Картотека № 37
Дидактикалық ойыны
«Ормандағы қыстайтын құстар»
Балаларға бірнеше үй және қыстайтын құстардың суреттері беріледі. Олар соның ішінен тек қыстайтын құстардың суреттерін пайдаланып, тақтадағы «Қыстық орман» суретіне жапсырып, коллаж жасайды.
«ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Картотека №1
Тақырыбы: «Балық, құс, аң»
Мақсаты:
Жүргізуші ойыншылардың жанына барып жаймен ғана «балық, құс, аң»- деп айтып-айтып келеді де, бір ойыншының жанына барған кезде дауысын қаттырақ шығарып:
-Балық!(немесе аң, құс) –деп айтып қалады. Сол мезетте ол ойыншы бірден өзі білетін кез-келген балықтың атын айтып үлгеруі керек. Айта алмай қалса ол ойыннан шығады. Ойын ең соңғы ойыншы қалғанша жалғаса береді.
Картотека №2
Тақырыбы: «Мақал жарыс»
Мақсаты: Мақалдардың мағынасын түсіндірумен бірге тәрбиелік жағын аша отырып, баланы ауыз әдебиетін оқуға, шешендікке баулу. Әр сөзді орынды қолдануға шақыру.
І нұсқа
Балаларды екі топқа бөлеміз. Жүргізуші әр топтың алдына келіп бір сөзді айтады. Сөздер алдын-ала дайындалады. Қай топ осы сөз кіріктірілген мақалдарды көп тапса солар ұтады. Мысалы: «тіл» деген сөзді қатыстырып мақал айту. «Тіл –тас жарады, тас жармаса бас жарады», т.с.с.
ІІ нұсқа
Қағазға жазылған әр түрлі мақалдар тең етіп екі топқа таратылады. Жүргізуші бір тақырыпты айтады. Сол тақырыпқа қатысы бар мақалы бар бала ортаға шығып, дәлелдер келтіріп, түсіндіруі керек. Қай топтан көбірек, әрі «дәлелі түсінікті» жауаптар болса, сол топ ұтады.
Картотека №3
Тақырыбы: «Тапқыштар»
Мақсаты: Әр түрлі тақырыптағы астарлы сұрақтарға жауап іздеу арқылы баланың логикалық ойлауын дамыту.
Тапқырларға арналған әзіл викторина
Елекпен су тасуға болады ма? (болады, мұз күйінде)
Аңшы көлде жүзіп жүрген үйректерді бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады? (қалмайды, бәрі үркіп ұшып кетеді)
Есік пен терезенің арасында не тұр? («пен» тұр)
Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай қай ай? (Май- үш әріптен тұрады)
Қай өзен ең қорқынышты ? (Тигр өзені)
Страус өзін құспын деп айта алады ма? (Жоқ, ол сөйлей алмайды)
Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды? (сабақты)
Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады? (су болады)
Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс? (шәйді қасықпен араластырған дұрыс)
Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмаймыз? (ұйықтап жатырсыз ба?)
Жаңа жылда адамдарды жаппай құлататын табиғат құбылысы ? (мұзтайғақ)
Он жұмыртқа салынған себетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады? (бәрі жарылып қалады)
Достарыңызбен бөлісу: |