Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Қоғамдық өмірді басқаруға саналы қатынасу үшін саясаттанулық білімнің маңызы



бет8/10
Дата07.02.2022
өлшемі110,46 Kb.
#95362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
ДТжС-мәдениеттану- (1), ДТжС-мәдениеттану- (1), Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде, Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Қоғамдық өмірді басқаруға саналы қатынасу үшін саясаттанулық білімнің маңызы
Саяси білім тек кәсіби саясаткерлер мен маман саясаттанушыларға ғана емес, сонымен бірге әрбір қатардағы азаматқа да қажет. Өйткені ол қоғамда өмір сүретіндіктен мемлекеттік биліктің қалайша қалыптасатынын, қоғам мен мемелекет қарым-қатынасының принциптері қандай екенін, өзінің құқықтары мен міндеттемелерінің қандайлығын, саяси шешімдердің қалай қабылданатынын, билікке әсер етудің мүмкіндіктерін білуі тиіс. Ол қоғамда болып жатқан саяси үдерістер мен құбылыстардың мағынасын түсініуі, саяси өмірге мақсатты бағытталған (бүкіл қоғамға пайдалы түрде) сипат беру үшін саналы қатынсауға дайын болуы. Демек, саясаттану адамдарды саяси білімдермен және тәжірибемен, саяси мәдениетпен қаруландырады. Сонымен бірге қоғамдық өмірді басқаруға белсенді қатынасуға даяр тарихи үдерістің саналы субъектісінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Саяси білімдер адамға қоғамның саяси дамуының формалары мен жолдарын анықтау үшін, қабылданып жатқан саяси шешімдердің пәрменділігін бағалау үшін, елдегі және де бүкіл әлемдегі саяси оқиғалар мен үдерістердің барысы мен нәтижелерін болжай білу үшін қажет. Саясаттану студент жастарға саяси сананың демократиялық элементтерін жинақтауға, саяси дүниетаным мен саяси мәдениеттің негіздерін меңгеруге, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға, әлеуметтік шиеленістерді шеше білуге, саяси үдерістерге белсенді қатынасуға, саяси экстремизмге қарсы күресуге және т.б. көмектеседі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет