Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет32/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Бақылау сұрақтар:

1.Ашытылған тамыр-түйнектілер, көкөністердің тағамдлық маңызы

2. Тұздалған көкөністерді ветеринариялық санитариялық сараптау

3.Маринадталған өнімдерді ветсан бағалау


10-11 дәріс

Балауса және кептірілген жеміс-жидектердің, жаңғақтардың түрлері мен тағамдық маңызы, оларды сараптау және санитариялық бағалау

Дәріс мақсаты: Балауса, кептірілген жеміс-жидектердің, жаңғақтарды ветеринариялық санитариялық бағалау тәртібімен студенттерді таныстыру

Қарастыралтын сұрақтар

1.Балауса жеміс-жидектердің түрлері мен жіктелуі, маңызы

2.Кептірілген жеміс-жидектер, қысқаша өндіру технологиясы

3.Жаңғақтар түрлері, маңызы

4.Жеміс-жидектер мен жаңғақ өнімдерін сараптау және санитариялық бағалау

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1.«Өсімдік, балық, ара және құс шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» А.А.Жумагелдиев, Н.Б.Сарсембаева, К.М.Ромашев, М.О.Ергумарова және Д.Ж.Шалхарова. Алматы 2021 ж

2. Өсімдік шаруашылығы: оқулық / Қ.К.Әрінов, Қ.М.Мұсынов, А.Қ.Апушев [т.б.]; ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы: Дәуір, 2011.- 632 б. 160 шт

3.Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы: оқулық / Қ.М.Мұсынов, Е.А.Гордеева, Қ.К.Әрінов, М.Ә.Ысқақов.- Алматы: Эверо, 2015.- 572 б. -50 штук.

4.Жумагелдиев А.Ә., Ромашев Қ.М., т.б. «Ветеринариялық санитариялық сараптау». Алматы, «Айтұмар», 2018ж

5.Ізтаев, Ә.І.,Ермекбаева С.Б. Өсімдік шаруашылығы негізінде астықтану, оқулық / ҚР білім және Ғылым Министрлігі.- Алматы, 2014.- 415 б




  1. Жеміс-жидек өсіру Қазақстанда 20 ғ. 30-жылдарынан бастап дами түсті.

Жеміс дақылдары негізінен, биологиялық пішіндері жағынан мынандай топтарға бөлінеді:

Ағаштар (жаңғақ, алмұрт, қызыл шие, алманың кейбір сорттары);

Бұталар (қарақат, тұшала т.б.);

Жартылай бұталар (таңқурай, т.б.);

Жемістік құрылысына және биологиялық ерекшеліктеріне қарай:

Шекілдеуікті (алма, алмұрт, т.б);

Сүйекті (шие, алхоры,өрік, шабдалы, т.б.);

Жидекті (қара және қызыл қарақат, таңқурай, бүлдірген);

Жаңғақты (грек жаңғағы, орман жаңғағы, т.б.);

Шырын жемісті (апельсин, лимон, мандарин, т.б.);

Субтропиктік (анар, інжір, құрма, т.б.);

Тропиктік (банан, ананас,т.б.) болып бөлінеді.


Таңқурай Шие


Құлпынай жүзім



Цитрустық өсімдіктер

Тәтті апельсин, қышқыл апельсин, лимон, лайм, мандарин, манап-грейпфрут, пампельмус, цитрон, кинкан, понцирус.

Апельсиндер, мандариндер, танжериндер және климентиндердің әлемдік экспорты 1987 ж. 5,5 млн. т. Алдыңғы қатардағы әлемдік экспорттаушы елдерге: Испания (1,9 млн, т.), Израиль, ОАР, Куба, Греция, Италия. Лимондар мен лаймдердің әлемдік экспорты 1987 ж. 1,04 млн,т. құрады. Әлемдік экспорттаушы елдері: Испания (414 мың т.), АҚШ (152 мың т.), Түркия, Италия, Греция, Арегнтина, Мексика, Куба. Басқада цитрустардың әлемдік экспорты 1987 ж. 1 млн, т. болды. Экспорттушы елдер: АҚШ (371 мың, т.), Куба (190 мың т.), Израиль (144 мың т.)

Мандарин. Мандариннің көп түрі кездеседі: тұқымы бар және тұқымы жоқ, ұсақ және ірі, қышқыл және тәтті. Мандарин ағашы – цитрус ағаштарының ішіндегі суыққа төзімідісі, сондықтан оны Ресейдің оңтүстігінде өсіреді.

Лимон – 3000 жыл бұрын пайда болған. Отаны - Үндістан. Йогтар оны денсаулықты сақтауға қолданған. Олардың айтуынша «әрбір адам күніне бір лимон жеуге немесе оның шырынын ішуге үйренуі керек». Лимон жемісінде: қышқылдық элементтер, органикалық қышқыл, калий тұзы, мыс, А,В1, В2, Р,С дәрумендер, фитоцидтер бар. Балауса лимон шырынын балық пен тауық тағамдарына, бәлештерге қосылады. Лимоннның бірнеше түрі бар. Соның бірі – лайм. Оның тәтті дәмі, хош иісті жұмсағы бар. Сыртқы қабығын, шырынын және жұмсағын шырындарға, коктейлге және әр түрлі тағамдарға қосады. Ол Азия, Африка мен Европаның ұлттық тағамдарына кеңінен қолданылады. Кафрлық ламның сыртқы қабаты қылың және әжімді. Шырыны аз, бірақ жұмсағы мен сыртқы қабығы хош иісті. Сыртқы қабығын ұсақтап Азияның ұлттық тағамдарына дәмдеуіш ретінде қосады. Кейбір тағамдарға оның жапырағын қосады. Жемі құрғақ жеміс, шырынды жұмсақ деп бөлінеді.Жемі-жидектерді ашық күйде сақтауға болмайды. Олай жасаса, олар түсін,дәмі мен хош иісін жоғалтады. Жер жаңғағы 200-500 жылға дейін өмңр сүреді. Биіктігі 25-30 метр. Ашық және күңгірт түсті. Халық медицинасында грек жаңғағының дәнінен, жапырағы мен тамыр қабықтарынан шырыны, майы емдік диеталық мақсатта пайданаылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет