Арақашықтықты тікелей енгізу
Мәліметтерді құру кезінде енгізілетін мәліметтер санын қысқартудың бір тәсілі ретінде – кесінді ұзындығын тікелей енгізу қарастырылады. Егер кесіндінің алғашқы нүктесі берілсе, онда Specify next point or [Undo]: (Следующая точка или [Отменить]-Келесі нүкте немесе [Жою]:) шақыруына жауап ретіінде тінтуір көрсеткішін қалаған бағытта қозғалтып, кесіндінің қажетті ұзындығын беруге болады. Бұл тәсіл ортогональ режимде тамаша жұмыс істейді.
Координаталар осі бойымен бағытталған сызықтар немесе 0, 90, 180 және 2700 бұрыштармен орналасқан сызықтар ортогональ сызықтар деп аталады.
Координаталар мәнін көрсету
Жұмыс барысында жағдайлар жолының сол жағында орналасқан, координаталар индикаторында көрсетілген координаталар мәндерін қолдануға болады. Координаталар индикаторында шығарылатын мәндер тінтуір көрсеткіші және объект қай жерде екендігін хабарлайды.
Координаталар мәнінің көрсетілуі үш режимді:
1. - динамикалық абсолюттік координаталар. Графикалық аймақта көрсеткіштің ағымдағы орналасуын көрсетеді.
2. - статистикалық абсолюттік координаталар. Жаңа салу нүктесін беру кезінде ғана өзгереді. Бұл жағдайда координаталар индикаторы көлеңкеленіп тұрады.
3. - динамикалық полярлық координаталар (салыстырмалы). Графикалық зонада көрсеткіштің ағымдағы орналасуын көрсетеді. Координаталарды көрсетудің бұл режимі салу командасын орындау барысында алғашқы нүкте берілгеннен кейін қосылады, пайдаланушы келесі нүктені беру үшін тінтуірді қозғалтады.
Координаталарды шығару режимін жағдайлар жолындағы олардың мәніне шерту арқылы оңай өзгертуге болады. Сол секілді тінтуірдің оң жақ пернесі арқыл сол жерге шертіп, қажет команданы таңдауға болады
Достарыңызбен бөлісу: |