Шеткері ауыл – алыс түп, Туған жердің бәрі ыстық.
Президенттік шыршада Талай доспен таныстық.
Жасқанбадық жатырқап, Араластық жарқылдап. Елбасымен бір болған Ұмытылмас асыл сәт!
Өтепберген Ақыпбекұлы
СӘРуӘР
(ертегі)
Бір Сәруәр деген батыл бала Айға ұшпақ болады. Сөйтіп, ол Айға өзімен бірге ұшатын жолдас іздейді. Алғаш «Осы денелі ғой, батыр да батыл әрі күшті ғой» деген оймен Аюға келіп:
Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды. Аю біраз ойланып отырады да:
Ол жақта мен жейтін бал бар ма екен? – дейді. Сәруәр бұған ренжіп:
Денең дәу болғанмен, баланың сөзін айтасың, қорбаңбай неме, қорқақ екенсің ғой, – деп оны қайрай түседі.
Аю:
Мен қорықпаймын, бірақ ол жақта бал болмаса, несіне барамын, – деп ақталады.
Сәруәр:
Сөйтіп, тәттіқұмар қорбаңбай аюға ренжіп келе жатқанда, алдынан қасқыр кездеседі. Сәруәр оны көргенде қуанып: «Азуы алты қарыс, тісі күректей, осы батыр да батыл шығар, бәлкім, осы барып қалар» деп ойлайды. Сосын қасқырға жақындап:
Менімен бірге Айға ұшасың ба? – деп сұрайды.
Қасқыр шоқиып отыра қалып біраз ойланып алады да, Сәруәрдың өзіне қарсы сұрақ қояды:
Немен ұшамыз, үлкен самұрық құс ұстап алып, сонымен ұшамыз ба?
Жоқ, кәдімгі Айға ұшатын ғарыш кемесімен ұшамыз.
Оның ішінде тамақ бар ма?
Әрине, бар!
Қандай тамақ?
Айға дейін біз екі күн ұшамыз, қайтуымызға да тағы екі күн керек. Сонда барып қайтуымыз төрт күнге созылады. Ал бізге бір айға жететін тамақ береді. Ол кәдімгі дәрі сияқты. Тек біреуін жесең болды, бір күн бойы тамақ ішпейсің, қарның да ашпайды, тойып қаласың.
Жожоқ, бұл маған ұнамайды, маған қарнымды шығарар қой мен қозы керек, бағлан керек, құлын керек!
Әй, Қасекеай, етет деп сеніңақ тісің қышиды да тұрады екен. Егер саған тамаққа бір қой алып шықтық делік, сол жете ме?
Төрт күнге ме? Төрт күнге бірақ қой ма, ойбайау, аштан өлемін ғой. Былай келіселік, төрт күнге төрт марқа! Басқа ештеңе керек емес!
Осыны айтып қасекең ұзын сүйір қызыл тілімен екі езуін алмакезек жалапжалап қояды. Екі көзі оттай жайнап, қызарып шыға келіпті. Түнгі жарықтай жылтжылт етеді.
Жоқ, болмайды, Қасеке, төрт күнге төрт қой алсақ, өзіміз кішкене кеменің қай жеріне отырамыз, сыймаймыз ғой!
Мен ендеше қампиып қарным тоймайтын жерге бара алмаймын, балақай!
Сәруәр қасқырдан да береке болмасын білген соң, өзіне лайықты серік іздеп тағы да жолға шығады.
Бәріне ренжіп, шаршап келе жатқан батыр бала Сәруәрдың алдынан Түкең, кәдімгі түлкі кездесе кетеді.
Ол өзі бірінші болып сәлем беріп, ұзын сұлу құйрығын бұлғаңбұлғаң еткізіп, ойнатып қойды.
Иә, жол болсын, есімің кім, жолаушы бала, жақсы бала?
Әлей болсын, есімім – Сәруәр, әкем аты – Дәуіp.
Қандай шаруамен қайда барасың, айта отыр, қалқам, қөмегім тиіп қалар?
Айға сапар шекпек едім. Соған өзіммен бірге серік болып баратын жолдас іздеп келемін. Сіз маған серік болмас па екенсіз?
Түкең екі көзін жұмып жіберіп, шоқиып отыра қалады да, біраз ойланып көреді. Содан жұлып алғандай:
Онда тауықтар бар ма екен? – деп сұрайды. Өзі қайтақайта жұтына береді, екі көзі от боп жайнап кеткен.
Айда тауық бар ма, жоқ па, оны барған соң көреміз. Біздің негізгі мақсатымыз да сол – Айға барып, онда тіршіліктің баржоғын анықтау. Бар болса, оны зерттеу.
Қойыңыз, балақай, ол жақта тіршілік болмаса, аштан өліп қалып жүрермін. Бірер тауық ала барсақ қайтеді. Семізінен таңдап алайық. Онда барар едім...
Сәруәр Түкеңнің ойын түсініп қалады. Түлкінің ойы тегін тамақ жеп, қыдырып қайту ғана еді.
Сондықтан да оған:
Айға менімен бірге ұшасың ба, ұшпайсың ба, бұлаңдатпай турасын айт! – дейді.
Түлкі ойланбастан:
Ол жақта тауық болса ғана барамын! – деп міңгірлейді.
Тауық жоқ!
Тауықсыз жерге мен де бармаймын!
Сәруәр балдан басқа ойлайтыны жоқ қорбаңбай аюдың, азуы алты қарыс ашқарақ қасқырдың, алпыс айлалы қу түлкінің тек өз бастарының ғана қамын ойлайтынына қатты ашуланады. Сөйтіп, ренжіп келе жатқанында, алдынан желаяқ қоян кездесе кетеді. Екі көзі адырайып, екі құлағы едірейіп, мұрты мен мұрны қоса жыбырлап тұр. Өзі аптыға сөйлейді.
Сәсә... Сә... сәлеметсіз бе?
Амансың ба, сұр көжек, қайда асығып барасың?
Өзім де білмеймін, жаңа қалың қамыстың арасында ұйықтап жатыр едім, бірдеңенің сылдыр ете түскені. Шамасы, қасқырау деймін. Содан қашып, жеткізбей келе жатқан бетім.
Қасқырды өз көзіңмен көрдің бе?
Артыма қарағаным жоқ, қорықтым...
Онда қамысты сылдырлатқан жел шығар?
Білмеймін, қорқып кеттім, жүрегім әлі дүрсілдеп тұр.
Менің атым – Сәруәр, әкем аты – Дәуір. Айға ұшатын болып, бірге ұшатын серік іздеп келемін!Сәруәр мұны айтқанда, қоянның екі көзі ұясынан шығып кете жаздады.
Қорқамын, – дейді.
Ал мен қорықпаймын. Сені де ала барайын, маған серік боласың ба?
Қоян ыршып түседі. Сөйтеді де, екі құлағын салбыратып жіберіп, шоқиып отыра қалып ойға батады. Әлден уақытта барып:
Қорқамын, – дейді.
Неден? – деп сұрайды Сәруәр.
Бұлттан, – дейді қоян.
Бұлттан да қорқа ма екен, бұлт деген түтін сияқты емес пе? – дейді Сәруәр.
Иә саған, өйтіп мені алдама, – дейді қоян Сәруәрдың сөзіне сенбей. – Онда ол бұлттар неге кейде қасқырға, кейде аюға, кейде түлкіге ұқсайды?
Бұлтты жел ұшырады. Ол ұшқан кезде неше түрлі кейіпке келеді. Кейде адамға, тауларға, құстарға, қасқырға да ұқсай береді. Ал «Қорыққанға қос көрінер» дегендей, саған қасқыр боп көрінеді екен ғой... Егер Айға ұшып барсаң, бұлттың түтін екенін өз көзіңмен көрер едің.
Қорқам, – дейді қоян одан сайын қалтырап.
Тағы неден қорқасың?
Ол жақта қасқыр бар шығар?
Қасқыр жоқ!
Сонда да қорқам...
Неден қорқасың?
Түлкі бар шығар?
Түлкі де жоқ.
Сонда да қорқам...
Неден?
Ғарыш кемесінен...
Неге?
Құлап қалатын шығар?
Сәруәр қоянның бұл сөзіне ішегі түйілгенше күлді. Сосын қоянға өзінің көлеңкесін көрсетіп: «Ой, мынау құлағы қалқайған не мақұлық?» – деп, әдейі орнынан ыршып түсті. Сол кезде қоян өз көлеңкесінен өзі қорқып, алдыартына қарамастан, зуылдап зытып берді.
Ой, қорқақ, қорқақ! – деп айқайлайды Сәруәр қоянның соңынан, – Қорқақ, сен Айға қайдан барайын деп едің, мына түріңмен жолда жүрегің жарылып өліп қаларсың!
Сәруәр кездескен аңдардың бәрі өзіне серік бола алмайтынын білген соң, еліне қайтады. Таудан соң таудан асып, белден соң белге жетеді. Орманнанoрманға кіріп, мұхиттанмұхитқа, теңіздентеңізге кездеседі. Бәрінен де аман өтеді. Еліне жетеді.
Еліне жетіп, үйіне жақындағанда, алдынан пырпыр еткен пысық мысығы мен күшігі Саққұлақ шығады.
Көп кешіктің ғой, қайда болдың? Біз сені сағындық, – дейді олар Сәруәрға еркелеп. Сәруәр болған жағдайдың бәрін тегіс айтып береді. Сонда пырпыр еткен пысық мысығы мен саққұлақ күшігі:
Айға сенімен біз ұшамыз, бірге ұшамыз, алақай, бірге ұшамыз! – деп шуылдап қоя береді.
Сөйтіп, Сәруәр пырпыр еткен пысық мысығы мен Саққұлақ күшігін алып, Айға ұшып барып, аманесен еліне қайтып оралыпты.
С. Оспанов
Достарыңызбен бөлісу: |