Компьютерлік графика және дизайн” 7-сынып 2016 жыл



бет1/6
Дата20.11.2023
өлшемі384,5 Kb.
#192022
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Компьютерлік графика және дизайн


Павлодар білім басқармасының облыстық мұғалімдер біліктілігін
арттыру институты
Екібастұз жалпы орта білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекеме

Компьютерлік графика және дизайн”


7-сынып






2016 жыл
Құрастырған: Екібастұз жалпы орта білім беретін мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Убабаева Балнур Толеубаевна

Бағдарлама мазмұны оқушыларды информатика пәніне қызығушылықтарын арттырып, ақпараттық сана сезімін дамытуға, жаңа технологиялық білімдерін байытуға және сауаттылықтарын арттыруға бағытталған.


БЕКІТЕМІН: Мектеп директоры: А.Е. Ошимова


__________ «_____» __________________ 2016 жыл
КЕЛІСІЛДІ: директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары: Н.Б.Азмагамбетова
__________ «_____» ______________________ 2016 жыл
ТАЛДАНДЫ:әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Қ.Есеналинова
__________ «_____» ______________________ 2016 жыл


ПІКІР
«Компьютерлік графика және дизайн» таңдаулы курсы информатика пәніне проблеманы шешу құзыреттілігін қалыптастыруға арналаған. Арнайы жинақталған тапсырмалар заман талабына сай, жоғарғы сынып оқушылар бойына негізгі құзыреттіліктерді қалыптастыру мақсатында жасалды. Ақпараттық бiлiм мен тәрбие және оқушылардың кәсіби дайындықтарының арасында сәйкессiздiк бар.
Бiздiң пайымдауымызша, ақпараттық бiлiм беру төмендегiдей бiлiктiлiктерге сүйенедi: ақпараттық ұғымдар мен пайымдауларға сүйене алу; тұжырым жасай алу, дәлелдi пiкiр айта бiлу, мәлiмдей бiлу, ақпараттық категориялар мен көрсеткiштердi пайдалана бiлу; сондай-ақ оқуда және өз қызметтерiне компьютерлiк техниканы еркiн пайдалана бiлуге үйрету; ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн игеру; өзiндiк оқу мен өзiндiк iс-әрекеттiң қалыптасуына әсерiн бағалай бiлу; практикалық iс-әрекеттерге байланысты түрлi мәселелердi шешудiң тиiмдi тәсiлдерiн таба бiлу.
Бағдарлама жүйелілік, нақтылық, тұтастық, үздіксіздік, оқу материалы оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы қағидалары негізінде құрастырылды. Оқушылардың сабақтан алған білімдерін қызықты деңгейлiк тапсырмалармен сұрақтар, компьютердегі практикалық жұмыстар қарастырылған. Яғни оқушылардың білік дағдыларын жан-жақты дамытуға арналған құрал.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет