«Көркем аударма шеберлігі» пәні Көркем аударма шығармасы


Сілтемелерді қолдану тәсілі



бет5/32
Дата07.02.2022
өлшемі0,96 Mb.
#83515
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Аударма алеми

Сілтемелерді қолдану тәсілі

Аударманы редакциялау кезінде сілтемеге де назар аударылуы тиіс. Кейде аудармашылар аударуға қиындық тудыратын, баламасы табылмайтын жекелеген сөздерге сілтеме жасайды. Мұның өзі аудармашының мәтінді эстетикалық қабылдауымен көп жағдайда үйлесе бермейді. Түпнұсқаның мазмұнын мүмкіндігінше мәтін ішінде шешу керек. Сілтемелерді жиі пайдалану көркем шығармадан алған әсерді төмендетеді. Оқырман сөйлемді оқып отырып, сөз мағынасын түсіну үшін сілтемеге көз жүгіртеді, өзіне түсініксіз сөздің, тіркестің мағынасын білуге тырысады. Өйткені мәтінді толық түсіну онсыз жүзеге аса бермесі айқын.


Алайда сілтемені негізінен алғанда түпнұсқа тілінде көрсетілген тарихи тұлғалардың аты-жөніне, географиялық атауларға, халықтық тұрмыстық және діни ұғымдарға, реалийлерге қолданған дұрыс.
Кейде жазушының белгілі бір географиялық атауға, болмаса тарихи тұлғаға байланысты жіберген қателіктері болса, түпнұсқада түзетуге болмайды. Оны сілтемеде көрсетіп, соңынан арнайы талдаған жөн. Мәселен, Жюль Верннің («Тайный остров») «Жұмбақ арал» романын аударған М. Салье жазушының металл өндіруге байланысты мәтінінде жіберген қателігін сілтемеде дәлелдеп көрсеткен. Кейбір сөз, тіркес атауына мәтін ішіне түсінік беру немесе толығымен сипаттап жазу көркем шығарманың стильдік құрылымын бұзады. Мұның өзі оқырман тарапынан авторға көзқарасты өзгертеді. Кейде аударуға қиын сөзді сілтемеде түсіндіру, сол сөзбен қатарласа жақшаға алу арқылы жасалады. Бұл да оқырманның түсінігіне кедергі келтіреді. Сөйтіп қалың оқырманға түпнұсқада қызмет ететін барлық бірліктерді жеткізу сол бірліктерді аудармада сөзбе-сөз баламасымен жай ғана ауыстырумен шектелмейді, сонымен қатар көптеген себеп-салдарын ескеруді, дәлірек айтсақ, қазіргі тілдің жағдайына да негізделеді.
Мұның өзі аудармадағы қателіктерден:

  1. аудармада тілдегі көнерген сөздерді түзеуден;

  2. аударма тіліне берік енген кіріккен сөздерді аудару қажетсіздігінен сақтандырады.

Олардың баламалық сыңарын іздеуден гөрі, өзін қалдыру орынды. Ұлттық сипатты айқын көрсететін сөздерді, реалийлерді аудару түпнұсқадағы ұлттық колориттің белгілерін жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін. Әйтсе де осындай үлгідегі тіл элементін сілтеме немесе жақша түрінде түсіндіруге болмайды.
Егер де басқа тілде баламасы болған жағдайда, ұлтық колоритті түпнұсқа тілінде қалдыру да қажет. Соған сәйкес мағынасымен теңдесетін дәл балама табылса, сондай сөзбен беру мәтіннің мағынасын және стилистикалық реңкін бұзбайды әрі оқырманның ұғымына да жеңіл.
Аудармашы А. Никольская пайымдауы «Сілтемелер, түсініктемелерге келетін болсақ, қалай дегенде көркем шығармадан оқырман шығарманың өзін оқығысы келеді де, баяндау барысында ойды бөлетін және оқуға қиындық туғызатын түсіндірмелерге көз сүріндіргісі келмейді. Сілтемеге ең қажетті жағдайда ғана жүгіну керек. Бальзак “романдағы сілтеме дегеніміз – романшының әуе шарына қадалған ине” деп бекерге айтпаған болар” (с. 62). Осылай ескерте келе ол М. Әуезовтің «Абай жолын» аудару кезінде басы артық сілтемелер мен түсініктемелерге орын берген. Мысалы: келін-сноха, әже-бабушка, қыз-девушка, аға-брат т.б. орыс тілінде баламалары бар сөздерді сол күйінде берудің қажеті де шамалы. Сілтеменің өз заңдылығы бар. Оны аса бір қажет жағдайда болмаса, жиі қолдануға болмайды.



  1. Сілтемелерді қандай жағдайда қолданған дұрыс?

  2. Сілтемелер аудармадағы қандай қателіктерден сақтандырады?

  3. Аударма шығармаларында сілтемелердің дұрыс және қате қолданылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет