(ертегі)
Жылқы, түйе, сиыр, қой, ит, тауық, тышқан және басқа жанжануарлардың бәрі де жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы айтты:
Менің үстіме адам мінсе, алысты жақын етемін, күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылыма дейін арқан еседі, менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді Түйе айтты:
Сен адам жұмысын қылсаң, арпа, сұлы, шөп асайсың, тамағың үшін құл болдың. Мына мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын, аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлге шыдап жүре беремін. Жыл ағасы болу маған лайық, – деді.
Сиыр айтты:
Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт, май істейді.
Қой айтты:
Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді, жүнімді алып киіз істейді, жабағымнан күбі тігеді, арқан, жіп еседі, сүтімнен құрт, май алады, – деді.
Ит айтты:
Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұры алып, не қасқыр жеп тауысар еді. Бәріңнің мен бақташыңмын, дұшпан көрінсе үріп, абалап, иеме хабар беремін.
Тауық айтты:
Тышқан не дерін біле алмай тұрды да, бір қулық ойлап, жиналған көпке айтты:
Бұл таластан ештеңе өнбес, жылды қарап тұралық та, кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын, – деді.
Түйе бойына сеніп, менен бұрын кім көреді деп, тышқанның сөзін қостап, бәрі де жылды қарап тұрады.
Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің үстіне шығып, өркешінің басына мінді де отырды. Сонымен бәрінен бұрын жылды тышқан көріп, хабар беріп, жылдың басы болады. «Түйе бойына сеніп құр қалды» деген сөз осыдан қалған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |