Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет41/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

№1 зертханалық сабақ


Балауса тамыр түйнектілерің сапасын санитариялық сарапбағалау. Картоптағы солониннің мөлшерін анықтаудың зертханалық әдістері және бағалау”
Сабақтың мақсаты: Тамыр түйнектілердің санитариялық сапасын анықтау.

Жұмыс жоспары:

  1. Тамыр-түйнектілерді сезімдік зерттеу.

  2. Сатуға түскен тамыр түйнектілердің аурулары мен ақауларын анықтау.

  3. Картоптағы солониннің мөлшерін анықтау

  4. Зерттеулер нәтижелерін қорытындылау.


Керекті құрал-жабдықтар: Балауса картоптың, сәбіздің немесе сапасы әртүрлі көкөністердің сынамалары, қандауыр, қысқыштар, керекті дәрі дәрмектер.

Мазмұны: Тамыр түйнектілер мен көкөністердің сапасын негізінен сезімдік көрсеткіштері бойынша анықтайды. Сыртқы түріне, түсіне, бүтіндігіне, көлеміне, шырындылығына, консистенциясына, ластығына, зақымданулардың, аурулардың, құрттардың бар жоғына, піскендігіне көңіл бөледі. Бөгде иістерді анықтаудың маңызы зор (мұнай өнімдерінің, улы химикаттардың, хлордың, т.б.).

Шіріген, көгерген, қызған, мұздалған, деформацияланған, аурулары мен немесе құрттармен зақымданған, бөгде иісі бар тамыр түйнектілер сатылуға жіберілмейді.

Тамыртүйнектілер мен көкөністер келесі талаптарға сай болса ғана балауса кезінде сатылуға жіберіледі:

Картоп. Түйнектерді құрғақ, таза, бұлтықсыз, көктемеген және көкөнісденбеген. Жаздық картоптың диаметрі 3см болса, күндізгісінікі - 4,5-5см. Түйнектерін кескен кезде сықырлайды, біркелкі қатты аздап жұмсақтау. Пышақпен тілгенде түйнегінің түсі картоптың сорттарына қарай ақ, сарғыштау немесе қызғылт болады. Қара күйе түскен және бактериялық аурулармен зақымданған, жалпы мөлшерінің 2%-дан астамында бұлтығы мен көгергені, 1%- дан астамы топырақпен ластанған, 2%-ы жарақаттанған, 2% пішіні қатты өзгерген түйнектер болса, сондай-ақ көктеген, үсіген, шіріген картопты сатуға рұқсат етілмейді. Өткен жылғы картоп түйнектерінің 5%-ының аздап солуы, бетінің мыж қатпарлануы әдеттегі жағдай деп есептелінеді.

Сәбіз. Сапалы, балауса сәбіз таза, құрғақ, түсі біркелкі (сары немесе қызғылт сары), ауру және зиянкестермен зақымданбаған, сыртқы пішіні кемістіксіз болады. Қолмен игенде сынады, сол сынған жерінен шып етіп шық тәріздес су шығады. Иісі өзіне тән, хош иісті, тәттілеу (ащы емес) дәмді, нәзік. Су ішінде батады. Жуан жерінің диаметрі 2,6-6,0 см келеді. Сәбізде 7-10% дейін қант, 5-20 мг% каротин, В1, В2, РР, С және басқа да витаминдер мол. Минералды заттардың ішінен кальций, темір, фосфор мол. Сәбіз төмендегідей аурулар кездеседі

Сапалы қызылша.Сапалы қызылшаның түсі қоңыр-қызыл, балауса, таза, нығыз, құрғақ, шытынамаған, зақымданбаған, зиянкестерден таза. Пышақпен тілгенде реңі әрқалай қара-күрең түсті, шырынды, дәмі тәттілеу. Көлемін айтсақ ең жуан жерінің диаметрі 5-14 см келеді. Жаңа қазылған асханалық қызылша балауса, түйнектері топырақ пен шаңнан таза болуы керек. Тым жұмсарған немесе босаңқы, түйнектері тыржиған, сондай-ақ аурудың белгілері бар қызылшаны сатуға шығаруға болмайды.

Картоптағы соланинді анықтау. Қалыңдығы 1мм кесілген картопты фарфор табақ- шасына немесе сағат шынысына салып, кесіндіге бірнеше тамшы күшті сірке қышқылын (80-90%), оның үстіне қойытылған күкірт қышқылын, сонан соң 5% сутек қос тотығының бірнеше тамшысын тамызады. Соланин болса кесілген жер жедел күрең-қызыл немесе қызыл түске боялады.

Тексерудің қорытындысын дәптерге түсіріп, тиісті қорытынды жасалынады.


Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Тамыр – түйнектілерді сезімдік тексеру әдістері?

  2. Тамыр-түйнектілерден орташа сынама қалай алынады?

  3. Картоптағы соланинді қалай анықтайды?

  4. Тамыр-түйнектілердің қандай ауруларын білесіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет