Декарткоординаттары - жазықтықта белгіленген өзара перпендикуляр екі түзуге (өстерге) дейінгі қашықтықтары арқылы нүктенің жазықтықтағы орнын анықтау әдісі. Бұл ұғымды бүгіннен екі мың жылдан аса бұрын Архимед пен Пегастық Апполони, тіпті көне мысырлықтар қарастырған. Бұл идеяныалғаш рет жүйелі түрде П. Ферма (P. Fermat) және Р. Декарт (R. Descartes) дамытты; олардың айтуы бойынша қашықтық тек қана оң сан немесе нөл болуы мүмкін. Аталған қашықтықтардың біреуі немесе екеуі де теріс сан болуы туралы пікір Исаак Ньютонға (I. Newton) жатады. Осы қашықтықтарды алғашқы рет «координаттар» деп атаған Готфрид Вильгельм Лейбниц (G. Leibniz) болатын.