Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы



бет6/10
Дата07.02.2022
өлшемі110,46 Kb.
#95362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
ДТжС-мәдениеттану- (1), ДТжС-мәдениеттану- (1), Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде, Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Саясаттанулық білім
Өзінің табиғи негізі бойынша қоғам мен саяси-әлеуметтік шындықтың дамуымен бірге дамитын саясаттану ғылымы жан-жақты білім болып табылады. Саясаттанулық білімнің ерекшелігі, ең алдымен, оның пәнінің ерекшелігінен туындайды. Ол, тұтас алғанда, қоғам өмірінің саяси саласы мен үдерістеріне, қатынастарына, саяси шешімдер қабылдау және оларды іске асыру процедураларына, саяси жүйелерге және т.б. бір сөзбен айтқанда, саясаттың бүкіл көптүрлілігі мен бірлігіне тән заңдылықтарды зерттейді.
Саяси білім әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде алатын орнына сай келетін әжептәуір күрделі құрылымға ие. Саясаттану қоғамдық ғылыми пәндер қатарынан (саяси тарих, саяси әлеуметтану, саяси психология, саяси антропология, саяси философия, геосаясат, этносаясат, саяси ілімдер тарихы және т.б.) орын алады және олардың қол жеткізген нәтижелерін өз өлшеміне сай түрлендіріп қосып алады. Бұл ғылыми пәндерді тұтас саясаттанулық білімнің дербес салалары деп қарастыруға болады. Олар сол мезетте саясаттанумен жанасып тұрған ғылымдарға (тарихқа, әлеуметтануға, психологияға, философияға және т.б.) олардың бөлімшелері есебінде жатқызылуы мүмкін. Бұл ғылымдардың өзара байланысының, олардың зерттеу әдістері мен нәтижелерінің өзара әсерінің жақсы бір мысалы бола алады. Сонымен саясаттану өзінше бір кешенді пәнаралық ғылым ретінде дүниеге келіп, өз орнын тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет