аталған өлшеу құралдар қателіктерінің таралу заңдарын бағалаңыз;
бақылаулар нәтижелерінің қалыпты таралу заңына сәйкестігі туралы
гипотезасын Пирсонның 2 -критерийі көмегімен тексеріңіз.
Зертханалық жұмысты орындау тәртібі
Зертханалық жұмысты орындауға оқытушыдан нұсқа нөмірін алып, жүйеде тіркеліңіз:
Metlab.exe файлын қосыңыз, бас мәзірден орындалатын зерханалық жұмыстың нөмірін таңдаңыз: студенттің тіркелу терезесі пайда болады (1.1 сурет);
1.1 cурет - Студенттің тіркелу терезесі
өзіңіздің аты жөніңізді, топ нөмірін енгізіңіз;
зертханалық жұмыстың берілген нұсқасын енгізіңіз;
«Далее» батырмасын басыңыз.
Пайда болған виртуалды зертханалық стендтің терезесінде (1.2 сурет) тапсырманы оқыңыз, кірудегі температураның қайта қосқышының астында орнатылған енгізу терезеcіне кірудегі температураның мәнін (тапсырма бойынша) енгізіп, «Enter» батырмасын басыңыз. Содан кейін зертханалық жұмысты орындауға аспаптардың таңдауын бастаңыз.
сурет – Виртуалды зертханалық жұмыстың терезесі
«Первичные преобразователи» бетінде термопаралар мен термокедергілердің ұсынылған тізімінен таспырмаға сәйкес бірінші ретті түрлендіргіштің типін таңдаңыз.
Егер де бірінші ретті түрлендіргіш дұрыс таңдалынған болса, сол жақта төменде «Первичный преобразователь выбран верно» жасыл лампасы жанады.
Жұмыстың келесі «Екінші ретті аспапты таңдау» кезеңіне көшіңіз (1.3 сурет). Ол үшін «Вторичные приборы» бетіне көшіңіз.
сурет –Жұмыс кезеңдерін таңдау терезесі
Типі тапсырмада көрсетілген екінші ретті аспапты 1.2.3 – 1.2.5 т. сияқты таңдаңыз.
Жұмыстың келесі кезеңі «Имитациялық тәжірибе» болып табылады. Ол үшін «Статистическая обработка результатов» (1.3 сурет) бетіне көшіңіз. Пайда болған «Имитационный эксперимент и статистическая обработка результатов» (1.4 сурет) терезеcінде кірудегі температураны өлшеуге имитациялық тәжірибелерді екі өлшеу құралымен өткізуге мүмкіншілік бар: сол жақта –1.2.3 т. таңдалынған бірінші ретті түрлендіргішпен, оң жақта –1.2.тт. таңдалынған екінші ретті аспабымен.
сурет – Имитациялық тәжірибелер мен нәтижелерді статистикалық өңдеудің терезесі
Бақылау санын «50» деп енгізіп, осы терезенің оң және сол жақтарындағы екі «Имитационный эксперимент» батырмаларын басыңыз.
Бірінші ретті түрлендіргішпен өлшенген кірудегі шаманың 50 мәнінен тұратын екі тік жолы және екінші аспабымен өлшенген кірудегі шаманың 50 мәнінен тұратын екі тік жолы пайда болады. Олар 1.2.2 т. берілген кірудегі температураның мәнінің кездейсоқ тәртібімен алынған өлшенген нәтижесі болып табылады.
Жұмыстың келесі кезеңі «Нәтижелерді статистикалық өңдеу».
Бірінші ретті түрлендіргішпен өткізілген имитациялық тәжірибелерді статистикалық өңдеңіз. Ол үшін «Excel» батырмасын басыңыз, сонда өлшенетін шаманың 50 мәнінің сұрыптауы автоматты түрде «.xls» кеңейтілуі бар файлда орнатылады. Пайда болған терезеде кеңейтілуі «.xls» болатын файл атын енгізу керек.
«Excel» файлын ашып, бақылау нәтижелері мен өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімінің, дисперсиясының, орта квадратты ауытқуының бағаларын есептеңіз (1.4 т.). Өлшенетін шаманың кездейсоқ қателіктері бар бақылау нәтижелерінің таралу заңының диаграммасын құрыңыз.
Бақылау нәтижелері мен өлшеу нәтижелерінің математикалық күтімінің, дисперсиясының, орта квадратты ауытқуының бағаларының мәндерін компьютермен есептелген мәндерімен салыстырыңыз. Ол үшін есептелген мәндерді сәйкес терезелерге енгізіп, «Проверка» батырмасын басыңыз. Есептелген мәндер дұрыс болса, енгізу терезелердің сол жағында жасыл светодиодтар жанады (1.4 сурет).
Өлшенетін шаманың бақылау нәтижелерінің таралу диаграммасын экранда орнатылған компьютердің диаграммасымен салыстырыңыз.
Келесі 1.2.8 – 1.2.10 тт. орындалуын басқа өлшеу құралы – екінші ретті аспап үшін қайталаңыз.
Жұмыстың келесі кезеңі - «Қалыпты таралу заңы туралы гипотезасын Пирсон критерийі көмегімен тексеру».
«Проверка гипотез» бетіне көшіңіз (1.3 сурет). «Расчет функции Пирсона» бетін ашыңыз (1.5 сурет).
Бірінші ретті түрлендіргіш пен екінші ретті аспап үшін Пирсон функциясын 1.3.5 әдістемесіне сәйкес есептеңіз.
Сәйкес терезелерге сенімді ықтималдық пен маңыздылық денгейдің берілген мәндерін және есептеу негізінде алынған Пирсон функциясының мәні мен оның сынау мәнін енгізіңіз (бұл мән «Проверка гипотез»:
«Справочный материал» бетіндегі кесте арқылы табылады).
«Расчет» батырманы басыңыз. Компьютер Пирсон функциясын есептейді. «Подтверждение закона» терезесінде компьютермен гипотезаны тексерудің нәтижесі пайда болады: таралу заңының қалыпты болатыны дәлелденеді немесе дәлелденбейді.
«Проверка» батырмасын басыңыз. Маңыздылық деңгей, Пирсон функциясының есептелген мәндері және Пирсон функциясының сынау мәндері компьютермен есептелген мәндерімен салыстырылады. Есептеулер дұрыс болса, сәйкес терезелердің сол жағында жасыл светодиодтар жанады. Кері жағдайда оқытушы парольді енгізіп Пирсон функциясын компьютермен есептеу тәртібін көре алады.
сурет - Пирсон критерийі бойынша таралу заңының қалыпты