ӨЗіМ БАРАМ МЕКТЕПКЕ
Кітаптарым бар менің Дәптерлерім және бар.
Суретімді әрледі Оқып жүрген ағалар.
Әріптерді тануды Кеше өзім үйде өткем.
Ал суретті салуды Балабақша үйреткен.
Әріптерді тіземін, Өзім жаза аламын. Жазуымды түзедім Айтуымен ағаның.
Есепке де, ертекке уақытымды бөлемін. Өзім барып мектепке, Өзім үйге келемін.
Тұманбай Молдағалиев
АйТШЫ, ӘЖЕТАй!
Айтшы, әжетай, әжетай! Атам осы кім менің?
Атаң атты баптаған, Бәйге бермес Ақтабан.
Құстай сергек ұйқысы, Атаң сенің – жылқышы.
Ағатайым кім менің?
Қаймақ, тоқаш, ақ нанның,
Білесің тәтті бал дәмін,
Егіншіні есіңе ал,
Ағаң сенің – егінші.
Апатайым кім менің?
Апаңды естен тастама,
Жүз баланың анасы, Тәрбиеші ол бақшада.
Айтшы, әжетай, әжетай! Нағашым осы кім менің?
Әдемі пәлте жағасын,Айтшы, қайдан аласың?
Қаракөл қойын өсіріп, Әперген сенің нағашың.
Айтшы, әжетай, әжетай! Жеңгем осы кім менің?
Табынтабын тау іші, Жеңгең сенің сауыншы. ірімшік, құрт, қаймақ, май Жеңгеңнен келген ойлап қой.
Құлыным, ботам, көжегім! Кім боласың сен өзің?
Жақан Смақов
Достарыңызбен бөлісу: |