Көркем әдебиет әдістемелік нұСҚАУ



бет2/85
Дата08.02.2022
өлшемі111,51 Kb.
#120271
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85

КІРІСПЕ


Жаңа буын «Көркем әдебиет» оқу­әдістемелік кешені төмендегі нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалған:

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (Қазақстан Рес публикасы Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;

  2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекітілген);

  3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.

ОӘК дайындаудың негізгі мақсаты – аталған нормативтік құжаттарда көрсетілген мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп арасындағы оқытудың бірізділігін сақтау.
«Көркем әдебиет» оқу­әдістемелік кешені «Коммуникация» білім беру саласының «Көркем әдебиет» сабағына негізделіп жазылған.
«Көркем әдебиет» ОӘК­нің құрамы:

  1. Әліппе­дәптер

  2. Педагогтерге арналған әдістемелік нұсқаудан тұрады.

Әдістемелік нұсқауда:

  • Ұзақмерзімді жоспар;

  • Қысқамерзімді жоспар;

  • Қосымша материалдар берілген.

Бағдарламада «Көркем әдебиет» сабағының мақсаты: тілге, көркем сөзге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:

  • көркем әдебиеттің ерекшеліктері туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

  • әдебиетті тыңдау және айтып беру қажеттіліктерін қалыптастыру;

  • түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды тыңдай білу қабілетін дамыту;

  • әдеби шығармаға эмоциялық көңіл күйін қалыптастыру;

  • әдептілік біліктері және адамгершілік сезімдерін қалыптастыру.

«Көркем әдебиет» сабағының мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған, олар күтілетін нәтижелер түрінде берілген оқу мақсаттарын көздейтін бөлімшелерден тұрады. Әрбір бөлімше ішінде жүйелілікпен құрылған оқу мақсаттары педагогке жұмысын жоспарлауға, балалардың жетістіктерін бағалауға және оларға оқудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге, өнердің түрі ретінде әдебиетке деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыруға, сауатты оқырман тәрбиелеуге, қазақстандық және шетелдік авторлардың заманауи көркем шығармаларын енгізу арқылы балалардың оқу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет