Компьютерлік графика және дизайн” 7-сынып 2016 жыл


Аннотация Бағдарламаның өзектілігі



бет2/6
Дата20.11.2023
өлшемі384,5 Kb.
#192022
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Компьютерлік графика және дизайн

Аннотация


Бағдарламаның өзектілігі:
Бүгінгі таңда тұрған негізгі мәселе жеке тұлғаны жан-жақты дамыту. Мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде білім мазмұнын жаңарту, ақпараттандыру арқылы, әр оқушының дара ерекшеліктерін нақтылай отырып, шығармашылық мүмкіндігін дамыту .
Оқушының ақпараттық танымын дамыту , білімін кеңейту және тереңдету, оқуға деген қызығушылығын қалыптастырып, ойлау қабілетін дамыту мақсатында 7 сыныпқа арналып «Компьютерлік графика және дизайн» атты арнайы бағдарлама құрастырылды.

Түсінік хат


Бұл бағдарлама 13 – 14 жас аралығындағы 7 сынып балаларға арналған информатика бағытындағы «Компьютерлік графика және дизайн» үйірмесіне арналған.


Компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып графикамен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, іскерлік қасиетін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасау дағдысын тереңдетуге бағытталған.
«Компьютерлік графика және дизайн» тақырыбындағы үйірме балалардың графикалық редакторлар түрлерін білуіне ықпал жасайды, олардың қолданылу аясын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастырады. Бағдарламада баланың кеңістік пен уақыт туралы көркем көзқарастарын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.
Графикалық бағдарламаларды пайдалану арқылы сурет салу және көркемдеу, безендіру, жарнама, шақыру қағаздары, презентациялар жасау мен киноларды өңдеу жұмыстарын орындауда оқушы графикамен жұмыс жасау және программаның көмегімен құрылатын күрделі иллюстрациялардың маңызы жайлы түсінік алады.
Paint, Power Point, Picture Manager, Potoshop, Pinakle, Movie Maker бағдарламаларында кез келген тапсырманы орындауға, осы программалардың арнайы құрал-жабдықтары жәрдемдеседі. Үйірмеге қатысушылар осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.
Paint, бағдарламаларында бейнелерге түрлі эффектілерді пайдалануға үйретеді. Windows ортасындағы Movie Maker, Pinakle бағдарламасында фильмді монтаждау мүмкіндіктерін меңгеріп, өз жұмыстарын жасайды.
Potoshop немесе Core Draw программасымен фотосуреттерді өңдеу, қалпына келтіру, фотомонтаж жасау т.б. көптеген жұмыстарды үйренеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет