жылдары бидай мен арпа, төртінші жылы қайтадан бақша өсімдіктері өсіріледі. Бақша дақылдарын өсіру ісі жақсы дамыған Сыр өңірінде қауынның күләбі, қант қауын, әміре, әңгелек, қара қауын, анар, тұрмалы, ақұрық, көкше сияқты түрлері өсірілген. Қарбыздың үлкендеу қара күңгірт түрі мен қабығы қалың, көлемі аса үлкен болмайгын теңбіл қабықты түрі өсірілген. Бақша өнімдерін әрбір көкөкністі тұтыну ерекшелігіне қарай көктей, шикідей, қайнатылған an немесе тұздалған, кептірілген түрде пайдалама береді. Мысалы, қауыннан қауынқақ, қауынбал, қауынқұрт деп аталатын өңделген тағам түрлері дайындалады. Бізге жеткен мәліметтерде отырықшы, дәстүрлі ортада жатақ аталатын қазақтардың жаз мезгілінде тұтынатын негізгі тағамы бақша дақылдары болғандығы айтылады. Жазда тағамға молынан пайдаланылатын бақша дақылдарын қазақтар «көкше байлық» деп атаған. «Көкше байлық үш айлық, үш айдан содан шошайдық» деген сөз. Бақша өнімдерінің мезгілдік тағам екендігін тұспалдайды. Кейінгі дәуірлерде бау-бақша өсіру ісі кәсіпке айналып, кең ауқымда дами бастады. Отырықшы болған қазақ шаруалары өздері өндірген бау-бақшалық өнімдерін жайылым қуып, мал бағатын ағайындарының малына айырбастап, нәпақаларын айырып отырған.

Қарбыз (Cіtrullus) – асқабақ тұқымдасына жататын бір немесе көпжылдық өсімдік. Ең көп тараған бақша дақылдарының бірі. Дүниежүзінде 500-ден аса асханалық Қарбыз сорттары өсіріледі. Жабайы түрі Африкада, Иранда, Орта Азияда, Ауғанстанда кездеседі. Қазақстанда Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында көбірек өсіріледі.

Түсі ақ, ала, қоңыр жасыл жолақты. Жемісі тәтті шырынды қызыл, қызғылт, күрең қызыл, сирегірек ақ және сарғыш болады. Тағамдық Қарбыздың салмағы 0,6 – 16 кг, құрамында 11% қант, витамин, т.б. заттар бар. Қарбыз – жылу сүйгіш, ыстыққа және құрғақшылыққа төзімді өсімдік, бірақ үсікке төзімсіз. Негізінен, өңделіп тыңайтылған жердің топырағында жақсы өседі. Мал азықтық Қарбыздың салмағы 10 – 15 кг. Құрамында 2 – 3% қант болады. Қарбыздың жабайы өсетін, асханалық және азықтық үш түрі белгілі. Осыған орай Қазақстанда ерте пісетін Қырым жеңімпазы – 395; орташа пісетін Княжин, Тұтасжапырақты, Стокс 647/649, Багаев – Мурашка 747/749; кеш пісетін Дилноз сорттары кеңінен аудандастырылған. Қарбыз егілетін жер күзде 25 – 27 см тереңдікте жыртылады да, ерте көктемде тырмаланып, екі рет қопсытылады. Шопағын 6 – 8 см тереңдікке егеді, 9 – 12 рет суарады. Емдік мақсатқа Қарбыздың шырынды бөлігі мен қабығын және дәндерін пайдаланады. Қарбыздың тәтті бөлігі мен шырыны шөл басады, несеп жүргізеді. Дәндерінің қан тоқтататын және ішек құртын түсіретін қасиеті бар. Халық медицинасында Қарбыздың жемісін шемен мен сары ауруға қарсы қолданады.



Қауын (Cucumіs melo) – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қауын жабайы түрде Оңтүстік-Батыс Азия мен Африкада өседі. Бұдан 2 мың жыл бұрын Қауынды Кіші және Орта Азия жерінде мәдени дақыл ретінде өсіре бастаған. Жемісі – көп тұқымды, жемісінің түсі де, пішіні де сортына байланысты әртүрлі болады, салмағы 200 г-нан 16 кг-ға дейін. Қауынның жемісінің құрамында 4,5 – 18% қант, 0,6% белок, С, РР витаминдері, каротин болады. Қауын жәндіктер арқылы тозаңданады да, гүл жатыны түйнекке айналып жеміс салады. Қауын 25 – 300С температурада жақсы өседі, температура 150С-қа төмендесе өсуі баяулайды да, 3 – 50С-та үсікке шалдығады. Құрғақшылыққа төзімді, саздақ, құмайт, құмды жерлерде жақсы өседі. Пісу кезінде суарса немесе жаңбыр жауып топырақта ылғал шамадан тыс көп болса дәмі кемиді, кейде шіріп те кетеді. Қауын сорттары мен түрлеріне қарай әңгелек, әміре, т.б. топтарға бөлінеді. Қауынды тіліп кептіріп қауынқақ жасайды, қауынқұрт қайнатады, тосап, мармелад, т.б. дайындайды. Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы жерлерде гектарынан 300 – 400 ц өнім алынады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет