Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Саяси ғылымдағы негізгі теориялық тұғырнамаларға мыналарды жатқызуға болады



бет4/10
Дата07.02.2022
өлшемі110,46 Kb.
#95362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
ДТжС-мәдениеттану- (1), ДТжС-мәдениеттану- (1), Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде, Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Саяси ғылымдағы негізгі теориялық тұғырнамаларға мыналарды жатқызуға болады:
а) саясаттың Маркстік теориясы. Оның негізін қалағандар К.Маркс (1818-1883) және Ф.Энгельс (1820-1895). ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей жағдайына орай оны В.И.Ленин (1870-1924) дамытып, 1917 жылы Қазан социалистік төңкерісі іске асырылды. Қазіргі саяси ғылымда да мрксизм өмір сүріп келеді, алайда КСРО ыдырағаннан кейін оның дүниедегі алатын орны мен әсері әлдеқайда әлсіреп қалғаны анық;
ә) ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында Батыс елдерінде саяси теорияның бихевиористік тұғырнамасы пайда болды. Бұл тұғырнама жеке адамның (индивидтің) оны қандай да бір саяси шешімдерді қабылдауға итермелейтін нақтылы мінез-құлықтық ынталандырғыштарын (мотивацияларын) талдауға арналған. Оны жасап шыққандар Ч.Мерриам (1874-1953) басқарған америкалық ғалымдар тобы болатын. Ч.Мерриамның пікірі бойынша, саясатта жеке адамның еркі мен құмарлықтары (әсіресе билікке және күш қолдануға деген құмарлық) шешуші рөл атқарады;
б) христианшылықтың әртүрлі модификацияларына (православиелік, католиктік, протестанттық), исламға (сүнниттік және шиитік) және буддизмге, сондай-ақ ұлттық діндерге (даосизм, синтоизм, индуизм, иудаизм және т.б.) негізделе дамытылған діни-саяси тұғырнамалар;
в) сонымен бірге әртүрлі заманауи теориялар мен тұғырнамалар (топтар теориясы, саяси күштердің тепе-теңдігі теориясы, элиталар және элитизм теориясы, конфликт (жанжал) пен саяси консенсус теориясы, т.б.) күш алуда. Солардың ішінде демократияның сан қилы тұғырнамаларын ерекше атап өтуге болады. Өйткені демократия қазіргі кезде басқару формасы ретінде бүкіл адамзатқа белгілілерінің ішінде ең тәірі болып, жалпылама мойындалған. Осыған орай, демоктратияның либералды теориясы, тікелей демоктратия теориясы, плюрализм теориясы, демократияның элитарлық теориясы, партиципаторлық демократия теориясы, демократияның саяси моделі және т.б. айрықшаланады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет