Зертханалық зерттеулер. Крахмал ылғалдылығын ұнның ылғалдылығы сияқты анықтайды. Картоп крахмалында судың мөлшері-20%-дан, жүгері крахмалында-13%-дан аспауы керек.
Крахмал қышқылдығын анықтау үшін колбаға 20 г крахмалды өлшеп салып, оны 100 мл суға ерітіп 5-8 тамшы 1 % фенолфталеиннің ерітіндісін қосып қызғылт түс пайда болғанша 1 н күйдіргіш натрий ерітіндісімен титрлейді. Крахмал қышқылдығын градуспен көрсетеді, ол үшін титрлеуге кеткен 1 н сілті ерітіндісінің мл санын 5 –ке көбейтеді. Егер 0,1 н ерітіндімен титрлесе, титрлеуге кеткен сілті санын (мл) 0,5 –ке көбейтеді. Картоп крахмалының қышқылдығы –20%-дан, жүгерінікі –25%- дан аспауы керек. Картоп пен жүгері крахмалының жасанды-жалғандығын анықтау үшін микроскопиялық зерттеулер жүргізеді.
Крахмал дәнінің пішінін анықтау үшін сағатты шыныға крахмалдың судағы суспензиясын дайындап алады. Төсеніш шығына ерітілген крахмалдың тамшысын тамызып, жабынды шынымен жабады да микроскоппен қарайды (7х40). Әр дақылдың дәніндегі крахмалдың пішіндері әртүрлі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |