«коммуникация» білім беру саласы картотека №1



бет67/85
Дата27.01.2022
өлшемі2,61 Mb.
#129944
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85
Байланысты:
5сала

Картотека № 23

«Гүлдерді күтеміз»

Мақсаты:балалардың табиғатты рухани бағалау мәдениетін, гүлдерді дұрыс күтіп-баптау, яғни суару, қопсыту дағдыларын қалыптастыру. Гүлдердің түрлерін (көпжылдық, біржылдық, пияз тұқымдас, шөптекті, тұқымдас гүлдерді) ажырата білуге үйрету. Гүлдер сұлулық белгісі екенін, оларды күтіп-баптап, қамқорлыққа алу керектігін түсінеді.

Ойын шарты: гүлдерді екіге бөлу,дала гүлдерін газонның қасына іліп,ал бөлме гүлдерін үйдің қасына қою , суреттер бойынша әнгімелету.
Картотека № 24

Өзі және отбасы  

Мақсаты: Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның қандай болу керектігін кеңінен түсіндіру.
Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Ойын шарты: суреттер бойынша әнгіме жүргізу.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

Анам, әкем, апам, атам және мен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз. Балалар санамақты тыңдап, тәрбиешінің артынан қайталайды.Саусақтарымен санап көрсету арқылы санамақты қайталайды.

Санамақта ата, апа, аға, әпке, бауыр туралы айтылған. Осы айтылғандардың бәрін отбасы деп атаймыз.

Отбасындағы ата мен әже, ата - баба болып келеді, әкең мен шешең, ата - ана. Ал әпке, аға, ата - ана, балалар отбасының мүшелері болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет