1. Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері 1.1 Пәнді оқытудың мақсаты – «Азық-түлік өнімдернің құрылымдық - механикалық қасиеттері» пәнін оқытудың мақсаты азық-түлік өнімдерінің реологиясы тағам өндірісінің физика химиялық механикасы ғылымының негізгі бөлігі ретінде теориялық негіздерін оқып үйрену, азық-түлік өнімдернің сапасын арттыру үшінреологиялық қасиеттерді өлшеу әдістерін оқып үйрену.
1.2 Пәнді оқытудың міндеттері: технологиялық процестерді әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысу; жаңа өнім өндірісін дайындау барысында технологиялық процестерді жетілдіру және игеру бойынша жұмыстарға қатысу; өнім сапасын қамтамасыз ету бойынша іс шараларды орындау; шикізаттың, жартылай фабрикаттар мен тамақ өнімдерінің беріктік, компрессиялық, адгезиялық, фрикциялық қасиеттерін зерттеу; тамақ өнімідерінің консистенциясын, қаттылығын, сынғыштығын, когезиясын, үйкелуін, жабысқақтығын, құрылымын, текстурасын сипаттайтын қасиеттерді зерттеу, әртүрлі өлшеу құралдарының көмегімен зерттеу және есептеу әдістерін; технологяилық өңдеу процесінде болатын тамақ өнімдерінің негізгі қасиеттерінің өзгеруі, олардың дайын тағамдар мен аспаздық өнімдердің сіңімділігі мен сапасына әсерін зерттеу.