III. Тақырып бойынша жұмыс
6–27 мин.
|
(Ұ) – Тиімді тамақтану дегенді қалай түсінесің?
Педагог шағын фольклор жанрындағы Оразақын Асқардың «Тамақтанамын» өлеңімен танысуды ұсынады. Өлеңді оқиды.
Талқылау:
Өлең қалай аталады? – Не туралы айтылған?
Өлеңдегі қандай сөздер есіңде сақталды?
Өлеңнің бірінші жолы қандай сөздермен басталады?
Тамақтану кезінде неге көңіл бөлеміз?
Неліктен дұрыс тамақтану керек?
Өлеңді екінші рет қайталап оқып, бірге жаттайды.
Педагог балаларға өлең жолдарын көңілді және шабытты түрде айтқызады.
Сергіту сәті:
Мен жақсы тамақтандым,
Сергекпін және күштімін!
Көңіл күйім көтеріңкі,
Өзімді жақсы сезінемін!
|