«Коммуникация қаупі» 6М073500 – «Тағам қауіпсіздігі» магистранттарға арналған



бет9/11
Дата24.08.2020
өлшемі124,61 Kb.
#76686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
П нні О У дістемелік кешені

Тамақ өндірісіндегі мекемелердің алдында тұрған басты мәселелердің бірі - ол НАССР принциптеріне негізделген сапа жүйесін өндіріске кеңінен енгізу. Қазақстанда НАССР жүйесі ҚР СТ 1179-2003 «Сапа жүйесі. Тамақ өнімдерінің сапасын НАССР принциптері негізінде басқару» стандартында келтірілген. Стандарт Еуропа Одағының нұсқауларын ескере отырып жасалған. НАССР жүйесінің негізгі терминдері - «қауіп-қатерді талдау», «өте қауіпті нүктелер». Қауіп-қатерді талдау - қол жеткізуге болатын ақпаратты пайдалана отырып қауіп-қатерден кейін бағалау. Өте қауіпті нүктелер - қауіпті факторларды нақтыландыру мақсатында тексерілетін және зиян келтіру ықтималдығын төмендетуге немесе жоюға мүмкіндік беретін нүктелер. Мысалы, сүт өндірісінде өте қауіпті нүктелер ретінде сүт фермаларынан сүтті алу, сүт өнімдерін тасымалдау жағдайы және басқалар қарастырылады. Тамақ өндірісінде НАССР жүйесін өндіріске енгізу Еуропа елдерінде 1999 жылдан бастап міндетті деп есептеледі, өйткені бұл шара тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін өте жоғары деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді.Соңғы жылдары мемлекеттік бақылау қызметі көптеген өзгерістерге және қызмет атқаратын адамдардың аздығына байланысты өзінің жұмылдырушылық қабілетін жоғалта бастады да, шығарылатын және таратылатын өнімнің басты бөлігін тексерумен қамти алмай отыр. Республика аумағында техникалық реттеу жүйесі енгізілген жағдайда, өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың қауіптілік деңгейіне және халыққа, мүлікке, қоршаған ортаға зиян келтіру мүмкіндігін ескере отырып анықталатын болғандықтан, мемлекеттік бақылау органдарының жұмыс бағыты да өзгеруі тиіс. Мемлекеттік бақылаудың дамуы отандық және шетелдік тәжірибеде қолданылатын барлық тексеріс түрлерінде топ неизге алынатын принциптер жиынтығына сүйенуі керек:

  • тексеру объектілерінен әкімшілік және қаржы жағынан тәуелсіздігі;

  • заңдылықты сақтау;

  • мемлекеттік инспекторлардың әділдігі;

  • анықталған заң бұзушылыққа сәйкес жаза тағайындау және оны бұлжытпай орындау;

  • тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық құпиясын сақтаумен қатар нәтижелердің жариялылығы;

  • мемлекеттік бақылауды жүргізу ережелерін халықаралық тәжірибеде қабылданған нормалармен үйлестіру;

  • өзінің міндетті шеңберінде тексеру және бақылау жүргізетін басқа да органдармен іс-қимылдарын үйлестіру.

Мемлекеттік реттеу саласындағы құрылым, жұмысты ұйымдастыру тәртібі, құқықтық және нормативтік базасы халықаралық нормалар мен талаптарға үйлестірілуі керек. Шетелдерде өнімнің қауіпсіздігіне жауапкершілік дайындаушыға жүктеледі, ал мемлекет ұлттық мүддеге және қауіпсіздік шеңберіне енетін жағдайларды ғана бақылауға алады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпкерлердің жұмысына араласуын шектеуі керек, ал бақылауды тек қана техникалық регламенттерде келтірілген міндетті талаптарға қатысты жүргізу және өнімді бақылауды көбіне оларды өткізу кезінде жүргізу керек.

Мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарының сақталуын және сертификатталған өнімді (қызметті) бақылау жүргізгенде мемлекеттік стандарттарды бақылайтын мемлекеттік инспекторлар мекемені тексеру актілері негізінде тыйым салу, жою, кемістікке жол бермеу шараларын қолданады және жіберілген кемістіктердің себептерін анықтайды. Осы мақсатта олар талаптар мен ережелерді бұзушыларға жарлық береді және стандарттардың міндетті талаптарын, сертификаттау ережелерін бұзғаны, жарлықты орындамағаны үшін айыппұл салады. Жарлық мына түрлерде берілуі мүмкін:



  • міндетті талаптардың, соның ішінде қауіпсіздік талаптарының бұзылғаны және ол кемістіктерді жою қажеттігі туралы. Орындаудан бас тарту немесе уақытылы орындамау орын алса, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады (мысалы, Ресейде айыппұл 5000 еңбек төлемінің ең кіші мөлшері деңгейінде белгіленген);

  • өндірілген өнім, көрсетілген қызмет мемлекеттік стандарттардың міндетті талаптарына сай болмаса, оларды таратуды және атқаруды тоқтата тұру жөнінде. Орындаудан бас тартқан жағдайда таратылған өнім (көрсетілген қызмет) бағасына тең айыппұл салынады;

  • өнім өндіруді (егер өнімнен келетін зиянды жою мүмкін болмаса) және зиянды тауарларды сатуды тоқтату жөнінде. Орындаудан бас тартқан жағдайда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

  • тұтынушылардан қауіпті тауарларды қайтарып алу. Жарлықты орындамаған жағдайда немесе осы тауарлар зиян келтірсе, онда белгіленген мөлшерде айыппұл салынады.

Тауарды міндетті сертификаттау ережелерін бұзғаны үшін сертификаттау органдарына тауар (жұмыс, қызмет) бағасынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Ережелерді бұзу сәйкестік сертификатының дұрыс берілмегені түрінде болуы мүмкін:

  • сынау деректері дұрыс болмаса да;

  • тауардың стандарттар талаптарына сәйкестігі дәлелденбесе де (мысалы, сынау жоспары сақталмаған, сынаулар қауіпсіздік талаптарын түгел қамтымаған);

  • сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу тізімінде жоқ тауарларға берілсе;

  • сәйкестік сертификаты сертификаттау органының тіркеу аттестатының мерзімі өтіп кеткеннен кейін берілген болса.

Тауарды міндетті сертификаттағанда сынау нәтижелері туралы жалған ақпараттарды бергені үшін сынау зертханалары мен орталықтарына тауар құнынан екі есе көп мөлшерде айыппұл салынады. Айыппұл төлеуге қатысты мәселелерді шаруашылық жүргізуші субъектілерінің, дайындаушының (орындаушының), сертификаттау органының, сынақ зертханаларының өкілдері, басқа да мүдделі тұлғалар тексеру актісі түскеннен кейін белгіленген уақыт аралығында бірлесіп қарастырады. Жеке және заңды тұлғалар, барлық меншік нысанындағы ұйымдардың лауазымды адамдары сертификаттау туралы заңдарды бұзғаны үшін заңдарға сәйкес жауапты болады. Ескерте кететін жағдай: қылмыс жасалды деп есептеу үшін қауіпті тауар шығарып, оны тұтынушыға сату жеткілікті емес. Ол үшін мүмкін зардап іске асырылуы керек, яғни нақтылы адамдардың денсаулығына зиян келтірілуі керек. Сондықтан қауіпті тауарды шығару және сату - қылмыс жасаудың басы, яғни қылмыс жасауға дайындық ретінде қарастырылады. Адамдардың денсаулығына зиян келтірілді деп, ол жеңіл немесе ауыр дене зақымын алған жағдайда ғана есептеледі. Жауапкершілік деңгейі қылмыстың ауырлығына, зиян шеккен адамдардың жалпы санына және олардың жас ере шеліктеріне байланысты.http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D1%80%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D1%80%D0%B5%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%83_%D0%B6%D2%AF%D0%B9%D0%B5%D1%81%D1%96_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D1%81%D0%B5%D1%80%D1%82%D0%B8%D1%84%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%82%D1%82%D0%B0%D1%83_%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%B6%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BD_%D0%B1%D2%B1%D0%B7%D2%93%D0 - cite_note-1


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет