ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР
КіМ БОЛҒЫМ КЕЛЕДі?
Тау мен тасты қопарар, Кеншi болғым келедi. Достық сәлем апарар, Елшi болғым келедi.
Темiр жонар екпiндi, Токарь болғым келедi. Жолда өткiзер көп күндi, Шопыр болғым келедi.
Ұлағатты атанған Ұстаз болғым келедi. Бармағынан бал тамған Аспаз болғым келедi.
Елiм үшiн аянбай
Еңбек еткiм келедi!
Мұрат Құрманалин
АЛТЫН БАЛА
(әңгіме)
Анасы: Қап, ұмытып кетіппінау!.. Зәукен, тез Нағима апаңның үйінен тұз әкеле қойшы!..
Баласы: «Жарайды», – деп тұра жөнелді.
Анасы әрі күтті, бері күтті. Шыдамы таусылып, анасы далаға шықты. Зәукен қарсы жолықты.
Анасы: Тұз қайда?
Баласы: Апатай, ұмытып кетіппін... – деді де қайта жүгірді.
Үйдің алдында Зәукеннің анасымен қарт кісі кездесіп қалып еді.
Қарт: Зәукен үштөрт күннен бері сөйлемей тұрған радиомды жөндеп берді. Ой, азамат екен өзі!..
Көрші апа да: Біздің Зәукеннің қолынан бәрі келеді, алтын бала! – деп мақтай кетті.
Зәукеннің анасы тұзды әкеліп қолына ұстата салған баласына мейірлене қарады.
Достарыңызбен бөлісу: |