Коммерциялық емес акционерлік қОҒАМ



бет57/123
Дата29.12.2021
өлшемі1,73 Mb.
#128982
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123
Байланысты:
umkd osimdik 21-22 zh dai n 2 (копия)

Методикалық кеңестер

Сабаққа дайындау барысында “Ұн, жарма, астық және бұршақты өнімдерді сараптау” тақырыбы бойынша теориялық материалдарды меңгеру қажет. Негізгі көңіл жарма мен талқанның санитариялық, тауарлық сапаларына аударылуы керек. Жарма, талқан сапасы мен санитариялық бағалауы, сынама алу тәртібі, сезімдік және зертханалық талдаулары ұнды зерттеу тәртібіндегідей жүргізіледі.



Жұмысты орындау тәртібі

  1. Сапасы әртүрлі жарманы, талқанды сезімдік зерттеу

  2. Ылғалдығын анықтау

  3. Жарманы, талқанды металл қоспасына тексеру

  4. Титрометрлік әдіспен қышқылдығын анықтау

  5. Қойма зиянкестері мен минеральды қоспаларға тексеру

  6. Жарманың санитариялық сапасы мен сортына қорытынды жасау

  7. Талқанның санитариялық сапасын қортындылау

Талқан. Сезімдік зерттеу бойынша талқан таза, кепкен (ылғалдылығы 15,5%-дан аспайтын), біркелкі, сол талқан түріне лайықты түсі, шіріген зеңді исі жоқ қойма зиянкестерімен зақымданбаған, кеміргіштер қиымен ластанбаған, бөгде кекіре, қышқыл иістері және металл, құм, улы өсімдік дәндерінің қоспалары болмауы тиіс. Осындай талаптарға сай келмейтін жармалар сатуға жіберілмейді.



Талқандағы бөгде қоспаларды шыны бетіне 25 грамм жарманы төгіп, қысқышпен араластырып лупамен қарап анықтайды. Қойма зиянкестерін табу (кене, коңыз, т.б.) үшін 1 кило жарманы арнайы електен шыны бетіне өткізіп алып лупамен қарайды.

Талқанның ылғалдығын анықтау үшін 5 грамын бюкске өлшеп алады. Алынған талқанды кептіріп, ондағы ылғалдылықты Мемст-9793-74 сәйкес жүргізеді.

Құм салып өлшенген бюкске шыны таяқша көмегімен 5 г тартылған талқанды салып қайталап өлшейді. Онан кейін сынаманы 2 сағат 103+2 С температурада кептіреді. Соңғы екі өлшеудің нәтижесі сынама массасының 0,1 пайыз- дан аспауы қажет. Масса бөлігіндегі ылғалдылықты (Х) пайыздап төмендегі формуламен анықтайды (%):

б-в


Х = б-в * 100, мұндағы:

а құм салынған бюкс пен таяқшаның массасы, г;

б құм салынған бюкс пен таяқша және өлшеп алынған сынаманың массасы, г;

в құм салынған бюкс пен таяқша және өлшеп алынған сынаманың келтірілгеннен кейінгі массасы, г.

Қорытынды нәтиже ретінде қатар екі рет өлшенген өлшемнің орташа арифметикалық саны алынады.

Талқан кебу болуы қажет (ылғалдылығы 10%-дан аспауы керек) ашық сұр түсті, өзіне тән иісі мен дәмі бар. Егер талқан ащы немесе қышқыл дәмді, сасық зеңнің иісі және басқа бөгде иістер, зиянды, лас қоспалары болса сатуға рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет