Конспектісі «Механика»


-тақырып. Бейнелер – түрлері, кескіндері, қималары, жайма элементтері. (2 сағат)



бет9/15
Дата11.05.2022
өлшемі123,65 Kb.
#142314
түріКонспект
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Д ріс конспектісі «Механика» кафедрасы 2020 Д рістер конспектесі

5-тақырып. Бейнелер – түрлері, кескіндері, қималары, жайма элементтері. (2 сағат)
Дәріс жоспары
1. Көрністер.
2. Тіліктер.
3. Қималар.
4. Шығарма элементтері.

Стандарт МЕСТ 2.305-68 нәрселерді (бұйымдарды, құрылыстарды және олардың құрамдас элементтерін) өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларының сызбалында кескіндеудің ережелерін тағайындайды.


Нәрселердің кескіндері тікбұрыштап проекциялау әдісі бойынша орындалуға тиіс. Мұнда нәрсе бақылаушы мен сәйкес проекция жазықтығының аралығына орналыстарылған деп есептеледі.
Негізгі проекция жазықтықтары үшін кубтың алты жағы алынады. Сызбада фронталь проекция жазықтығындағы кескін басты кескін ретінде алынады. Басты кескін нәрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беретіндей етіп, проекциялардың фронталь жазықтығына қатысты орналыстырылады. Сызбада кескіндер саны, нәрсе жайында мағлұматты толық қамтамасыз ететіндей, ең аз болуы керек.
Мазмұнына байланысты кескіндер: көріністер, тіліктер, қималар болып бөлінеді.
Көрініс деп бақылаушы қарағанда нәрсе бетінің көрінетін бөлігінің кескінін айтады. Көріністер: негізгі, қосымша және жергілікті болып көрінеді.
Негізгі проекция жазықтықтарында алынатын көріністердің мынадай аттары тағайындалған:
1-алдыңғы көрініс (бас көрініс);
2-үстіңгі көрініс;
3-сол жақ көрініс;
4-оң жақ көрініс;
5-астыңғы көрініс;
6-артқы көрініс.
Бас көріністі таңдағанда есте болатын жағдайдың бірі, ол нәрсенің өлшемдері мен пішіні туралы мүмкіндігінше толық мағлұмат беріп қана қоймай, сонымен бірге сызбада басқа көріністерді ұтымды орналыстаруды қамтамасыз етуге тиіс.
Егер негізгі көріністердің бас көрініспен проекциялық байланысы болмаса, онда оларды сызбада белгілейді.
Қарау бағыты, қазақ алфавитінің бас әрпімен белгіленген, нұсқамамен көрсетіледі. Нұсқаманың үстіне үлкен әріптер жазылады: А, Б, ... . Одан кейін көріністі қалауымызша орналыстырып, оның үстіне нұсқама сызу керек.
Нұсқамадан кейін көріністі белгілеген әріп жазылады: А, Б.
Қосымша көрініс деп, негізгі проекция жазықтықтарының бірде біреуіне параллель болмайтын, жазықтықта алынған көріністі айтады.
Бұл көріністер, нәрсенің кейбір элементі (бөлігі) проекциялардың негізгі жазықтарына бұрмаланып проекциялағанда осындай бұрмалануды болдырмау үшін қолданылады. Егер қосымша көрініс сәйкес кескінмен проекциялық байланыста болса, онда оны белгілемейді. Басқа барлық жағдайларды қосымша көріністер проекциялық байланыста болмайтын көріністер тәрізді белгіленеді.
Қосымша көріністі бұрып кескіндеуге де болады. Мұндай бұрылған қосымша көріністі көрсету үшін бұрылу белесі қолданылады. Бұрылу белгісі үшін нұсқамамен жабдықталған диаметрі 6мм-ден кем емес шеңбер пайдаланылады.
Нәрсе бетінің шектелген жерінің жеке кескіні жергілікті көрініс деп аталады. Жергілікті көрініс үзу сызығымен шектелген (мүмкіндігінші ең аз өлшемде) немесе шектелмеген болуы мүмкін. Егер ол сәйкес кескіндермен проекциялық байланыста болса, онда оны белгілемейді. Жергілікті көріністің белгілеуі қосымша көріністің белгіленуіне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет