Курс пререквизиттері: микробиология, биохимия, сүт консервілерінің технологиясы, тоңазытқыш техникасы және технологиясы
Курс постреквизиттері: азық-түлік өнімдерін өндіру жабдықтары, сүт майы мен ірімшік өндіру технологиясы, МТӨ шикізатты тиімді пайдалану, азық-түлік өнімдері шикізатының сапасын бақылау және бағалау, азық-түлік өнімдерін сараптау.
Күтілетін нәтижелер:азық-түлік өнімдерінің құрылымдық – механикалық қасиеттерінің теориялық негіздерін тамақ өндірісінің физика химиялық механикасының құрамдас бөлігі ретінде оқып үйрену. Эксперименттерді орындау барысында алынған теориялық білімді бекіту және тереңдету, зертханалық зерттеулер мен жұмыс нәтижелерін талдаудың практикалық дағдыларын меңгеру. Заманауи компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, технологиялық үдерістерге эксперименталды зерттеулер жүргізу тәжірибесін және әдістемесін меңгеру; техникалық құралдар мен зертханалық жабдықтарды пайдалану дағдыларын меңгеру; тәжірибелік деректерді өңдеу, жұмыс нәтижелерін рәсімдеу және ұсыну дағдыларын қалыптастыру; зерттеу нәтижелерін талдау және процестің тиімділіг туралы қорытындыларды қалыптастыру кезінде шығармашылық қабілеттерді және дербестікті дамыту.