Бүгінгідей бәсекелестік жағдайында жеке кәсіпорынның коммерциялық құпиялығын қарайтын мәлімметтерді анықтау қажеттілігі туады. Оған идеялар, өнертабулар, жаңа технологиялар, фирманың табысы, тауар жеткізуші, тауар өткізу жүйесі, байланыстар туралы мәліметтер т. б. жатады. ҚР Азаматтық Кодексі коммерциялық құпияға жатқызылаы мүмкін мәліметтердің тізімін көрсетеді.
Деректерді жазу.
Кәсіпорынның өзі заң негізінде коммерциялық құпияға жатқызылатын мәлімметтердің тізімін нақты анықтайды. Ол мәлімметтер ғылымитехникалық сипатта болуы мүмкін: чертеждер, схемалар, рецептура, технологияның ғылыми нұсқаулары, және электронды есептеу машиналарына арналған бағдарламалар. Іс жүргізу туралы мәліметтер де коммерциялық құпияға жатуы мүмкін. Оларға мыналар енеді: клиенттермен қаржылық есептесу, несие туралы мәліметтер (ресми қаржылық есептерден басқа) т. б. табыс, өнімнің өзіндік құны мен қызмет көрсету туралы мәліметтер,олардың көлемі мен өту бағалары; кәсіпорынды дамытудың стратегиялық және тактикалық жоспарлары, тауардың бар-жоқтығы мен тапсырыстар көлемі;
Кәсіпорын басшылығы.
Кәсіпорын басшылығы коммерциялық құпияға жататын мәліметтердің сипаты мен көлемін өзі анықтайды және бұл мәліметтерді жария болудан қорғайды, құпия мәліметті білетін адамдардың тізімін белгілейді. Мемлекеттік үкімет орындары коммерциялық құпияны анықтау мен сақтауға заңда көрсетілген жағдайларданбасқа уақытта араласа алмайды. Коммерциялық құпияны қорғау үшін кәсіпорынның әкімшілігі мыналарды белгілейді: мәлімметтердің коммерциялық құпияға жату ережесін; коммерциялық құпияны білетін адамдардың тізімін; құпиялық режімін, яғни, коммерциялықұпия істерді жүргізу тәртібін, оның есебін, құпиялылығын сақтау, көбейту жою мерзімі мен тәртібін; құпия мәліметті қорғаудың техникалық шарттарын;
Задание №1
Прочитайте словосочетания и переведите на русский язык: Тапсырманы орындадым, құжаттарды дайындадын, құжатқа қол қойдыңыз, тапсырма берді, өтінішті тіркеді, жеке адамдарды қабылдады, кезекті еңбек демалысына шықты, министр өтінішке қол қойды.