Биыл Жанатбек бiрiншi сыныпқа барады. Анасы оған оқу құралдарын сатып әпердi. Жаңа сөмке, қызыл қабы бар әдемi қаламсауыты болды. Дәптердi әкелген күнiақ шимайлап сурет салып тастады.
Анасы оған ұрысып едi, атасы:
Түн болды. Бәрi ұйқыға кеттi. Оқу құралдары үстел үстiнде қалды. Қалам дәптердi мазақ етiп күлдi. Дәптер жылап қоя бердi.
Қаламсауыт:
Бiздiң иемiз оған сурет салды ма?!
Салды?! – дедi бәрi хормен.
Салса немен салды? – дедi Қаламсауыт.
Қаламмен! – дедi Қалам.
Ендеше, мiне, сенiң жауың! – дедi Қаламсауыт.
Қарындаш пен Қалам Қаламсауытта жатады. Қаламсауыт болмаса Қарындаш пен Қалам жоғалады. Мен оларды өшiремiн, – дедi өшiргiш.
Мен болмасам, сен де жоғаласың, – дедi Қаламсауыт.
Сенiң досың – Кiтап. Ал иемiз оны алған жоқ. Сондықтан сенiң сөзiңдi жақтайтын жанашыр да жоқ, – дедi Қалам. Сөйтiп Дәптерге бәрi үстемдiк көрсеттi.
Таң атты. Бүгiн Жанатбек мектепке барады. Ол өте қуанышты едi. Жанатбек киiнiп, оқу құралдарын алып, атасымен мектепке келдi. Мұғалiмдермен танысты. Мұғалiм балаларға кiтаптар таратты. Жанатбек кiтаптарды сөмкесiне салды. Кiтаптар Қаламсауытты басып қалды. Дәптер оған күлдi. Кiтап:
Дәптер, сен неге күлесiң?
Дәптер кешегi оқиғаны баяндады. Кiтап өзiнiң олардан ақылдылығын көрсетiп:
Сендер, бәрiң бiр адамның затысыңдар. Бiрiңмен бiрiң байланыстысыңдар. Дәптерге жазусызу үшiн қалам, қарындаш керек. Керек емес сызықты өшiруге өшiргiш керек. Бiз барлығымыз оқу құралдарымыз. Иемiздiң жақсы оқушы болуына бiрлесiп көмек берейiк, – деді.
Кiтаптың ақылын бәрi мақұлдап, ендi бiрбiрiн тыңдап, тату болуға келiстi. «Бiрлiк болмай, тiрлiк болмас» деген осы.