Компьютерлік графика және дизайн” 7-сынып 2016 жыл


Үйірменің мақсаты мен міндеттері



бет3/6
Дата20.11.2023
өлшемі384,5 Kb.
#192022
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Компьютерлік графика және дизайн

Үйірменің мақсаты мен міндеттері:


Мақсаты:
● Білімділік: қазіргі заман талабына сай бәсекеге қабілетті, қарқынмен дамып келе жатқан қоғамда кәсіби маман болып қалыптасуына бағыт беру, компьютерлік технологияның мүмкіндіктерін өздерінің кәсіби дайындық деңгейіне еркін пайдалана білуге үйрету; нәтижелі жұмыс жасауға баулу; оқушыларға білім алудың қарапайым түрлерін қолдана отырып, графикалық редакторлардағы жаңа ұғымдармен таныстыру, көркемдеу, безендіру жұмыстарын орындауда құрал-жабдықтардың қызметтерін есінде қалатындай етіп қабылдауға үйрету.

● Тәрбиелік: жанашырлық, мейірімділік пен әділдік тәрізді адамгершілік санат негізінде эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру, өз білімін пайдалану, өз көзқарасын білдіру, шешім қабылдау және сол үшін жауапты болуға, отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу.


● Дамытушылық: Графикалық бейнелеу жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін, кеңсітк пен уақыт туралы ұғымын дамыту, графикамен жұмыс жасау маңыздылығын терең түсіну, қызығушылықты қалыптастыру; оқушыларға жаңа білім бере отырып, ой-өрісін жан-жақты дамыту.


Міндеттері:

  • Бағдарламаны үйрету арқылы оқушылардың танымдық, біліктілік қабілеттерін дамыту;

  • Оқушылардың дизайн мамандығына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдар беру.

  • Оқушылардың компьютерлік сауаттылығын дамыта отырып, кәсіби маман болып қалыптасуына ықпал жасау;

  • Алдыға қойылған мақсат нәтижеге бағытталуы қажет.

  • Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға дағдысын қалыптастыру.



Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.

  • Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.

  • Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.

  • Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.

  • Оқушылардың төмендегідей іскерлік дағдылары қалыптасады:

- меңгерту;
- пысықтау;
- дәлелдеу;
-бағалау;
-қорытындылау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет