Керекті құрал-жабдықтар: әртүрлі жемістер, пинцеттер, скальпель, ыдыстар.
Әдістемелік кеңестер.
Бұл тақырыпты игеру үшін оқулықпен қолжазбадағы теориялық материалдарды қайталап алу қажетті және өнімдердің сапасына қойылатын талаптарды меңгеру.
Базарға сатуға түскен жеміс-жидектер қатарына жататындар: алма, алмұрт, гранат, құлпынай, бүлдірген, арельсин, мандарин, шабдалы, қарақат, т.б.
Студенттер, зертханалық жұмыстарды терең, әрі тыңғылықты орындап, оқу бағдарламасының материалдарын толық игеруі үшін, осы тақырып бойынша дәрістік қолжазба материалдарына өз беттерінше дайындалуға ұсыныс жасаймыз.
Сезімдік зерттеу: Сатылуға алып келінген жеміс-жидектерден алдымен сынама алады, содан кейін сезімдік тексерулер жүргізеді. Жеміс-жидектердің иісіне, түсіне, дәміне, біркелкі формаларын сақтағанына, шырындылығына көңіл аударады. Базарларда ластанған, көгерген, шырыштанған, мыжылған немесе кесілген, консистенциясы жұмсақ, жағымсыз ащы немесе қышқыл дәмі бар жеміс-жидектерді сатуға жібермейді
Достарыңызбен бөлісу: |