Комутова Айгуль Сериковна, кмм



Дата28.01.2018
өлшемі321,59 Kb.
#34095
түріСабақ


Комутова Айгуль Сериковна,

КММ «Белағаш » жалпы білім беретін орта мектеп,

Қарағанды облысы

Бұқар жырау ауданы


Ұлттық аспаптар



Мақсаты: «Ұлттық аспаптар» тақырыбы аясында қазақша сөйлеуге үйрету,тілдік қарым-қатынасқа түсіре отырып, ауызша сөйлей алу мүмкіндіктерінің жетілуіне жағдай туғызу.

Міндеттері:

1.Тілді үйрену мен коммуникативтік қарым-қатынасты жетілдіруге бағытталған міндеті:

Жаңа сөздерді үйрену, тілдік қарым-қатынасты жандандыруға арналған тапсырмаларды орындау, қазақ тілінде сауатты сөйлеу белсенділіктерін арттыру жолдарын ұйымдастыру.



2.Сын тұрғысынан ойлауды жетілдіруге байланысты міндеті:

Проблеманы шешу, қиындықты жеңу жолдарын қарастыра отырып, белсенділікке, өз тарапынан сыни пікір білдіруге бағыттау.



3.Топтық жұмысқа бағытталған міндеті

Тапсырманы топтасып, жұптасып, бірлесе мұғалім көмегінсіз атқару, бір-бірімен коммуникативтік қарым-қатынасқа түсу.



Қолданылған модульдері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; 2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; 3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; 4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану; 5.Талантты және дарынды балаларды оқыту; 6.Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту; 7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Стратегиялар: «Алтын балық», «Мозайка» тәсілімен топқа бөлу, «Ой шақыру», «Миға шабуыл», «Диалогтік оқыту», «Бес жолды өлең», «Қара жорға», «Қазынаны толтыру», тізбектеп оқыту.

Сабақ жоспары



Сабақ кезеңдері

Уақыты


Жоспар мазмұны


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті


Бағалау

Ресурстар: осы іс-әрекет үшін маған қандай құралдар қажет?

І.Кіріспе

7 мин




Тұлғааралық байланысты орнату

.

Үй жұмысын сұрау



Топқа бөлу


1.Сыныпта ынтымақтастық атмосфера және жақсы көңіл-күй орнату мақсатында «Алтын балық» тренингін ұйымдастыру. Оқушыларға бір-бірден ұсақ алтын балықтар таратылады. Мұғалімнің қолында үлкен балық болады. Осыдан кейін әр оқушыға өзіне және достарына жақсы тілегін айтып, сол тілектері орындалу үшін ұсақ балықтарды үлкен балыққа жабыстыру тапсырылады. Сонда оқушылар жапсырған ұсақ балықтардан Алтын балықтың қабыршықтары құрастырылуы керек.

2.Үй тапсырмасына музыкаға байланысты мақал-мәтел жаттауға берілген.

Оқушылардан тізбектеліп сұралады.

3.Оқушыларға тақырыпқа қатысты екі түрлі суреттердің таратылып береді (домбыра, қобыз). Суреттердің таңдап алу арқылы топқа бөліну керек.


Аңыздағы қарияның жауабына байланысты қойылған сұрақтарға оқушылар жауап береді. Яғни, сабақтың жақсы өтуі кімге және неге байланысты екенін айтады.


Музыкаға байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айтады.

Оқушылар таңдап алға суреттері арқылы топқа бөлінеді.


Өте жақсы, жарайсыңдар!

Ауызша кері байланыс

Жарайсыңдар!




«Ынтымақтастық оқуға» арналған ресурс

Топтық жұмысқа арналған ресурс

Топқа бөлінуге арналған суреттер.


ІІ. Тұсауке

сер


10 мин.



Оқушылардың қызығушылығын оятып, назарларын аудару.
Сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары

«Кері байланыс»

Түрткі болу сұрақтары

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты



1. Оқушыларға «Ия», « жоқ» деп жауап беретін сұрақтар қоямын. Егер «жоқ» деген жауап болса, неге? деген сыни сұрақ қойылады.

1. Саймақ домбырада ойнады.

2. Сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік қазақтың үрмелі музыкалық аспаптары.

3.Ертеде аспаптар тастан, темірден, қайыстан жасалған .

4. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлерді орындағанда пайдаланып отырған.

5. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды..

6. Музыкалық аспаптардың түрлері ешқандай қалалардың мұражайында сақталмаған.

Балалар, өткен сабақта біз қандай тақырыпты қарастырдық?

Ия, қазақтың музыкалық аспаптарын ажыратуды үйрендік, енді осы тақырып бойынша тағы не білгілерің келеді?

Ендеше, бүгін осы музыкалық аспаптар туралы өзіміз оқып білеміз.




Қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан жауап береді.

Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты жазады

Жарайсыңдар тамаша!

Ауызша кері байланыс
Бәрекелді!

Бағалау смайликтері.

Интербелсенді тақта

Интерактивті тақта, слайд





ІІІ. Негізгі бөлім

20 мин.


Мағынаны тану.
"Мен туралы не білесің?"

Диалогтық оқыту


Көршіңе әңгімеле

1. Берілген сөйлемдерге сұрақтар әзірлеп, диалог құрастыру тапсырылады.

2. Берілген мәтінді түсініп оқып, топтағы оқушылар бір-біріне әңгімелеу және кластер құрастыру тапсырылады.
3. Кестеде берілген сөздерді буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалармен сәйкестендір

Домбыра

Қобыз


Сырнай

Халық


Дауылпаз

-дікі

-тікі


-нікі

Хор

Аспап


Жыр

Ұжым


Қобыз

-мен

-бен


-пен


Сергіту сәті.

«Қара жорға» биін билетіп, оқушыларды сергіту.


4. «Бес жолды өлең» стратегиясының шарты бойынша «Дауылпаз» сөзіне қатысты өлең шығару керек:

1-жол:бір зат есім

2-жол: екі сын есім

3-жол: үш сөз іс-әрекет

4-жол: төрт сөзден құралған сөйлем.

5-жол: бір синоним сөз

Сұрақтар әзірлеп, өзара сөйлеседі.

Әр топ берілген сөйлемдерге сұрақтар әзірлей отырып, диалог құрастырды. Топтан спикер сайлап, құрастырған диалогтарын оқиды.

Оқушылар берілген мәтіндерін топта оқыпшығып, бір-біріне әңгімелеп, мәтіндеріне байланысты барлық сөздерді , сөз тіркестерін, сөйлемдері естеріне түсіре отырып, кластер құрастырып, жұмыстарын қорғайды

«Қара жорға» биін билейді.

Оқушылар топ ішінде «Дауылпаз» сөзіне арнайы сипаттама бере отырып, өлең құрастырады.




Керемет!

Тамаша!


Жарайсыңдар, өте жақсы.

Бәрекелді!




Бағалауға арналған смайликтер.

постер, маркерлер

Интербелсенді тақта

Интербелсенді тақта


Интербелсенді тақта




Қорытынды

5мин.


Ой-толғаныс кезеңі

Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылап,

оқушылардың бүгінгі сабақта не істеп, не үйренгендерін білу мақсатында «Қазынаны толтыру» керек. Мұғалімнің қолында шыны ыдыс бар. Әр топтың оқушылары сол ыдысты қолдарындағы сабақтың басында таратылған алтын тиындарды сұраққа жауап беру арқылы толтырулары тиіс.



Сабақта «Не үйрендік?», «Не істедік?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы қазынаны толтырады.Жауаптары сабақты қорытындылайтын мәтіндер немес сөйлемдер болуы тиіс.


«Бас бармақ»


Шыны ыдыс, алтын тиындар, интербелсенді тақта.

3 мин.


Бағалау


1.Әр топқа бағалау парақтары таратылады.Критерийлер бойынша топтар бір-бірін бағалауы тиіс.

Бағалау парағы:






Критерийлер

І топ


ІІ топ

1

Сөздік қоры







2

Мәтін құрастыра алуы







3

Сұрақты дұрыс қоя білуі max: 3 балл







4

Оқушылардың көзқарас айтуы







5

Топтағы ережені сақтауы және сыйластық







6

Қорытынды баға








Өте жақсы: 11-13

Жақсы: 8-10

Орташа: 5- 7

2. «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіру



Оқушылар әр топқа таратылған бағалау парақтарындағы критерийлері бойынша бір-бірін бағалап, спикер сайланып, берген бағаларын оқиды.

Оқушылар «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.



Бағалау парақшалары


Бағалау парақшалары

Стикер





Үйге тапсырма беру.

1-топ –жетіген туралы мәтінді мазмұндау, 2-топ –қобыз туралы мәтіндерді мазмұндау.

Оқушылар күнделіктеріне жазады.









Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы
2018 -> Сабақ мақсаттары: Aims: Барлық оқушылар: Архимед заңының формуласын есептер шығаруда қолдана білу


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет