Тұздалған қиярлар түрі бойынша сол сортына сәйкес болуы керек. Мыжылған, бүріспеген, механикалық зақымданусыз, ұзындығы 14см-ден кем емес, консистенциясы берік, қытырлаған, ортасы тығыз, тұздығы сіңген, дәмі жағымды тұзды-қышқылды, қосылған қоспалардың дәмі мен исі бар, бөгде дәмі жоқ, түсі жасыл сарғыш немесе сарғыш, тұздығы мөлдір немесе аздап лайланған, исі жұпар тұзды-қышқылды. Лас, шырышталған немесе мыс ыдыстарға салынған, көгерген, шырыш-талған, мыжылған, сары түрі өзгерген, тұздығы лайлы, көгерген, жағымсыз исі бар қиярлар сатылуға жіберілмейді.
Пішіні әр түрлі қиярларда сатылуға жіберіледі. Бірақ олар мыжылмаған (5%-дан көп емес), ортасында қуысы жоқ (10%-дан көп емес), ұштары сәл сарғайған, көлемі бойынша ауытқулары (12% көп емес) көп болмауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |