Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы


Саяси технологиялар және олардың әлеуметтік маңызы



бет7/10
Дата07.02.2022
өлшемі110,46 Kb.
#95362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
ДТжС-мәдениеттану- (1), ДТжС-мәдениеттану- (1), Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде, Саясаттану ғылымы әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар жүйесінде
Саяси технологиялар және олардың әлеуметтік маңызы
ХХ ғасырдың 60-жылдары саяси ғылым шеңберінде қолданбалы саясаттану қарқынды дами бастады. Ол практикалық мәні бар нақтылы саяси мәселелер мен сұрақтарды (мысалы, шиеленісті ахуалдарды реттеу, саяси келіссөздер жүргізу технологиясы, қолайлы саяси имидж жасау, сайлау компанияларын өткізу, тобырлық сананы манипуляциялау және т.с.с) шешуге бағытталған еді. «Саяси технологиялар» термині саяси субъектілердің өз мақсаттарына жету үшін қолданатын адамдарға әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығын білдіреді. Олар адамдардың мінез-құлқын саяси үдерістің әлдебір субъектісінің пайдасына, соның мүдделері мен тілектеріне сай қылып өзгерту мақсатында сол адамдардың санасы мен санасының астарына ықпал етуді көздейді. Олардың ішінде ең көп тарағандарының қатарына сайлау технологиялары, саяси шиеленістерді басқару, саяси имидж жасау, қоғамдық пікір қалыптастыру, заң жобаларын лоббилау және т.б. технологиялары жатады. Саяси технологияларды қолдану саяси үдерістердің барысын үдетуі, керісінше баяулатуы, оның бағытын өзгертуге түрткі болуы, оның түпкілікті нәтижелеріне әсерін тигізуі мүмкін. Саяси технологиялардың басқармалық шешімдерді қабылдау мен іске асырудағы рөлі зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет