4-тақырып. Аксонометриялық проекциялар (2сағат)
Дәріс жоспары
1. Аксонометриялар формулалары.
2. Стандарт аксонометриялық проекциялар.
3. Аксонометриядағы шенберлерді тұрғызу.
Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Кешенді сызба кескіндері бойынша объектіні жаңғырту, позициялық және метрикалық есептерді шығару оңай, бірақ мұндай сызбаның көрнекілігі аз. Сондықтан кешенді сызбада кескінделген объектінің көрнекілігін күшейту үшін – аксонометриялық сызбалар қолданылатындығы белгілі.
Аксонометриялық сызбаны алу үшін, кеңістікте натурал координаталар жүйесін – үш өзара перпендикуляр, бір нүктеден – координаталар басынан шығатын, түзулерді (координаталар осьтерін) таңдап аламыз. Әрбір екі координата осі координата жазықтығын анықтайды.
Қайсыбір объектіні таңдап алынған координаталар жүйесімен байланыстырамыз. Демек, объектінің әрбір нүктесінен координаталар жазықтықтарына дейінгі ара қашықтықты анықтау мүмкіндігі қамтамысыз етіледі. Бұл қашықтықтар натурал масштаб деп аталатын бірлік кесіндімен өлшенеді. Алынған үш сан-нүктенің натурал координаталары, берілген координаталар жүйесіне қатысты, нүктенің орнын толығынан анықтайды.
Егер жазықтыққа координаталар жүйесімен бірге объектіні проекцияласақ, онда алынған проекция объектінің аксонометриялық проекциясы деп аталады.
Проекциялау тәсіліне байланысты (центрлік, параллель немесе тікбұрышты) аксонометриялық проекциялардың әр түрлі түрін аламыз: центрлік, параллель, қиғашбұрышты немесе тікбұрышты аксонометриялар.
Бұл тарауда параллель аксонометрия қарастырылады. Обьектіні жатқызылған жүйемен бірге бағыты бойынша қайсыбір жазықтыққа проекциялардың аксонометриялық (картиналық) жазықтығына проекциялаймыз.
Барлық геометриялық элементтердің жазықтығына проекцияларын аксонометриялық деп атаймыз.
Аксонометриялық проекциялардың негізгі қасиеті: аксонометриялық масштабтың бірліктерімен өлшенген, А нүктесі аксонометриялық координатарының сандық мәні әрқашан А нүктесінің натурал координаталарына тең болады.
Аксонометриядағы салуды жеңілдету үшін бұрмалану көрсеткіштері ұғымын енгіземіз. Берілген бағыттағы кесінді үшін бұрмалану көрсеткіші, кесінді аксонометриялық проекциясы шамасының, осы кесіндінің натурал, бірдей натурал бірақ кесіндісімен өлшенген, шамасына қатынасымен анықталады.
Объектінің аксонометриялық проекциясын салу үшін, координаталар осьтерінің бағыттары бойынша алынған, үш бұрмалану көрсеткішін білу жеткілікті. Осьтердің бойындағы бұрмалану көрсеткіштерін әріптерімен белгілейді. Оларды аксонометриялық масштаб бірліктерінің сәйкес натурал масштаб бірліктеріне қатынасымен де анықтайды:
1) Егер бұрмалану көрсеткіштері әр түрлі болса, онда аксонометриялық проекция триметрия деп аталады.
2) Егер бұрмалану көрсеткіштерінің екеуі өзара тең болса, онда аксонометриялық проекция диметрия деп аталады.
3) Егер бұрмалану көрсеткіштерінің үшеуі де өзара тең болса, онда аксонометриялық проекция изометрия деп аталады.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Негізгі әдебиеттер [5, c. 103-104]; [6, c. 103-118]; [7, c. [265-282]; [8]
2. Қосымша әдебиеттер [11, c. 224-239]
СӨЖ-ға арналған бақылау тапсырмалары (12-тақырып )
1. Бөлшектің аксонометриялық проекциясын тұрғызу.
Достарыңызбен бөлісу: |