Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Негізгі саяси тұғырнамалар



бет3/10
Дата07.02.2022
өлшемі110,46 Kb.
#95362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
ДТжС-мәдениеттану- (1), ДТжС-мәдениеттану- (1), Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде, Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Негізгі саяси тұғырнамалар
Дүниежүзілік саяси ғылымда еуропалық және америкалық ғылыми дәстүрлер баса айтылады. Еуропалық саясаттану дәстүрі өз бастауын көне грек философиясынан (Платон, Аристотель) алады. Ол биліктік қатынастарды, мемлекеттің және оның институттарының қызметін қоғамдық өмірдің жалпы әлеуметтанулық, саяси-тарихи, саяси-құқықтық қырларын ескере отырып, ауқымды әлеуметтік-философиялық кең мәтінде зерделеуге бағдарланған. Ол өз қағидаларының әмбебаптығына сенімді және абстрактілі-теориялық сипатқа ие. Керісінше америкалық саяси ғылымның практикалық бағыттылығы басым, өйткені ол АҚШ-тың саяси жүйесі дамуындағы биліктік қатынастардың функционалдық-мінез-құлықтық қырларын зерделеумен тікелей байланыста қалыптасқан. Осыған орай, онда саяси ғылым білімнің мәртебелі саласы деп есептеліп, үлкен беделге ие болып отыр. Қазіргі саяси ғылымда осы екі дәстүрлердің белгілі бір жақындасуы және синтезделуі орын алуда. Сөйтіп, олар бірін-бірі байыта отырып, тұтас алғанда, саясат туралы ғылымның сипатына енуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет