Конспект Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады
Құралова Динара ПиМНО-201 Осөж-11 Мектеп пен сыныптағы тәрбие жұмыстары және олардың нәтижелерін талдау,өзіндік талдау Конспект Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды. Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады. Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек. Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады: — түпнұсқаның — жүйеге ұқсас, соған сай келуі; — мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі; — субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу; — түпнұсқаның — жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы. Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі — ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).