Массалық концентрация деп белгілі бір компоненттің барлық массаның қандай бөлігін құрайтынын көрсететін өлшемді айтамыз.
Егер қоспаның (қорытпаның, ерітіндінің) массасы М болса және ол массалары a, b және с болатын сәйкес А, В, С заттарынан тұрса, онда а/М, b/M, c/M өлшемдерін А, В, С заттарының конценьрациясы, ал (a/M)• 100 %, (b/M)•100%, (c/M)•100% өлшемдерін заттардың пайыздық құрамы деп атайды.
Сонымен қатар келесі теңдік дұрыс:
Мысалдар
1-мысал. 3 кг-дық қорытпа – темір мен никельден тұрады. Никелдің салмағы темір салмағының 20%-ын құрайды. Қорытпада неше кг темір бар?
2-мысал. 40%-дық қышқыл ерітіндісі мен 10—дық қышқыл ерітіндісін араластырғанда 800 г 21,25%-дық қышқыл еріьіндісін алу үшін, ерітіндіден қандай мөлшерде алынған?
3-мысал. Мыс пен мырыш қорытпасында мыстың салмағы мырыштан 640 г артық. Қорытпадан құрамындағы мыстың 6/7-ын және мырыштың 60%-ын алып тастағаннан кейін қорытпаның салмағы 200 г болды. Қорытпаның алғашқы салмағын табыңыздар.
Химиялық концентрация
15 литр 10%-дық тұз ерітіндісіне 5%-дық тұз ерітіндісі араластырылып, 8%-дық ерітінді алынған. Неше литр 5%-дық ерітінді қосылған?
Факториал. 1-ден бастап n-ге дейінгі натурал сандардың көбейтіндісін n-нің факториалы деп атаймыз және де ол “n!” болып белгіленеді: n! = 1•2•3•…•(n-2)•(n-1)•n